Салыќ жѕне бюджетке тґленетін басќа да міндетті тґлемдер туралы 2008 жылєы 10 желтоќсандаєы №99-іv салыќ кодексі (Салыќ кодексі)



жүктеу 26,45 Mb.
бет36/136
Дата24.12.2017
өлшемі26,45 Mb.
#5561
түріКодекс
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   136
Заңына сәйкес есептелген әлеуметтік аударымдар сомасы арасындағы айырма 100 пайызға азайтылады.

6. Егер ағымдағы салық кезеңінің қорытындылары бойынша осы баптың 5-тармағында белгіленген талаптар сақталмаған болса, салық төлеуші:



1) әлеуметтік салықты осы баптың 5-тармағында белгіленген ережелерді қолданбай, осы Кодекстің 357-бабында белгіленген тәртіппен есептеуге;

2) корпоративтік табыс салығы бойынша декларация тапсыру үшін белгіленген мерзімнен кейінгі күнтізбелік он күннен кешіктірмей әлеуметтік салық осы баптың 5-тармағында белгіленген ережелерді қолданбай, осы Кодекстің 357-бабына сәйкес есептелуге жататын салық кезеңдері үшін осы Кодекстің 70-бабына сәйкес әлеуметтік салық бойынша қосымша салық есептілігін табыс етуге міндетті.

7-тармақ 2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді



7. Әртүрлі қызмет салаларында және аяларында қолдануға арналған, бұрын қолданылмаған немесе бұрын белгісіз болған жаңа қасиеттерге ие металл немесе металл емес негіздегі конструкциялық материалдар осы баптың мақсаттары үшін әртүрлі мақсаттағы жаңа материалдар болып табылады.

 

2011.21.07. № 470-ІV ҚР Заңымен 151-5-баппен толықтырылды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 151-5-бап жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



151-5-бап. Қызметiн «Оңтүстiк» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу

2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.27.10. № 362-V ҚР Заңымен (2016 ж 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда



1. Осы Кодекстің 150-бабының 1-тармағы бірінші бөлігінің 5) тармақшасын қолдану мақсатында «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының экономикалық қызмет түрлері:

1) мыналарды:

тамақ өнімдерін өндіруді;

сусындар шығаруды;

темекі бұйымдарын өндіруді;

жиһаздан басқа, ағаш және тығын бұйымдарын өндіруді; сабаннан және тоқуға арналған материалдардан жасалған бұйымдарды өндіруді;

жазылған материалдарды басып шығаруды және тыңдатып-көрсетуді;

жиһаз шығаруды;

машиналар мен жабдықтарды жөндеуді және орнатуды қоспағанда, өңдеуші өнеркәсіп;

2) жобалау-сметалық құжаттама шегінде осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін тікелей арналған объектілерді салу және оларды пайдалануға беру болып табылады.

2015.27.10. № 362-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2016 ж 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



2. Қызметiн «Оңтүстiк» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдардың салықтарды және жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төлемдердi есептеуi кезiнде арнайы экономикалық аймақтың аумағында орналасқан және осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген қызмет түрлерiн жүзеге асыру кезiнде пайдаланылатын салық салу объектiлерi және (немесе) салық салуға байланысты объектiлер бойынша:

жер салығын есептеу кезiнде тиiстi мөлшерлемелерге 0 коэффициент;

уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шартында көрсетілген, бірақ «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының жұмыс істеу мерзімінен аспайтын мерзімге жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу кезінде тиісті мөлшерлемелерге 0 коэффициент;

мүлiкке салынатын салықты есептеу кезiнде салық салу объектiлерiнiң орташа жылдық құнына 0 пайыз мөлшерлеме қолданылады.

2015.27.10. № 362-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



3. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының аумағында қызметiн жүзеге асыратын ұйым бюджетке төленуге жататын корпоративтік табыс салығының сомасын айқындау кезінде осы Кодекстің 139-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығының сомасын 100 пайызға азайтады.

Осы тармақтың ережелері осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген қызмет түрін жүзеге асырудан алынған (алынуға жататын) табыстар бойынша есептелген корпоративтік табыс салығына қолданылмайды.

Егер осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген қызмет түрін жүзеге асыратын ұйым, сондай-ақ осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген қызмет түрлерінің біреуін жүзеге асыратын болса, мұндай ұйым корпоративтік табыс салығы бойынша салықтық міндеттемені есептеу мақсатында, осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген қызмет түрін жүзеге асырудан алынған табыстар мен осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асырудан алынған табыстар бойынша бөлек есепке алуды жүргізеді.

 

2011.21.07. № 470-ІV ҚР Заңымен 151-6-баппен толықтырылды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 151-6-бап жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



151-6-бап. Қызметiн «Бурабай» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу

1. Осы Кодекстiң 150-бабының 1-тармағы бiрiншi бөлiгiнiң 5) тармақшасын қолдану мақсатында «Бурабай» арнайы экономикалық аймағын құру мақсаттарына сәйкес келетін қызмет түрлері мыналар болып табылады:

1) туристік қызметтер көрсету;

2) мынадай талаптарды сақтаған:

салынып жатқан және пайдалануға берілетін объектілер ойын бизнесімен байланысты болмайтын;

салынуы және пайдалануға берілуі жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес жүзеге асырылатын жағдайда, туристер орналасатын орындарды, санаторий және сауықтыру объектілерін салу және пайдалануға беру.

2015.27.10. № 362-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2016 ж 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



2. Қызметiн «Бурабай» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдардың салықтарды және жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төлемдердi есептеуi кезiнде арнайы экономикалық аймақтың аумағында орналасқан және осы баптың 1-тармағында көзделген қызмет түрлерiн жүзеге асыру кезiнде пайдаланылатын салық салу объектiлерi және (немесе) салық салуға байланысты объектiлер бойынша:

жер салығын есептеу кезiнде тиiстi мөлшерлемелерге 0 коэффициент;

уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шартында көрсетілген, бірақ «Бурабай» арнайы экономикалық аймағының жұмыс істеу мерзімінен аспайтын мерзімге жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу кезінде тиісті мөлшерлемелерге 0 коэффициент;

мүлiкке салынатын салықты есептеу кезiнде салық салу объектiлерiнiң орташа жылдық құнына 0 пайыз мөлшерлеме қолданылады.

3. Бюджетке төленуге жататын корпоративтік табыс салығының сомасын айқындау кезінде осы Кодекстің 139-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығының сомасы 100 пайызға азайтылады.

 

2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 151-7-баппен толықтырылды (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)



151-7-бап. Қызметін «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу

2015.27.10. № 362-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



1. Осы Кодекстің 150-бабының 1-тармағы бірінші бөлігінің 5) тармақшасын қолдану мақсатында «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағының экономикалық қызмет түрлері:

1) мыналарды:



тамақ өнімдерін өндіруді;

сусындар шығаруды;

темекі бұйымдарын өндіруді;

жиһаздан басқа, ағаш және тығын бұйымдарын өндіруді; сабаннан және тоқуға арналған материалдардан жасалған бұйымдарды өндіруді;

жазылған материалдарды басып шығаруды және тыңдатып-көрсетуді;

жиһаздар шығаруды;

машиналар мен жабдықтарды жөндеуді және орнатуды қоспағанда, өңдеуші өнеркәсіп;

2) жобалау-сметалық құжаттама шегінде осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін тікелей арналған объектілерді салу және оларды пайдалануға беру болып табылады.

2015.27.10. № 362-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2016 ж 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Қызметін «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдардың салықтарды және жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемдерді есептеуі кезінде арнайы экономикалық аймақтың аумағында орналасқан және осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер бойынша:

жер салығын есептеу кезінде тиісті мөлшерлемелерге 0 коэффициент;

уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шартында көрсетілген, бірақ «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағының жұмыс істеу мерзімінен аспайтын мерзімге жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу кезінде тиісті мөлшерлемелерге 0 коэффициент;

мүлікке салынатын салықты есептеу кезінде салық салу объектілерінің орташа жылдық құнына 0 пайыз мөлшерлеме қолданылады.

2015.27.10. № 362-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



3. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағының аумағында қызметiн жүзеге асыратын ұйым бюджетке төленуге жататын корпоративтік табыс салығының сомасын айқындау кезінде осы Кодекстің 139-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығының сомасын 100 пайызға азайтады.

Осы тармақтың ережелері осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген қызмет түрін жүзеге асырудан алынған (алынуға жататын) табыстар бойынша есептелген корпоративтік табыс салығына қолданылмайды.

Егер осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген қызмет түрін жүзеге асыратын ұйым, сондай-ақ осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген қызмет түрлерінің біреуін жүзеге асыратын болса, мұндай ұйым корпоративтік табыс салығы бойынша салықтық міндеттемені есептеу мақсатында, осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген қызмет түрін жүзеге асырудан алынған табыстар мен осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асырудан алынған табыстар бойынша бөлек есепке алуды жүргізеді.

 

2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 151-8-баппен толықтырылды (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)



151-8-бап. Қызметін «Қорғас - Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу

2015.27.10. № 362-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



1. Осы Кодекстің 150-бабының 1-тармағы бірінші бөлігінің 5) тармақшасын қолдану мақсатында «Қорғас - Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағының экономикалық қызмет түрлері:

1) мыналарды:



сусындар шығаруды;

темекі бұйымдарын өндіруді;

жиһаздан басқа, ағаш және тығын бұйымдарын өндіруді; сабаннан және тоқуға арналған материалдардан жасалған бұйымдарды өндіруді;

жазылған материалдарды басып шығаруды және тыңдатып-көрсетуді;

жиһаздар шығаруды;

машиналар мен жабдықтарды жөндеуді және орнатуды қоспағанда, өңдеуші өнеркәсіп;

2) қойма шаруашылығы және қосалқы көлік қызметі;

3) жобалау-сметалық құжаттама шегінде осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін тікелей арналған объектілерді салу және оларды пайдалануға беру болып табылады.

2015.27.10. № 362-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2016 ж 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



2. Қызметін «Қорғас-Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдардың салықтарды және жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемдерді есептеуі кезінде арнайы экономикалық аймақтың аумағында орналасқан және осы баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыруда пайдаланылатын салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер бойынша:

жер салығын есептеу кезінде тиісті мөлшерлемелерге 0 коэффициент;

уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шартында көрсетілген, бірақ «Қорғас - Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағының жұмыс істеу мерзімінен аспайтын мерзімге жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу кезінде тиісті мөлшерлемелерге 0 коэффициент;

мүлікке салынатын салықты есептеу кезіңде салық салу объектілерінің орташа жылдық құнына 0 пайыз мөлшерлеме қолданылады.

2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.27.10. № 362-V ҚР Заңымен (2016 ж 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді



3. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, қызметін «Қорғас-Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйым бюджетке төленуге жататын корпоративтiк табыс салығының сомасын айқындау кезiнде осы Кодекстiң 139-бабына сәйкес есептелген корпоративтiк табыс салығының сомасын 100 пайызға азайтады.

Осы тармақтың ережелері осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген қызмет түрін жүзеге асырудан алынған (алынуға жататын) табыстар бойынша есептелген корпоративтік табыс салығына қолданылмайды.

Егер осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген қызмет түрін жүзеге асыратын ұйым, сондай-ақ осы баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген қызмет түрлерінің біреуін жүзеге асыратын болса, мұндай ұйым корпоративтік табыс салығы бойынша салықтық міндеттемені есептеу мақсатында, осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген қызмет түрін жүзеге асырудан алынған табыстар мен осы баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асырудан алынған табыстар бойынша бөлек есепке алуды жүргізеді.

 

2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 151-9-баппен толықтырылды (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)



151-9-бап. Қызметін «Павлодар» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу

2015.27.10. № 362-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



1. Осы Кодекстің 150-бабының 1-тармағы бірінші бөлігінің 5) тармақшасын қолдану мақсатында «Павлодар» арнайы экономикалық аймағының экономикалық қызмет түрлері:

1) мыналарды:



тамақ өнімдерін өндіруді;

сусындар шығаруды;

темекі бұйымдарын өндіруді;

жиһаздан басқа, ағаш және тығын бұйымдарын өндіруді; сабаннан және тоқуға арналған материалдардан жасалған бұйымдарды өндіруді;

жазылған материалдарды басып шығаруды және тыңдатып-көрсетуді;

жиһаздар шығаруды;

машиналар мен жабдықтарды жөндеуді және орнатуды қоспағанда, өңдеуші өнеркәсіп;

2) жобалау-сметалық құжаттама шегінде осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін тікелей арналған объектілерді салу және оларды пайдалануға беру болып табылады.

2015.27.10. № 362-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2016 ж 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Қызметін «Павлодар» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдардың салықтарды және жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемдерді есептеуі кезінде арнайы экономикалық аймақтың аумағында орналасқан және осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыруда пайдаланылатын салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер бойынша:

жер салығын есептеу кезінде тиісті мөлшерлемелерге 0 коэффициент;

уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шартында көрсетілген, бірақ «Павлодар» арнайы экономикалық аймағының жұмыс істеу мерзімінен аспайтын мерзімге жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу кезінде тиісті мөлшерлемелерге 0 коэффициент;

мүлікке салынатын салықты есептеу кезіңде салық салу объектілерінің орташа жылдық құнына 0 пайыз мөлшерлеме қолданылады.

2015.27.10. № 362-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



3. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, «Павлодар» арнайы экономикалық аймағының аумағында қызметiн жүзеге асыратын ұйым бюджетке төленуге жататын корпоративтік табыс салығының сомасын айқындау кезінде осы Кодекстің 139-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығының сомасын 100 пайызға азайтады.

Осы тармақтың ережелері осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген қызмет түрін жүзеге асырудан алынған (алынуға жататын) табыстар бойынша есептелген корпоративтік табыс салығына қолданылмайды.

Егер осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген қызмет түрін жүзеге асыратын ұйым, сондай-ақ осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген қызмет түрлерінің біреуін жүзеге асыратын болса, мұндай ұйым корпоративтік табыс салығы бойынша салықтық міндеттемені есептеу мақсатында, осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген қызмет түрін жүзеге асырудан алынған табыстар мен осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асырудан алынған табыстар бойынша бөлек есепке алуды жүргізеді.

 

2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 151-10-баппен толықтырылды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)



151-10-бап. Қызметiн «Тараз химиялық паркі» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу

2015.27.10. № 362-V ҚР


жүктеу 26,45 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   136




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау