Шєки Ќайырѓали±лы µлењдеріндегі ауыл µмірі



жүктеу 33,19 Kb.
Дата24.12.2017
өлшемі33,19 Kb.
#5811

Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық білім бөлімі ЖББ Шежін орта мектеп-балабақшасы

          • Мурзабеков Айбар Бейбітұлы
          • 9 б сынып
          • Тақырыбы:Шәки Қайырғалиұлы өлеңдеріндегі ауыл өмірі
          • Ғылыми зерттеу жұмысы
          • Секция:Әдебиет
          • Ғылыми жетекшісі:
          • қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің
          • мұғалімі Дүйсенова Г.А.

Шәки Қайырғалиұлы өлеңдеріндегі ауыл өмірі

          • Шәки Қайырғалиұлы өлеңдеріндегі ауыл өмірі

Жоспар

  • 1.Ақынның өмірі мен шығармашылығы
  • 2.1.Ақын өлеңдерінің негізгі тақырыбы
  • 2.2.Ақын өлеңдеріндегі ауыл мәселесі
  • 3.Ақын өлеңдерінің маңызы.

Мақсат

  • Жергілікті ақынның өмірі мен шығармашылығы,өлеңдерінің жазу тарихы мен шығармаларындағы негізгі тақырыбының бірі- ауыл мәселесі туралы өлеңдерін зерттеу

Қолданған әдісім

  • 1.Ақыннан сұхбат алу.
  • 2.Фотосуреттерінің тарихын ашу.
  • 3.Өлеңдер жинағын талдау.
  • 4.Ақын туралы мақалаларды жинақтау.

Шәки Қайырғалиұлы Батыс Қазақстан облысының Бөкейорда ауданының Ұялы құмында 1950 жылдың 3 ақпанында дүниеге келген.

  • Шәки Қайырғалиұлы Батыс Қазақстан облысының Бөкейорда ауданының Ұялы құмында 1950 жылдың 3 ақпанында дүниеге келген.
  • 9сынып оқып жүргенде өлең жазған.Алғашқы өлеңдері анаға,қоршаған ортаға арналған.10 сынып оқып жүргенде аудандық газетке өз өлеңдерін жариялауға ұсынған.Аудандық тілші сынап, кейбір жерлерін дұрыстап,түзесе,керемет ақын болатындығын айтқан. Осы сыннан кейін намыстанған бала жазуды қойып кеткен. Ол А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтының тіл және әдебиет факультетін 1976 жылы бітірген. “Жас толқын”деген үйірмеге қатысқан.
  • Сол үйірмеден газет шығады екен. I курс оқып жүрген кезде өлең жазып, кейбір өлеңдері “Орал өңірі”газетіне шығып отырған.Өлеңдері шыққаннан кейін “Орал өңірі”газеті тілшілерінің зор бағасына ие болады.Өлеңдері жастық,махаббат туралы жазылған.2 рет радиодан концерт берген. “Гүл,гүл жайна” ,“Жылы ой”, Шал ақын терме-толғаулаурын асқан шеберлікпен орындаған.

Өзі интернатта оқып білім алғанын мына өлең жолдарынан-ақ көруге болады:

  • Өзі интернатта оқып білім алғанын мына өлең жолдарынан-ақ көруге болады:
  • Мен өмірде түк көрмеді деп пе едің,
  • Көмір тасып, еден жудым теп-тегін.
  • Он жыл бойы үйренгенше,үйрендім,
  • Бірақ артар оған өкпем жоқ менің.
  • (1997)
  • Әкесі Қайырғали соғысқа қатысып, контузия алған.Ол 3 жаста болған кезінде әкесі дүние салған.Жалғыз анасы ғана тәрбиелеп,өсірген. Райхан атты апасы мен Ұлжан есімді қарындасы бар. Өзі 5 бала тәрбиелеп өсірген. Үлкен қызы Мария-педагогикалық колледж бітірген,тұрмыста.Мақат деген баласы мұнай-газ техникумын бітірген.

Оқу бітіргеннен кейін “Екпін” газетінде қарттар бөлімінде жұмыс істейді.Содан кейін Шежінге келіп, 15 жыл мұғалімдік қызмет атқарады.

  • Оқу бітіргеннен кейін “Екпін” газетінде қарттар бөлімінде жұмыс істейді.Содан кейін Шежінге келіп, 15 жыл мұғалімдік қызмет атқарады.
  • 1992 жылы аудандық үшінші хатшысы,мәдениет бөлімінің меңгерушісі Ищанова Галина Хабиевна мәдениет саласына ауыстырған еді.Себебі:ол көптеген айтыстарға қатысқан.1987-2004 жылдары аудан және облыс аралық айтыстарға қатысқан белгілі айтыс ақыны.

Ақынның өлеңдер жинағы алғашқы рет 2002 жылы Батыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасы Облыстық халық шығармашылығы орталығынан “Сыңар етіп арманның ақ қанатын”деген атпен басылса, екінші өлеңдер жинағы 2007 жылы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің баспа орталығынан “Шертіп жүрмін домбырамды” деген жинағы жарық көрген.

  • Ақынның өлеңдер жинағы алғашқы рет 2002 жылы Батыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасы Облыстық халық шығармашылығы орталығынан “Сыңар етіп арманның ақ қанатын”деген атпен басылса, екінші өлеңдер жинағы 2007 жылы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің баспа орталығынан “Шертіп жүрмін домбырамды” деген жинағы жарық көрген.

Ақынның далада туып,ауылда өсетінінің сырын біліп : “Оралыңнан алыстау Шежін деген жердемін,

  • Ақынның далада туып,ауылда өсетінінің сырын біліп : “Оралыңнан алыстау Шежін деген жердемін,
  • Қаладан ,дулы ортадан алыс тұрам,
  • Қашанда қалмас үнсіз намысты ұлан”, -деген өлең жолдарында да үлкен мәне-мағына жатыр.

Ақынның көтерген тақырыптары:

  • Ақынның көтерген тақырыптары:
  • Өнер адамдары.
  • Еңбек адамдары.
  • Еліміздің тәуелсіздігі.
  • Әлеуметтік жағдай.
  • Соғыс ардагерлері.
  • Ауыл өмірі.
  • Ақын өлеңдерінің негізгі тақырыбы

Ауыл өмірі турасындағы өлеңдері

  • 1.Шындық..
  • 2.Ауыл.
  • 3.Бетіңе қан жүгірсе намыстағы.
  • 4.Болса да қала жайлы таныс маған.
  • 5.Ұрлықтың түбі.
  • 6.Аспаннан балық жауған күн.
  • 7.Кездесу.
  • 8.Жұмыссызды қай басшы қабылдайды.
  • 9.Шежіндемін,үйдемін,ауылдамын.
  • 10.Шежін.
  • 11.Интернатта үйренгенім көп менің.
  • 12.Егінші сенің арқанда.
  • 13.Балалы үйде көктем әні-жаз әні.
  • 14.Елге бардым.
  • 15.Ұялы.
  • 16.Бір ауыл сыйып бір үйге.
  • 17.Депутатқа аманат.

Өлеңдерінің мән-мағынасы

  • Шындық “ деген өлеңінде халықтың басшыларға сенуі,туған ауылының хал-жағдайы турасында айтқан.
  • Иленген уәдеге құлақ қалай
  • Басшы біткен сенімді жүр ақтамай
  • Шежін шіркін бақытың ашылмады-ау
  • Жиі ауысып директор тұрақталмай.
  • Ауыл” деген өлеңінде қазіргі ауыл жағдайы айтылған.Ауылдың қадірі мен қасиеті,қонақжайлылығы турасында жырланған.
  • Пейілдің білесіңдер кең екенін,
  • Ежелден,айғақтаған ел екенін.
  • Табыстың тай қазаны маңдай терде,
  • Ауыл бұл бастауы да берекенің.
  • Бетіңе қан жүгірсе намыстағы”атты өлеңінде ауыл табиғаты,қоршаған ортасы, қала мен ауыл табиғатын салыстыра отырып суреттеген.
  • Ауылдың терегі мен талы қандай,
  • Бұлақтан ішкен судың дәмі балдай.

Ауылға келмегесін қарасайшы

  • Ауылға келмегесін қарасайшы
  • Жағыңа бопты пышақ жанығандай.
  • Ұмытқан жоқсың елдің дәмі анық,
  • Ал енді жеңіспелік,аңдыспалық.
  • Қаланың бұрышында зоопарк
  • Ауылдың іргесінде аң,құс,балық.
  • Болса да қала жайлы таныс маған деген өлеңінде ауылдағы халықтың ауылдан қалаға көшу жағдайын баяндап қоймайды,сонымен бірге ауылдың үйлерінің бос қалғанына қатты қынжылады:
  • Жас оқып қала жайы дос табады,
  • Дей көрме жетілгенді қостамады.
  • Тиесіп келдім жүгін көршіміздің
  • Ай сайын бір-екі үй бос қалады.

Ұрлықтың түбі деген өлеңінде ауылдағы ұрлық туралы айтқан.”Желмен келген-желмен кетер”,- дегендей ұрлық жақсы іске,жақсылыққа апармайды дейді.

  • Ұрлықтың түбі деген өлеңінде ауылдағы ұрлық туралы айтқан.”Желмен келген-желмен кетер”,- дегендей ұрлық жақсы іске,жақсылыққа апармайды дейді.
  • Өсек -аяң,ауыл іші дүрбелең,
  • Анығына жетпеген соң күрмелем
  • Қиянатқа қимайтұғын жігіттер,
  • Ұрлықпенен бір-ақ шығат түрмеден.
  • Аспаннан балық жауған күн деген өлеңінде Бұлдырты деген ауылға қою бұлттар келіп,жаңбырдың орнына балық жауады. Халық балықтарды жимей өзенге ақтарған екен.
  • Балалар мәз боп шауыпты,
  • Табақтап олжа тауыпты.
  • Құдірет көкке не дейсің,
  • Ақ шабақ балық жауыпты.
  • Не істесе адам ерікті,
  • Риздық тәңір беріпті,
  • Бәрін де жерде қалдырмай
  • Жабыла халық теріпті.
  • (1988)

Кездесу деген өлеңінде І , ІІ дәрежелі Еңбек Даңқы ордендерінің иегері,Шежін ауылының аға шопаны Жарылқап Шелеуовтің қой бағу ісіндегі ерен еңбегін ескерген. Шопандар ұстазының өмірін ашып айтқан.

  • Кездесу деген өлеңінде І , ІІ дәрежелі Еңбек Даңқы ордендерінің иегері,Шежін ауылының аға шопаны Жарылқап Шелеуовтің қой бағу ісіндегі ерен еңбегін ескерген. Шопандар ұстазының өмірін ашып айтқан.
  • Кездесу болып жатыр шопанменен
  • Бірінде екі сөздің отар деген
  • Еңбекте жанып жүрер азаматпен
  • Жайнайды құлпырады Отан дер ем.
  • Мектепте , ортасында балалардың,
  • Деді ол-ақ таяқты қалап алдым .
  • Қой бағу қорлық емес,рас бүгін,
  • Қой бағу- кәсібі еді бабалардың.

Жұмыссызды қай басшы қабылдайды деген өлеңінде ауылдағы жұмыссыздықтың белең алғандығын айтқан.

  • Жұмыссызды қай басшы қабылдайды деген өлеңінде ауылдағы жұмыссыздықтың белең алғандығын айтқан.
  • Төлейтұғын салық көп,жарнакөп,
  • Ата алмайсың тәңірді арнап оқ.
  • Ауыл халі әйтеуір мәз емес қой,
  • Айдайтұғын алдында малы да жоқ.
  • Шежін деген өлеңінде Шежін ауылын,табиғатын кереметтей етіп суреттеген.
  • Егін салған малды құрап,
  • Жылдарымыз мәңгі бірақ
  • “ Көсем””Бірлік””Алмалсай”
  • Бір қабырғам “ Талдыбұлақ” .

Интернаттан үйренгенім көп менің деген өлеңінде өзінің интернатта қалай оқығандығын айтады.Ауылдағы асық ойнап, кеш ұйықтайтын баланың қалай интернатта тәрбиеленгенін айтады.

  • Интернаттан үйренгенім көп менің деген өлеңінде өзінің интернатта қалай оқығандығын айтады.Ауылдағы асық ойнап, кеш ұйықтайтын баланың қалай интернатта тәрбиеленгенін айтады.
  • Мен өмірде түк көрмеді деп пе едің,
  • Көмір тасып, еден жудым теп-тегін.
  • Он жыл бойы үйренгенше,үйрендім,
  • Бірақ артар оған өкпем жоқ менің.
  • (1997)
  • Егінші сенің арқанда деген өлеңінде делдал,алыпсатар адамдардың басқа адамдардың басқа адамдардың арқасында баюы туралы айтқан.
  • Қаулы-қарарлар ұлғайып,
  • Көктем мен күзгі науқанда.
  • Алыпсатарлар жүр байып,
  • Егінші сенің арқаңда...

Балалы үйде көктем әні-жаз әні

  • Балалы үйде көктем әні-жаз әні
  • Бұл өлең балаларды қорғау күніне арналған. Елбасының Жолдауында айтылғаны ауылда да қолдау тауып жатқаны, көп балалылық артып отырғандығы турасында айтылған.
  • Бөбектердің күліп атсын ақ таны,
  • Бүгінгі ұрпақ болашақтың мақтаны.
  • Елбасынының Жолдауында айтылып,
  • Ауылда да қолдау тауып жатқаны.
  • .Ақын”Елге бардым” бұл өлеңінде өзінің туған ауылына баруы , ауылындағы жасы үлкен қарияларды сыйлап-құрметтеуі тақырыбында жырлаған.
  • Елге бардым,елге әлі барамын,
  • Басымды иіп,үлкен тілін аламын.
  • Туған жерде қасиет бар,кие бар,
  • Оңға басып жүре берер қадамым

Ұялы атты өлеңінде Бөкей ордасы ауданындағы Ұялы деген жерде қалай өскендігін айтады.Өзінің туған жеріне деген ыстық ықыласын мынадай өлең шумақтарымен арнаған.

  • Ұялы атты өлеңінде Бөкей ордасы ауданындағы Ұялы деген жерде қалай өскендігін айтады.Өзінің туған жеріне деген ыстық ықыласын мынадай өлең шумақтарымен арнаған.
  • Ұялы деген ақ шағыл,
  • Сенде өтті менің жас шағым
  • Өзіңнің ұлын болмаса,
  • Сағынар сені басқа кім
  • Күйшілер елі думанды ел,
  • Арманды алғаш қуған жер.
  • Мен үшін “мысыр шаһары”,
  • Ұялы-ұям туған жер.

“Бір ауыл сыйып бір үйге ”деген өлеңінде”Тұңғыш” деген ауылдың халқы қаладағы бір үйге қоныстанғандығын баяндайды.Ауылда өніп-өскен адамның қалада қатты қиналып,ауылын сағынатындығын асқан шеберлікпен суреттеген.

  • “Бір ауыл сыйып бір үйге ”деген өлеңінде”Тұңғыш” деген ауылдың халқы қаладағы бір үйге қоныстанғандығын баяндайды.Ауылда өніп-өскен адамның қалада қатты қиналып,ауылын сағынатындығын асқан шеберлікпен суреттеген.
  • Аяқтан шалар Замыстан,
  • Байлық та кейде шын дұшпан.
  • Уланып жатыр “Газға” деп
  • Көшірді тегіс “Тұңғыштан”
  • Қозының маңырағаны,
  • Бұзаудың жамырағаны.
  • Жылқының кісінегені,
  • Ұйықтаса түсіне енеді.
  • Бөлек қой ауыл адамы.
  • Депутатқа аманат” өлеңінде ақын барлық ауыл мәселелерін ашып айтқан.Депутатқа,яғни халық қалаулысына ауылдағы жағдайды жақсы жеткізе білген.
  • Жағдай керім емес ауылдағы,
  • Бал ашу қиын қарап жауырынға.
  • Ауыз су мәселесі мінбеде жүр,
  • Халықтың тас өті мен бауырында.
  • Сайлаудан соң халықты ұмытқан бар
  • Жемқорды желкелеңдер,құрықтаңдар.
  • Мінбеде қазақ тілін анық сөйлеп,
  • Тілдің де мәртебесін ұлықтаңдар.

Қорытынды түйін

  • Ақын өлеңдерінің маңыздылығы туған жерін,оның сұлу табиғатын шексіз сүйетін, перзент парызын жақсы түсінетін азамат ақын.Туған жер сұлулығын жырлау бозторғай мен ақынның маңдайына ғана жазылған бақыт.
  • Ақ Жайықтың ақ толқының тулатып,
  • Ақ қанатты шағаласын шулатып.
  • Кәрі Оралдың келіп жеткен көктемін,
  • Ерте тұрып тамашалау бір бақыт.
  • Туған жер табиғатын тамашалау-бақыт екенін бәріміз де сезінгенбіз, ал оның сұлулығын тамылжытып жырлау-мың есе бақыт.

Ақынның арманы мен мақсаты,үміті мен күдігі,қуанышы мен қайғысы,шаттығы мен мұңы,қамығуы мен жадырауы, жан айқайы мен нәзік сезімі,қиялы мен шабыты, мінезі мен болмысы,қысқасы барлық қыры мен сыры- жырларында, өлеңдерінде...

  • Ақынның арманы мен мақсаты,үміті мен күдігі,қуанышы мен қайғысы,шаттығы мен мұңы,қамығуы мен жадырауы, жан айқайы мен нәзік сезімі,қиялы мен шабыты, мінезі мен болмысы,қысқасы барлық қыры мен сыры- жырларында, өлеңдерінде...
  • Ақын өзі жайлы өзі айтады.Ақынның артықшылығы осында болса керек.

Қала болсын ,дала болсын нағыз ақын үнсіз қалмайды,заман тынысын жүрегімен сезіп, қоғамның көкейкесті мәселелеріне өз бағасын беріп,ақиқатты айқайлап, шындықты шырылдап,көзге шұқып айтады,жұрттың жоғын жоқтап, ұлтының ұпайын ешкімге ұттырмау үшін күреседі, орынсыз арнау арнап, көзінше мақтап көлгірсімейді, ақты ақ,қараны қара дейді, арына жүгінеді.

  • Қала болсын ,дала болсын нағыз ақын үнсіз қалмайды,заман тынысын жүрегімен сезіп, қоғамның көкейкесті мәселелеріне өз бағасын беріп,ақиқатты айқайлап, шындықты шырылдап,көзге шұқып айтады,жұрттың жоғын жоқтап, ұлтының ұпайын ешкімге ұттырмау үшін күреседі, орынсыз арнау арнап, көзінше мақтап көлгірсімейді, ақты ақ,қараны қара дейді, арына жүгінеді.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  • Пайдаланылған әдебиеттер:
  • 1.”Сыңар етіп арманның ақ қанатын”
  • Ш.Қайырғалиев
  • Дайындаған:Е.Ғ.Молдағалиев
  • Басылған күні:10.12.2002.
  • 2.”Шертіп жүрмін домбырамды...”
  • М.Өтеміссов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің баспа орталығы.Орал қаласы. 2007 жыл.

жүктеу 33,19 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау