Су объектілерін оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға конкурстық негізде беру



жүктеу 57,5 Kb.
Дата14.11.2018
өлшемі57,5 Kb.
#19777
түріКонкурс





Қарағанды облысы әкімдігінің
2015 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 75/05 қаулысымен бекітілген

"Су объектілерін оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға конкурстық негізде беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті


      Ескерту. Регламент жаңа редакцияда - Қарағанды облысы әкімдігінің 26.10.2017 № 67/06 (алғашқы ресми жарияланған кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1-тарау. Жалпы ережелер


      1. "Су объектілерін оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға конкурстық негізде беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет көрсету) облыстың жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі – қызмет беруші) көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелері қызмет берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

      2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.

      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – су объектілерін оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға беру туралы шешімі және (немесе) конкурс қорытындылары туралы конкурстық комиссия хаттамасы негізінде қағаз түрінде облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары мен конкурс жеңімпазы арасындағы су объектілерін оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға беру туралы шарт не Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 19-1/422 "Су қорын пайдалануды реттеу саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11765 болып тіркелген) бекітілген "Су объектілерін оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға конкурстық негізде беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-1-тармағында көзделген негіздер бойынша бас тарту туралы дәлелді жауап.

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) іс-әрекет тәртібін сипаттау


      5. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімнің (іс-әрекеттің) басталуы үшін негіз болып Стандарттың 9 тармағына сәйкес құжаттарының бар болуы.

      6. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін рәсімдердің (іс-қимылдардың) мазмұны, олардың орындалу ұзақтығы:

      1-іс-қимыл – Стандарттың 9-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкерінің қабылдауы және тіркеуі. Орындалу ұзақтығы – 15 (он бес) минут;

      2-іс-қимыл – конкурстық комиссияның көрсетілетін қызметті алушылардың конкурстық өтінімдері салынған конверттерді ашуы және конверттерді ашу хаттамасын ресімдеуі. Орындалу ұзақтығы – 1 (бір) жұмыс күні;

      3-іс-қимыл – конкурстық комиссия хатшысының конверттерді ашу хаттамасын конкурсты ұйымдастырушының интернет-ресурсына орналастыруы. Орындалу ұзақтығы – 2 (екі) жұмыс күні;

      4-іс-қимыл – конкурстық комиссия конкурс қорытындысын шығарады және конкурстық комиссияның хаттамасын ресімдейді. Орындалу ұзақтығы – конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашқан күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күннен артық емес;

      5-іс-қимыл – конкурстық комиссияның хатшысы конкурстық комиссияның қорытындысы хаттамасы көшірмесін немесе бас тарту туралы хабарламасын көрсетілетін қызметті алушыға жібереді. Орындалу ұзақтығы – 1 (бір) жұмыс күні; 

      6-іс-қимыл – конкурстық комиссия хатшысының өткізілген конкурстың қорытындысын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауы және конкурсты ұйымдастырушының интернет-ресурсында орналастыруы. Орындалу ұзақтығы – 5 (бес) жұмыс күні;

      7-іс-қимыл – облыстың жергілікті атқарушы органы конкурстық комиссияның хаттамасы негізінде су объектісін оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға беру туралы шешім қабылдайды. Орындалу ұзақтығы – конкурстың қорытындысы туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні;

      8-іс-қимыл – облыстың жергілікті атқарушы органының су объектісін оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға беру туралы шешімінің негізінде облыстың жергілікті атқарушы органы мен конкурс жеңімпазы арасында су объектісін оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға беру туралы шарт жасалады. Орындалу ұзақтығы – 10 (он) жұмыс күні.

      9-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкерінің конкурстың жеңімпазына су объектісін оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға беру туралы шартты беруі. Орындалу ұзақтығы – 15 (он бес) минут. 

      Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 43 (қырық үш) жұмыс күні.

      7. Осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 1-іс-қимыл бойынша мемлекеттік қызметті көрсету рәсімінің (іс-қимылының) нәтижесі көрсетілген қызметті алушының тіркелген құжаттары болып табылады, олар осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 2-іс-қимылды орындауды бастауға негіз болады. 

      Осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 2 іс-қимылдың нәтижесі ресімделген конверттерді ашу хаттамасы болып табылады, ол осы Регламентттің 5-тармағында көрсетілген 3-іс-қимылды орындауға негіз болады.

      Осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 3 іс-қимылдың нәтижесі конверттерді ашу хаттамасын интернет-ресурста орналастыру болып табылады, ол 4 іс-қимылды орындауға негіз болады.

      Осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 4 іс-қимылдың нәтижесі конкурстық комиссияның хаттамасын ресімдеу болып табылады, ол 5 іс-қимылды орындауға негіз болады.

      Осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 5-іс-қимыл – конкурстық комиссияның хатшысы конкурстық комиссияның қорытындысы хаттамасы көшірмесін немесе бас тарту туралы хабарламасын көрсетілетін қызметті алушыға жібереді. Орындалу ұзақтығы – 1 (бір) жұмыс күні.

      Осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 6 іс-қимылдың нәтижесі өткізілген конкурстың қорытындысын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау және көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастыру болып табылады, ол 7 іс-қимылды орындауды бастауға негіз болады.

      Осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 7 іс-қимылдың нәтижесі облыстың жергілікті атқарушы органының су объектісін оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға беру туралы шешім қабылдауы болып табылады, ол 8 іс-қимылды орындауға негіз болады.

      Осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 8 іс-қимылдың нәтижесі облыстың жергілікті атқарушы органы мен конкурс жеңімпазының арасында су объектісін оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға беру туралы шарт жасасу болып табылады, ол 9 іс-қимылды орындауға негіз болады.

      Осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 9 іс-қимылдың нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкерінің конкурстың жеңімпазына су объектісін оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға беру туралы шартты беруі болып табылады.

3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) өзара іс-әрекет тәртібін сипаттау


      8. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

      1) конкурстық комиссияның хатшысы; 

      2) конкурстық комиссия; 

      3) қызмет беруші кеңсесінің қызметкері; 

      4) қызмет беруші басшысы;

      5) қызмет беруші бөлімінің басшысы;

      6) қызмет беруші бөлімінің маманы.

      9. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті рәсімдердің (іс-қимылдардың) сипаттамасы:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкерінің көрсетілетін қызметті алушының Стандарттың 9 тармағына сәйкес өтініші мен құжаттарын қабылдауы және тіркеуі. Орындалу ұзақтығы – 15 (он бес) минут;

      2) конкурстық комиссияның көрсетілетін қызметті алушылардың конкурстық өтінімдері салынған конверттерді ашуы және конверттерді ашу хаттамасын ресімдеуі. Орындалу ұзақтығы – 1 (бір) жұмыс күні;

      3) конкурстық комиссия хатшысының конверттерді ашу хаттамасын конкурсты ұйымдастырушының интернет-ресурсына орналастыруы. Орындалу ұзақтығы – 2 (екі) жұмыс күні;

      4) конкурстық комиссия конкурстың қорытындысын шығарады және конкурстық комиссияның хаттамасын ресімдейді. Орындалу ұзақтығы – конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашқан күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күннен артық емес;

      5) конкурстық комиссияның хатшысы конкурстық комиссияның қорытындысы хаттамасы көшірмесін немесе бас тарту туралы хабарламасын көрсетілетін қызметті алушыға жібереді. Орындалу ұзақтығы – 1 (бір) жұмыс күні;

      6) конкурстық комиссия хатшысының өткізілген конкурстың қорытындысын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауы және конкурсты ұйымдастырушының интернет-ресурсында орналастыруы. Орындалу ұзақтығы – 5 (бес) жұмыс күні;

      7) облыстың жергілікті атқарушы органы конкурстық комиссияның хаттамасы негізінде су объектісін оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға беру туралы шешім қабылдайды. Орындалу ұзақтығы – конкурстың қорытындысы туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні;

      8) облыстың жергілікті атқарушы органының су объектісін оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға беру туралы шешімінің негізінде облыстың жергілікті атқарушы органы мен конкурстың жеңімпазы арасында су объектісін оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға беру туралы шарт жасалады. Орындалу ұзақтығы – 10 (он) жұмыс күні;

      9) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкерінің облыстың жергілікті атқарушы органының су объектісін оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға беру туралы шешімінің негізінде конкурстың жеңімпазына су объектісін оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға беру туралы шартты беруі. Орындалу ұзақтығы – 15 (он бес) минут.

      10. Рәсімдердің бірізділігі осы регламентке қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процесінің анықтамалығында көрініс береді. 


4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен озара іс-қимыл тәртібін, сондай ақ ақпараттық жүйелерде пайдалану тәртібін сипаттау


      11. Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы және "электрондық үкімет" веб - порталы арқылы көрсетілмейді.

 

"Су объектілерін оқшауланған
немесе бірлесіп пайдалануға
конкурстық негізде беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
2-қосымша

"Су объектілерін оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға конкурстық негізде беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процесінің анықтамалығы




жүктеу 57,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау