ҚР ЕЖ 1.03-106-2012
62
14.8 Құрылыс
алаңқайында
орындалған
жағдайда
құрылымдардың
және
жабдықтардың бояуын және тоттануға қарсы қорғанысын әдетте жобалық белгілеуге
жеткізгенге дейін жүргізу керек.
Көтергеннен кейін бояуды немесе тоттануға қарсы қорғанысты құрылымдардың
қосылыстарында және түйісу орындарында ғана жүргізу керек.
14.9 Монтажға жататын жабдықтың орауын ашу және консервациясыздандыру
жұмыстар өндірісінің жобасына сәйкес бөлінген аймақта жүргізілуі және биіктігі 100 мм
кем емес аратөсемдерде немесе арнайы стеллаждарда жүзеге асырылуы тиіс.
Жабдықты консервациясыздандыру кезінде жарылыс-өрт қауіпті қасиеттері бар
материалдарды қолдануға жол берілмейді.
14.10 Қаңқалы ғимараттарды монтаждау кезінде қаңқаның келесі ярусын орнатуға
алдыңғы яруста уақытша қоршауларды немесе қоршаушы құрылымдарды орнатқаннан
кейін ғана жол беріледі.
14.11 Баспалдақ марштарын және ғимараттардың (имараттардың) алаңшаларын,
сонымен қатар жүк-жолаушы құрылыстық көтергіштерді (жеделсатыларды) монтаждау
ғимарат құрылымдарының монтажымен бір мезгілде жүзеге асырылуы тиіс.
Монтаждалған баспалдақ марштарында дереу қоршаулар орнату керек.
14.12 Ғимараттардың немесе имараттардың құрылымдарын монтаждау кезінде
монтажшылар бұрын орнатылған және сенімді бекітілген құрылымдарда немесе төсеу
құралдарында болуы тиіс.
Көтеру және жылжыту кезінде құрылымдардың және жабдықтың элементтерінде
адамдардың болуына тыйым салынады.
14.13 Биіктікте монтажшылардың жұмыс істеуі үшін қажет аспалы монтаждық
алаңшаларды, баспалдақтарды және басқа керек-жарақтарды көтергенге дейін
монтаждалатын құрылымдарда орнату керек.
14.14 Бір құрылымнан екіншісіне монтажшылардың өтуі үшін баспалдақтарды,
өтпелі көпірлерді және қоршауға ие траптарды қолдану керек.
14.15 Арнайы сақтандырғыш керек-жарақтарды (сақтандырғыш белдік карабинін
бекітуге арналған арқан беларқасын немесе бойлай керілген ферманы) қолданбай,
орнатылған қоршауларда өткелдің талап етілетін енін қамтамасыз ету мүмкін емес
орнатылған құрылымдар және олардың элементтері (фермалары, беларқалар және т.с.с.)
бойынша монтажшылардың өтуіне тыйым салынады.
Арқанды бекіту орындары және тәсілі және оның телiмдерінің ұзындығы жұмыстар
өндірісінің жобасында көрсетілуі тиіс.
14.16 Қоршау панельдерінің монтажын орындау кезінде сақтандыру құралымен
бірге сақтандырғыш белдікті қолдану қажет. Типтік шешім жұмыстар өндірісінің
жобасында көрсетілуі тиіс.
14.17 Жобалық қалыпқа орнатқанға дейін құрылымдардың және жабдықтардың
монтаждалатын элементтерінің астында адамдардың болуына жол берілмейді.
Жұмысшылар монтаждалатын жабдықтың (құрылымдардың) астында болуы қажет
болғанда жұмыс істеушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін арнайы шаралар жүзеге
асырылуы тиіс.
ҚР ЕЖ 1.03-106-2012
63
14.18 Биіктігі 5 м асатын аспалы металл
сатылар МемСТ 23120 және
МемСТ 12.2.062 талаптарын қанағаттандыруы немесе тік байланыстырғыштармен металл
доғалармен қоршалуы және құрылымдарға немесе жабдықтарға сенімді бекітілуі тиіс.
Егер сатылар биіктік бойынша әрбір 10 м соң, одан сирек емес, демалыс
алаңшаларымен жабдықталған жағдайда 10 м асатын биіктікке аспалы сатылар бойынша
жұмысшыларды көтеруге жол беріледі.
14.19 Монтаждалатын құрылымдарды уақытша бекітуге арналған тартқыштар
сенімді тіректерге бекітілуі тиіс.
Тартқыштардың саны, олардың материалдары және қима, керу тәсілдері және бекіту
орындары жұмыстар өндірісінің жобасымен орнатылады.
Тартқыштар көліктің және құрылыс материалдарының қозғалу габариттерінің
шегінен тыс орналасуы тиіс.
Тартқыштар басқа құрылымдардың өткір бұрыштарына тимеуі тиіс. Басқа
құрылымдардың элементтерімен жанасу орындарында тартқыштарды майыстыруға
тартқыштардан түсетін күштің әсерінен осы элементтердің беріктігін және тұрақтылығын
тексергеннен кейін ғана жол беріледі.
14.20 Қозғалу кезінде монтаждалатын құрылымдардың немесе жабдықтардың
элементтері икемді созғыштардың айналуынан және шайқалуынан тұрақты болуы тиіс.
14.21 Құрылымдарды және жабдықтарды ілмектеуді «Жүк көтеру крандарын орнату
және
қауіпсіз
пайдалану
бойынша
өнеркәсіптік
қауіпсіздік
талаптарын»
қанағаттандыратын және жүк қамту құралының құлыбына дейінгі биіктік 2 м асатын
жағдайларда жұмыс деңгейжиегінен қашықтықтан ілмектеу мүмкіндігін қамтамасыз
ететін құралдармен жүргізу қажет.
14.22 Монтаждық жұмыстарды орындауды бастағанға дейін монтажды басқаратын
тұлға мен машинистің арасында сигналдар алмасу тәртібін орнату қажет.
Анық қауіптілікті байқаған кез келген жұмыскер беруі мүмкін «Тоқта» сигналынан
басқа, барлық сигналдар тек бір тұлғамен (бригадирмен, звеношымен, такелажшы-
стропалшымен) беріледі.
Ерекше жауапты жағдайларда (күрделі такелажды, бұрылыс әдісін қолданумен
құрылымдарды көтеру кезінде, ірі габаритті және ауыр құрылымдарды жылжыту кезінде,
оларды екі немесе одан асатын механизмдермен көтеру кезінде және т.с.с.) сигналдар тек
жұмыстардың жетекшісімен ғана берілуі тиіс.
14.23 Монтаждалатын элементтердің ілмектенуін жұмыс сызбаларында көрсетілген
орындарда жүргізу керек және жобалыққа жақын қалыпта орнату орнына беруді және
олардың көтерілімін қамтамасыз ету керек. Дұрыс ілмектенуін және монтажды
қамтамасыз ететін монтаждық ілмектерге, саңылауларға немесе таңбалаулар мен
белгілерге ие емес құрылыстық құрылымдардың элементтерін көтеруге тыйым салынады.
14.24 Монтажға жататын құрылыс элементтерін кірден және мұздақтан тазалауды
оларды көтергенге дейін жүргізу керек.
14.25 Монтаждалатын элементтерді бірқалыпты, жұлқымай, шайқамай және
айналдырмай көтеру керек.
Құрылымды екі мезгілде көтеру: алдымен 20 см-ден 30 см дейінгі биіктікке, содан
кейін ілмектеу сенімділігін тексергеннен кейін әрі қарай көтеруді жүргізу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |