СУРЕТТІ САҚТАУ:
Сақтау бұйрығын орындау үшін пернелердің қандай тіркемесін қолданылатынын естеріңе түсіріңдер. CTRL+S пернелер тіркемесімен
Жұмыс үстелінде «5а сынып» деген бума құрыңдар
Смайликтің суретін салыңдар
Paint → Қалай сақтау бұйрығын орындаңдар
«Бірінші сурет» деген атаумен әртүрлі пішімді таңдап, бірнеше рет сақтаңдар.
Графикалық редактордың терезесін жиырыңдар
«5а сынып» бумасының терезесінде кесте түрінде көрсетуді орындаңдар (Қосымша - Кесте батырмасы)
Алынған файлдардың қасиеттерін қарап шығыңдар. Файлдардың мөлшеріне көңіл бөліңдер
САҚТАЛҒАН СУРЕТТІ АШУ:
Суретті ашудың бірнеше мүмкіндігі бар
Егер суретпен жақында жұмыс істеген болса, онда оны Соңғы бейнелер (Последние изображения) тізімінен қарауға болады
Ашу (Открыть) бұйрығын таңдаңдар
Жиі орындайтын бұйрықтарды Жылдам қол жеткізу тақтасына шығарып қоюға болдаы. Ол үшін бұйрықтың атын тышқанның оң жақ батырмасымен шертіп, Жылдам қол жеткізу тақтасына қосу бұйрығын орындау керек.
Жылдам қол жеткізу тақтасына Ашу, Басып шығару бұйрықтарының батырмаларына қосыңдар.
Тақтаны жолақтың астына орналастырыңдар.
Тақтаның мәзірін пайдаланып, өзгертулерден бас тартыңдар.
Түс таңдау үшін Түстер тобындағы Палитра қолданылады.
(Цвет1) Қылқаламның түсін, сызықтың, фигуралар контурының түсін анықтайды.
(Цвет2) Фонның түсін, фигуралардың ішін толтыру үшін және өшіргіш үшін қолданады.
Суретті тышқанның сол жақ, оң жақ батырмасын да жібермей ұстап тұрып салуға болады.
ТҮЙІН:
Графикалық ақпаратпен жұмыс істеу үшін арнайы программалар – графикалық редакторлар қолданылады.
Растрлық бейнелерді Paint Стандарттық программасында өңдеуге болады.
Растрлық бейнелердің ең кішкентай элементі – пиксель.
Палитрада 20 түс көрсетіледі. Түстерді өзгерту батырмасын шертіп тағы да 10 түс қосуға болады.
ІІІ. Компьютердегі тәжірибелік жұмыс
А деңгейі
Жаңа сурет салыңдар.
Сурет салу аймағындағы маркерлерді жылжыта отырып, суреттің мөлшерін 10*15 см етіп алыңдар.
Белсенді түстерді таңдаңдар.
Қылқаламды, Қарындаш сайманын, Сызық және Сопақ (Овал) фигураларын пайдаланып сурет салыңдар (77-сурет). Бояу үшін контурлардың «тесіктері» болмауы керек екеніне көңіл аударыңдар. Ұсақ детальдармен жұмыс жасау үшін Масштаб сайманын қолданыңдар.
Суретті үлгі бойынша бояңдар. Аймақтардың контурларын бояп көріңдер. 1-тәсіо – алдымен қара түске, одан кейін қажетті түске бояңдар. 2-тәсіл – қажетті түсті – фонның, ал қараны Қылқаламның түсі етіп алып, боялған өшіргішті пайдаланып, түсті өзгертіңдер.
Суретті «5а сыныбы» бумасында Ойыншық.bmp деген атпен сақтаңдар.
В деңгейі
Қар бүршіктерінің бейнесін қосыңдар (78-сурет).
С деңгейі
Суретке мәтін қосыңдар (79-сурет).
ІV. Сабақты бекіту
Графикалық деректерді енгізу мен шығару үшін қандай құрылғылар қолданылады?
Графикалық редактор деген не?
Растрлық графиканың кемшілігін атаңдар.
Растрлық графиканың артықшылығы неде?
Қандай тәсілдермен файлды ашуға болады?
Қандай тәсілдермен файлды құруға болады?
Бейненің қандай пішімінің сапасы нашар болады?
Сурет салу мен толтыру үшін түстерді қалай таңдаймыз?
Қызыл, жасыл және сары түстердің бірдей көлемін араластырсақ қандай түс шығады?
*Түсті анықтағанда қара және ақ түстерді қалай алуға болады?
*RGB (0,250,0) кодына қандай түс сәйкес келеді?
*Қылқаламды қалай баптауға болады?
*Сұр түспен боялған контурсыз эллипстің суретін қалай саламыз?
V. Үйге тапсырма: §14. Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар
VІ. Бағалау
Ақтөбе облысы
Шалқар ауданы
Достарыңызбен бөлісу: |