V. «Кім жүйрік?» деңгейлік есептер шығару. Әр топқа А,В,С, деңгейінен есептер беріледі.
1-топ: А-тобы
Салмағы 150Н, ауданы 3м2 кілем еденге қандай қысым түсіреді.
Б-тобы
Гидравликалық престің кіші поршенінің ауданы 10см2. Оған әсер ететін күш 200Н үлкен поршеннің ауданы 200см2. Үлкен поршенге қандай күш әсер етеді?
С-тобы
Мрамордан жасалған бағанның көлемі 6 м3, баған табанының ауданы 1,5м2 болса, топыраққа қандай қысым түсіреді?
2-топ: А-тобы
Адам суда 9м тереңдікке дейін жүзіп бара алады. Осы тереңдікте адамға әрекет ететін судың қысымын есепте. (ρ=1000кг/м3)
Б- тобы
Гидравликалық престің кіші поршенінің ауданы 15см2, оған 215Н күш әрекет етеді. Үлкен поршенінің ауданы 180см2, үлкен поршеньге қандай күш әсер етеді?
С-тобы
Массасы 480кг гранит плитасы, ұзындығы 1,2м ені 0,8м болатын жағымен жатыр. Плитаның жерге түсіретін қысымын анықта.
3- топ: А-тобы
Биіктігі 0,6м керосин қабаты ыдыс түбіне қандай қысым түсіреді? (ρ=800кг/м3)
Б-тобы
Бетке 3000 Н күш түсіріп 2 Па қысым алсақ, ауданы қандай болған?
С-тобы
Гидравликалық престің кіші поршені 600 Нкүштің әсерінен 20см төмен түсті. Бұл жағдайда үлкен поршень 6см-ге көтеріледі. Үлкен поршеньге қандай күш әсер етеді?
ҮІ. «Тест жұмысы». Ой қорыту.
Тест
1. Қысым дегеніміз не?
А) Белгілі бір бетке түсетін күш әрекетінің нәтижесін сипаттайтын шаманы айтамыз.
Б)Белгілі бір күш әрекетінің нәтижесін сипаттайтын шаманы айтамыз.
В) Белгілі бір бетке түсетін аудан әрекетінің нәтижесін сипаттайтын шаманы айтамыз.
2. Бетке түсірілген күштің сол бет ауданына қатынасы қалай аталады?
А) қысым Б) тығыздық В) масса
3. Аудан кіші болса қысым қандай болады?
А) аз Б) көп В) ауданның қысымға қатынасы жоқ
4. 1Па дегеніміз
А) кг*м/с2 Б) Н*м В) Н/м2
5. Қысым анықталатын формула:
А) . Б) . В) .
6. Массасы 60 000кг танктың Жерге түсіретін қысымын анықта,оның шынжыр табанының ауданы 1,5 м2.
A) 2·104 Па. Б) 2·105 Па. В) 2·108 Па.
7. Столда сіріңке қорабы жатыр.Оны аударып қырынан қойды.Осы кезде қораптың беттескен ауданы 2,2 есе кемиді.Оның столға түсіретін қысымы өзгерді ме? Өзгерсе, қалай?
A) Өзгермейді. Б) 2,2 есе кемиді. В) 2,2 есе артады.
8. Әр түрлі пішінді төрт ыдыста су құйылған,судың деңгейлері бірдей(сурет). Төрт ыдыстың ішінде түбіне түсіретін қысымы аз...
Төртеуінде де бірдей Б) 2-ыдыс. В) 3-ыдыс.
9.ХБЖ жүйесінде қысым немен өлшенеді?
А) Н Б) Дж В) Па
10. F = p*S ненің формуласы?
А) күш Б) аудан В) қысым
Тест жұмысын әр оқушы көршісімен ауыстырып бір- бірін бағалайды.
Тест жауаптары:
1. А 2. А 3. Б 4.В 5.В 6. Б 7. Б 8. А 9. В 10. А
Тестті бағалау көрсеткіші:
1-5- «2»
6-8 – «3»
9 - «4»
10- «5»
Елбасы жолдауындағы басты мәселе – тілдің үш тұғырлылық мәселесі. Сол мақсатта үш тілді білу бүгінгі күннің міндеті. Сондықтан балалар сабағымызды қорытындылау үшін қысым тақырыбына байланысты физикалық шамалардың үш тілдегі нұсқасын айтайық.
Мысалы, қысым – давление – pressure, күш – сила –power, аудан – площадь - area, тығыздық – плотность – density, биіктік – высота – height, т.б.
ҮІІІ.Рефлексия. Оқушылар өз ойларын стикерге жазып, тақтаға іледі.
ІХ. Бағалау. Жиынтық бағалау. Топ жетекшілері әр тапсырма бойынша топ мүшелеріне қойған бағаларын біріктіріп, мұғалім жиынтық баға қояды.
Х. Үйге тапсырма.
1.Қысым тақырыбын қайталау. §33-37
2.Қайталау тест дайындау. (10 сұрақтан 5 жауаптан тұратын.
3. №568, №572, №582
|