Салыстырмалы қауіп-қатер (relative risk(RR)). Қауіп-қатер


Салыстырмалы қауіп-қатерді есептеу



жүктеу 20,57 Kb.
бет4/4
Дата06.01.2022
өлшемі20,57 Kb.
#36669
1   2   3   4
КАЗ Салыстырмалы қауіп-қатер (relative risk(RR)).

3. Салыстырмалы қауіп-қатерді есептеу
1. Төрторлы орайластық кестесін тұрғызамыз:




Нәтиже бар (1)

Нәтиже жоқ (0)

барлығы

Қауіп-қатер факторы бар (1)

А

В

А+В

Қауіп-қатер факторы жоқ (0)

С

D

С+D

Барлығы

А+С

В+D

А+В+С+D

2. Салыстырмалы қауіп-қатер мәнін төмендегі формуламен табамыз:

, (1)

Мұндағы А,В,С, D – орайластық кестесінің ұяшықтарындағы бақылаулар саны.

3. Сенім аралығының шекараларының мәндерін табамыз: 95% СА (немесе 95% CI “confidenceinterval”)

Жоғарғы шекарасын есептеу формуласы:



(2)

Төменгі шекарасын есептеу формуласы:



(3)

4. Салыстырмалы қауіп-қатер мәні мен сенім аралығының шекараларын 1-мен салыстырамыз.



4. Салыстырмалы қауіп-қатер мәнінің түсіндірілуі

RR көрсеткіші, фактор мен нәтиженің байланысының сипатын анықтау үшін 1-мен салыстырылады:



  • Егер RR=1 болса, онда зерттеліп отырған фактор нәтиженің пайда болу ықтималдығына ықпал етпейді (фактор мен нәтиженің арасында байланыс жоқ).

  • Егер RR>1 болса, онда фактор нәтижелер жиілігінен жоғары (тікелей байланыс).

  • Егер RR<1 болса, онда фактордың әсерінен нәтиже ықтималдығы төмендейді (кері байланыс).

Сол сияқти 95% СІ шекараларының мәндері міндетті түрде бағаланады. Егер сенім аралығына 1 кірмесе, онда фактор мен нәтиже арасында айқындалған байланыс статистикалық мәнді деп қорытынды жасалынады. (р<0,05 қателік ықтималдығымен). Егер 95% СІ төменгі шекарасы 1-ден кіші, ал жоғарғы шекарасы – үлкен болса, онда фактордың нәтиже жиілігіне ықпалы статистикалық мәнді емес (р>0,05).
5. Мысал.

1999ж. Оклахомада ер кісілердің асқазан жарасымен аурушаңдығына зерттеу жүргізілді. Ықпал ететін фактор ретінде фастфудты үнемі қабылдау (тұтыну) алынды. Бірінші топта тұрақты жедел аспен тамақтанатын 500 ер кісі болды, олардың ішінде 96 адамда асқазан жарасы табылды. Екінші топта пайдалы аспен тамақтанатын 500 ер кісі болды, олардың ішінде асқазан жарасы 31 адамда табылды. Алынған деректер негізінде орайластық кестесі құрылды:






Асқазан жарасы бар (1)

Асқазан жарасы жоқ (0)

Барлығы

Фастфуд (1)

96 (А)

404 (В)

500

Пайдалы ас (0)

31 (С)

469 (D)

500

Барлығы

127

873

1000

  1. RR мәнін есептейміз:



  1. 95% СI жоғары және төменгі шекараларының мәндерін табамыз:

а) 95% СI жоғары шекарасының мәні:

в) 95% СI төменгі шекарасының мәні:



95% СІ: (2,11; 4,53)



  1. RR мен 95% СІ мәндерін 1- мен салыстырамыз. RR>1, яғни фастфудты қолдану мен асқазан жарасы дамуы ықтималдығының арасында тура байланыс бар. Фри картопы мен хотдогты үнемі қабылдайтындарда пайдалы асты қолдайтындарға қарағанда асқазан жарасы 3,1 есе жиі байқалады.

  2. 95% СІ – ге 1 кірмейді, яғни бұл өзара байланыстың мәнділік деңгейі р<0,05 сәйкес келеді.

3. Шылым шегудің өкпенің созылмалы обструктивті ауруына (ӨСОА) ықпалын тексеру үшін 40 жастан жоғары 400 адамдарға зерттеу жүргізілді. Олардың ішінде шылым шегетін 200 адам және ешқашан шылым шекпеген 200 адам болды. Спирометрияның нәтижесі бойынша шылым шегетіндердің 48, шылым шекпейтіндердің 28 ӨСОАбар екендігі анықталды.

1.Бақыланған және күтілетін жиіліктердің орайластық кестесін құрыңыздар.

2.Салыстырмалы қауіп-қатерді (RR)және RR үшін 95% сенім аралығын есептеңіздер. Алынған нәтижені түсіндіріңіздер.

3. Қауіп-қатер айырымын (RD) және RD үшін 95% сенім аралығын есептеңіздер. Алынған нәтижені түсіндіріңіздер.

1. Кенеттен болатын бала өлімі синдромы – 1 аптадан 1 жасқа дейінгі балалар өлімінің негізгі себебі. Әдетте өлім дендері сау балаларда байқаусыз ұйқыда жатқанда болады, сондықтан қауіп факторын анықтау бірінші кезекте тұрған маңызды мәселе. Кенеттен болатын бала өлімі синдромы негізінен шала туған балаларда, негрлерде және сол сияқты төмен жалақы алатын (өмір сүру деңгейлері төмен жанұяларда) жанұяларда жиі кездеседі деп саналады. Зерттеушілер осы деректерді нақтылауды ұйғарды. Калифорния штаты, Окленд босану үйінде 1960 пен 1967 жылдар аралығында туылған 14857 балалар жөнінде мәліметтер жинады. Балалар тағдырын 1 жылға дейін бақылады. Кенеттен балалар өлімі синдромымен 34 нәресте қайтыс болды.

Жүктілік кезінде шылым шегетін 5252 аналардың кенеттен балалар өлімі синдромымен 24 нәресте қайтыс болды, ал шылым шекпейтін 9605 аналардың кенеттен балалар өлімі синдромымен 10 нәресте қайтыс болды.

1.Бақыланған және күтілетін жиіліктердің орайластық кестесін құрыңыздар.

2.Салыстырмалы қауіп-қатерді (RR)және RR үшін 95% сенім аралығын есептеңіздер. Алынған нәтижені түсіндіріңіздер.

3. Қауіп-қатер айырымын (RD) және RD үшін 95% сенім аралығын есептеңіздер. Алынған нәтижені түсіндіріңіздер.

2. Когнитивті зерттеуге когнитивті бұзылулардың даму қаупі факторларын зерттеуге 700 адам қатысты. Зерттеудің басында инсульт тарихы бар және когнитивтік бұзылулары жоқ 500 адамнан тұратын когорт 10 жыл бойы бақыланды. Осы 500-дің 50-і кейіннен когнитивті бұзылуларға тап болды. Когнитивті бұзылулары жоқ және инсульт тарихы жоқ 200 адамнан тұратын когорт 10 жыл бойы бақыланды. Осы 200-нің 13-інде кейіннен когнитивті бұзылулар болды. Инсультпен когнитивті бұзылулардың арасында байланыс бар ма?

1. Бақыланған және күтілетін жиіліктердің орайластық кестесін құрыңыздар.



2. Салыстырмалы қауіп-қатерді (RR) және RR үшін 95% сенім аралығын есептеңіздер. Алынған нәтижені түсіндіріңіздер.

3. Қауіп-қатер айырымын (RD) және RD үшін 95% сенім аралығын есептеңіздер. Алынған нәтижені түсіндіріңіздер.
жүктеу 20,57 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау