Білу және түсіну 10 минут
Альфа-бөлшектер
-бөлшектердің табиғатын анықтау анағұрлым қиын болды, себебі олар магнит және электр өрістерінде нашар ауытқиды.
Бұл мәселені тыңғылықты етіп Резерфорд шешті. Ол магнит өрістеріндегі ауытқуына қарап, бөлшектің q зарядының оның m массасына қатынасын өлшеді. Ол шамамен протондікінен — сутегі атомының ядросынікінен — екі есе аз екен. Протон заряды элементар зарядқа тең, ал оның массасы массаның атомдық бірлігіне өте жақын. Олай болса -бөлшектің бір элементар зарядына массаның екі атомдық бірлігіне тең масса сәйкес келеді.
Бірақ -бөлшектің заряды мен оның массасы белгісіз болып қала берді. -бөлшектің не зарядын, не массасын өлшеу керек болды. Гейгер санағышы жасалған соң зарядты өлшеу оңай да сенімді болды. Жұқа терезе арқылы -бөлшектер санағыш ішіне өте алады және оны санағыш тіркейді.
Резерфорд -бөлшектер жолына Гейгер санағышын қойып, радиоактивті препараттардың белгілі бір уақыт ішінде шығарған бөлшектер санын өлшеді. Сонан соң санағыш орнына сезгіш электрометрмен қосылған металл цилиндр қойды (3-сурет).
Бөлшектер шығаратын көздің цилиндр ішінде сондай уақытта шығарған -бөлшектерінің зарядын Резерфорд электрометрмен өлшеді (көптеген заттардың радиоактивтігі уақыт өтуімен өзгермейді деуге болады). a-бөлшектердің қосынды зарядын және олардың біле отырып, Резерфорд сол шамалардың қатынасын, яғни бір -бөлшектің зарядын анықтады. Сол заряд элементар екі зарядқа тең болып шықты.
Сонымен, ол -бөлшектің элементар екі зарядының әрқайсысына массаның екі атомдық бірлігі сәйкес келетінін анықтады. Олай болса, элементар екі зарядқа массаның төрт атомдық бірлігі сәйкес келеді екен. Осындай заряд және осындай салыстырмалы атомдық масса гелий ядросында болады. Осыдан -бөлшек – гелий атомының ядросы деген қорытынды шығады.
Резерфорд қолы жеткен нәтижемен тоқтап қалмай, бұдан соң тағы тікелей тәжірибелермен радиоактивтік -ыдырауда гелий пайда болатынын дәлелдеді. Бірнеше күн бойы -бөлшектерді арнаулы резервуарға жинап, Резерфорд спектрлік анализдің жәрдемімен ыдыстың ішіне гелийдің жиналғандығына көз жеткізген (әрбір бөлшек екі электронды қармап алып, гелийдің атомына айналып отырған).
Достарыңызбен бөлісу: |