Сабақтың тақырыбы: Жобаларды ұйымдастыру Сабақтың мақсаты


Сабақта қолданылатын әдіс – тәсілдер



жүктеу 33,26 Kb.
бет2/2
Дата04.01.2022
өлшемі33,26 Kb.
#31444
түріСабақ
1   2
04.09.2020

Сабақта қолданылатын әдіс – тәсілдер: сұрақ-жауап

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: оқулық, интербелсенді тақта

Сабақтың өту барысы

Реттік



Сабақ өту кезеңі

Мазмұны

1

Ұйымдастыру кезеңі


Сәлемдесу. Білім алушыларды түгендеу.

2

Өткен сабақтар білім деңгейлерін тексеру (үй тапсырмасын сұрау)

Кіріспе. Өтілген сабақты қайталу, ой қозғау, әңгімелеу, сұрақ-жауап арқылы бекіту.


3

Жаңа сабақты меңгерту (материалды) түсіндіру

Жоба. Жобаның белгілері. Жобларды ұйымдастыру. Жобаға қатысушылар

4

Өтілген сабақты (материалды) бекіту

Кестені толтыру арқылы студенттердің білімін тексеру, толықтыру

Білемін

Білгім келеді

Үйрендім













5

Үйге тапсырма


І-тапсырмма. Лекцияны дәптерге жазу.

ІІ-тапсырма. 1. Жобаларды басқару анықтамасы.

2. Жоба құрылымы анықтамасы.

3. Жобаларды басқарудың көрсеткіштері

(жауап фото түрінде қабылданады)


6

Сабақ/оқу қортындысын жасау, бағалау

Білімгердің дайындығына, белсенділігіне қарай бағалау.

Оқытушы: Шылмырзаева Салтанат




  1. Білім алушыларды ұйымдастыру

Сәлемдесу. Оқу құралдарын дайындау. Топты түгендеу

  1. Үй тапсырмасын сұрау

Кіріспе. Өтілген сабақты қайталу, ой қозғау, әңгімелеу, сұрақ-жауап

арқылы бекіту.




  1. Жаңа тақырыпты меңгерту

Идея болған кезден бастап, жоба да болады. Жобалар идеяларды жүзеге асырады. Ежелгі Египетте пирамидаларды тұрғызу, антикалық Грекияда әліпбиді немесе А.С. Поповтың радионы ойлап табуы – мәнді ұлы оқиғалар, ойлаудың немесе физиологияның мәнді жұмсауы және инновациялылығы – табысты тарихи жобалар деп атауға болады. Автотрассалар құрылысы, Арал теңізінің қайта жандануы, «ЭКСПО» көрмесін өткізу, сайлау компаниясын ұйымдастыру, жеке үй құрылысы – мазмұны әртүрлі болғанына қарамастан, мұның барлығы жобалар. Кәсіпорындарда жобалар ретінде бәрінен бұрын клиенттердің – ірі, инновациялық және ерекше мәні бар тапсырыстары жарияланады. Алайда жобалық сипатқа ішкі инновациялық бастамалар да ие болуы мүмкін, мысалы, желілік пайдалануға арналған жаңа бағдарламалар енгізу және интернет ресурстарына PR-бөлімінің назарын аударту.

Жоба белгілері:

  • міндетті кешенді, инновациялы, бірегей орнату;

  • күнделікті өндірістік үдерістерден шектеу;

  • тұжырымдалған мақсат;

  • ресурстық базасы: қаржылық және кадрлық шектеулер;

  • уақыт шектері: анықталған бастау және аяқталудың жоспарланған уақыты;

  • бірнеше мамандардың немесе бөлімдердің пәнаралық ынтымақтастығы;

  • жеке ұйымдық нысан;

  • тапсырыс беруші – сыртқы немесе ішкі (кәсіпорын ішінен);

  • бірегей соңғы нәтиже (өнім) және оған қойылатын белгілі талаптар. Бұл белгілер топтамасы әмбебеп, өйткені ол кез келген жобаға тиесілі.

Жобаларды ұйымдастыруда келесіні басшылыққа алу қажет.

Бірінші. Жобалар өз мәнісі бойынша кешенді. Оларды іске асыру үдерісіне сыртқы ортаның әртүрлі жағдайлары әсер етеді.

Екінші. Жоба міндеті, әдетте, топпен шешіледі. Адамдар әртүрлі аймақтардың кәсіби мамандары болып қана қоймай, олардың арасында дұрыс іскерлік қатынас орнауы керек. Сондықтанда, психологиялық басқарудың топтағы маңыздылығын іске асыруды соңғы кезекке қалдырмау керек.

Үшінші. Шешу жолдары жиі айқын болып табылмайды және алдын-ала жоспарланбайды. Жоба мақсаты, әдетте, бастапқыда жалпы түрде көрінеді.

Төртінші. Жобалар әдеттегі кәсіби қызмет шеңберінен тыс жатады. Сондықтанда, жобалық жұмыс қызметкерлерден күнделікті және әдеттегі кәсіби қызметтен гөрі көп қажырлылықты және креативтілікті талап етеді.

Бесінші. Жобалар, әдетте, едәуір инвестициямен байланысты, көп шығынды талап етеді, тіпті бастапқы шығындар сметада болжанғаннан да өте жоғары болуы ғажайып емес. Сонымен қатар нәтижесі де жиі болжалғандай болып шықпайды.

Кез келген жобаны іске асыру үдерісі белгілі бір уақыт аралығында өтеді және бірінен соң бірі өтетін сатылар немесе кезеңдер қатарынан тұрады. Жиынтығында олар жобаның өмірлік циклін – жобаны’ пайда болу сәті мен оны’ жабылу сәті аралыындаы кезеңін құрайды.



Жобаларды ұйымдастыру - бұл жобаның бастапқы сатысы, бастауы. Жобаны іске қосу туралы шешімді қабылдау үшін қажетті алдын-ала жұмыстар жүргізіледі: ұйымның ағымдағы жағдайы туралы мәліметтерді жинау, оларды талдау, жаңа жобаны іске қосу қажеттігі, оқиға дамуының ықтимал сценарийлері бағаланады, жобаның жалпы тұжырымы бекітіледі.

Жобаны жоспарлау немесе оны әзірлеу сатысы. Назар қабылданған жоба тұжырымының және оның бөлек аспектілерінің дамуына аударылады. Жұмыстарды басқару және жүзеге асыру үдерісі фазаларға бөлінеді, жұмыстарды орындаудың егжей-тегжейлі жоспары әзірленіп, бекітіледі, қаржылық, адами және техникалық ресурстар бөлінеді, жобаны орындау үшін жауапты тұлғалар тағайындалады. Жоспарлау жобаны іске асыру сатысында да орын алады

Жобаны жүзеге асыру – бұл жобаны іске асыру, жүзеге асыру сатысы. Жоспарланған жұмыстар орындалады, ресурстарды және жұмыстарды тиімді басқару ұйымдастырылады.

Жобаның мониторингі және бақылауы. Бақылау сатысы. Алдыңғы сатымен қатар жүзеге асырылады. Жоба басқарудың тиісті құралдарының көмегімен бақылауда болады. Жобаны іске асыру бойынша ағымдағы мәліметтер жоспарланған мәліметтермен салыстырылады. Жоспарға және жобаны орындау барысына түзетулер енгізу жөнінде шешімдер қабылданады.

Жобаны аяқтау сатысының мазмұны қойылған мақсаттарға түпкілікті қол жеткізу, жобаның алынған нәтижесін (өнімді, қызметті) тапсырыс беруші талаптарына сәйкестігін сынақ арқылы тексеру және оны тапсырыс берушіге табыстау, қорытындылар жасау, сабақ алу, қорытынды құжаттаманы дайындау және жобаны жабу болып табылады.

Жобаның тікелей қатысушылары. Жобаға тікелей қатысатын тұлғалар нақты белгіленген рольдерді атқарады. , кез келген жобаның тапсырыс берушісі болады. Бұл тарап жобаның жүзеге асырылуына және оның мақсаттарына қол жеткізілуіне мүдделі. Жоба нәтижелерінің болашақ иесі. Тапсырыс беруші жоба нәтижелеріне қойылатын негізгі талаптарды анықтайды, өз қаражаты немесе тартылатын қаржы есебінен жобаның қаржыландырылуын қамтамасыз етеді, жобаның негізгі орындаушыларымен келісім-шарттар жасай алады.

Жобаны іске асыратын ұйым жобаның иесі болып табылады. Ол өз ортасынан жобаның жетекшісін (кейде – демеуші деп атайды) тағайындайды. Әдетте, мұндай қызметкер ұйымның жоғарғы буынының басшысы болып табылады. Оның міндеті – жалпы бақылауды жүзеге асыра отырып және жобаға қолдау көрсетуді (қаржылай, материалдық, адами және басқа ресурстармен) қамтамасыз ете отырып, жобаны ұйымның тарапынан жетекшілік ету.

Жобаның иесі жобаның менеджерін(ұйымдастырушы) немесе басшысын тағайындайды, ал жетекші оған қажетті қолдауды қамтамасыз етеді. Жобаның менеджері жоба тобын басқарады және жобаның мақсаттарына бекітілген бюджет шеңберінде, уақытылы және талап етілетін сапа деңгейіне қол жеткізілуі үшін жауапты болады.

Жобаның мақсаттарына қол жеткізу үшін менеджер арнайы ұйымдық құрылымдар құрады: жобаның тобы және жобаны басқару тобы. Жоба тобы – жобаны жүзеге асыру үшін құрылатын уақытша ұйымдық құрылым. Ол жоба жұмыстарын орындауға тартылған бөлек мамандарды, топтарды және/немесе ұйымдарды біріктіреді. Оған ішкі және сыртқы орындаушылар мен кеңес берушілер кіруі мүмкін. Жобаны басару тобы жобаны басқаруға және басқарушылық шешімдерді қабылдауға тікелей тартылған жоба тобының мүшелерін біріктіреді. Жобаның типіне, түріне, күрделілігіне және ауқымына байланысты оның тікелей қатысушылары инвестор(лар) – жобаға инвестициялық салым жасайтын тарап, болуы мүмкін, мысалы, несиелер арқылы (ол Тапсырыс беруші бола алады), жабдықтаушы(лар) – жеткізілімді (материалдар, құралжабдықтар, көлік құралдары және т.б.) жүзеге асыратын тарап, тұтынушы(лар) – пилоттық режимде өндірілетін өнімге және көрсетілетін қызметтерге қойылатын талаптарды анықтайтын, жоба нәтижесін пайдаланушылар, билік органдары – жобаны жүзеге асырумен байланысты экологиялық, әлеуметтік және басқа да қоғамдық және мемлекеттік талаптарды қоятын және қолдайтын тараптар болуы мүмкін. Шағын жобаларда бір адам бір мезгілде бірнеше роль атқаруы мүмкін, үлкен жобаларда рольдер әдетте бөлінеді, өйткені олар жиі қарама-қарсылықта болады.



  1. Сабақты пысықтау

Жобаларды басқару – бұл жобаға бөлінген ресурстарды пайдалану көлемінде және белгіленген мерзімде мақсатқа жету үшін ұжымның қызметінің мақсатын анықтаушы және ұйымдастырушы ғылым саласы.

Жоба құрылымы- бұл әр түрлі дәрежеде бөлініп көрсетілген бір-бірімен байланысқан жобаның элементтері мен үдерістерінің жиынтығы. Бұл элементтер мен үдерістер жобаның әр түрлі аспектілерін бейнелейді

Жобаларды ұйымдастыру - бұл жобаның бастапқы сатысы, бастауы. Жобаны іске қосу туралы шешімді қабылдау үшін қажетті алдын-ала жұмыстар жүргізіледі: ұйымның ағымдағы жағдайы туралы мәліметтерді жинау, оларды талдау, жаңа жобаны іске қосу қажеттігі, оқиға дамуының ықтимал сценарийлері бағаланады, жобаның жалпы тұжырымы бекітіледі.


  1. Жаңа сабақты бекіту.Кері байланыс





Білемін


Білгім келеді


Үйрендім















































  1. Сабақты қорытындылау

Білімгердің дайындығына, белсенділігіне қарай бағалау.

7. Үйге тапсырма

І-тапсырмма. Лекцияны дәптерге жазу.

ІІ-тапсырма. 1. Жобаларды басқару анықтамасы.

2. Жоба құрылымы анықтамасы.

3. Жобаларды басқарудың көрсеткіштері

(жауап фото түрінде қабылданады)
жүктеу 33,26 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау