- Сабақтың тақырыбы: «Қоян» оригамиі
- Пән мұғалімі: Сатыбалдиев Р.А
- Сабақтың мақсат-міндеттері:
- Білімділігі: қағазбен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру. Оригами туралы түсінік қалыптастыру.
- Тәрбиелік: Шаршы тәрізді қағазды бүктеу әдіс-тәсілдерін меңгерту.
- Дамытушылық : Қоянды бүктеп, безендіру барысында эстетикалық талғамдарын дамыту.
- Сабаққа қажетті материалдар: түсті қағаздар, қатырма қағаз, қайшы, қол сүртетін сүлгі, желім және қылқалам.
- Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері (оригами туралы түсінік), дүниетану (қоян, оның тіршілігі), математика (геометриялық пішіндер), тіл дамыту (жұмбақ шешу, ой ашар).
- 1. Сәлемдесу 2. – Балалар, біздің бүгінгі сабағымыз ерекше. Себебі, электронды оқулықпен және интерактивті тақтамен жұмыс жасаймыз. Электронды оқулықтағы кейіпкер – гномдар бізге не жасайтынымызды айтып, оны жасауға көмектеседі. (1-сыныпқа арналған «Көркем еңбек» электронды оқулығының 2- бетін ашу).
- Қағаздың елі – Қытай болып табылады. Қытай елінде II ғ. пайда болды. Бірақ «бумага» деген сөз итальян сөзінен шыққан. Бірақ бұл сөз «Хлопон» дегенді білдіреді. Италияда қағаз XII ғ. шыққан. Қытай елі қағаз шығаруды өте құпия ұстаған. Қағазды ойлап шығарған адам – Цай – Лунь. Қағаздың тарихы өте тереңге кетеді. Алғашқы адамдар жазу жаза алмаған, оқи алмаған, тіпті дұрыс сөйлей алмаған. Бірақ адамдар өзара сөйлесу амалына тасты пайдаланған. Ол үшін тасқа түрлі суреттер салу арқылы сөйлескен. Бірақ тасқа сурет салып сөйлесу қиынға түсті, енді адамдар жаңа амалдар іздестіре бастады. Тақтайшаға жазуды бастады, Ресейде ақ қайың қабығына жазды. Көп жылдар өткен соң Пергам патшалығында былғары – пергамент пайда болды. Пергам хандығында бұл материалдардан қағаз шығаруға болады деген ойға келді. Бірақ бұл материалдар өте қымбат тұрды. Пергаментті тек бай адамдар ғана қолданды. Еуропада қағаз XII ғ. шықты, Ресей 14-15 ғ. шықты. Қағаз тарихына жасаған қызықты саяхатымызды аяқтай келе, «Оригами» тақырыбына тоқталамыз.
- Оригами – бұл жапон халқының өнері. Оригами сөзін жапон тілінен аударғанда «қағазды бүктеу» дегенді білдіреді. Кез келген пішінді бүктеп жасау үшін бір парақ қағаз ғана қажет. Оригами өнерімен айналысатын адамдарды оригамист деп атайды. Оригамистер көбінесе жануарлардың пішінін бүктеп жасаған.
- 1. Хабарлау – Балалар, алдарыңдағы үш жұмыстың бірін таңдайық. Ол үшін гномдардың бізге әзірлеген жұмбағын тыңдайық. (ЭО-тағы жұмбақты тыңдатып, жауабын оқушылар табады). – Жарайсыңдар, ол қоян болды. Олай болса, таңдауымыз «Қоян» оригамиіне түсті.
- 2. Ой ашар (Интерактивті тақта кітапханасынан қоянды көрсету).
- 3. Жаңа түсінік. Миға шабуыл. – Оригами туралы не білеміз? – Оригами деген не? – Оригами қай елде шықты?
- - Балалар, гном айтқан құрал-жабдықтарымыз бар ма? Тағы бір түгендеп жіберейік:түсті қағаздар, қатырма қағаз, қайшы, қол сүртетін сүлгі, желім және қылқалам. Құрал-жабдықтарымызды парта бетіне реттеп қоямыз. Олар жұмысқа кедергі келтірмеуі керек.
- 4. Қажетті материалды дайындау. –Сонымен, қоянды бүктеп жасау үшін не қажет? Тыңдайық
- – Қоян және оның тіршілігі туралы не айтар едіңдер? (Оқушылардың мүмкін жауаптарын тыңдап, қосымша мәлімет беремін).
- Қоянның денесі ұзын, иілгіш, қарғуға, секіруге икемді. Құйрығы қысқа. Артқы аяқтары күшті, ұзын, алдыңғы аяқтары қысқа. Ол өз жауларынан жүйріктігі арқылы құтылады. Көзі маңдайына қарай жоғары орналасқан, сондықтан да мойнын бұрмай-ақ маңайын жақсы көреді.
- 5. Түсіндіру
- – Қоянды қалай жасайтынымызды гном түсіндіреді. Мұқият тыңдайық. (ЭО «Қағазбен жұмыс», «Қоян» оригамиі. Кейіпкер – гном жұмыс алгоритмін, яғни жұмыс істеу ретімен таныстырады).
- 6. Қауіпсіздік ережесі
- – Қайшымен жұмыс істеу қауіпсіздігін еске түсірейік. (Суреттер бойынша қауіпсіздік ережесін қайталаймыз).
- 7. Сергіту сәті
- А. Байғабылованың «Қоян» өлеңін оқу. Ұзын құлақ, сақ құлақ, Секіріп жүр шапқылап. Тұрағы – орманды алқап, Шалғынды жасыл аймақ.
- IІI. Оқушылардың сарамандық жұмысы
- Оқушылар электронды оқулықтағы түсіндіру негізінде жұмыс жасайды. Мұғалім жұмыс жасауда қиналған балаларға барып көмек көрсетіп, нұсқау беріп отырады. (ЭО-ғы плеерді мүмкіндігінше пайдалану). Жұмыс аяқталған соң, балалар кімнің жұмысы әдемі болды, кімде кемшілік бар, оны қалай түзетуге болатынын айтады. Басқа жұмыстармен салыстырады.
- IV . Қорытындылау
- – Балалар, біз бүгін не үйрендік? – ... – Не білдік?
- V. Бағалау
- Балалар өз жолдастарының еңбегіне баға береді. Әдемі жасалған жұмыстардан көрме ұйымдастыру.
- VІ. Актуализация
- – Бүгінгі сабақ саған ұнады ма, әлде ұнамады ма? (пікірлерін тыңдау). Ұнаса несімен ұнады?
- Балалар келесі
- оригамилерді өздерін жасап
- көрулеріне болады
Достарыңызбен бөлісу: |