Сейфуллин оқулары – 9



жүктеу 34,04 Kb.
Pdf просмотр
Дата11.12.2017
өлшемі34,04 Kb.
#3993


Қазақстан Республикасының Бірінші  Президенті  күніне  арналған «Сейфуллин  оқулары – 9:

жоғарғы  білім  және ғылым  дамуындағы  жаңа  бағыт»  атты  Республикалық  ғылыми-теориялық

конференция материалдары = Материалы Республиканской научно- теоретической конференции

«Сейфуллинские чтения – 9: новый вектор развития высшего образования и науки» посвященная

дню Первого Президента Республики Казахстан. – 2013. – Т.2, ч.1. – Б. 236-238



ОҚУ ҮДЕРІСІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ МОТИВТЕРІН ЗЕРТТЕУ

ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Сайынова Л.С.

Қазақстан Республикасының  2020 жылға  дейінгі  білім  беруді  дамыту

Тұжырымдамасында:  «Мектептің негізгі  міндеті – оқушының жеке  басының

бастапқы қалыптастыруды қамтамасыз ету,  оның  қабілеттерін анықтау  және

дамыту.  Осы  сатыдағы  оқу  мен  тәрбие  оң уәжда қалыптастыруға  және  оқу

қызметін 

білуге, 

тілдік


қарым-қатынастың

тәжірибесіне,

өзін-өзі

шығармашылық тұрғыдан  таныта білуге,  мінез-құлқының мәдениетіне,  жеке

гигиенаның және  салауатты өмір  салтының негіздеріне  бағдарланады,

сонысымен  кейін  негізгі  мектептің жалпы  білім  беру  бағдарламаларының

меңгеруге жағдай жасайды» делінген.

Әр

жастағы  кезеңге  тән  психологиялық



және  педагогикалық

ерекшеліктердің  ұштасуын  жиі  байқауға  болады.  Жасөспірім  шақтағы

байыптылық, жеңілтектікпен  табандылық ойнақылықпен қатар  жүреді.

Парасатты  педагогтар өсудің осы қайшылықтарын  талдап,  балалардың

өсіп-жетілуінің жаңа  белгілерін  көрсетеді,  оларды  жетілдіруге  жан-жақты

көмектеседі.  Ежелгі  Грецияның белгілі ғалымы,  дәрігер    Гиппократтың

еңбектерінде  бұл  жөнінде  біраз  пікірлер  айтылған.  Сол  кезде-ақ адамның

темпераментін  төрт  сұйықтыққа  бөліп  көрсеткен.  Бұл – адамның жеке

ерекшеліктерін жаратылыстық ғылыми зертеудің алғашқы қадамы еді.

Абай Құнанбаев - ақын творчествосында негізгі мәселесі жан мен тәннің

арақатынасы, адамның психологиялық даму жолындағы тәрбие мен білімнің

атқаратың  қызметі,  сондай-ақ бала  психологиясымен қоғамдық,  ұлттық

психологияның жекелеген  мәселелері  де  адамның жеке  басына  және  жас

деңгейіне  байланысты  ерекшеліктер, әдеп, үлгі-өнеге, өзін-өзі  тәрбиелеу

жайлы  оқу  мен үйретудің психологиялық негіздері, ұлттық мінез-құлық т.б.

көрінісін тапқан.



Жалпы    даралық

дегеніміз -

бір  адамның басқа  бір  адамнан,  бір

тұлғаның басқа тұлғадан айырмашылығы, оның ешкімге ұқсамайтынын, өзіне

тән  ерекшелігі  бар  екенін  сипаттайды.  Даралық әдетте,  адамның мінезі  мен

темпераментінің

белгілері, 

шығармашылық 

қызмет-әрекетімен

қабілеттілігінің өзгешелігі арқылы ерекшеленеді.

Оқушыға  жеке  дара қараудың осындай  шебері  В.А.Сухомлинский

болды. Ол жеке дара қараудың бірқатар өсиеттерін тұжырымдады:

1) балалардың ақыл-ой күштері мен мүмкіндіктері бірдей емес;

2)  оқыту  мен  тәрбиелеудің барлық заңдарын қолдануға  болатын

абстрактілі оқушы жоқ, оқушы әрқашан да дара, өзінше ерекше;




3) оқуда барлық мектеп балалары үшін табысқа жетудің бірыңғай алғы

шарттары жоқ;

4)  оқу қызметінің берілген  сәтінде әр  оқушының неге қабілетті  екенің

анықтаудың маңызы зор;

5)  оның ақыл-ой қабілетін  одан әрі қалай  дамытуға  болатындығын

анықтау маңызды;

6)   оқушыдан мүмкін еместі талап етуге болмайды;

7)  бағдарламада қаралған  деңгейге әр  оқушы қандай  жолмен, қандай

кідірістермен және қиыншылықтармен келетінің дұрыс анықтап алу керек;

8) әрбір  оқушының ақыл-ой  еңбегінде  бағдарламаны қалай  нақтылы

жүзеге асыру керек;

9) әрбір  баланың күші  мен  мүмкіндігін  ашып,  оны  ақыл-ой  еңбегінде

қуанышқа кеңейту;

10)  мінезі қиын оқушыларды шамасынша ақыл-ой еңбегіне жеткізу;

11) әрбір оқушының оқудағы және еңбегіндегі дара ерекшелігін анықтау

керек.


Мектеп оқушысының жеке ерекшелігі дегеніміз – оның жас мөлшеріне,

жыныстық және  рухани  дамуына,  жан-жақты  тұтас  жетілген  жеке  тұлғалық

қасиетінің  қалыптасуына  органикалық жағынан  байланысты өзіне  тән

ерекшелігі.  Осыған  орай  олармен  жеке  жұмыс  жүргізу  педагогикалық

процестің маңызды бөлігі болып табылады. Жеке жұмыс – бұл оқушылардың

жас және дара ерекшеліктеріне байланысты  іс-әрекетті ұйымдастыру.



Жеке  ерекшеліктерді  есепке  алу

бұл



әрбір  жеке  тұлғаның

қызуғышылығын, 

бейімділігін, 

сапасын,


қасиетін, 

талабын 


және

мүмкіншілігін  ескере  отырып, өскелең  ұрпақтың  әлеуметтік қалыптасу

процесінде сәтсіздіктер мен қателіктерді барынша кеміте отырып тәрбиелеуде

педагогикалық  құралдардың,  әдістемелердің және  түрлердің барлығын

пайдалану.

Мұғалім 


балалардың

жеке 


ерекшеліктерін, 

типтік 


сапасын

мінез-құлқына сәйкес жете білуі қажет. Мәселен, нерв жүйесіне байланысты

темперамент  типтерін  басшылыққа  алмай,  тәрбие  процесін  психологиялық

негізде ұйымдастырып  іс  жүзіне  асыру  мүмкін  емес.  Жеке  адамның дүниені

сезгіштігі  және қабылдағыштығы  темпераментке  тәуелді.  Ол үшін  алдымен

оқушыларды  оқытуда  даралық және  жеке  дара  жұмыс  түрлерін  таңдап  алу

қажет.  Олар:  ауызша,  жазбаша    жұмыстар;  фронтальды  сұрау;  тақтамен

жұмыс жасату; топпен жұмыс жасау.

Бірде-бір  сабақ мағынасыз  болмауы  керек.  Сабақ беру  барысында

үлестірмелі  материалдармен  жұмыс  жасаған  кезінде, қай  оқушыға қандай

сұрақ беру керек екендігін ойластыру қажет. Бұл сұрақты қай оқушыға беруге

болады, егер ол оқушы сабаққа келмесе онда оның орнына кімге беремін деп

алдын-ала ойластыру қажет. Оқушылармен жұмыс жасау барысында оларды

мадақтау  мен  жазалауда    жоғарыда  аталған  факторларды  ескеру  керек  яғни

оқу  барысында  ерекше  стимул

құру үшін.  Мысалы,

әр  оқушының

темпераменті әртүрлі.

Темперамент  деп  жеке  адамның  қылығы  мен  түрлі  іс-әрекеттерінен

көрінетін  меншікті  дара өзгешелігін  және  психикалық процестер  ағысының




жылдам,  не  баяулығы, қимыл қозғасыстар  мен  көңіл  күйдің түрлі  деңгейіне

адамның жүйке  саласының тыстан  берілетін  ерекшеліктерінің жиынтығын

атайды.

Психология ғылымында темпераментті төрт типке бөліп сипаттайды.



Холерик - эмоциялық  қозуы  шапшан,  күшті,  тұрақсыз  болады.  Ол

белсенді, іске шапшаң кірісіп, аяқтап шығады. Бірақ сезім жүйелері ауықтап

тез көтерілетін шыдамсыз, өкпелегіш және ашуланғыш болып келеді.

Сангвиник-эмоциялық 

қозуы 

шапшаң,


күшті, 

бірақ


көп

тұрақтанбайды.Ол қызулы,  жеңілтек  келеді,  бір  немесе  бірнеше  іске  бірдей

кіріседі, іс үстінде тез суып, бастаған істі аяқсыз қалдырады. Уәдені көп беріп,

кейде оның орындаудан бас тартады.

Меланхолик  типті  оқушы - эмоциялық  қозуы өте  сылбыр,  тез

шаршайды,  сезімтал    күшті.  Ол  момақан,  тұйық, жасқаншақ,  мінезі  баяу,

көңілі жабырқау, кейде үрейленіп жұреді. Өзін ұжымнан оқшау үстайды, іске

бірден кіріспейді, бастап кетсе аяқтап шығады.

Флегматик- эмоциялық  қозуы  баяу.  Ол  байсалды,  сылбыр  мінезді,

орнықты,  кісімен  араласпайды,  тыныштықты  сүйеді,  іске өте  баяу  кіріседі,

бірақ тиянақты орындайды. Сол себепті оқушылармен жұмыс жасаған кезінде

олардың жеке дара  ерекшеліктеріне  назар аударған жөн.

Оқушыларға шамасы келмейтін тапсырмаларды бермеуге және сабақты

оқушының есінде  жақсы қалдыру үшін,  мұғалім  оқушының білуге  тиісті

нәрсені

үнемі  көзіне  көрсетіп,  дұрыс



қабылдай  алуына  зер  салу

қажет.Оқушылардың жас және дара ерекшеліктерін ескере отырып, танымдық

ынталарды қалыптастырудың аса  маңызды  шарты  оқу үдерісін  аталған

қағидаға сай жүргізу болып табылады.

Педагогика ғылымының  өзекті  мәселелерінің

бірі – жеке  тұлғаны

тәрбиелеуде,  жан – жақты  дамытуда,  білім  беруде, ғылымның соңғы

жетістіктерін пайдалана отырып, шығармашылық жұмыстар істеуге қабілетті,

ізденімпаз,  дүниетанымдық көзқарасы  кең, рухани  бай азамат  дайындау.

Сондықтан  да  оқушы  жеке  тұлғасын қалыптастыруға  байланысты  зерттеу

жұмыстарымыз қоғам  даму  деңгейі  мен әлеуметтік  сұраным  талаптарына

үндеседі.



жүктеу 34,04 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау