«Тіл дегеніміз қай халықтың болмасын, кешегі, бүгінгі ғана емес, ертеңгі де тағдыры», деп Б.Момышұлы бекер айтпаған. Қазақ тілі халық тарихымен бірге жасап, ұрпақтан ұрпаққа қатынас құралы ретінде қызмет етіп келеді. 1989 жылы қазақ тілі мемлекеттік мәртебе алды. Қазақ тілі түркі тілдер тобына жататынын бәріміз білеміз. Түркі тілдерінің ішінде қазақ тіліне ең жақындары ноғай, қарақалпақ, татар, башқұрт, қарашай-балқар тілдері.
Қазіргі кезде жұмысымыздың көпшілігі компьютермен атқарылады. Сондықтан, қазақ тілінде компьютерлік бағдарламалар көбейтілсе. Бұл жағдай да қазақ тілі жанашырларын ойландырып жүрген мәселе.
Қорыта айтқанда қазақ тілі – Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар басқа туысқан республикаларда, сондай-ақ шетелдерде (Ресей, Қытай, Ауғанстан, Моңғолия т. б. елдерінде) тұратын қазақтардың да ана тілі. Сонымен бірге Қазақстанда туып - өскен кейбір халық өкілдері ішінде қазақ тілін ана тілім деп есептейтіндер де бар.
Өз ұлтын, өз тілін сүймеген, өз ұлтын қадірлемеген адам басқаны да қадірлеп жарытпайды. Бүгінгі таңда басқа тілде сөйлеп, жетік біліп тұрып, өз ана тілімізді білмесек, ұлт ретінде бар екенімізді білдіртпесек, онда мемлекетіміздің болашағы күмән туғызатын мәселеге айналуы мүмкін. Өзге ұлттар арасында да бізді ұлт ретінде санайтындар азаяды. Орыс, ағылшын тілін біл, бірақ ана тіліміз олардан биік, жоғары тұруы тиіс. Тіл мәселесін шешетін уақыт болды. Оның кілті өз қолымызда. Әркім өзінен бастасын. Мысалы үйде әжелер өз немерелерімен өз ана тілінде сөйлессін. Әрине, бұл қарапайым мысал. Бірақ, бәрі кішкентайдан басталмай ма.
Мемлекеттік тілді оқытудың түрлі тәсілдерін пайдаланып мұғалімдер шығармашылық қызметпен де айналысады. Тіл жанашырларын айтқанда мұғалімдерді айтпай кете алмайсың. «Білім туралы» Қазақстан Республикасының заңы білім берудің ұлттық моделін дамыту бағытындағы мақсаттарды көздейді. Осы тұрғыдан білім беруді жаңашаландырып, оның жаңа жүйесін жасап, дәстүрлі жүйеден ерекше болуын қамтамасыз ету – басты парыз.
Қазіргі таңда мемлекеттік тілді оқытуда жаңа идеяларды әр сабақта жан – жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдары қарастырылуда. Өзге ұлт аудиториясында қазақ тілін оқытудың басты мақсаттары – оқушылардың ақыл-ой қабілетінің даму деңгейін өсіру, дұрыс сөйлеу, білім деңгейін тереңдету және сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру. Сондықтан да қазақ тілін компьютерлендірудің оқушылардың оқуға деген қызығушылығына ықпалы болады. Компьютермен оқыту оқушылардың өз бетімен іздену жұмысының өте тиімді түрі. Мемлекеттік тілді компьютермен оқыту оқу жұмысының жоғары дәрежелі болуына жағдай жасайды., оқушының қазақ тілі пәні бойынша біліктілігі мен белсенділігін арттырады.
Тіл үйренушілерге не айтса да, бұлжытпай орындайтын «отыр» десе, отырып, «тұр» десе тұратын, сабаққа кешіксе кінәлі болатын, өзінен төмен деңгейдегі «үйренуші» ғана деп қарау дұрыс емес. Оқытушы оларды өзімен тең тұлға деп қабылдауы қажет. Сабақ үстінде тіл үйренушіге қатысы да, қажеті де аз, олар өмірде қолданбайтын ақпараттардан гөрі олардың әрқайсысының жеке өмірі және қызметімен тығыз байланысты мәселелерді талқыласа, ол тіл үйренушілердің қызығушылықтарын арттырады. Компьютермен жұмыс істеу өте қызықты.
Қазақ тілін оқытумен байланысты сабақтардағы диафильмдерді, оқу кинофильмдерін, сондай-ақ сабақтағы фотоқұжаттарды сканер арқылы шешуге болады. Қазіргі уақытта мемлекеттік тілді бүгінгі дамыған техника тіліне айналдыру ең көкейкесті мәселенің бірі болып отыр. Болашақ мамандарды даярлау барысында оқытудың жаңа технологиясын барынша меңгертуге көп көңіл бөлу қажет. Жаңа технологияны пайдаланудың нәтижесі жоқ емес.
Тағы бір ойландыратын мәселе жастардың мәдениетті сөйлеуі. Мәдениетті сөйлеп, бір-бірімен қарым-қатынас жасау үшін бірден-бір көмек – кітап оқу. Ол үшін баланы балабақшадан бастап кітапты ұстап, құрметтеуге үйрету керек.Осы жерде орыс мектебінде оқитын, қазақ тілін білмейтін, білгісі келмейтін қазақ жастарымен қалай жұмыс істеу керек соны да айта кеткен жөн.
Ондайларды ешқандай күштеудің қажеті жоқ. Тек үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу керек. Алдымен ата-анасымен сөйлесіп, түсіндіріп, ата-анасы баласымен сөйлесетіндей жағдай жасау керек. Сонда ғана бір нәтиже шығуы мүмкін. Отбасында баланы туған күнінен бастап өз ана тілінде неге тәрбиелемеске?
Менің ойымша бұл қателерді болдырмау үшін, ең алдымен білікті мамандар қажет. Қандай болмасын аударманы жарыққа шықпас бұрын, маманға аудартып, оны белгілі бір құзырлы органға бекіттіріп барып шығаратындай тәртіп орнатылуы керек. Аударманы кім көрінгенге тапсыруға болмайды. Ғаламтордағы қазақша ақпараттардың сапалы болуы да осылай, білікті мамандар арқылы шешілуі керек. Тіл жанашырлары осы істердің жүзеге асуына атсалысса ана тіліміздің өрге басарына еш күмән жоқ..
Достарыңызбен бөлісу: |