Шет шұғыласы. - 2015. - 30 шілде (№31). - 2-8 бб.
Жыл сайын ауданымызда ауыл жас-
тарының форумын өткізу дәстүрге ай-
налған. Биыл «Мәңгілік елдің
жастары - Нұрлы бола-
шаққа» атты V аудандық
жастар форумы Төменгі Қай-
рақты ауылында өткізілді.
Таза елді мекендердің бірінен
саналатын округ орталығы
мерекеге тас-түйін әзірленген.
Жастар форумына қатысу-
шыларға сәлем! деп ұран
жазылып, түрлі-түсті шара-
лармен безендірілген. Мәде-
ниет үйі маңынан төгілген саз-
ды музыка әуені мұнда ерек-
ше бір шараның өтетінінен ха-
бар бергендей. Жиналған
жұртшылық қарасы да әжеп-
тәуір. Дені жастар.
Жастары белсенді елдің
болашағы да зор болатыны
сөзсіз. Ол кез келген қоғам-
ның қозғаушы күші және ең
қамқорлыққа мұқтаж буын да-осы жа-
стар. Елбасы Н.Назарбаев «Жастар -
болашаққа деген үкілі үмітіміздің
тірегі».V-ші аудандық жастар форумы-
на ауыл кент округтерінен бел-
сенді жастар қатысып отырды.
Форумды ауданның ішкі саясат
бөлімінің басшысы Е.Смағұл
ашып, жүргізіп отырды. Форумға
қатысушы жалынды жастарды
аудан әкімі Рысқали Қалиақбар-
ұлы Әбдікеров құттықтады. Мем-
лекеттік жастар саясаты Елбасы-
ның "Қазақстан 2050" Стратегия-
сы қалыптасқан мемлекеттің
жаңа саяси бағыты" атты Қазақ-
стан халқына Жолдауының
түйінді мақсаттарының бірі екенін
айта келіп, жастардың еңбек етуі-
не, оқуына бойындағы қабілет-
қарымын танытуына барлық жағ-
дайдың жасалып отырғанын, жа-
стар алдында үлкен міндеттер
тұрғанына тоқталып өтті.
Ауданның жастарымен
жұмыс жасау бойынша орталы-
ғының директоры С.Ахмедия
аудан жастарының тындырымды еңбек-
тері жайында баяндама жасады. Аудан-
да 14 пен 29 жас аралығындағы жа-
лынды жастар саны 1202ОО болса, темір
жол саласында 270, өндірісте 440, ме-
кемелерде 144, ауыл шаруашылығын-
да 132 жас еңбектенеді. «Диплом мен
ауылға» бағдарламасы кең қолдауға ие.
Мәселен өткен жылы бағдарлама бой-
ынша 113 жас маман 1 реттік жәрде-
мақы алып, 34 маман тұрғын үймен қам-
тылды. Бұл игі бағдарлама биыл да жа-
лғасын табуда.
Жалғасы 8-ші бетте.
Аудан
ӘКІМІ
жанынан құрылған
жастар кеңесі нәтижелі жұмыс атқа-
руда. Өткен жылы облыс әкімінің үздік
жастар ресурстар орталығы номина-
циясы бойынша «Қайнар» жастар сый-
лығын ауданымыздың жастармен
жұмыс жасау бойынша орталығы
жеңіп алып мерейлері үстем болды.
Биылғы жылдың алты айында жастар
орталығының ұйымдастыруымен 80-ге
жуық іс-шара ұйымдастырылып отыр.
Аудан жастары арасында
өңіріміздегі жастар саясатын жүзеге
асыру, белсенді жастарға қолдау
көрсету,өскелең ұрпақтың қоғамдық-
азаматтық белсенділгін арттыру мақ-
сатында, жергілікті мекеме басшыла-
рының қатысуымен ақпараттық-наси-
хаттау түсіндірме жұмыстары
жүргізілуде. Үстіміздегі жылы аудан
әкімінің қадағалауы мен жастардың
«Жасыл ел» еңбек жасақтарына мау-
сымдық жұмысқа 90 жасты тартып
отыр. Бүгінде олар Ақсу-Аюлы мен
Ақадыр, Ақжал кенттерінде көгалдан-
дыру, абаттандыру жұмыстарына ат-
салысуда.
«Ардағым-ардагерім» акциясы
аясында жастар Ұлы Отан соғысы ар-
дагерлерінің үйлеріне барып көмекте-
суді дәстүрге айналдырған. Салауат-
ты өмір салтын насихаттау тұрғысын-
дағы шараларды атай келіп, аудан жас-
тарының спорттық жарыстардағы же-
тістіктері мен орталықтың атқарған
жұмыстарын саралап өтті.
Өміршең қағидаттар негізінде
тәрбиеленген өскелең ұрпақ өкілдері
мінбеге шығып жаңа бастамалар мен
жаңаша өзгерістер жолындағы ойла-
рын айтуға мүмкіндік туды.«Жасыл ел»
жастар еңбек жасағының сарбазы,
Қарағанды экономикалық универси-
тетінің студенті Жосалбаева Гүлім
Мейірханқызы жастар үкілі үмітіміздің
тірегі, жаңа саяси бағыттың қозғаушы
күші болуы керектігін атап өтті
Салтанатты жиында Төменгі Қай-
рақты ауылының тумасы, белсенді жас
Аңсар Болатов аудан жастарына:
Бүгінгі жасап отырған игі бастамамыз
ел дамуына қосқан үлесіміз деп біле-
мін.Тәуелсіз, тұғыры биік мемле-
кетіміздің ертеңгі қолдауда ел алдын-
да жауапкершілігімізді сезіне келе, ел
болашағы-білімді жастардың қолын-
да демекші, баршаңызды жұмыла
еңбек етуге шақырамын. «Ауылдың
гүлденуі-Қазақстанның гүлденуі» деп
ұрандатып, үндеу жариялады. Зал толы
жастар тік тұрып, қол шапалақтап қос-
тайтындықтарын білдіріп жатты. Шын
мәнінде мұны қазақстандық патрио-
тизмнің негізін қалаушы алғышарттар
деп түсінгеніміз ләзім. Ауданымызда
өскелең ұрпақты отансүйгіштік рухта
тәрбиелеуде ауқымды шаралар
жүргізілуде. Игі мақсат жолында өз
үлесін қосуды азаматтық парызымыз
деп санаймыз деген ой форумға қаты-
сушы әр жастың кездесуінде атойлап
тұрды.
Салтанатты шарада осы округтің
әкімі Бағлан Мейрамұлына осы форум-
ды өткізу барысына үлес қосқаны үшін
аудан әкімі алғыс хат табыстады. Сон-
дай-ақ, ауданымыздың қоғамдық, мәде-
ни өміріне атсалысып жүрген бір топ
жастарға аудан әкімінің алғыс хаттары
мен бағалы сыйлықтары тапсырылды.
Осы салтанатты шараның шырайын
кіргізген елеулі оқиға аудан әкімі Рысқ-
али Қалиақбарұлы сол күні жаңадан
ашылған тігін ательесінің тұсауын кесіп,
жас кәсіпкер Ғалымова Сәнияға салта-
натты түрде аудан әкімі тарапынан 100
мың теңге қаражатпен грант ретінде
көмек берді.
Форумның екінші кезеңі белсенділік
жағдайда өтті. Бағдарлама бойынша
«Жұмыспен қамту жол картасы-2020»
бағдарламасы. Ауыл жастарының
өзекті мәселелерін шешу жолдары, жас
көшбасшылардың тәжірибе алмасуы-
на арналған секциялық отырысты аудан-
ның жұмыспен қамту орталығының бас
маманы Диана Жексенбаева жүргізді.
Жастар тарапынан қойылған қол-
жетімді несие, жұмысқа орналасу жол-
дары жайында түсініктеме беріп, басқа
да жастарды толғандырған сұрақтарға
жауаптар берілді. Ал, «Жастар арасын-
да кері діни ағымдағы идеялардың
және діни экстремизм мен терроризмнің
таралуының алдын алу» тақырыбын-
дағы отырысты Қарағанды облысы бой-
ынша «Салауатты қоғам» қоғамдық
діни бірлестігінің төрағасы Нұрбол Та-
ғаев пен Жанқұтты би мешітінің найб има-
мы Аңсар Әкімтайлар жүргізді. Діннің
қоғам өміріндегі рөлінің өркендегенін
жастардың қойған сауалдарынан
байқауға болады. Форумға жиналған-
дардың басым көпшілігі қатысқан
отырыста жастар тарапынан сауал-
дар барынша көп болды. Жастар
өздерін толғандырған сауалдарға
тиянақты жауаптар алды.
Форумға қатысушылар түс ауа
X. Сәрінжіпов атындағы тірек мек-
тебінің оқу базасымен танысты. Деле-
гаттарды мектеп директоры, аудан-
дық мәслихаттың депутаты
Р.Шәкіржанова бастап жүрді. Мек-
тептің шағын музейінде мектептің та
рихынан хабар беретін құжаттар мен
жәдігерлер жиналып, көрнекі етіп қой-
ылған.
Осы форум барысында үстіміздегі
жылы Ақтоғай ауданында өткізілетін
XIІ облыстық форумға қатысатын 10
делегат ұсынылып, сайланды. Сондай-
ақ, облыс әкімінің грантына аудан бой-
ынша 8 үміткер өз жобаларын тапсыр-
са, оның ішінде 5 үміткердің облыс
әкімінің грантына тапсырған жобала-
ры өтіп отыр. Мұның өзі үлкен жетістік
екені түсінікті
Айтар кетерлік бір жайт, аудан
әкімі Рысқали Қалиақбарұлы келесі
жылы форум гранты 200 мың теңгеге
дейін көтерілетінін және грант иегер-
лерінің санын да 3-4 адамға жеткі-
зетінін салтанатты жағдайда хабарла-
ды.
Форум делегаттары орталық сая-
бақтағы сахна алаңынан арнайы кон-
церттік бағдарламаны тамашалады.
Республикаға танымал айтыскер ақын
Дидар Қамиев жастарды құттықтап,
әннен шашу шашса, осы өңірдің тума-
сы Дина Маева арнайы шақыртумен
келіп,бірнеше әндерін ұсынып, көпшілік
көңілінен шықты. Бишілер өнеріне де
жұртшылық тәнті болып, қол соғып
ризашылықтарын білдіріп жатты. Сал-
танатты форумға келген жастар ал-
ған әсері жайында өз ой пікірлерімен
бөлісіп жатты. Береке бар жерде бақ
тұрақтайды. Өз елін, ауылын сүйген
жан оның өркендеуі жолында тынбай
еңбектенетіні ақиқат. «Сен не алам деп
емес, не берем, қандай үлес қосам деп
еңбектен» деген сөз жастар форумы-
ның тұмарына айналды.
Б.ТОЙШЫБЕК.