25
ШЫҒАРМАЛАРЫ
ІІ
Орыс патшасы қазақ елін бодан еткелі бір ғасырдан асты: ұлан-
байтақ жері міз бен мал-жанымызға пана болады дегенбіз. Жүз
жылдық қитұрқы һәм езгілеу саясатының нәтижесінде хан мен
билердің өктем құзырынан ада болдық, бөтен жұртқа тәуел ділік
қамытын кидік, ақырында рухани азу ға ұшырадық.
Байырғы
қазақ атымыз киргизға айналды, тіліміз татаршамен шұ
бар
-
ланып, дініміз қыспаққа түсті, ежел гі тарихымыз да тонауға
ұшырап, өмірден өше бастады.
«Орыстандыру саясатының зардабы қа
зақ
тардың мұсыл-
маншылық парызын өтеу ге де кеселін тигізуде, әкімшіліктің
рұқсатынсыз олар ешқайда тырп ете алмайтын дәрменсіз
халге жетті, –
делінген 1905 жылдың 26 мау сым күні Қоянды
жәрмеңкесіне жиналушы 12767 қазақ қол қойған, Ресейдің Ми-
нистр лер Кеңесінің төрағасына жолдаған құ зыр хатта.
– ...Сол
себептен де мешіт салу, медресе мен мектеп ашу туралы арыз-
хаттарымыз әрдайым жауапсыз қалып келеді. Халықтың мүд-
десімен де, оның тарихи құқық тарымен де санаспай, бәрі-бәрі
соның орыстандыру саясатының жолына құрбандыққа шалы-
нып отыр».
Жә, сонда билеуші үкімет бодан халыққа қандай қам-қарекет,
рухани тірлік ұсынған?
XIX ғасырдың аяғында Павлодар уезінде 185787 адам тұрған, оның
169804-і, яғни 91,4 пайызы осы өңірдің ежелгі мекендеушілері – қазақтар.
Казак-орыстың тұрақтағаны – 9031 адам, келімсек мұжықтар – 1839, ме-
щандар – 3685 жан, яғни уездегі орыс тіл ділердің жалпы үлесі – 7,83 пайыз.
Татар мен өзге бұратана ұлттар өкілі – 1429 адам, яки 0,76 пайыз.
Ояз орталығында сол жылдарда 14534 тұр ғын болыпты. Әлбетте, көп-
шілігі орыс ұлты, сөйт
се де бұл есепке бірлі-жарым қазақтар мен қала
іргесіндегі «Көкжатақты» мекендеушілер де енген. Павлодарда сол кезде
3-сыныпты қалалық училище, қыздардың кәсіби гимназиясы, ауыл ша-
руашылығының
төменгі сатылы мектебі, бастауыш қыздар училищесі –
жиы ны 6 оқу ұясы тұрақты жұ мыс істеген. Оларда шамасы үш-төрт жүздей
шәкірт болған. Ояз есебіне 16 казак-орыс станицасы тіркеліпті, солардың
үшеуінде ғана шағын шіркеу бол ған, демек, соншама приход мектебі де
ашыл ған... Қысқасы, бүкіл уездегі 27
оқу ұясында 45 мұғалім еңбек етіп,
осы өңірге бертінде қоныстанған халықтың 7,83
пайызын құрайтын орыс
тілді жұрттың рухани ділін қанағаттандыруға қызмет атқар ған. Ояз ор-
талығындағы ауыл шаруашылығының төменгі сатылы мектебінде ғана он
шақты қазақ шаруасының балалары бастауыш оқу бағдарламасы көлемінде
26
Медеу СӘРСЕКЕ
орысша сауат ашып, көбіне жер өңдеу кәсібіне үй ренген. Билеуші өкі меттің
бодан
халықтарды сауаттандырып, дүниеге көзін ашуға ниеті болмаған,
бұрынғыша қараңғы қалпында ұстауды көздеген. Керісінше шен-мансап үшін
өзара таластырып қойып, молырақ қамтып пара алуды ойлаған шенеуніктер
пиғылы үстемдік құрған...
Әлбетте, дала тұрғындары ортасынан заман ағымына ілесіп,
балаларын Омбы, Семей, Ақмолаға апарып,
мұғалім жалдаған
қазақтар да болған. Cөйтуге тек Шорман, Айт
бақы, Боштай,
Сәтбай әулеті сынды әл
ді
л
ердің ғана шама-шарқы, әділін
айтқанда, ақылы жеткен. Ғасыр басында осы елдегі тұлпар руы-
нан шыққан Сұлтанәлі Жуа ныш баев мұғалім болып келіп,
қазақ
балаларын орысша оқыта бастапты. Өз ортасынан үздік шығып,
орыс оқуын ертерек меңгерген Ахметолла Ақтайұлы Барлыбаев та
көп жылдар ағартушылық еңбекпен шұғылданған...
Десек те, заман өзгерді. Шорман ауылында 1903 жылы қазақ
жеткіншектерін орысша оқытатын мектеп ашылды. Ғажапты
қараңыз: Дала халқының талап-тілегімен емес, мәртебелі гу-
бернатор кеңсесінің арнаулы жарлығымен... Осындай оқу ұясы
Павлодар оязының тағы екі жерінде – Қараоба, Маралды болыс-
тарында шаңырақ көтерген. Келесі жылы тағы үш мектеп –
Баянауыл, Тереңкөл, Шақшан болыстарында ашылды. Бәрінде
де сабақ орыс тілінде жүреді, ал шәкірттері – қазақ балалары.
Ойда жоқта аспаннан түскендей таңғаларлық қамқорлық? Кеше
ғана
емес пе еді, «Семипалатинский листок» газетінің сайқымазақ
бір тіл шісі нің:
Достарыңызбен бөлісу: