Сабақтың тақырыбы: Тұйық етістік. Сабақтың типі: білімді меңгерту Сабақтың әдісі: баяндау,сұрақ-жауап



жүктеу 3,95 Mb.
бет8/22
Дата10.02.2018
өлшемі3,95 Mb.
#9330
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   22

Керекті сөздер: сөзіме,өзіме,өзіммін,кезіңе.

Тапсырма: өздік есімдігін тауып,олардың қалай түрленіп тұрғанын анықта.

Өзім – түбірі өз, -ім тәуелдік ж. І жағы

Өзіме – түбірі өз, -ім тәуелдік ж. І жағы, -е барыс септігі

Өзіммін – түбірі өз, -ім тәуелдік ж. І жағы, -мін жіктік ж.

І жағы.


Мақал-мәтелдерді сөйлем мүшесіне талда.

1.Хас сараң өз затын өзінен қызғанады.

2.Қорқақ өзінің көлеңкесінен де қорқады.

Тәуелсіз Қазақстан

Отан деген не? Бұл сөзді әрқайсымыз күн сайын әлденеше рет естіп жүрміз. «Отан от басынан басталады» дейді халық.Отан дегеніміз - әр адамның туып өскен жері,туған-туысқандарымен,жақындарымен,бүкіл дос-жарандарымен бірге тұратын мекені.қазақ елінде тұратын барлық адамның Отаны – Қазақстан республикасы.1991 жылы 16-желтоқсан күні біздің еліміз Қазақстан тәуелсіз республика болып жарияланды.Осы күнге жету үшін қазақ халқы қаншама қиыншылықты бастан өткізді.Әр мемлекеттің дербес,тәуелсіз ел болуы – барша бақыттың бастауы.Елдің өз құқы өз қолында,ешкімге тәуелді емес.

Бұл күнде дүние жүзінің барлық елі Қазақстанды тәуелсіз мемлекет ретінде танып отыр.Осы бақыт әр қазақстандықтың жүрегіне нұр құяды.

«Қазақстан тарихынан».



Тапсырма: есімдіктердің түрлерін анықтап теріп жазу.

Жаңа материалды бекіту.

Логикалық диктант

1.Өздік есімдігіне қандай сөз жатады? (өз)

2.Өзісіздер есімдігі қандай тұлғада тұр? «түбірі өз, -і –тәу.жал. ІІІ жағы, -сіз –жік.жал. ІІ жағы (сыпайы түрі), -дер, -көп.жал.)

3. Өзіңмен қай септікте тұр? (көмектес септікте)

4. «Өз үйім - өлең төсегім» деген мақалда өздік есімдігі қай сөйлем мүшесінің қызметін атқарып тұр? (анықтауыш)

5. Өздік есімдігі бар мақал жаз.

Қорытынды. Кластер стратегиясы.
Үйге тапсырма. 1.Эссе стратегиясы «Менің қиялымдағы болашақ Қазақстан» (есімдіктері,әсіресе өздік есімдіктері бар).

2.Тест құрастыру.


Бағалау.


1-тапсырма: өздік есімдігін тауып,олардың қалай түрленіп тұрғанын анықта.

Өзім

Өзіме

Өзіммін

Мақал-мәтелдерді сөйлем мүшесіне талда.

1.Хас сараң өз затын өзінен қызғанады.

2.Қорқақ өзінің көлеңкесінен де қорқады.


2-тапсырма: есімдіктердің түрлерін анықтап теріп жазу.

Тәуелсіз Қазақстан

Отан деген не? Бұл сөзді әрқайсымыз күн сайын әлденеше рет естіп жүрміз. «Отан от басынан басталады» дейді халық.Отан дегеніміз - әр адамның туып өскен жері,туған-туысқандарымен,жақындарымен,бүкіл дос-жарандарымен бірге тұратын мекені.қазақ елінде тұратын барлық адамның Отаны – Қазақстан республикасы.1991 жылы 16-желтоқсан күні біздің еліміз Қазақстан тәуелсіз республика болып жарияланды.Осы күнге жету үшін қазақ халқы қаншама қиыншылықты бастан өткізді.Әр мемлекеттің дербес,тәуелсіз ел болуы – барша бақыттың бастауы.Елдің өз құқы өз қолында,ешкімге тәуелді емес.

Бұл күнде дүние жүзінің барлық елі Қазақстанды тәуелсіз мемлекет ретінде танып отыр.Осы бақыт әр қазақстандықтың жүрегіне нұр құяды.

«Қазақстан тарихынан».


3-тапсырма

Логикалық диктант

1.Өздік есімдігіне қандай сөз жатады?

2.Өзісіздер есімдігі қандай тұлғада тұр?

3. Өзіңмен қай септікте тұр?

4. «Өз үйім - өлең төсегім» деген мақалда өздік есімдігі қай сөйлем мүшесінің қызметін атқарып тұр?

5. Өздік есімдігі бар мақал жаз.

САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»

________________

Оқу ісінің меңгерушісі

«______» ________20___ ж

Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 7-сынып

Сабақтың тақырыбы: Сұрау есімдіктерінің түрленуі.

Сабақтың мақсаты. білімділік – сұрау есімдігі туралы білімдерін тереңдету,оның түрленуін үйрету,сөйлемдегі қызметі мен мағынасына қарай түрленуін білуге машықтандыру; дамытушылық – оқушылардың ой-өрісін,сана-сезімін,белсенді ойлау дағдыларын жандандырып,сыни тұрғысынан ойлау материалдарын қолдана отырып қызығушылығын арттыру,білімін дамыту,сауаттылыққа баулу,сабаққа ынталандыру; тәрбиелік – ұқыптылыққа, шапшаңдыққа,көркем жазуға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: кестелер (интерактивті тақтада),топтастыру әдісінің мысалдары жазылған плакаттар,үлестірмелі қағаздар,слайдтар.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың типі: жаңа білім беру

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру,сұрақ-жауап,топтастыру.

Пәнаралық байланыс: әдебиет

Сабақтың барысы.

Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың дұрыс отырғызып түгелдеу.Оқу құралдарын алдырып.назарларын сабаққа аудару.

Үй жұмысы. Үйге берілген 99-жаттығуды талабына сай тіркесіп тұрған сөзімен бірге оқытып,олардың қай септікте тұрғанын айтқызу.Сұрақ-жауап әдісі арқылы үй жұмысын пысықтау.

1.Сілтеу есімдігі қалай түрленеді?

2.Ол қалай тәуелденеді? Мысал келтір.

3.Сілтеу есімдігіне мысал келтіріп,оны септе.

4.Септелудегі ерекшелігін түсіндір.

5.Мысалдар келтіру.

1-слайд (Елордамыз Астана қаласының көрінісі бойынша сілтеу есімдігін қатыстырып сөйлем құрату).

Жауаптар алып,жаңа сабаққа назар аудару.



Жаңа сабақ.

6-сыныптан өткен сұрау есімдігі туралы білімдерін еске түсіру.Мысалдар келтіру арқылы жаңа сабақты бастау.

2-слайд (бірнеше мысалдар)

Сұрау есімдігінің түрленуі туралы оқулықта келтірілген кестеге назарларын аудару.Оның тәуелдену,септелу,жіктелу үлгісіне қарап ерекшелігін түсіндіру.Мысалдармен дәлелдеу.Септелген кездегі түбірлері сақталып,жалғаулары да өзгеріссіз жалғанады,тек барыс септігінің жалғауы қайсы сұрау есімдігіне –ған түрінде жалғанып тұр.

Сұрау есімдіктерінің адамға қатыстылары ғана І,ІІ, жақтарда жіктеледі.Себебі І жәнеІІ жақ,яғни айтушы (мен,біз) және тыңдаушы (сен,сіз,сендер) адам ғана болады.ІІІ жақ адамнан басқа бөгде затқа қатысты бола береді.

Көне ескерткіштерде сұрау есімдіктері септеліп жұмыс алғандығы туралы айту.

Жаттығу жұмыстарын талдау арқылы оқушылардың білімдерін тереңдету.

100-жаттығу.Мәтінді оқып,құрамындағы сұрау есімдіктерінің мағыналық ерекшеліктеріне және қолданысына назар аударту.Мәтіннен сұрау есімдігін тауып,оның қалай түрленіп тұрғанын айту.

(қайда,қалай,кім сұрау есімдіктері атау септігінде тұр.)

101-жаттығу.Жаңылтпаштарды айтып үйрену.Құрамындағы сұрау есімдіктерінің мағынасын және сөйлемде қандай қызмет атқарып тұрғанын түсіндіру.



Неше сұрау есімдігі атау септігінде тұр,нем сұрау есімдігі І жақта жіктеліп тұр.

102-жаттығу. Берілген сұрау есімдіктерін қатыстырып сөйлем құрап жазу.



Кімнің,қайсымыз,нешеуі,кімдермен,нешеуден,кімсіздер,қандаймыз сұрау есімдіктерінің түрлену жолдарын түсіндіру.

Деңгейлік тапсырма беру арқылы оқушының қызығушылығын арттыру,сабаққа ынталандыру,білім деңгейін анықтау.



Сабақты әдебиет пәнісен байланыстыру.Дулат Бабатайұлының «Аягөз,қайда барасың?!» атты өлеңінен сұрау есімдігін тауып,оның түрлену жолын түсіндіру.Төле бидің шешендік сөздерінен сұрау есімдігін табу.оны талдау.
Сабақты қорыту.

Сабақты топтастыру әдісі арқылы,сұрақ-жауап әдісі арқылы қорыту.

3-слайд (Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың суреті арқылы жаңа сабаққа қатысты сөйлемдер құрату).
Есімдік түрлерін топтастыру

Мен,сол,осынау,нешеу.Біз,сіздер,қанша.Сіз,ол,,барлық,өз,қайсы.Сендер,қайдан,кім не,сен,бұл,анау,нешеумін,кіміміз, олар т.б.




Сабақты қорыту кезіндегі сұрақтар.

1.Сұрау есімдігі қалай түрленеді?

2.Сұрау есімдігіне мысал келтіріп,оны жікте.

3.Қайсы сұрау есімдігін септе және ондағы өзгешелікті түсіндір.



Үйге тапсырма: 103,104-жаттығулар.Берілген талабын түсіндіру.Сұрау есімдігі туралы ереже,кестелерді оқу,мысалдар келтіру.

Оқушылардың білімін бағалау.

САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»

________________

Оқу ісінің меңгерушісі

«______» ________20___ ж

Пәні: қазақ тілі

Күні: 15.11.2012

Сыныбы: 7-сынып

Сабақтың тақырыбы:

Сабақтың мақсаты:

Білімділік – белгісіздік есімдігі туралы білімдерін тереңдету, оның түрленуін үйрету, сөйлемдегі қызметі мен мағынасына қарай түрленуін білуге машықтандыру;

Дамытушылық – оқушылардың ой-өрісін,сана-сезімін, белсенді ойлау дағдыларын жандандырып, қызығушылығын арттыру, білімін дамыту, сауаттылыққа баулу, сабаққа ынталандыру;

Тәрбиелік – ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, көркем жазуға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: кестелер, топтастыру әдісінің мысалдары жазылған плакаттар, үлестірмелі қағаздар

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, топтастыру.

Пәнаралық байланыс: әдебиет

Сабақтың барысы.

Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың дұрыс отырғызып түгелдеу.Оқу құралдарын алдырып.назарларын сабаққа аудару.
Үй жұмысын тексеру. Үйге берілген 105-жаттығуды талабына сай тіркесіп тұрған сөзімен бірге оқытып,олардың қай септікте тұрғанын айтқызу.Сұрақ-жауап әдісі арқылы үй жұмысын пысықтау.

1.Өздік есімдігі қалай түрленеді?

2.Ол қалай тәуелденеді? Мысал келтір.

3.Өздік есімдігіне мысал келтіріп,оны септе.

4.Септелудегі ерекшелігін түсіндір.

5.Мысалдар келтіру.

Жауаптар алып, жаңа сабаққа назар аудару.
Жаңа сабақ.

Белгісіздік есімдіктері: біреу, кейбіреу, қайсыбіреу, бірдеме, әрне, кімде-кім, әлдекім, әркім, әлдене. Олар зат есім орнына жұмсалып, зат есімдерше түрленеді.

Белгісіздік есімдіктері

Атау септігінде тұрып Барыс, табыс, жатыс, Ілік септігінде тұрып



Бастауыш. шығыс, көмектес Анықтауыш

Септіктерінде тұрып,



Толықтауыш.

Белгісіздік есімдіктерінің тәуелденуі

Тәуелдіктің жақтары

біреу

бірдеме

әлдене

І. Менің

біздің


Біреуім

біреуіміз



Бірдемем

бірдемеміз



Әлденем

әлденеміз



ІІ. Сенің

Сіздің


Сендірдің

Сіздердің



Біреуің

Біреуіңіз

Біреулерің

біреулеріңіз



Бірдемең

Бірдемеңіз

Бірдемелерің

бірдемелеріңіз



Әлденең

Әлденеңіз

Әлденелерің

Әлденелеріңіз



ІІІ. Оның

Олардың


Біреуі

біреулері



Бірдемесі

бірдемелері



Әлденесі

әлденелері



Белгісіздік есімдіктерінің септелуі

Септік

біреу

кейбіреу

бірдеме

әркім

әлдекім

А.

І.

Б.

Т.

Ж.

Ш.

К.

Біреу

Біреудің

Біреуге

Біреуді

Біреуде

Біреуден

біреумен


Кейбіреу

Кейбіреудің

Кейбіреуге

Кейбіреуді

Кейбіреуде

Кейбіреуден

кейбіреумен

Бірдеме

Бірдеменің

Бірдемеге

Бірдемені

Бірдемеде

Бірдемеден

Бірдемемен


Әркім

Әркімнің

Әркімге

Әркімді

Әркімде

Әркімнен

әркіммен

Әлдекім

Әлдекімнің

Әлдекімге

Әлдекімді

Әлдекімде

Әлдекімнен

әлдекіммен

жүктеу 3,95 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   22




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау