- Сабақтың тақырыбы:
- Жердің өз білігінен айналуы.
- Күн мен түннің ауысуы
- Оқушыларға Жердің өз өсінен және Күнді айнала қозғалуы туралы түсінік беру. Оқушылардың ойлау қабілетін, сабаққа деген қызығушылығын арттыру және негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету. Оқушылардың іскерлігі мен біліктілік дағдыларын жетілдіре отырып, ойлау, қабылдау, меңгеру қабілеттерін дамыту. Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, картамен жұмыс жасауға машықтандыру. Туған елге, жерге деген сүйіспеншілікке, ұлтжандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу . Рухани байлығын қалыптастыру, тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, ұлттық құндылықтарды сүйе білуге дағдыландыру; қоршаған ортаға құрметпен қарауға баулу.
- сұрақ – жауап, СТО элементтері
- Саяхат сабақ,аралас сабақ
- үлестірмелі қағаздар, карта, глобус,оқулық, слайд.
- Әдебиеттік оқу,математика
- Әдебиеттік оқу,математика
- Ұйымдастыру бөлімі
- а. Психологиялық дайындық
- б. Тірек білімдерін жетілдіру
- Дүниетану жер шары,
- Дүниетану ел шары.
- Табиғатты зерттейтін,
- Білімнің ол кітабы.
- Тылсым сырлы ғарышқа,
- Ұшсың десең денелер.
- Дүниетану пәні де,
- Ең маңызды ғылым бұл
- Тірек білімдерін жетілдіру
- Үй тапсырмасын тексеру: Ғарыш әлемі кең байтақ! Оны адамзат әлі толығымен зерттеп болған жоқ. Ерте кезден-ақ грек ғалымдары ғарыш туралы түрлі болжамдар жасаған. Ең алғаш ғарышқа саяхатты ағылшындар бастаған болатын. Міне, содан бері ғарыш кеңістігі ғалымдармен игеріліп келеді. Біздің елімізде «Байқоңыр» ғарыш станциясы бар. Біз оны Қазақстанды ғарыш әлемімен байланыстыратын көпір санаймыз. Өйткені,барлық зымыран ұшақтар осы жерде саяхатының бастауын алады. Ғарыштың әлі де ашылмаған сырлары қызықты.Сондықтан балалар аспан әлемі туралы білгілерің келе ме?
- Күн жүйесінде қанша ғаламшар бар?
- 8 ғаламшар
- -Күн жүйесіне жақын ғаламшар қалай аталады?
- Меркурий.
- Онда Меркурий аялдамасына тоқтайық. Меркурий туралы не білеміз? Меркурий туралы мәлімет. Осы аялдамада үй тапсырмасын орындаймыз. Егер дұрыс орындасақ, әрі қарай саяхатымызды жалғастырамыз.
-
- Үй тапсырмасын тексеру.
- Глобус-жердің үлгісі.
- Үй тапсырмасын қорыту.
- Сұрақтар: 1) Жер пішіні қандай 2) Жердің дәл үлгісі? 3) Ерте кезеңдерде жердің пішіні туралы қандай көзқарастар болды? 4) Дүние жүзінде неше мұхит бар? 6) Алғаш ғарышқа кім ұшты?
- 7)Жер бетінде неше материк бар?
- ІІІ. Мағынаны тану.
- Келесі аялдама - Күн жүйесінің орталығы - Күннің айналасына келдік. Күн туралы не білеміз?
- Күн туралы мәлімет.
- -Балалар , Күнді неге тіршілік көзі дейміз?
- -Күн Жерге жарық пен жылуды бірдей бере ме?
- -Неге? Дәлелде.
- Тәжірибе.
- Шамшырақты жақ,
- глобусты өз білігінен
- айналдыры отырып, өзін шамның айналасынан айналдыр.
- -Не байқадың?
- Демек ,тұжырым жасайық. Жер Күнді айналғандықтан күннің жылуы жер бетіне әркелкі тарайды екен. Жер өз білігінен айналып,оның әрбір бетіндегі нүктеге Күннің жарығы бірде түседі, бірде көлеңкеленіп қалады.Жердің өз білігінен айналу нәтижесінде күн мен түн ауысады.Жарық түскен жақта күндіз, қараңғы жақта түн болып тұрады. Жер өз білігін 24 сағатта айналып шығады.Осы уақыт аралығын тәулік деп атайды. Біз жермен бірге айналамыз.Күн мен түннің ауысуы нәтижесінде тәулік, апта,ай, ғасыр есебі қалыптасқан.Сондықтан бүгінгі біздің тақырыбымыз «Жердің өз білігінен айналуы. Күн мен түннің ауысуы».
- Қосымша мәлімет
- Күн жүйесі құрылысының жобасын алғаш рет дұрыс түсінген ұлы поляк ғалымы
- Н. Коперник болды. Ол ғасырлар бойы адамдардың санасына ұялап қалған «Жер қозғалмайды» деген жобаны теріске шығарды. Жерді өзге планеталардың қатарына косып, Жер Күннен үшінші орында болады деді. Сонымен бірге Коперник Жер өз осін айнала отырып, барлық планеталармен бірге кеңістікте Күнді айнала қозғалады деп көрсетті. Ал Ай Күнді емес,
- Жерді айнала қозғалады деді. Коперниктің бұл еңбегі ғылымдағы үлкен төңкеріс болды.
- Аспан,аспан арайлым,
- Саған жиі қараймын.
- Сені көзбен шоламын,
- Мен ғарышкер боламын.
- Электрондық оқулықпен жұмыс.
- -Енді балалар, сендерге толық түсінікті болу үшін электронды оқулықтан Жердің күнді қалай айналатындығы және жыл мезгілдерінің ауысуы туралы ақпаратты тыңдайық.
- 17 ғ= 270 мин=
- 5ж= 7 мин=
- 6тәул= 2 жыл= күн
| | | - Жердің өз білігінен айналғандықтан,күн мен түннің ауысуын білеміз
| - Жер Күнді қалай айналуын және жыл мезгілдерінің ауысуын
-
| - Жер орбитасы-Жердің Күнді айналу жолы екенін Жердің Күнді айналуынан жыл мезгілдері ауысуын білдік .Сонымен бірге Күннің сәулесінің түсу бұрышына,түсу уақытының ұзақтығына қатысты екенін білдік.Жердің Күнді айналу365 күн 6 сағатта айналып шығады.
| | | | - Сабақты бекіту. Б-кестесін толтыру.
-
Ой-толғаныс. - Ой-толғаныс.
- Жер аялдамасы.
- «Тіршіліктің анасы» атты жобаны қорғау, 3-топқа бөлемін.
- І-ші топ Ай , ІІ-топ Күн ,ІІІ-топ суретін салу.
- Әр топ өз жұмысын қорғау.Тірек-сызба арқылы.
- Таза болса табиғат –
- Аман болар адамзат, —
- деп ақынымыз Фариза Оңғарсынова айтқандай, қоршаған ортаның, табиғаттың неғұрлым таза болуы- адамзат денсаулығының мықты болуының кепілі. Яғни, адамдардың амандығы, көтеріңкі көңіл күй мен ерекше шабытта, күш-қуатта болуы табиғат тазалығымен тікелей байланысты. Табиғаттың ластануы адам денсаулығына, өсімдіктердің өсуіне, жануарлардың тіршілік етуіне зиянын тигізеді.
- -Сабақ саған ұнады ма?
- -Несімен ұнады?
- -Саған жаңалық болған не?
- -Болашақ өмірде қолдануға пайдалы білім алдың ба?
- -Сабақта кім жақсы жауап берді деп ойлайсың?
- Уа, балалар бағалайық уақытты,
- Әркез сыйла бір-біріңе шаттықты.
- Мәнді өмір, мағыналы болсын деп
- Текке өткізбе мына алтын уақытты-деп сіздерге үйге тапсырма бергім келеді.
- Үй тапсырмасы: Мәтінді оқып, түсінгегін айту.
Достарыңызбен бөлісу: |