35 мин
|
Ой қозғау Есіңе түсір!
Дәптеріңе мысалдар келтір:
а) натурал сандарға;
ә) натурал сандарды қолдануға;
б) өлшем бірліктеріне
II кезең
Жаңа сабақты меңгерту
Жұппен жұмыс. Меңгеру
Қандай да бір нәрсені есептеу үшін 1,2,3,4 және т.б. сандар қолданылатыны белгілі. Санау үшін пайдаланылатын сандар натурал сандар деп аталады. 1 саны – ең кіші натурал сан.
Өсу ретімен жазылған 1,2,3,4,5,... натурал сандар натурал қатарды немесе натурал сандар қатарын құрайды. Өсу ретімен жазылған 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15,... натурал сандар натурал қатарды немесе натурал сандар қатарын құрайды.
1 – саны натурал қатардың ең кіші саны, ал ең үлкен сан болмайды.
0 натурал санына жатпайды.
Сандар 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 белгілері арқылы жазылады.
Натурал сандарды жазу үшін қолданылатын белгілер цифрлар деп аталады. Жұп, тақ цифрлар болып бөлінеді
Жұп сандар деп қандай сандарды айтамыз?
Жұп сандар дегеніміз 2-ге қалдықсыз бөлінетін сандар.
Жұп сандарға: 2, 4,6,8,10,12,14,16,18,20...... деген сандар жатады.
Тақ сандар деп қандай сандарды айтамыз?
Тақ сандар дегеніміз 2-ге қалдықпен бөлінетін сандар.
Тақ сандарға: 1,3,5,7,9,11,13,15,17,19,21.......
Әрбір натурал сан разрядтарға бөлінеді. Разрядтар оңнан солға қарай бірлік, ондық, жүздік және т.с.с. оқылады
Санның жазылуындағы алғашқы үш разряд бір топқа біріктіріліп, бірліктер класы деп аталады. Бұл класс бірліктер, ондықтар, жүздіктерден тұрады.
Төртінші, бесінші, алтыншы разрядтар мыңдықтар класын құрайды. Оған мың, он мың, жүз мыңдардың бірліктері кіреді.
Кестеде көрсетілгендей, мыңдықтар класынан кейін миллиондар класы, одан кейін миллиардтар класы және т.б. жалғаса береді.
Есіңе сақта!
Цифр – бұл таңба. Олар: 0, 1, 2, 3, 5, 6, 7, 8, 9.
Цифрлар тек таңба болғандықтан, оларды «жұп» және «тақ» деген ұғымдарға бөлуге болмайды. Бірақ, цифрлардың көмегімен сандар жазылады.
Заттарды немесе ұғымдарды санау үшін қолданылатын сандарды натурал сандар деп атайды.
Егер натурал сандарды бірінен соң бірін жазса, онда натурал сандар қатары шығады. Оның шексіз екенін көрсету үшін, соңына көп нүкте қойылады:
1, 2, 3, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, ...100, 101... 1000, 1001, ...
Егер натурал сандар қатарынан кез келген бірнеше сандарды ретімен жазсақ, онда ол натурал сандар қатарының кесіндісі болады.
8, 9, 10, 11, 12, 13 – бұл натурал сандар қатарының кесіндісі.
8, 9, 10, 12, 11, 13 – бұл натурал сандар қатарының кесіндісі емес, себебі сандар ретімен тұрған жоқ.
8, 9, 10, 12,13 – бұл натурал сандар қатарының кесіндісі емес, себебі 11 саны жоқ.
Натурал сандардың қасиеттері:
-натурал сандар қатары 1-ден басталады;
-натурал сандар қатарының әрбір келесі мүшесі алдыңғысынан 1-ге артық;
-натурал сандар қатары шексіз, себебі оның «ең соңғы мүшесі» деп саналған кез келген үлкен натурал санның өзіне бірлікті қосу арқылы келесі мүшесін алуға болады
Сыни тұрғыдан талдау (жұппен жұмыс)
Кері байланыс.
тапсырма.
Берілген қатардағы натурал сандар қатарын көрсетіңіз:
1, 3, 5, 7…
0, 1, 2, 3…
1, 2, 3, 4…
Кему ретімен орналасқан сандарды көрсетіңіз:
155; 99; 74; 50; 33
15; 28; 61; 88; 129
297; 102; 5; 75; 20
2-тапсырма
а) сегіз жүз тоғыз;
б) бес мың екі жүз он бір;
в) жиырма екі миллион үш мың сегіз;
г) жиырма сегіз миллион он бес мың үш жүз екі;
д) бес жүз жеті миллион сексен мың;
е) бір миллиард тоғыз миллион тоғыз мың;
ж) төрт жүз жиырма үш миллиард үш жүз қырық миллион алты жүз мың тоғыз жүз сексен;
з) елу екі миллиард сегіз мың он екі;
и) жеті жүз жетпіс жеті миллиард алты жүз сегіз мың;
к) тоғыз миллиард елу бес мың.
3-тапсырма
Екі таңбалы 5 тақ сан жаз
Үш таңбалы 5 жұп сан жаз
Сергіту сәті.
Мен қазір тақ сан айтқанда бәріміз отырамыз, ал жұп сан айтқанда секіреміз
Логикалық сұрақтар:
Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг болады, ал егер екі аяғымен тұрса, оның салмағы қанша? (3кг)
Үстел беті төртбұрышты, оның бір бұрышын арамен кесіп алсақ неше бұрыш қалады? 5 бұрыш
Жұмбақ:
Нәрселерді санағанда,
Керек ол бізге ауадай.
Айтыңдаршы бұл қандай сан
Жан-жағыңа қарамай. Натурал сан
Қосындысын табыңыз:
60 000 + 7 000 + 300 + 50 +9;
б) 4 000 000 + 70 000 + 8000 +600 +5;
в) 900 000 + 3 000 + 700 + 20;
г) 8000 + 600 + 1.
Қорытынды
Натурал сандар не үшін қолданылады?
Ең кіші натурал сан неше?
Жұп, тақ сан дегеніміз не?
«+», «-» амалдарының компоненттерін ата;
«*», «:» амалдарының компоненттерін ата.
Пән: Математика
|
Сынып: 5
|
Бөлім: Натурал сандар
|
Сабақ тақырыбы: Натурал сандарды координаталық сәуледе кескіндеу
|
Оқыту мақсаттары:
5.1.1.1 Натурал сандар жиыны ұғымын меңгеру
5.1.1.2 Тақ және жұп сандар ұғымын меңгеру
|
Жетістік критерийі :
Натурал сандардың қасиеттерін біледі;
Тақ және жұп сандарды ажырата алады.
|
11,12,13,14,15,16,17,18,19,20, 312,474,558,327,441,777 сандарды жұп және тақ цифрлармен аяқталуына қарай топтастыр
Сандарды жаз
|
Сандарды разрядтық қосылғыштардың қосындысы түрінде жаз
|
4 мыңдық, 5 ондық, 7 бірлік
|
|
30 мыңдық, 4 жүздік, 2 бірлік
|
|
2 жүздік
|
|
7 жүздік, 5 ондық, 6 бірлік
|
|
9 жүздік
|
|
3 897 – нің алдындағы сан.
|
|
9 389 – дан кейінгі сан
|
|
7 мыңдық 9 жүздік, 5 бірлік
|
|
3 мыңдық
|
|
2 мыңдық 5 жүздік
|
|
|
|
МЖ:
Таратпа қағаздар
Жұмыс парақшалары
Сызғыш, өшіргіш, қарындаш, маркер
презентация
Таратпа материал
Таратпа материал
|