Жалпы бірқалыпты тарылған жамбас: Жамбастың барлық өлшемдерінің 1,5- 2,0 см-ге бірқалыпты тарылуымен сипатталады(тік,көлденең,қиғаш).
Жай жалпақ жамбас: Жалпақ жамбас кезінде қалыпты қиғаш,көлденең өлшем кезінде тік өлшемдер тарылады.
Жай жалпақ жамбаста сегізкөз жамбасқа тереңірек енеді,бірақ сегізкөз қалпы мен қисығы өзгеріссіз болады.
Жалпақ мешелдік жамбас: Мешелмен ауру нәтижесінде,жеке сүйекті бөліктерді бөліп тұратын шеміршекті қабаттың сүйектенуі нәтижесінде омыртқаның жамбасқа қысылуы және бұлшықет-байлам аппаратының созылуы жамбас деформациясына әкеледі.
Мықын сүйек түрі өзгереді:әлсіз дамыған,жалпақ қанатты,сегізкөздің жамбасқа едәуір енуі салдарынан қырқалардың кеңейтілуі.
Distantia spinarum мен distantia cristarum арасындағы айырмашылық қалыпты жамбаспен салыстырғанда, кіші немесе тең болады.
Достарыңызбен бөлісу: |