Электр сыйымдылық. Конденсаторлардың құрылысы және түрлері, электр өрісінің энергиясы.
dana 19-02-2014, 07:12 18 813 Физика
Алматы облысы
Райымбек ауданы
Н.Өмірзақов атындағы орта мектебінің
физика пәнінің мүғалімі
Бурабай Дана Шаймерденқызы
Сабақтың тақырыбы: Электр сыйымдылық. Конденсаторлардың құрылысы және түрлері, электр өрісінің энергиясы.
Сабақтың мақсаты: а) білімділік – оқушыларға конденсатор жайлы
теориялық білім беріп, білімдерін есеп шығарту барысында жетілдіру;
ә) дамытушылық — өз бетімен ойлау қабілеттерін арттыру, логикалық ойын дамыту, тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерге жетелеу, шығармашылық қабілетін дамыту,өз ойын нақты жеткізе білуге үйрету;
б) тәрбиелік — оқушылардың пәнге деген ынтасын және қабілетін дамыту,оларды алғырлыққа дәлдікке, зеректілікке,шапшаңдыққа баулу.
Сабақтың түрі: Танымдылық, аралас сабақ ( өтілген тақырыптарды қайталай отырып, жаңа сабақты түсіндіру)
Сабақтың әдісі: түсіндіру, тест тапсырмасымен жұмыс, есептер шығару,
сөзжұмбақ шешу.
Сабақтың көрнекілігі: әртүрлі типтегі конденсаторлар, олардың суреттері,
интерактивті тақта.
Пән аралық байланыс: математика, қазақ тілі, тарих, химия.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Оқушылармен амандасып,сабаққа қажетті құралдарын
тексеріп,түгендеп, дұрыс отыруларына назар аудару.
ә) Психологиялық даярлық.
1. Өткізгіштер мен диэлектриктердің сыртқы өріс жоқ болғандағы айырмашылығы.
2. Электр өрісінде өзін қалай ұстайды, өткізгіштерде қандай өзгешелік болады?
3. Электростатикалық индукция, поляризация қандай құбылыстар?
4. Ортаның диэлектрик өтімділігі?
5. Кулон заңы диэлектрикте қалай тұжырымдалады?
6. Электр өрісінің кернеулігін диэлектрикте қалай анықталады?
ІІІ.ДК Білімді жан-жақты тексеру./
1 тапсырма
Үйге берілген тапсырманы тест сұрақтары арқылы тексеру.
1.600 жылдары ертедегі гректер құрғақ,қатты шайыр күйдегі сары янтарь өндірген,оны не деп атады?
а) Электрон, в) бөлшек с) Протон д) Нейтрон
2. Электрлену барысында пайда болатын күштер?
А) Қарама-қарсы күштері, в)Ауырлық күштері
С) Электр күштері д)Серпінділік күштері
3. Зарядтың неше түрі бар?
А)1 в)2 с)3 д)4
4. «Электрон» сөзінен шыққан термен
А) ток көзі; В) заряд С) электр Д) кернеу
5. Қоршаған ортаның денелерімен әрекеттеспейтін денелер жүйесі
А) ортаның денелері бар денелер В) электрленген денелер
С) өткізгіштер Д) оқшауланған, тұйықталған;
6. Электр зарядының сақталу заңы:
А) q1 + q2 + … + qn = const В) F = k q1 *q2 / r 2 ;
С) E1 + E2 + … + En = const ; Д) U= 2 — 1.
7. Электрон заряды:
А) е = — 1,6* 10 9 Кл ; В) е = 1,6* 10 -19 Кл ;
С) е = — 1,6* 10 -19 Кл ; Д) е = — 1,6* 10 -18 Кл ;
8. Электронның массасы:
А) m = 91 *10 -31 кг В) m = 9,1 *10 -32 кг С) m = 9,1 *10 -31 кг Д) m = 9 *10 9 кг
9. Электр өрісінің күш сызықтарының бағыты
А) белгілі бір бағыты жоқ В) оң зарядтан басталады, теріс зарядтан аяқталады. С) басы не аяғы болмайды Д) қарама — қарсы жақта болады.
10. Электростатикалық өріс -
А) Электр өрісінің жұмысы В) Потенциал айырымы
С) Жермен өзара әсерлеспейтін өріс;
Д) Қозғалмайтын электр зарядтарының электр өрісі
Дұрыс жауаптары:
1. А 6. А
2. С 7. В
3. В 8. С
4. С 9. В
5. Д 10. Д
ІV. ДК. Жаңа материалды қабылдауға әзірлік, мақсат қою.
V. ДК.Жаңа материалды меңгерту:
Ой қозғау сұрақтары:
1. Өрістің екі нүктесі арасындағы потенциалдар айырымының физикалық мәні.
2. Потенциалдар айырымы электр өрісінің қандай сипаттамасы болып табылады.
3. Электр өрісінің кернеулігі.
1. Өткізгіштің электр сыйымдылығы өлшем бірлігі шардың сыйымдылығы.
2. Конденстаор ұғымын ендіру, оның сыйымдылығы , конденсатор сыйыдылығы, оның өлшемімен диэлектриктің қалыңдығына байланысты. , ал астарлар саны п болса
3.Конденсаторларды өзара жалғауды электрондық оқулық арқылы жүзеге асыру.
А) Конденсаторларды тізбектей жалғағанда
Ә) Параллель жалғағанда
4. Конденсатор энергиясы немесе электр өрісі энергиясының тығыздығы ; өлшем бірлігі –Дж/м3
1. Өткізгіштерді жалғауының шарттары. Кесте:
№
тізбектей
Параллель
1
q1= q2= q3=… qn;
q= q1+ q2+ q3+…+ qn;
2
U=U1+ U2+ U3+ …+Un;
U=U1= U2= U3= …=Un
3
4
q: q2: q3…=C1:C2:C3 …
Конденсатор деп қалыңдығы өткізгіштердің өлшемдерімен салыстырғанда өте аз, диэлектрик қабатымен бөлінген қосөткізгіштен тұратын жүйені айтады.
С=q/u q- заряд [Кл] u-потенциал айырымы [В] С- электрсыйымдылық [Ф]
1 Фарад – 1 Кл заряд бергенде потенциал айырымы 1 В-қа өзгеретін өткізгіштің электрсыйымдылығы. Бұл бірлік өте үлкен.
Мысалы: Жер сияқты аса үлкен өткізгіштің сыйымдылығы не бары 7*10-4Ф,
1 мкФ=10-6Ф , 1нФ=10-9Ф , 1пФ=10-12Ф, 1мФ=10-3Ф
С= ε ε0 s/d s- бірдей екі пластинкалар ауданы
d- пластинкалар арақашықтығы
ε- конденсатор пластинкаларының арасындағы кеңістіктегі заттың диэлектрлік өтімділігі (12 кесте)
ε0- электр тұрақтысы 8,85*10-12 Кл2 /Нм2
Конденсатор импульстерді кешіктіруге , айнымалы токтарды сүзіп алуға, оған бөгет болуға күшті ток импульсінің пайда болуына көмектеседі.
Техникалық қағаз конденсаторы бір-бірімен изоляцияланған, металл корпустан парафинделген қағаз ленталар арқылы изоляцияланған екі алюминий фольга жолағынан тұрады. Жолақтар мен лента өлшемі кішкентай пакет түрінде шиыршықталып оралған.
Лейден ыдысы іші мен сырты станиольмен желімделген алғаш рет ХҮІІІ ғасырда жасалған конденсатор
Айнымалы конденсатор (алдарыңыздағы көріп тұрған) мұндай конденсатор тұтқасын бұрағанда бірінің ішіне бірі кіре алатын екі металл пластина жиынтығынан тұрады.
Электролиттік конденсатор диэлектрик ролін астарлардың біріне қапталған өте жұқа оксидтер пленкасы атқарады, екінші астар қызыметін арнайы зат ертіндісі сіңірілген қағаз атқарады
Қағаз конденсатор астар ретінде станиоль жолақтары ал изолятор ретінде парафинге малынған қағаз таспалар қызмет етеді.
(Оқушылар бірімен — бірі дәптерлерін алмастырып, өздері тексереді.)
Графикалық диктант
( иә немесе жоқ сөздері арқылы сұраққа жауап беру)
1. Аттас зарядтар бір – бірімен тартылама? (жоқ)
2. Заттар үш күйде бола ма? (иә)
3. Желді күні асфальт беті тез кебеді ме? (иә)
4. Температураны өлшейтін құрал – динамометр (жоқ)
5. Зарядтың өлшем бірлігі – Ньютон (жоқ)
6. Күшті өлшейтін құрал – электроскоп (жоқ)
7. Джоульмен өлшенетін физикалық шама энергия (иә)
8. Элементар заряд мәні 1,6 10 -19 Кл (иә)
9. Зат молекуладан тұрады? (иә)
10. Дененің электрленуін анықтайтын аспап – электроскоп (иә)
VІ. ДК. Оқытылып отырған оқу материалын бекіту немесе дағдыландыру жұмыстарын жүргізу.
2. 17-жаттығу 4 есеп.
Берілгені: Шешуі:
C1=60 мкФ Кулон заңынан әр шардың заряды
U1=4*102 cм әр шардың потенциалы
C1=2 см
U1=0
Т/к Е-?
VІI. Бекіту сұрақтары:
1. Конденсатор дегеніміз не?
2. Конденсатордың электрсыйымдылығын қалай анықтайды?
3. Конденсатордың түрлерін ата?
4. Конденсаторды қай жерде қолданады?
VIІI.ДК. Бағалау. Үй тапсырмасын беру: §8.9-8.11 дайындық сұрақтары, 17-жаттығу.
Сабақтың тақырыбы: §8.10. Электрсыйымдылық.
§8.11. Конденсаторлар. Конденсаторлардың түрлері.
§8.12. Электр өрісінің энегиясы.
Сабақтың мақсаты:
Достарыңызбен бөлісу: |