Сөж пәні: Қолданбалы экономика Тақырыбы: Жұмыспен қамту және жұмыссыздық Орындаған: Тұлымхан Назерке Тобы: гт-19-1 Тексерген: Құдабаева Ляззат Асановна Жоспары: Кіріспе Негізгі бөлім


Қазіргі таңдағы Қазақстан Республикасындағы жұмыспен қамтамасыз ету саясаты



жүктеу 28,78 Kb.
бет4/5
Дата30.04.2022
өлшемі28,78 Kb.
#38411
1   2   3   4   5
прикладная экономика

Қазіргі таңдағы Қазақстан Республикасындағы жұмыспен қамтамасыз ету саясаты

Жұмыссыздық проблемаларын шешуде еңбек биржалары (тұрғындарды жұмыспен қамту қызметі ) айтарлықтай орын алады. Нарық қатынастары дамыған елдерде еңбек биржасы алғашқыда жұмыссыздарға жәрдем беру мақсатында адамгершілік институттары ретінде пайда болды. Уақыт өте келе және еңбек қатынастардың дамуына сәйкес, оның мақсатымен және атқаратын қызыметтері өзгереді. Еңбек биржасы – бұл еңбекті жалдау барысында жұмыскерлер мен кәсіпкерлердің арасында делдалдық келісім жасалатын, тұрақты жұмыс істейтін мекеме. Бұрынғы КСРО – да ең соңғы еңбек биржасы 1932 жылы жабылған болатын. Қазіргі нақты жағдай – еңбек нарығының барлық элементтерін қайта жаңғыртудың қажеттігін көрсетіп отыр. 1991 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанда барлық жерде тұрғындарды еңбекпен қамту қызыметі жұмыс істей бастады.

Еңбек нарығы – жұмысшылар мен жұмыс орындарының саны арасындағы қатынасты реттейтін механизм. Бұл жұмыс күшінің бірқалыпты ұдайы өндірісін және еңбекті тиімді пайдалануды қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар мен әлеуметтік, соның ішінде құқықтық институттар жүйесі болып табылады.

Еңбек нарығының құрылымы деп оның құрамына кіретін барлық элементтер арасындағы байланыстар мен өзара әрекеттесуін айтамыз. Еңбек нарығының элементтерінің ішінде келесілерді бөліп қарастырған тиімді: жалдамалы жұмысшылар мен олардың бірлестігі; кәсіпкерлер мен олардың одақтары; мемлекеттік органдар жататын нарық субъектілері.

Нарықтық реформалар жұмыспен қамту сферасына жеткілікті деңгейде әсер етпейді, яғни ол мынадай нарықтық емес белгілерін сақтап қалды: жасырын жұмыссыздық түріндегі еңбектің артықшылығы және еңбек потенциалын жұмысшы күшінің бағасын жасанды түрде төмендете отырып, тиімсіз пайдалану.

Еңбек биржаларының негізгі атқаратын қызыметтері мыналар: еңбек нарығындағы сұраным мен ұсынымды анықтау; жұмыссыздарды есепке алу және бос жұмыс орындарын тіркеу; жұмысын ауыстыруға және жұмысқа тұруға тілек білдіретін адамдарға ақпараттар беру; Жұмыс іздеп жүрген кадрларды оқыту мен қайта дайындауды ұйымдастыру; жастар арасында кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізу; адамдарды жұмысқа орналастыру үшін делдалдық қызымет көрсету және жұмыссыздыққа байланысты жәрдемақы тағайындау.

Мемлекет кәсіпорындар мен ұйымдардың мүдделерін есепке ала отырып, биржалар арқылы еңбек нарығына әсер етеді. Еңбек биржасы беретін жұмысқа жолдама кәсіпкерлер үшін міндетті болмайды, ол тек қана ұсынымдылық сипаты болады, себебі олардың жұмыскерлерді еркін түрде таңдауға хұқы бар және оны өздерінің кадр бөлімі арқылы жүзеге асыруға тырысады.
Қазіргі еңбек биржасында, жұмыс күшіне сұраным мен ұсыным туралы мағұлматтар банкісі болуы қажет. Осы бағытта өнеркәсібі дамыған Батыс елдердің тәжірибесін қолдануға болады. АҚШ – та, мысалы, аймақты және жергілікті деңгейде жұмыс күшінің электронды банкілері құрылған. Онда жұмысқа орналасқан кезде жоғары сапалы консультациялық көмек көрсетіледі. Нәтижесінде барлық мамандық топтарындағы жұмыссыздардың 40 проценті бір айдың ішінде жұмысқа орналасады. Сондай – ақ жұмыссыздарды қаржыландырудың жаңа бағдарламасы ендірілген. Әсіресе, Вашингтон штатында федералдық үкімет тиісті білім, жұмыс тәжірибесі бар және өз ісінің маманы болғысы келген 400 жұмыссыз адамға белгілі бір уақытқа дейін мүмкіндік беріп, алдын – ала жәрдемақы төлейді. Бұның өзі, олардың жұмыс жобасының экономикалық дәлелі бар, әдейі курстарды өткен, сондай – ақ жаңа істі консультант көмегімен бастаған жұмыссыздарға беріледі.
Осы уақытқа дейін біздің елімізде еңбек нарығы болмады. Мамандарды қайта дайындаудың тым қарапайым жүйесінің болуы – тұрғындарды толық, бірақ тиімсіз түрде жұмыспен қамтуға жағдай туғызды, өмір сүру ресурстарын бөлуде теңгермешілідікке жол береді, ал ол белгілі бір дәрежеде қоғамның өндіргіш күштерінің дамуын тежеді. Әкімшілдік - әміршілдік басқару жүйесі жағдайында мемлекет, жұмыспен толық қамту мәселесін өндіргіш күштерді орналастыру бағдарламасына сәйкес орталықтанған жоспар бойынша өндіріс салалары мен аймақтарына бөлу арқылы шешіп отырады. Жаңа жұмыс орындарын жасау еңбек етуге қабілетті бар тұрғындардың санына асып кетіп отырды, ал ол, өз кезегінде жұмыс күшінің тапшылығын тудырады. Және де, бұл қадырлық экстенсивті типтегі шаруашылық механизмінен қолдау тауып отырды: кәсіпорынның жалақы қоры жұмыскерлердің санынан тәуелді болды, олардың санының өзгеріп отыруы еңбек өнімділігінің төмендігінің және басқа жұмыстарға пайдаланудың орнын толтыруға тиіс еді.
Оның есесіне жұмыскерге, белгілі бір жұмыс орнына ие болуға нақты кепілдік берілетін және оны жұмыстан шығару іс жүзінде мүмкін болмайды. Соның нәтижесінде жұмыс күшіне деген сұраным еркіндігі мен ұсыным еркіндігі қатаң шектеледі. Мемлекет жұмыскерлердің белсенділігі мен қозғалысына қатаң бақылау жасап отырады, олардың өздерінің жұмыс күшін қолдануына тек қана мемлекет белгілеген еңбек нысандарының шеңберінде ғана рұқсат етіледі.

Кадрларды тұрақтандыруда «жас маман» институты, белгілі бір кезеңде мерзімдік шартқа қол қою сияқты тікелей әдістер, тікелей жұмыс уақыты өтелгеннен кейін пәтер беруге уәде ету, бір кәсіпорында істеген үзіліссіз жұмыс стажын жоғалту қатері сияқты жанама әдістер де қолданылады. Өздерінің қабілетін толығырақ көрсетуге және лайықты өмір қалпын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін жұмыс істеу ұмтылысы – қалада төлқұжат тәртібі түрінде, елде керісінше колхозшыларға төлқұжат бермеу, жұмыстан шығуға кедергі жасау, пәтер алу қиындықтары сияқты әкімшілік механизімі кедергілеріне тірелетін. Бір орында ұзақ уақыт жұмыс істеу экономикалық тұрғыдан да және әлеуметтік тұрғыдан да ынталандырылады. Соның нәтижесінде еңбекті ауыстырудың экономикалық заңды бұзылды. Оның мәні – адам өзінің экономикалық жағдайын жақсарту үшін белсене жұмыс істеу керек, ал ол, үнемі өзін - өзі жетілдіру қажет етеді, соған сәйкес жұмыс істейтін өмірдің барлық кезеңі бойына еңбек ету нысанынан ауыстырып отырады.




жүктеу 28,78 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау