Негізгі әдебиет:
1-6
Қосымша әдебиет:
1-5
Интернет көздері:
1-5
9.1.15.
Тақырыбы
.
Генофондты іn vitro жағдайында сақтау
Сағат саны: 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары
1. Жасушалардың өсуін бәсеңдету
2. Жасушаларды криосақтау
3. Жасушаларды мұздатуға дайындау
4. Криопротекторлар
5. Мұздату мен сақтау
Дәріс тезисі
Өсімдік шаруашылығында сорттар жиі алмастырылып тұруы қажет. Ол жағдай
бірнеше себептерге байланысты: біраз мерзімнен соң сорттардың кейбір құнды белгілері
біртіндеп жоғала бастайды, ауру қоздырушы микрорганизмдер мен зиянкес жәндіктердің
өте қауіпті жаңа популяциялары пайда болады да, оларға төтеп беру қиынға соғады, климат
өзгереді, топырақтың құнарлығы төмендейді және тағы да көптеген жағдайлар. Мысалы,
бидай және басқа астық ьұқымдастарының сорттары шаруашылықта пайдаланатын орташа
мерзімі әдетте 5-10 жыл болады. жаңа сорттарды шығару үшін және ескі сорттарды
жақсарту үшін әр алуан бағалы генетикалық материалдар қажет. Сирек кездесетін және
жоғалып бара жатқан түрлердің генофондын және селекция үшін бағалы объектілер мен
штамдарды сақтау үшін in vitro жағдайында гендер қорын жасау жөнінде зерттеулер
өткізілуде.
Гендердің негізгі көзі ол ұрық, бірақ соңғы кезде биотехнология әдістері дамып,
селекцияда қоданыла бастаған соң, генетикалық материал in vitro өсірілетін жасушалар мен
ұлпалар түрінде қажет болып жатыр. Гендерді in vitro сақтау әдісі әдеттегі жағдайда
ұрықтары сақталмайтын өсімдіктерге қолайлы, вегетативтік жолмен көбейетін және
табиғатта жоғалып бара жатқан түрлер үшін лайықты. Құнды заттарды беретін жаңа
жасушалар линияларын жасау үшін эталон жасушалары бола алатын жасушалар
коллекцияларын да сақтау керек. Сонымен, бірталай теориялық және рактикалық
мәселелерді шешуге жасушаларды шешеуге сақтаудың ыңғайлы әдістері қажет екені сөзсіз.
Көптеген жылдар бойы бастапқы жасушаларды сақтау мақсатымен оларды үзіліссіз
ең қолайлы жағдайда өсіруді қолданды.
Бекіту сұрақтары:
1.Клеткалардың өсуін бәсеңдету
2. Клеткаларды мұздатып сақтау. Криопротекторлар.
3. Клеткаларды қайтадан өсіру және оларды талдау
Әдебиет:
Достарыңызбен бөлісу: |