113
тұжырымдамасына, кейіпкердің өсу жолындағы әртүрлі әрекеттерінің өзі өмір
сүріп отырған қоғамға, халыққа пайдалылығы, адамгершілікке сыйымдылығы
қаншалықты екендігіне мән беру, оған баға беру бағытындағы орындалатын
жұмыстар енеді. Бұл жаттығулар оқырман-шәкірттердің эпикалық шығарманы
қабылдауы, мән-мазмұнының тереңіне үңілуіне мүмкіндік алады. Әдеби
шығармадағы кейіпкер мінез-құлқы мен әрекетіне сын көзбен қарап
адамгершілік тұрғыда баға беру арқылы шәкірт өзінің де әрбір іс-әрекетіне баға
беруге үйренеді, дұрыс таңдау жасай білуге машықтанады, әрбір әрекетіне сын
көзбен қарайтындай болады.
Біз жоғарыда эпикалық шығармаларды талдауда жиі қолданылып жүрген
образдар бойынша талдау, проблемалық талдау, тұтастай талдау, тақырыптық
талдау, эстетикалық талдау секілді әдістері жөнінде айтқан болатынбыз.
Аталған әдістердің әрқайсысының тиімділігі, өзге де құндылықтары жөнінде
көп айтылып та, жазылып та жүр. Сондықтан бұрынғы жазылғандарды
қайталаудыңжөні жоқ деп ойлаймыз. Эпикалық шығармаларды біліктілікпен
талдау еркін шығармашылық үдеріс болғандықтан, қай әдісті пайдалансақ та ол
жұмыс барысында өзгеріске түспей тұрмайды. Егер әдебиет пәні мұғалімі терең
шығармашылық түсінік иесі болған жағдайда көркем шығарманы талдау
сабақтарынкөркем сөз өнері дәрежесіне көтере, қызық та тартымды етіп
өткізеді. Ал, керісінше болған жағдайда, ең тиімді деген әдістің өзі жансыз
формула күйіндегі нәрсе болып қалады. Мәселен, образ бойынша талдау –
мектеп тәжірибесінде ежелден пайдаланылып келе жатқан дәстүрлі әдістердің
бірі. Әдебиет сабақтарында бұл әдісті қолдану барысында кейде жеке кейіпкер
образынан ұзай алмау, болмаса басты кейіпкерлерді өзге кейіпкерлермен
байланыста алып қарастырамын деп, бірді айтып, бірге кетіп қалатын жағдай
сияқты кемшіліктер жиі кездеседі. Сол үшін әр кейіпкердің шығармадағы
орнын, өзара қарым-қатынас дәрежесін, авторлық идеяның бағытын, көркемдік
бөлшектердің қолданылу себептерін айқын танып алмаған жағдайда, қандай
талдау әдістері болмасын шәкіртке пайдалы бола қоймайды.
Сондықтан көркем шығарманы талдауға таңдалып алынған қандай әдіс
болсын оқушы-оқырманды шығарманың микроқұрлымына бойлата алатындай,
олардың
қызығушылығын
дамыта
отырып,
оқырман
қабілетін
қалыптастыратындай,көркем мәтінді еркін игертетіндей жағдайға құрылғаны
жөн. Ал кез келген шығарманы талдауға жарай беретін, оқушылардың
көркемдік қабылдауын тереңдетуге негіз бола алатын бірден-бір әмбебап әрі
ортақ талдау әдісі болмайды. Өйткені, ондатуынды шығармашылық еңбек
жемісі екендігін жоққа шығарамыз. Әдеби шығарма жазудың дайын рецептісі
болмайтындығы секілді оны көркемдік қабылдаудың да даяр үлгісі болмайды.
Мұндай жұмысты әр мұғалім өзінің шығармашылық деңгейі, әдіскерлік
шеберлігіне сай өзінше жүргізіледі. Көркем шығармаларды оқу және талдай
білу оқушылардың әдеби білімін дамытудың негізгі тәсілі. Бұл көркем сөз
зергерінің шығармашылық өсу үрдісін де байқатады. Оқу мен талдауды
ұйымдастыру кезінде мұғалім сабаққа тек ғылыми-танымдық тұрғыдан қарамай
оған көркемдік ойлау тұрғысынан да қарауды ұмытпаған жағдайда ғана
114
табысқа қол жеткізеді.
«Әдеби шығарманы мектепте талдаудың негізгі мақсаты – мұғалімнің
оқытуға жұмсалған барлық күш-жігері, оқушының өзіндік ынтасымен ұштасып
дидактикалық жаңғыруға жету», - дейді Қ.Бітібаева [128.32б]. Бұл жағдайда
әдеби
шығармаларды
талдау
бойынша
оқушылардың
белсенділігін
ұйымдастыру өте қажет. Олар осылайша сөз өнерін тікелей оқып-үйрену
арқылы жалғастыра береді.
Сонымен бірге оқу мен талдаудың түп тамыры мен тығыз байланысына
қарамастан, олардың қызметтері әр түрлі екенін ескерген жөн. Оқудың
ерекшелігі сол – ол әдеби мәтінді субъективтендіреді, көркемдік әсерлер
арқылы шығарма бейнелері мен ондағы жағдайлар оқырман санасында
орнығады. Ал талдау болса, субъективтік қабылдау мен көркем шығарманың
жүйелілігін салыстыру арқылы авторлық ойлауды ақиқат-шындық етіп
көрсетуге бағытталады. «Көркем шығарманы оқу мен талдаудың басқа да
айырмашылықтары жетерлік. Оқу – жазушы мен оқырманның өзара жеке-дара
қатынасы, сырласуы. Ал сабақтағы талдау – ұжымдық қызмет. Әдеби
шығармаларды
талдау
оқушылар
мен
ұстаздың
қарым-қатынасы,
ынтымақтастығы жағдайында барлық оқырман-шәкірттердің оқу үрдісі
барысындағы және өмірлік тәжірибелерін өзіне сіңіре қабылдайды. Оған қоса
сыныптас жолдастарының ойы мен мұғалімнің пікірі оқушының әдеби
шығармаға деген көзқарасына, қабылдауына әсер етеді», - дейді профессор
Б.Ө.Сманов [132].
Оқырман еңбегінің негізгі қырлары мен көрсеткіштері ретінде көптеген
психологтардың,
әдіскерлердің,
өнертанушылардың
мойындауынша,
белсенділік пен сезімдік реакция, өзіндік рефлекция көркем мәтінге мейлінше
терең бойлау, оқушы қиялындағы көркем бейненің нақтылануы, шығарма түрін
бағалаудағы эстетикалық қабілеті автор идеясын, жазу өнерін шынайы
шындықтай тануға жетелейді. Оқушы жұмысындағы бұл қырларды анықтау,
әрине, шартты түрде болғанмен олар оқу мен әдеби шығармаларды талдауда
туындының ішкі күрделі сыр-сипатын түсінуге мүмкіндік алады.
Әдеби шығарманы талдау оқушы еңбегінің түрлі қырларын жетілдіруге
және әр оқушының неғұрлым жоғары деңгейге көтерілуіне көмек беруге
бағытталуы тиіс. Ұжымдық және жеке-дара жұмыстарды әр әдеби талдау
көлемінде тығыз байланыстырғанда ғана оқырманды жан жақты дамытып және
оның күрделі өнерді игеру мүмкіндіктеріне көмектесуге болады. Сондықтан
оқушының әдеби дамуында, оның дүниетанымының баспалдақтап өсуінде
шығарма талдаудың рөлі орасан зор. Әдеби туындыны талдау, негізінде,
оқырманды бақылауға және оның барлық танымдық қырларын (білім, білік,
дағды) дамытуға әсер етуі тиіс.Ол үшін оқушы өзінің оқырмандық сезіміне, әрі
мәтінді терең түсінуіне, әрі қиялдың ұшқырлануына, әрі көркемдік түрге
эстетикалық көзқараста болуына жетелейтін белгілі бір әдеби тақырып
көлемінде тапсырма алуы қажет. Ұстаз оқу үрдісінде, міне, осы жайтты есте
ұстағаны абзал.
Оқырмандық қабылдау және оны анықтаудың әдістері сан алуан.
Достарыңызбен бөлісу: |