52
дамымамаған жағдайда ол туындының идеялық мазмұнының бейнелік-
эмоционалды мәнін түсіне алмайды. Белгілі болғандай, оқырман тұлғасының
ерекшеліктеріне, оның оқырмандық тәжірибесіне байланысты оқу үдерісінде
қайта кодтау, меңгеру және ақпаратты сақтау сияқты іс- әрекеттер орын алады.
Сондықтан көркем мәтінді қабылдау кезінде, эмпатикалық қабілеттіліктер
құрылымының барлық басқа компоненттерінің сәтті қызмет етуін қамтамасыз
ететін «мнемикалық қабілеттілік» үлкен рөл атқарады. Көркем әдебиетті
қабылдау үдерісінде оқырман есінде бейнелерді қалыптастыратын оқырман
елестетуінің бейнелік көріністері және сезілген эмоциялары сақталады.
Мысалы, белгілі-бір кейіпкердің ішкі әлемі мен сыртқы әлпетін қайта жасау
үшін, ес оқырман елестетуіне туындының шашыраған жеке көркем бөл
шектерін береді.
Көркем әдебиет оқырманының мнемикалық қабілеттерінің спецификалық
ерекшеліктері оның сөздік-логикалық, бейнелік және эмоционалды есі болып
табылады. Естің бір-бірімен ажырамайтын бұл үш түрі оқырман қызметінің
сөздік-логикалық және бейнелі-эмоционалды сипатымен шартталған. Әрине,
көркем әдебиеттің бейнелік табиғаты оқырманнан біріншіден, жақсы дамыған
бейнелік есті – көрініс есін талап етеді. Бейнелік ес арқылы оқырман өзінің
санасында оқылып отырған туындының мазмұнындағы әр түрлі бейнелерді
ұстап қалады: пейзаж, кейіпкерлердің әр түрлі сыртқы сипаты, мазмұндалып
отырған жағдайды «көреді», кейіпкерлердің сөздерін «естиді». Оқырман
қызметінде және эмоционалды есінде – уайымдау есі үлкен рөл атқарады.
Оқырманның эмпатиялық қабілеті эмоционалды ес негізінде туындап дамиды.
Осы арқылы көркем әдебиеттің тәрбиелік потенциалы жүзеге асады. Оқырман
қызметінде көркем әдебиет сөз өнері болып табылатындықтан, сөздік-
логикалық естің рөлі өте маңызды. Дегенмен атап өтетін жайт, эмоционалды
және бейнелік естің жоғарғы даму деңгейі жағдайында естің бұл түрі бағалы
болып келеді. Егер оның деңгейі төмен болған жағдайда және сөздік-логикалық
естің басымдылық көрсеткені жағдайында оқырман көркем әдебиеттен
эмоционалды бастамасы мен бейнеден айырылған негізгі ақпаратты ғана алады.
Көркем бейненің психологиясын түсіну туралы сөз қозғалғанда,
психологиялық көргіштік, психологиялық зеректік, психологиялық сергектік
және психологиялық қабылдау сияқты үш терминді синоним ретінде
қолдануға
болады, себебі оларда акцент персонаждың ішкі әлемін тануға жасалынған. Ал
егер сөз оқырманның көркем персонаждарды уайымдау қабілеттіліктері болса,
онда мағынасы бойынша бір-біріне жақын «психологиялық сергектік»,
«психологиялық қабылдағыштық» және «оқырман эмпатиясы» терминдері
қолданылады. Сабақта «Ақбілек» романын талдау барысында кейіпкердің
психологиясын ашуға көп көңіл бөлінді. Әсіресе оқу бағдарламасының
вариативті бөлігі бойынша құрастырылған таңдау курсындағы сабақтарда бұл
мәселе кеңінен қарастырылды.
Әдеби кейіпкердің психологиясын түсіну, біріншіден, персонаждың
психологиялық қатарын, оның ішкі әлемін елестетудің көмегімен жаңғырту
арқылы, екіншіден персонаждың психологиялық саласына интуитивті ену