Сыни тұРҒысынан ойлау арқылы оқушылардың шығармашылық Қабілетін дамыту



жүктеу 234,93 Kb.
Pdf просмотр
Дата19.11.2018
өлшемі234,93 Kb.
#20610


СЫНИ ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ 

ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ 

 

 

 

Муталова А.С.  

(Қазақстан, Орал) 

 

Мұғалімнің  міндеті  –  баланың  өзіне  деген  сенімін  арттыру,  өзін  тұлға  ретінде  сезінетіндей 



мүмкіндік ашу, өзін тұлға ретінде сезінген бала әрқашан өмірде өз жолын таба алады. 

Білім  берудің  сапасын  жақсарту  мақсатында  сыни  тұрғысынан  ойлау  технологиясын  өз 

сабақтарымда  қолданып  жүрмін.  Сыни  тұрғысынан  ойлау  технологиясының  мені  қызықтырғаны 

баланың  өзі  ізденіп  дәлелдеуі.  Ол  бұрын  тек  тыңдаушы  болса,  енді  ізденуші,  ойланушы,  өз  ойын 

дәлелдеуші, ал мұғалім осы әрекетке бағыттаушы, ұйымдастырушы. 

Сыни  тұрғысынан  ойлау  бағдарламасы  оқушының  еркін  сөйлеуіне,  пікір  таластыруына, 

достарының  ойын  тыңдауға,  проблеманы  шешу  жолдарын  іздей  отырып,  қиындықты  шешуге 

бағытталған бағдарлама. 

Сыни тұрғысынан ойлау дегеніміз- сабақта оқушылардың қызығушылығын арттыра отырып,  өз 

ойыңды еркін және зерттей талпындырып, тұжырым жасау. 

Сыни тұрғысынан ойлау дегеніміз  -  ой  қозғай отырып, оқушының өз ойымен  өзгелердің  ойына 

сыни  қарап, естіген, білгенін талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегенін  өзі зерттеп, 

дәлелдеп,  тұжырым  жасауға  бағыттау  өз  бетімен  және  бірлесіп  шығармашылық  жұмыс  жасау. 

Оқушыларды  шығармашылық  жұмысқа  баулып,  олардың  белсенділіктерін,  қызығушылықтарын 

apттыpa түсу  үшін шығармашылық қабілеттерін дамытуда  әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады. 

Шығармашылық  жұмыстар  оқушыларды  ойлауға  жетелеп,  қызығушылығын  оятып,  шығармашылық 

қабілетін арттыруға, белсенділікке ынталандырады. 

Сыни  тұрғысынан  ойлауды  дамытудың  мақсаты  барлық  жастағы  оқушыларға  кез  келген 

мазмұны  сыни  тұрғыдан  қарап,  екі  ұйғарым  бір  пікірдің  біреуін  таңдауға  саналы  шешім  қабылдауға 

үйрету. 


          Бұл  бағдарлама  жаңа  буын  оқулықтарының  талаптарын  жүзеге  асыруда  оқушылардың  білім 

деңгейін  көтеруде,  балаларды  шығармашылыққа  баулуда,  ойларын  еркін  айтуда  тез  арада  дұрыс 

шешімдер 

табуға 


атсалысатын 

бірден-бір 

тиімді 

бағдарлама 



деп 

есептеймін. 

          Сыни тұрғысынан ойлау- сынау емес, шындалған ойлау. Оқушылардың  да бұл жұмысты дұрыс 

ұйымдастырған  жағдайда  өз  даму  деңгейіне  сәйкес  ойы  шыңдалып,  белгілі  бір  жетістіктерге  жетері 

сөзсіз.  Білімнің  болашақта  пайдаға  асуы,  қажетке  жарауын  қалыптастырады.  Көп  ақпаратты  талдай, 

жинақтай  отырып,  ішінен  қажеттісін  алуға  үйретеді.  Сыни  тұрғысынан  ойлау  бағдарламасы 

қызығушылығын 

ояту, 


мағынаны 

тану, 


ой 

толғаныс 

кезеңдерінен 

түзіледі. 

          «Оқу  мен  жазу  арқылы  сыни  тұрғысынан  ойлауды  дамыту»  технологиясымен  жұмыс  жасау 

кезінде  бұл  сабақтар  баланың  танымдық  белсенділігін  арттыруға,  өз  бетінше  білім  aлyғa, 

шығармашылығын  қалыптастыруға  ықпал  ететіндігін  атап  өтсем,  оқушылар  -  оқудың      қызықты, 

ұжымды  бірлесіп  жұмыс  жасауға  үйрететіндігін,  білімнің  тереңдігі  әрі  тиянақтылығы  артатындығын 

баяндайды. Бұл жобамен жұмысқа дейінгі және кейінгі кезеңін   салыстыру оқушылардың оқуға деген 

ынта-ықыласының  артқандығының,  адами  жақсы  қасиеттердің  қалыптасқандығын,  мұғалімнің 

шыдамдылық,  төзімділік  сияқты  сапаларымен  қатар  оқушылардың  басқаны  қабылдау,  түсіну, 

сыйлауды үйренгендігімен сипатталады. 

Сыни  тұрғысынан  ойлау  арқылы  оқушылардың  шығармашылық  қабілетін  дамыту  барысында 

келесі міндеттерді анықтадым. 

Мазмұнға байланысты міндеттер: 

1.Әңгімені оқып танысады. 

2.Мазмұнын ашады. 

3.Кейіпкерлерді салыстыра отырып айырмашылықтары мен ұқсастықтарын сипаттай алады. 

Сыни тұрғысынан ойлауды дамытуға байланысты: 

Оқушының  оқу  мен  жазу  арқылы  сыни  тұрғысынан  ойлауын  дамыту,  қиялын  шарықтату  және 

сезімін ояту. 

Топтық жұмыс үрдісіне байланысты міндеті: 

1. Оқушылар бір-бірімен пікірлесе отырып, ортақ қорытынды шығарады. 

2. Тақырыптық түсініксіз жерлерін айқындайды. 

З. Топтастарының сұрақтарына жауап береді. 

4. Қорытынды шығарады, өз пікірін дәлелдейді. 




Тәрбиелік  мәні:  Өзара  құрмет  сезімін  тудыру.  Басқаның  пікірін  сыйлауға,  сөзін  бөлмеуге 

тәрбиелеу. 

Сыни  тұрғыдан  оқу  мен  жазудың  көмегі  зор.  Бұл  жұмыстарды  бірнеше  тақырыптар  көлемінде 

өткіздім. Оқушы жеке жұмыс істеуге жаттығады. Өз ойын көпшілікке жеткізуге ықпал етеді. 

Сабақтың соңында мәтіннің тақырыбына байланысты өз ойларын білдіріп, көкейлеріне не түйді 

соны қағаз бетіне түсіреді. 

Сыни  тұрғыдан  оқу  мен  жазу  бағдарламасының  нәтижесі  төмендегідей  болды.  СТО  құрылымы 

бойынша  ұйымдастырылған  сабақтар  баланың  ізденімпаздық,  зерттеушілік,  дәлелдеушілік, 

шығармашылық қабілеттерін дамытатынына көз жеткіздім. 

Сабақта  сыни  тұрғысынан  оқыту  технологиясының  стратегияларын  пайдалана  отырып, 

балалардың  ұсыныс-пікірлерін  еркін  айтқызып,  ойларын  ұштауға  және  өздеріне  деген  сенімін 

арттыруға  мүмкіндік  туғызып  отырдым.  Әрбір  әдіс  оқушылардың  ойлауына  және  қиялына  негізделіп 

келеді. Баланың тереңде жатқан ойын дамытып, оларды сөйлеуге, дәлелдеуге үйретеді. 

 

Сыни тұрғыдан ойлау дегеніміз не? 

«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасы бойынша ол: 

- шыңдалған ойлау, кез келген даму деңгейіне байланысты мәселелерге сын көзбен қарау; 

- күрделі мәселелерді шешуге, аса маңызды, жауапты шешім қабылдауға құштарлық; 

-  үйрету  мен  үйрену  бірлігінің,  үйренудің  қызығушылығынан  тұратын,  үйренушінің  сеніміне 

негізделген құрылым. 

“Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту” технологиясы үш кезең бойынша қолданылады: 

1. Қызығушылықты ояту; 

2. Мағынаны тану; 

3. Ой – толғаныс. 

Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқу мен жазу технологиясының үш кезеңі 

1. Қызығушылықты ояту кезеңі 

Мұғалім міндеті 

Оқушы міндеті 

Әдіс-тәсілдері 

Оқушылардың 

қызығушылықтарын 

сақтай 


отырып, 

жаңа 


тақырыппен 

жұмыс  істеу,  бірте-бірте  «ескі» 

білімнен  «жаңа»  білімге  көшу 

т.б. 


 

Оқушы 


мәтінді 

оқиды, 


мазмұндайды, 

талдайды, 

түсіндіреді, 

жаңа 


тақырып 

бойынша жазбалар жүргізеді. 

- Кластер; 

-  Білемін,  білмеймін,  білгім 

келеді кестесін толтыру; 

- Екі бөлікті күнделік; 

-  Берілген  сұрақтарға  жауап 

іздеу. 


 

Бұл  кезеңде  алынған  ақпараттар  тыңдалады,  жазылады,  талқыланады,  жұмыс  жеке,  жұппен, 

немесе топпен жүргізіледі. 

2. Ой толғаныс кезеңі 

Мұғалім міндеті 

Оқушы міндеті 

Әдіс-тәсілдер 

Өтілетін 

тақырып 

бойынша 


оқушы  білімін  тексеру,  оқушы 

белсенділігін  арттыру,  сабақтың 

келесі 

кезеңдерін 



жоспарлау, 

алдағы  жұмыстарды  кескіндеу 

т.б. 

Оқушы 


өтілетін 

тақырып 


бойынша  не  білетінін  еске 

түсіреді,  болжамдар  жасайды, 

тақырыпты  жүйелейді,  білгісі 

келетін нәрселерді сұрайды т.б. 

- Әңгімелесу; 

- Кластер; 

-  Дұрыс,  дұрыс  емес  атты 

қағидалар; 

- Инсерт; 

- Екі бөлікті күнделік; 

- Концептуалды кесте т.б. 

 

 



 

3. Қорытынды кезеңі 

Мұғалім міндеті 

Оқушы міндеті 

Әдіс-тәсілдері 

Сабақтың  алғашқы  кезеңіндегі 

жазбаларға  оралып,  өзгертулер 

мен 


толықтырулар 

енгізеді, 

өтілген 

тақырып 


бойынша 

зерттеулер жүргізеді т.б. 

Оқушылар  жаңа  тақырыптан 

алған 


мәліметтер 

мен 


оған 

дейінгі 


өз 

білімдерін 

салыстырады,  сол  дәуір  мен 

қазіргі 


дәуірдегі 

ролдерін 

салыстырады т.б. 

- Пікірталас; 

- Кластер; 

- Кесте толтыру; 

- Сұрақтарға жауап; 

-Шығармашылық 

жұмыстар 

жазу; 


 

Осы кезендердін ұтымды өткізілуі мынадай нэтижелерге кол жеткізеді: 

оқушылар басқалармен қарым-қатынас жасай біледі; 

басқаларды  тыңдай  білуге,  кез  келген  жауапқа  сыйластықпен  және  түсіністікпен  қарауға 

үйретеді; 



өз ойын топ алдында ашық айта алуға, қорғай білуге баулиды; 

керек кезде өз көзқарасын дұрыс өзгерте білуге үйретеді, оның дамуын қамтамасыз етеді; 

ең  бастысы  –  оқу  мотивациясы  өзгереді,  өз  бетінше  ізденуге  ұмтылдырады,  сабаққа 

қызығушылығы артып, балалардың белсенділігі өте жоғары болады. 

Мысалы, М.Жұмабаевтың «Батыр Баян»  поэмасын талдау барысында әр оқушы  өз  ойын айтуға 

мүмкіндік алады. 



Топтық жұмыс: 

а) оқушылар поэманы оқып, мазмұнымен танысады 

ә) Поэманың басты мақсатын ашады. 

Поэманың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру, бір-бірін толықтыру: 

- поэманың кейіпкерлерін атау; 

- неліктен Баян інісі Ноянды  өлтірді? 

Талдау  жұмыстарын,  ең  алдымен,  оқушыларға  поэмадағы   басты  оқиғаларды  тапқызып, 

әрқайсысына  тақырып  бойынша  сұрақ  қойғызу  арқылы  бастаған  тиімді.  Оқушылардың  өз  бетімен 

ізденуін, белсенді түрде жүмыс істеуін көздеп, “осы оқиғадағы  кейіпкерлер қандай іс-әрекет жасады” 

деген  сұрақ  беріледі.  Бұл  сұраққа  жауапты  балалар   өз  бетінше  жеткізуге  талаптанады  және 

жұмыстарының нәтижесін дәптерлеріне жазып отырады. 



Баян мен Ноянға мінездеме беру бойынша жұмыс 

а) поэмадан кейіпкерлердің  мінездерін айқын суреттейтін көрініс көрсетіледі; 

ә)  сабақ  барысында  оқушылар  өз  таңдаулары  бойынша  «Поэмадағы  ең  бақытсыз  жан»  деген 

тақырыпта «5 минуттық эссе» жазылып, екі топқа бөлініп, әр топ мүшесі өзі тандап алған кейіпкердің 

өзгешелігін айтады. 

Балалар поэманын негізгі тақырыптарын айтады: 

Отанын,  елін,  жерін  сүюге,  адамгершілікке,  сабырлылыққа,  мейірімділікке,  басқа  да  өнегелі 

істерге үйрету. 

Осы тақырыптарға сәйкес мақал-мәтелдер айтылады. 

Ең соңында поэма мазмұны бойынша суреттер салынады. 

Сабақты қорытындылау. Сауалдарға жауап айтқызу: 

1) Баян мен Ноянның   жағдайына тап болсаңдар, сендер не істер 

едіндер? 

2) М.Жұмабаев поэмасынан  өздеріңе қандай тәлім-тәрбие алдыңдар? 



Үйге: Поэма  бойынша  шығарма  жазу  немесе  табиғатты  суреттейтін  жолдарын  тауып,  поэмаға 

қандай қатысы бар екенін анықтау. 

Осындай  сабақ  барысында  оқушылар  өздерінің,  бір-бірінің  ой-пікірлеріне  сын  көзімен  қарай 

отырып, жаңа тың идеялар туғызады. Сабақтар баланың танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше 

білім  алуына,  шығармашылығын  қалыптастыруға  ықпал  етеді.  Оқушылар  мұндай  сабақтарда  оқудың 

қызықты әрі жеңіл өтетіндігін, ұжымды бірлесіп жұмыс жасауға  үйрететіндігін, білімнің  тереңдігі әрі 

тиянақтылығы артатыңдығын баяңдайды. 

 

Әдебиеттер: 



1. 

Қазақ және әлем әдебиеті №5-6 (24) 2007 жыл. 19-20-беттері. 

2. 

Қазақ тілімен әдебиеті орыс мектебінде №2 2009 жыл 18-19-20-22 беттері. 

3. 

Қазақ әдебиеті 11 сынып Алматы «Мектеп» 2007 жыл 100-111 беттері 

4. 

Қазақ және әлем әдебиеті №5-6 (24) 2007 жыл. 20 бет. 

 

 

жүктеу 234,93 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау