50-тармақ
жоқ
|
50. Қоғамдық кеңес өз құзыреті шеңберінде орталық мемлекеттік органдар, жергілікті өкілдік және атқарушы органдар әзірлейтін және ұсынатын азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілер жобаларын (бұдан әрі – НҚА жобасы) қарайды.
|
|
51-тармақ
|
жоқ
|
51. Мемлекеттік орган НҚА жобасын Қоғамдық кеңеске электронды пошта арқылы, қолма-қол немесе интернет-ресурсы жүйесі арқылы жолдайды.
|
Сонымен қатар Қоғамдық кеңестердің нормативтік құқықтық актілеріне шолу жүргізудің нормаларын, оның шарттары, нормативтік құқықтық актілерді жіберу тәртібі, қоғамдық сараптама жүргізу тәртібін нақтылау және толықтыру мақсатында. Бұл норма белгілі бір ережелерді түсіндіруге және олардың қоғамдық кеңестер жұмысында біркелкі қолдануға бағытталған
|
|
52-тармақ
|
жоқ
|
52. НҚА жобасын алған сәттен бастап Қоғамдық кеңес хатшысы Қоғамдық кеңес мүшелері мен төрағасына үш жұмыс күні ішінде олардың электрондық поштасына, интернет-ресурсы жүйесі арқылы немесе қолма-қол жолдауды ұйымдастырады.
|
Редакцияны нақтылау мақсатында
|
|
53-тармақ
|
жоқ
|
53. НҚА жобасы Қоғамдық кеңестің отырысында немесе Қоғамдық кеңес мүшелерінің сырттай дауыс беруі арқылы дербес қаралады. Қажет болған жағдайда НҚА жобасын комиссия отырысында алдын ала қарауға рұқсат етіледі.
|
Хатшы Қоғамдық кеңестің жұмысына жауапты тұлға болып табылады, сондықтан құжаттарды сақтау және сақтау тәртібін белгілеу мақсатында.
|
|
54-тармақ
|
жоқ
|
54. НҚА жобасын келісу немесе пысықтауға жолдау мәселелеріне қатысты электронды пошта немесе интернет-ресурсы арқылы немесе қолма-қол келіп түскен ұсыныстар негізінде жұмыс тобы Қоғамдық кеңес төрағасына ұсынымдар шығару үшін ұсынымдар жобасын жолдайды.
Қоғамдық кеңес мүшелерінен НҚА-ны келісу немесе пысықтауға жолдау туралы электронды пошта немесе интернет-ресурсы арқылы немесе қолма-қол келіп түскен хаттар Қоғамдық кеңестің ұсыным шығаруына негіз болып табылады. Ұсынымдар қазақ және орыс тілдерінде ұсынылады, оған Қоғамдық кеңес төрағасы қол қояды.
|
Нормативтік құқықтық актілерді Қоғамдық кеңестердің қарауына қатысты нормативтік құқықтық актілерге басшылық жасау тәртібін, қоғамдық сараптама жүргізуді реттейтін ережелерді толықтыру және түсіндіру мақсатында.
|
|
55-тармақ
|
жоқ
|
55. Қоғамдық кеңес үшін НҚА жобаларына ұсыныстар беру бойынша белгіленген мерзім Қоғамдық кеңеске түскен күнінен бастап он жұмыс күнінен кем болмауы тиіс.
Қоғамдық кеңес заңнамада белгіленген мерзімде ұсынымдарды ұсынбаған жағдайда, НҚА жобасы ескертулерсіз келісілді деп есептеледі.
|
Қоғамдық кеңестердің нормативтік құқықтық актілеріне шолу жасауды реттейтін ережелерді толықтыру және түсіндіру мақсатында.
|
|
6-параграф
|
жоқ
|
6-параграф. Мемлекеттік басқаруды жетілдіру және қызметтік этика нормаларын сақтауды қоса алғанда мемлекеттік аппарат жұмысының ашықтығын ұйымдастыру мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі
|
Әрекет етуші үлгілі тәртіп қазіргі уақытта қарастырылмаған. Берілген үлгілі тәртіп жекелеген және қоғамдық жұмыстарда қолданылған.
|
|
56-тармақ
|
жоқ
|
56. Қоғамдық кеңеске келіп түскен мемлекеттік басқаруды жетілдіру және қызметтік этика нормаларын сақтауды қоса алғанда мемлекеттік аппарат жұмысының ашықтығын ұйымдастыру мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін Қоғамдық кеңес Қоғамдық кеңеске келіп түскен күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қарайды.
Қосымша зерттеуді немесе қоғамдық бақылауды жүргізу қажет болған жағдайда қарау мерзімі күнтізбелік отыз күннен аспайтын уақытқа созылады, Қоғамдық кеңес хатшысы қарау мерзімі ұзартылған күннен бастап күнтізбелік үш күннің ішінде ол туралы өтініш берушіге хабарлайды.
|
|
57-тармақ
|
жоқ
|
57. Өтінішті қарау нәтижелері бойынша Қоғамдық кеңес мынадай:
1) өтінішті өз құзыреті шегіндегі тиісті мемлекеттік органға жолдау туралы;
2) аталған өтінішті Қоғамдық кеңес отырысында қарау туралы;
3) түскен өтінішті қарау бойынша қоғамдық бақылау нысандары түрінің бірін өткізу туралы шешімдердің бірін қабылдауға құқылы.
Өтінішті қарау қорытындылары бойынша Қоғамдық кеңес осы Үлгілік ереженің 56-тармағында көрсетілген мерзімге сәйкес жауаптар ұсынады.
|
|
7-параграф
|
жоқ
|
7-параграф. Қазақстан Республикасының заңнамаларын жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу және мемлекеттік органдарға енгізу тәртібі
|
|
58-тармақ
|
жоқ
|
58. Заңның 5-бабы 1-тармағының 7) тармақшасында көзделген уәкілеттік шеңберінде Қоғамдық кеңес қажет болған жағдайда әзірлеуші мемлекеттік органға, егер сәйкес заң жобасында оларды қабылдау көзделген жағдайда азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты Заң жобаларын, заңға тәуелді НҚА жобаларын қарау қорытындылары бойынша немесе заңнамалық нормаларды қолданудың қоғамдық мониторингісін жүргізу қорытындылары бойынша заңнаманы жетілдіру жөнінде өз ұсыныстарын енгізеді.
|
|
59-тармақ
|
жоқ
|
59. Қоғамдық кеңестер өткізген қоғамдық мониторингтің қорытындылары бойынша заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар, қорытынды, ұсынымдар дайындауға және оларды уәкілетті органға қолма-қол немесе интернет-ресурсы арқылы жолдауға құқылы.
|
|
60-тармақ
|
жоқ
|
60. Қайшылықтар болған кезде және әзірлеуші мемлекеттік орган ұсынған ұсыныстармен келіспеген жағдайда ұсыныстар келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде өзара тиімді шешімді іздеу және ұсынылған ұсыныстарды қосу немесе олардан бас тарту туралы хаттамалық шешім шығару мақсатында Қоғамдық кеңесте талқылауды қамтамасыз етеді.
|
|
8-параграф
|
жоқ
|
8-параграф. Қоғамдық бақылауды өзге де нысандарда жүзеге асыру тәртібі
|
|
61-тармақ
|
жоқ
|
61. Заңға сәйкес Қоғамдық кеңес қоғамдық мониторинг, қоғамдық тыңдау, қоғамдық сараптама нысандарында қоғамдық бақылауды және қоғамдық мүдделерді қорғауға бағытталған мемлекеттік орган жұмысының нәтижелері туралы есепті тыңдауды жүргізеді.
|
|
62-тармақ
|
жоқ
|
62. Қоғамдық мониторинг мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметтерді көрсету, мемлекеттік, үкіметтік бағдарламалады, стратегиялық жоспарлар мен бюджеттік бағдарламаларды, аумақтарды дамыту бағдарламаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын қолдауды іске асыру нәтижесінің азаматтар үшін жағымсыз салдарын және қоғамдық мүдденің шектелуін анықтау мақсатында жүзеге асырылады.
|
|
63-тармақ
|
жоқ
|
63. Қоғамдық мониторингті Қоғамдық кеңес мүшелері, сондай-ақ Қоғамдық кеңестің тапсырмасы бойынша үкіметтік емес ұйымдардың мүшелері және азаматтар жүзеге асырады.
|
|
64-тармақ
|
жоқ
|
64. Қоғамдық мониторинг жүргізу кезінде Қоғамдық кеңес мүшелері мемлекеттік органдардан және олардың лауазымды тұлғаларынан мониториингке қатысты қажетті ақпаратты Қазақстан Республикасының ақпаратқа қолжеткізу саласындағы заңнамамен белгіленген тәртіпте және негіздемелер бойынша сұратуға құқылы.
|
|
65-тармақ
|
жоқ
|
65. Қоғамдық мониторингтің нәтижелері бойынша оны жүзеге асырған тұлғалар қорытынды шығарады. Қоғамдық мониторингтің қорытындысы мынаны:
1) азаматтар үшін теріс салдарларды анықтау туралы және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінде қоғамдық мүддені шектеу туралы ақпаратты;
2) қоғамдық мониторинг барысында анықталған Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғандығы туралы себептер мен жағдайларды жою туралы ұсыныстарды;
3) бақыланатын объектілердің тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстарды;
4) НҚА-ға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстарды қамтиды.
|
|
66-тармақ
|
жоқ
|
66. Қоғамдық мониторинг қорытындысының негізінде Қоғамдық кеңес ұсыныстар қабылдап, тиісті мемлекеттік органдарға жолдайды.
|
|
67-тармақ
|
жоқ
|
67. Қоғамдық кеңес Заңның 1-бабының 5 және 6-тармақтарымен белгіленген республикалық немесе жергілікті басқару органдарымен келісілген мерзімде Қоғамдық тыңдаулар өткізеді.
|
|
68-тармақ
|
жоқ
|
68. Қоғамдық тыңдаулар:
1) қоғамдық тыңдауға қатысушыларға оның өтетін уақыты мен орны туралы бұқаралық ақпарат құралдары және (немесе) жазба шақырту арқылы өткізу күнінен күнтізбелік он күн бұрын дер кезінде хабар беруді;
2) қоғамдық тыңдауға шығарылатын НҚА жобаларын және шешімдерді өткізу күнінен күнтізбелік он күн бұрын уақытында таныстыруды;
3) қоғамдық тыңдауға қатысуды қамтамасыз ететін басқа да шараларды;
4) қабылданған шешімдердің дәлелді негіздемесі қамтылған қоғамдық тыңдаудың қорытынды хаттамасын жария етуді көздейді.
|
|
69-тармақ
|
жоқ
|
69. Қоғамдық тыңдаулар Қоғамдық кеңес мүшелерінің бастамасы бойынша өткізіледі.
|
|
70-тармақ
|
жоқ
|
70. Хаттаманы жүргізу тәртібі осы Үлгілік ереженің 36, 37, 38 және 39-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады.
|
|
71-тармақ
|
жоқ
|
71. Қорытынды хаттаманың негізінде қабылданған ұсыныстарды Қоғамдық кеңес төрағасы мемлекеттік органдарға, қоғамдық бақылау субьектілеріне жолдайды және мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурсында жариялайды.
|
|
72-тармақ
|
жоқ
|
72. Қоғамдық сараптама Қоғамдық кеңес отырысында қоғамдық кеңес шеңберінде құрылған сараптамалық комиссия қабылдаған тапсырма бойынша жүзеге асырылады.
|
|
73-тармақ
|
жоқ
|
73. Қоғамдық сараптаманың объектілері жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуы, азаматтардың өмірі мен денсаулығына қолайлы қоршаған ортаны сақтау, сондай-ақ жеке тұлғалардың, елді мекендер мен өндіріс объектілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жағымсыз ықпал ететін факторларды жою бойынша мемлекеттік органдардың қабылдаған шешімдерінің жобасы болып табылады.
|
|
74-тармақ
|
жоқ
|
74. Жеке тұлғалар және (немесе) қоғамдық бірлестіктер Қоғамдық кеңеске тиісті өтінішті жолдау арқылы қоғамдық сараптаманың бастамашысы бола алады.
|
|
75-тармақ
|
жоқ
|
75. Жұмыстың нәтижелері туралы есепте республикалық деңгейде мемлекеттік органның бірінші басшысының баяндамасы және Қоғамдық кеңес төрағасының қосымша баяндамасы, ал аумақтарда – әкімшілік-аумақтық бірліктегі әкімнің баяндамасы, мәслихат хатшысының және Қоғамдық кеңес төрағасының қосымша баяндамалары қамтылады.
|
|
76-тармақ
|
жоқ
|
76. Жұмыс нәтижелері туралы есепті тыңдау барысында хаттама толтырылады, онда мыналар:
1) есепті тыңдау күні мен орны;
2) қатысушылар саны;
3) баяндамашы лауазымды тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке куәлікте көрсетілген жағдайда);
4) күн тәртібі, есептің және баяндаманың мазмұны жазылады.
|
|
77-тармақ
|
жоқ
|
77. Есепті тыңдау нәтижелері бойынша қарар қабылданып, онда мыналар:
1) қадағалаушы органдардың және олардың лауазымды тұлғаларының құзыретіне жататын мәселелер бойынша қызметтерін бағалау;
2) қоғамдық тыңдау барысында анықталған жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтіретін немесе шектейтін ережелерді жою туралы ұсынымдар;
3) мемлекеттік орган қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар қамтылады.
|
|
78-тармақ
|
жоқ
|
78. Егер отырысқа қатысушылардың жартысынан көбі дауыс берсе, қорытынды хаттама қабылданды деп есептеледі.
|
|
9-параграф
|
жоқ
|
9-параграф. Қоғамдық кеңес туралы ереже жобасын оның бірінші отырысында талқылау және бекіту үшін мемлекеттік органға енгізу тәртібі
|
|
79-тармақ
|
жоқ
|
79. Қоғамдық кеңесті құру жөніндегі жұмыс тобы әзірлеген Қоғамдық кеңес туралы ереже жобасы Қоғамдық кеңестің бірінші отырысында талқылауға шығарылады.
|
|
80-тармақ
|
жоқ
|
80. Қоғамдық кеңес туралы ереже жобасын қарау нәтижесі бойынша бекіту үшін мемлекеттік органға енгізу туралы шешім көпшілік дауысымен қабылданады және Қоғамдық кеңестің қорытынды хаттамасында көрсетіледі, оған Қоғамдық кеңес төрағасы мен хатшысы қол қояды.
|
|
81-тармақ
|
жоқ
|
81. Ұсынылған Қоғамдық кеңес туралы ереже жобасымен келіспеген жағдайда ереже жобасы Қоғамдық кеңес мүшелерінің ұсыныстарын есепке ала ала отырып, ереже жобасы пысықталады және қайта талқылауға шығарылады.
|
|
10-параграф
|
жоқ
|
10-параграф. Қоғамдық кеңестің шешімдері
|
Берілген қағида аймақтардағы қоғамдық кеңестердің ұсыныстарының орындалу мақсатында және мемлекеттік органдармен мекемелердің нақты орындалған жұмыстарын талқылау және нақты жүктелген өкілеттіліктердің орындалуын бақылау.
|
|
82-тармақ
|
жоқ
|
82. Қоғамдық кеңес мәселелерді қарау нәтижелері бойынша ұсынымдар, қорытындылар, ұсыныстар, өтініштер қабылдай алады.
|
|
83-тармақ
|
жоқ
|
83. Қоғамдық кеңестің шешімдері Қоғамдық кеңестің отырысына қатысып отырған мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданады. Шешім қаттамамен ресімделеді, оған Қоғамдық кеңестің төрағасы мен хатшысы қол қояды.
|
|
84-тармақ
|
жоқ
|
84. Қоғамдық кеңестің отырысында қаралатын мәселелер бойынша шешімдерді қабылдау кезінде Қоғамдық кеңестің әрбір мүшесі бір дауысқа ие болады. Дауыстар саны тең болған кезде Қоғамдық кеңес төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
|
|
85-тармақ
|
жоқ
|
85. Қоғамдық кеңес қызметімен байланысты құжаттар Қоғамдық кеңестің өкілеттік мерзімінде жұмыс органында электронды және/немесе қағаз түрінде сақталады.
Сонымен қатар, Қоғамдық кеңестің уәкілеттік мерзімі аяқталғаннан кейін, Қоғамдық кеңес қызметімен байланысты құжаттар жұмыс органының архивіне сақталу үшін тапсырылады.
|
|
11-параграф
|
жоқ
|
11-параграф. Комиссия қызметін ұйымдастыру
|
|
86-тармақ
|
жоқ
|
86. Комиссияның дербес құрамы Қоғамдық кеңестің отырысында бекітіледі.
|
|
87-тармақ
|
жоқ
|
87. Қоғамдық кеңес комиссиялары Қоғамдық кеңестің кезекті құрамының өкілеттіктері мерзімінен аспайтын мерзімге құрылады. Комиссия жұмысына Қоғамдық кеңес мүшесінің қатысуы ерікті таңдау негізінде жүзеге асырылады.
|
|
88-тармақ
|
жоқ
|
88. Қоғамдық кеңес комиссиясының жұмысын қоғамдық кеңестің төралқасы басқарады.
|
|
89-тармақ
|
жоқ
|
89. Қоғамдық кеңес комиссиясының төрағалары Қоғамдық кеңес мүшелерінің жалпы санынан көпшілік дауыс беруімен сайланады. Комиссия төрағасының мерзімінен бұрын міндеттерінен босатылуы туралы мәселе Қоғамдық кеңес отырысында қаралады.
|
|
90-тармақ
|
жоқ
|
90. Қоғамдық кеңес комиссиясы жұмысының негізгі түрі отырыс болып табылады. Қоғамдық кеңес комиссиясының қызметі талқылау еркіндігі, жариялылық және алқалық шешім қабылдау қағидаттарына негізделген. Қоғамдық кеңес мүшелері комиссия отырыстарының хаттамаларымен танысуға құқылы.
|
|
|