Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер


Су төмендету және су төгу жүйесін қолдану кезінде адамдарды жағымсыз жағдайлардан және басқа да қауіптерден сақтау



жүктеу 292,5 Kb.
бет3/6
Дата12.02.2020
өлшемі292,5 Kb.
#28816
1   2   3   4   5   6

5.4 Су төмендету және су төгу жүйесін қолдану кезінде адамдарды жағымсыз жағдайлардан және басқа да қауіптерден сақтау

5.4.1 Тау кен қазбаларын жобалау кезінде қолданыстағы еңбек жөніндегі заңдылықтардың, республикалық және салалар бойынша нормалар мен ережелер талаптарына сәйкес еңбекті қорғау және техникалық қауіпсіздік бойынша сұрақтары көрсетілуі керек:

- жұмысшылардың кәсіби дайындығын ұйымдастыру;

- жұмысшыларды санитарлы-тұрмыстық, медициналық және денсаулықты сақтау қызметімен қамтылуын қамтамассыз ету (әкімшілік-тұрмыстық ғимараттар бөлмелерінің және жұмыс киімдерінің таза болуы, жуынатын бөлмелермен, арнайы киімдерді кептіретін бөлмелермен, асханамен, әйелдердің жеке гигиенасы бөлмелерімен, ішетін сумен, тамақпен және т. б. қамтамассыз етілуі керек);

- жұмысшылар арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен, арнайы қорғаныс құрылғылары және жабдықтарымен, өз өзін қорғайтын каскалармен, шахтерлік шамдармен, газоанализаторлармен, қорғаныс белдемелерімен, қорғаныс көзілдіріктерімен, шудан қорғайтын құлақшалармен, резеңкелі қолғаптармен, диэлектрлік жаймалармен, дірілден қорғайтын қолғаптармен және басқа да жеке басын қорғайтын құралдармен қамтылуы тиіс;

- төзімді және берік желдету, талап етілетін температуралық режимді сақтау, жарықтың деңгейін, шу мен дірілдің рұқсат етілетін мөлшерін сақтау, ауада шаң мен газдың аз болуын сақтау арқылы ғана жұмыс орнында еңбек жағдайы жағымды болады;

- жұмыс орындарын ұтымды ұйымдастыру;

- жұмысшы аймақ еңі мен өтістерінің қажетті мөлшерін қамту;

- қолмен ауыр жұмыс істеуді азайту;

- қазіргі заманға сай еңбек ету режимін тиімді етіп орнату.

5.4.2 Шахтадағы су тасқыны басты су төгетін құрылғыларды бірнеше сорғыш агрегаттарымен жабдықтау керек.

5.4.3 Суланған, сазданған қазбалары бар өнделетін кен орындарында немесе басқа да сулы нысандарда, сонымен қатар жанатын және улы газдары бар қазбаларда су мен газ шашырауы бойынша шекара аймақтарын анықтап алған жөн болады.

5.4.4 Жобада жұмыстардың қауіпсіздігі бойынша және су мен газ шашырауын алдын алатын шаралар, тау жыныстарының өтетін кезегі, дренаждар мен ұңғымалардың өлшемдері, сонымен қатар суланған қазбаларға түсетін су мен газдың мөлшерін бақылауды ұйымдастыру бойынша шаралар, су төгетін жүйелердің жағдайы қарастырылуы қажет.

5.4.5 Қазбаларға су, қорыс, газ өтіп кетуі қаупі бар учаскелерде кен қазбалары жұмысын жүргізу кезінде әрдайым оза отырып, алдыңғы қатарлы барлау ұңғымаларын бұрғылау жұмысы жүргізіледі.

5.4.6 Әрекеттегі кен қазбаларын су, қорыстар немесе қойыртпақтар басып қалу қаупі туып тұрған жағдайда шахталардың құрылысын жасау және іске қосу кезінде оқпан жанындағы алаңдар және басты сутөкпе құрылғылар шахтаның басқа қазбаларынан судың, қорыстар мен қойыртпалардың мүмкін болар максималды қысымына есептелген су өтпейтін бөгеттермен қоршалады.

5.4.7 Тау-кен жұмыстарының әсерінен туындаған жердің құлауы мүмкін аймақтар, ашық сызаттар, жауын және тасқын суларды ағызатын және олардың кен қазбаларына өтіп кетуінің алдын-алатын, су бұрғыш арықтармен қоршалады.

5.4.8 Тік және көлденең қазбалардан суды шығару кезінде судың айнасынан жоғары желдетілмей жатқан қазбалардың атмосфералық жағдайы тексерілуі керек. Ауаны арнайы сынақтар жүргізу арқылы қажетті құрамға сәйкес тексеру қажет.
5.5 Электр энергия шығыңын қысқарту
5.5.1 Ресурстар шығынын қысқарту, біріншіден жаңартылмайтын, жылу шығының азайту үшін қорғаныс жүйелеріндегі энергия ресурс көздерінің тиімсіз пайдаланылуы және энергия ресурстарын тұтынуды қысқарту бойынша ғылыми негізділген ұсыныстарды немесе жалпы энергия ресурстарын қолдануды жақсарту мақсатында энергоаудит жүргізіледі.

5.5.2 «Энергияны сақтау және энергия тиімділігін жоғарылату жөнінде» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес Мемлекеттік энергетикалық реестр субъекттері, мемлекеттік мекемелерден басқа, арнайы анықталған мерзімде энергоаудит жүргізуге міндетті.

ӘОЖ 622.833.5 МСЖ 91.060.030


Түйін сөздер: суды төмендету, суды төгу, суды бөлу, тау кен қазбалары, құрғатқыш, сүзілуге қарсы ілмелер.
СОДЕРЖАНИЕ


КІРІСПЕ IV

1 ҚОЛДАНУ САЛАСЫ 1

2 НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР 1

5.4 Су төмендету және су төгу жүйесін қолдану кезінде адамдарды жағымсыз жағдайлардан және басқа да қауіптерден сақтау 9



ВВЕДЕНИЕ IV

1 ОБЛАСТЬ ПРИМЕНЕНИЯ 1

2 НОРМАТИВНЫЕ ССЫЛКИ 1

3 ТЕРМИНЫ И ОПРЕДЕЛЕНИЯ 2

4 ЦЕЛИ И ФУНКЦИОНАЛЬНЫЕ ТРЕБОВАНИЯ 3

4.1 Цели 3

4.2 Функциональные требования 3

5 ТРЕБОВАНИЯ К РАБОЧИМ ХАРАКТЕРИСТИКАМ ПРИ ВОДОПОНИЖЕНИИ И ВОДООТЛИВУ ИЗ ГОРНЫХ ВЫРАБОТОК 4

5.1 Механическая безопасность, надежность и устойчивость 4

5.2 Пожарная безопасность 7

5.4 Безопасность людей от несчастных случаев и других угроз при эксплуатации систем водопонижения и водоотлива 10

5.5 Сокращение расхода электроэнергии 11


ВВЕДЕНИЕ

Данный нормативный документ разработан в соответствии с требованиями нормативных правовых актов в строительстве, действующими на территории Республики Казахстан и является одним из элементов доказательной базы Технического Регламента «Требования к безопасности зданий и сооружений, строительных материалов и изделий».

Под защитой горных выработок от подземных и поверхностных вод понимается комплекс мероприятий по водопонижению, водоотливу, устройству противофильтрационных завес, регулированию поверхностного стока и охране окружающей среды.


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС НОРМАЛАРЫ

СТРОИТЕЛЬНЫЕ НОРМЫ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН


ЗАЩИТА ГОРНЫХ ВЫРАБОТОК ОТ ПОДЗЕМНЫХ И ПОВЕРХНОСТНЫХ ВОД

PROTECTION OF MINING OUTPUTS AGAINST GROUND AND SURFACE WATERS


Дата введения 2015-07-01


жүктеу 292,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау