Семинар материалдары №2 «45minut kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым»



жүктеу 5,02 Kb.
Pdf просмотр
бет107/147
Дата26.05.2018
өлшемі5,02 Kb.
#17970
түріСеминар
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   147

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
және жастардың бойына өз Отанына деген патриоттық сезімдерді қалыптастыру. Нәтижесінде мектеп
қабырғасынан   тәрбиеленіп   шыққан   түлектер   әскер   қатарына   шақырылған   кезде   қысқа   уақыттың
ішінде аз ғана шығынмен әскери мамандықты меңгеріп, өз Отанының қорғаушысы болу.
Біз жазушы, тәлімгер Б. Момышұлының еңбектерін оқи отырып, оның шығармаларынан патриоттық
тәрбиенің қайнар көзін табатынымыз айқын...
Бауыржан Момышұлы 1910 жылы Жамбыл облысы, Жуалы ауданында қарапайым отбасында
дүниеге  келген.  Әкесі-  Момыш,  шешесі-  Рәзия.  Әкесі  жаны жомарт,  көзі  ашық,  көкірегі  ояу кісі.
Отбасыларында  4 қыздан  кейін әкесі  Момыш  елуді  еңсерген шағында  Бауыржан  дүниеге  келіпті.
Тәуіржан   деген   інісі   бір   жасында   қайтыс   болған.   Әкесінен   аздап   хат   таныған   Бауыржан   көрші
Евгеньевка   ауылындығы   орыс   мектебінде   бір   жыл   оқып,   келесі   жылы   Жамбыл   қаласына   келіп,
бастауыш мектепті бітіреді.
1921 жылы Шымкенттегі жетіжылдық мектепке түсіп, 1928 жылы бітіреді. Жиырма жастан сәл
асқан   кезде   ол   міндетті   әскери   қызметке   шақырылып,   өзінің   бүкіл   болашағын   Қызыл   Армиямен
мәңгілікке байланыстырды.
Бауыржан   атамыз   сұрапыл   соғыстың   басынан   аяғына   дейін   қатысты.   Ол   лейтенант   шенінен
бастап полковник атағына дейін көтерілді, взвод, батальон, полк және дивизия басқарды.
Б. Момышұлы басқарған бөлімшелердің жау шабуылын қайтарып, көрсеткен ерліктері аз емес.
Оның батырлығы және соғыс өнерін жетік білетіндігімен көзге түскені осы тұс.
1941 жылы Москва түбінде 27 рет сәтті шайқас жүргізді. Батырдың 207 рет ұрысқа қатысып, 5
рет   өлімнің құрсауында қалғаны, 2 рет өлімші болып жараланғаны «Ақиқат пен аңыз» кітабында
жазылған.
1955 жылы Армиямен қоштасты. 11 ай қызыл әскер, 14 ай взвод командирі, 9 ай атқыштар полк
штабының бастағының орынбасары, 6 ай республикалық әскери комиссияның аға нұсқаушысы, 5 ай
батальон орынбасары, 8 ай атқыштар полкінің командирі, 3 ай  дивизия командирінің орынбасары, 6
ай дивизия командирі, 5 жыл әскери академияда әскери профессор болды.
1955 жылы қаруын қаламға айырбастап, азаматтық өмірге ауысқанда әдеби шығармаларымен де
өз биігіне көтерілді.
Біз Бауыржан атамыздың сонау сұрапыл соғыс күндерінде қатыгез жаумен қалай шайқасқанын,
азаматтық   қасиеттерін   майдангерлер   ауызындағы   сан-алуан   естеліктер,   кинофильмдер   мен   жыр
жолдары арқылы Александр Бек пен Александр Кривицкий, Мәлік Ғабдуллин мен Алексей Кузнецов
және Әзілхан Нұршайықовтың шығармалары арқылы кеңінен білеміз.
Ұлы Отан соғысынды қазақ халқының ұлттық батырына айналған Бауыржан Момышұлы бұлтта
ойнаған жасындай Москва түбіндегі шешуші шайқаста қапияда ой тапқан, қараңғыда жол тапқан,
ерен ерлігі мен даңқы әлемге жайылып, аты аңызға айналған бірегей қолбасшы ретінде танылды.
  Мәскеуде қазақтың қайсар ұлы, Кеңес Одағының Батыры Б. Момышұлы туралы орыс тілінде жарық
көрген  «  Аңызға  айналған батыр» атты жинақтың  тұсаукесер  рәсімі  болып өтті.Ұлы  Жеңістің 65
жылдық   мерекесі   қарсаңында   Мәскеуде   №229   жалпы   білім   беретін   орта   мектептің   аты   берілді.
Батырдың  туғанына  100  жыл толу  қарсаңында   Мәскеу  қаласындағы  аталған мектептің берілуі  де
кездейсоқ емес.Крюкова стансасында орналасқан бұл мектеп Зеленоградтың орталығында тұр. 1941
жылғы қарашадағы Мәскеу үшін айқастың соңғы шебі де осында болған. 8-гвардиялық дивизияның
Б. Момышұлы басқарған жауынгерлері жауды осы жерде Мәскеуге өткізбей кері қайтарған. Қазір
мектепте   батыр-   Панфиловшыларға   арналған   музей   бар.   Онда   Б.   Момышұлына   қатысты   стенд
жасалған.
Гвардия полковнигі Б. Момышұлының бұдан 68 жыл бұрын айтқан тарихи сөздері, бүгінгі егеменді
еліміздің іргетасын нығайтуға, жастарды әскери өнерге тәрбиелеуге, Қазақстан туын жоғары ұстап,
Отанын жаудан қорғауға дайын болуға, намысын аяққа таптатпай, жоғары ұстауға шақырады.
Қазіргі   уақытта   Қазақстанда   білім   берудің   өзіндік   ұлттық   үлгісі   қалыптасуда.   Бұл   процес   білім
парадигмасының өзгеруімен қатар  жүреді.  Білім   берудегі   ескі   мазмұнның  орнына   жаңасы келуде.
Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысын емес, оның тұлғасын,
білім   алу   арқылы   дамытуын   қойып   отыр.   Қазіргі   таңда   педагогика   ғылымының   бір   ерекшелігі
баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруда.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы Заңында» оқыту формасын, әдістерін, технологияларын
239


Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
таңдау да көп нұсқаулық қағидасы бекітілген, бұл білім мекемелерінің мұғалімдеріне, педагогтарына
өзіне   оңтайлы     нұсқаны   қолдануға,   педагогикалық   процесті   кез-келген   үлгімен,   тіпті   авторлық
үлгімен құруға мүмкіндік  бар.
Мен өз сабағымда оқытудың жаңа технологиялық     әдістерінің ішінді педагогика  ғылымдарының
кандидаты   Марал   Мәденқызы   Жанпейісованың   Модульдік   оқыту   технологиясын   пайдаланамын.
«Алғашқы   әскери   дайындық     сабағында   баланы   патриоттық,   отансүйгіштік   рухында   тәрбиелеу»
тақырыбында шығармашылық жұмыспен айналысып келемін.
Алғашқы әскери дайындық сабақтарында мен негізінен дифференциалды, ұжымдық және жұптық
оқыту әдістерін қолданамын. Әсіресе, практикалық сабақтарда саптық   даярлық бойынша сабақтар
алдыңғы сабақтарда дағдыланған машықтардың ұмытылмауы үшін жүйелі түрде және бірдей уақыт
аралықтарында өткіземін.
Әскери-патриоттық  тәрбие жасөспірімдерді еліне деген сүйіспеншілікке, ұлттық армия сапында адал
қызмет атқаруға, азаматтық, адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіруге баулиды. Бала әрдайым өмірге
қызыға қарайды, бәрін үйренгісі келеді, еліне керекті азамат болып өскісі келеді.
Қазақстан Республикасы Үкіметі жасөспірімдердің отансүйгіштік, елінің патриоты мен азаматы
болып   қалыптасуына   көңіл   бөліп   отыр.Патриоттық   тәрбие   беру-   оқушының   саналы   көзқарасын
қалыптастыру.   Алғашқы   әскери   дайындық   пәнінің   енгізілуі,   оған   байланысты   әскери   патриоттық
тәрбиенің   тереңдеуі,   Отанымыздың   саналы   және   белсенді   күрескерлерін   тәрбиелеуге,   оларды
еліміздің   игілігіне   жанқиярлықпен   еңбек   етуге,   республикамыздың   мүддесін   қорғауға,   талантты
әскери   кадрлар   даярлауға   жаңа   мүмкіндіктер   туғызады.   Жастарды   Отанды   қорғауға   даярлау,   жас
азаматтардың патриоттық тәрбиесіне  танымдары мен мінездерін қалыптастыру ауыр және сан қырлы
процесс.   «Отанды   сүю   отбасынан   басталады»,   отансүйгіштік   қасиетті   қалыптастыруда   отбасы
тәрбиесінің   маңызы   зор.   Патриот,   ержүрек   адамды,   табанды   күрескерлерді   тәрбиелеудің   негізі
мектепте қаланады.
Пәннің міндеті келешекте Отанын, жерін, елін қорғай алатын, ұлттық намысы мол, жігерлі ұл-қыз
тәрбиелеу, әскер қатарына сауатты, моральдық жағынан дайын азамат даярлау. Сабақ   барысында
ұжымдық қорғаныс жұмыстарына, сабақтан тыс уақытта жаттығу жұмыстарын өткізуге аса көңіл
бөлінеді. Ұжымдық қорғаныс жұмыстары алғашқы әскери дайындықты оқытудың негізгі бір бөлімі.
Оқушылар теориялық сабақта алған білімдерін ұжымдық қорғаныс жұмыстары кезінде іске асырып,
өздерінің білімдерін, біліктілік дағдыларын жетілдіреді.
Патриоттар   даярлаудағы   жауапкершілікті   неғұрлым   терң   сезініп,бар   мүмкіндікті   пайдаланып,
шыныққан   шымыр   отансүйгіш   азаматтар   даярлау   ісіне   АӘД   пәні   мұғалімдеріне   үлкен   талап
қойылады, сондықтан оларға өз ісінің жетік маманы болу   жеткіліксіз, сонымен қатар білімді, тың
ақпараттардан хабары мол болуы шарт.
Қазақ халқының тәрбие жүйесіндегі жас ұрпақты, қоғам мүшелерін Отанға, халқына, елге, жерге
деген сүйіспеншілікке тәрбиелеп, мұны олардың бойына сіңіріп қалыптастыру жетекші орын алады.
Өйткені Отан, халық, ел, жер деген ұғым өте ауқымды.
Қазақстан   Республикасының   Президенті   «Қазақстаннның   болашағы-қоғамның   идеялық
бірлігінде»   атты   еңбегінде   «Біздің   тағы   бір   аса   маңызды   идеологиялық   міндетіміз-Қазақстандық
отансүйгіштікке тәрбиелеу, әрбір азаматтың өзін-өзі айқын билеуін қалыптастыру»-деп жазды.
Ұлттық   негізде   ерлік   және   жауынгерлік   тәрбие   беруге   байланысты   халық   қаhарманы   Б.
Момышұлының   «   Жігітті   жауынгерлік   қасиеттерге   тәрбиелейтін   қазақтың   игі   дәстүрлері»   атты
мақаласында халықтардың басынан өткен жауынгерлік жолдарымен ұлттық дәстүрлердің маңызы зор
екеніне тоқтала келе, жоспарын ұсынады. Одан төрт тарау мысал келтірейік:
1.Әдет және әдеп. Үлкенді сыйлау, парыз бен ар-ұятты қасиет тұту, қоғамдық тәртіпті мүлтіксіз
сақтау,   заңға   мойын   ұсынушылық,   адамды   бәрінен   де   ардақтау,   адам     бойындағы   адамгершілік,
Отанға,   елге,   халыққа,   үй-   ішіне,   адамға,   өмірге   деген   сүйіспеншілік   сияқты   жақсы   қасиеттерге
тәрбиелейді:
1.   Асық,   жасырынбақ   және   жарыс,   күрес,   ақсүйек   ойнау   жастарды   ептілікке,   ширақтыққа,
табандылыққа және басқа да  жақсы жауынгерлік қасиеттерге тәрбиелейді;
2. «Сөз тапқанға қолқа жоқ». Бәдік айтыс, той, айтыс тез ойлауға, тапқырлыққа тәрбиелейтін өнер
саласы.   Бұл  арқылы  жасөспірімдер  мен  қыздар   өлеңді   суырып  салып  айтуға   машықтанады,   ауыз
240


жүктеу 5,02 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   147




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау