5.5 жұмысын мазмұндау
Жұмыс үрдісінде -түрлендіруші дүкен шыңындағы символды оқып, кіріс шынжырын тану мен шығыс шынжырын құрумен байланысты іс-әрекеттерді ғана емес, сонымен қатар төменде келтірілген ережелер түрінде мазмұндауға болатын атрибуттарды өңдеу іс-әрекеттерін де орындау керек.
Кіріс шынжырын өңдеу дүкенде грамматикалық бастапқы символы мен түбір маркері болғанда ғана басталады. Түрлендірушінің бірінші символы дүкенге грамматиканың бастапқы символын енгізіп, бастапқы символдың мұра етілуші символдарына бастапқы мағынаны беру керек. Және де синтезделінуші атрибуттарының өрістері бос көрсеткіштермен толтырылады.
Егер дүкен шыңында атрибуты бар кіріс символы тұрса, онда кіріс лентадан келетін символдар саналады да, бұл символдар өзара салыстырылады. Егер олар дәл келсе, онда лентадан кезекті кіріс символының атрибуты санау жүргізілуі жүргізіледі және қарастырылып жатқан кіріс символының атрибут өрісіне жазылған көрсеткіш сүйенетін шынжырды тудыратын дүкен торына жазылады. Одан кейін кіріс символы мен оның атрибуты дүкеннен жойылады да кіріс бүршігі жылжиды.
Егер дүкен шыңында атрибуты жоқ кіріс символы тұрса, онда кіріс лентасынан кезекті кіріс символы оқылады да бұл символдар салыстырылады. Егер олар дәл келсе, онда символ дүкеннен жойылып, кіріс бүршігі бір позицияға жылжиды.
Егер дүкен шыңында іс-әрекет символы тұрса, онда оның аргументтеріне сәйкес келетін атрибуттар оқылады, одан кейін синтезделінетін атрибуттар іс-әрекет символы функциясына сәйкес мағыналары табылады да, бұл мағыналар синтезделіну атрибут өрісінде көрсеткішке сүйенетін, көрсеткіш шынжырымен анықталатын барлық өрістерге орналастырылады.
Егер іс-әрекет символы шығысқа берілуі қажет болса, онда бұл символ мен оның атрибуттарын шығыс лентаға жазу іске асырылады.
Егер дүкен шыңында терминал емес символ тұрса, онда ол дүкеннен жойылады да оның орнына дүкенде грамматика ережесінің оң жағына сәйкес келетін фрагмент құрылады және бұл фрагменттің тұдырылып жатқан фрагмен астында орналасқан жойылған символ атрибуттарымен байланысы табылады. Бұндай байланыстар фрагменті тұрғызу нұсқауларында анықталуы керек.
Егер дүкен шыңында мағынасы анықталған атрибут тұрса, онда ол дүкеннен жойылады.
Детерминалданған атрибуттық түрлендірушіні тұрғызуда кіріс грамматикасы грамматикасы класына қатысты жай иемдену пішініндегі кез келген -грамматикасы үшін орындауға болады. Түрлендірушіні тұрғызуды мүмкін екендігін анықтайтын фактор болып, жай иемдену пішінінің – атрибутының қасиеті табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |