Сабақтың тақырыбы: Электр құрылғылар мен электр қондырғылары бар ғимараттардың электр.
Электр тоғымен Электр энергиясы өнеркәсіптің барлық саласында кеңінен қолданылады. Қазіргі өндіріс құрылғылары (машиналар, механизмдер, аспаптар) электр двигательдермен және жылыту құралдарымен жабдықталған. Кең көлемде қол электр саймандары пайдаланылады. Электр энергиясы пісіру, жарық беру тағы басқа қажеттерге жұмсалынады. Сонымен өндірісте электр энергиясымен (тоғымен) азды-көпті болсын барлық қызыметшілер байланысты болады.
Элекр энергиясын пайдалану адам еңбегін женілдетіп, оның өнімділігі мен сапасын арттырады. Бірақ білімсіздікпен, тәжірибімен өміріне үлкен қауіп туғызады. Тоқ соғу қауіптін жоғарлататын жағдай-адам өзінен сезім мушелерімен электр қондырғыларында тоқтын бары-жоғын алдын ала айыра алмайды. Сондықтан тоқтын астына қалған қондырғыларға адам байқаусыз тиіскен жағдайда, оны электр тоғы соғып, зақымдану мүмкін.
Электр тоғымен зақымдану көбінесе өндірісте жұмыс бабымен тоқпен жиі қатысатын қызметшілердің арасында кездеседі, олар: электр слесарлар, электр пісірушілер, электр жөндеушілер, электр құралдарымен жұмыс істейтін адамдар т.б. Электр жабдықтарды пайдалану барысында тоқ соғып, зақымдану оқиғалары негізінде қауіпсіздік техникасынын ережелерін орындамаудын салдарынан пайда болады.
Электр тоғының немесе найзағайдың - атмосфералық электр түйісінің әсерінен
болатын зақым электр жарақаты деп аталады.Электр тоғының немесе найзағайдың, э лектр ұшқынының организм арқылы өтуі жергілікті және ортақ бұзушылықты туғызады.
Жергілікті зақымдау электр тоғын кіріп шыққан жерлердегі ұлпалардың күйуінен көрінеді.
Тоқтық соғуы – организмге термиялық, электрлік және механикалық әсерден туындайын күрделі химиялық-физикалық құбылыс.
Белгілері: тері жамылғыларының ағаруы, сілекейдің көп бөлінуі, кұсықтың келуі, жүрек төңірегінің сырқырауы.
Тоқтың әсерін жойғаннан кейін зардап шегуші шаршауды бүкіл денесіндегі ауырлықты, еңсесін басуды немесе қозуды сезінеді.
Электр жарақаты төрт дәрежеге бөлінеді:
І - дәрежеде зардап шегуші есінен айрылмай бұлшық етінің дірілін сезінеді;
ІІ - дәрежеде зардап шегушінің бұлшық еті дірілдеп, артынша есінен айырылады;
ІІІ - дәрежеде зардап шегушіде есінің айырылуымен қатар жүрек қызметі мен тыныс алуы бұзылады;
IV- дәрежеде зардап шегуші клиникалық өлім жағдайында болады.
Электр тоғынын адам денесінен өткен кезде оған тигізетін әсері әр түрлі болады: термиялық (қыздыру), электролиздік, биологиялық, механикалық әсері. Бұл жағдайларда адам денесінін басты мүшелерінін (ми, жүрек, өкпе т.б.) жұмыс істеу әрекеті бұзылуы мүмкін.
Зақымдану қауіптілігі көбінесе айналадағы ортанын жағдайымен байланысты болады. Бұл жағдайлар: ылғалдық, тоқ өткізгіш еден мен тозаннын барлығы, жермен қосылған металл заттардын көптілігі, бөлменін ыстықтығы, ауада электризоляциясын бүлдіретін агрессивті заттар болуы т.б.Бұл көрсетілген қолайсыз жағдайларда электр жабдықтардын әншейінде электр тоғы жұрмейтін металл бөлшектеріне тоқ пайда болып, адамдарды тоқ соғып, зақымдану қауіпті тууы мүмкін.Сондықтан айналадағы ортанын сипатына және жағдайына қарай тоқ соғу қауіптілігі бойынша барлық өндіріс бөлмелері үш топқа бөлінеді: қауіптілігі төмен бөлмелер, қауіптілігі жоғары бөлмелер, қауіптілгі өте үлкен бөлмелер.Қауптілігі төмен бөлмелерге жатады: құрғақ, ауа ылғалдығы 75% артық емес; жылы, бірақ ыстық емес (t≤+350C); тоқ өткізгіш едені және тозаны жоқ; жермен қосылған металл заттары көп емес.Қауіпілігі жоғары бөлмелерге жатады: дымқыл, ауа ылғалдығы 75% артық; құрғақ, бірақ от жағылмайтын; тоқ өткізгіш едені мен тозаны бар; ыстық (t≤+350C); жермен қосылған металл заттары көп.
Өте қауіпті бөлмелерге жатады: өте дымқыл, ауа ылғалы 100% дейін, электр изоляциясы мен тоқ өткізгіштерді бүлдіретін агрессивті заттар бар, қауіптілігі жоғары бөлменін екі және одан көп белгілері бар.Автотранспорт кәсіпорындарында бірінші топқа жататын бөлмелер: кенсе, диспетчер, әкімшілік, құрал-сайман тұратын тағы басқалары. Екінші топқа жататын бөлмелер: ұста, вулканизациялау, автомобилдерді жөндеу және куту зоналары, токарлық, агрегаттық тағы басқа бөлмелер. Үшінші топқа жататын бөлмелер: аккумуляторлық, сырлау, автомобильдерді жуу тағы басқа бөлмелер.Сыртта ашық ауада пайдаланылатын электр қондырғылар қауіптілгі өте үлкен бөлмелерде қолданылатын электр жабдықтарға тенеледі.
Сонымен тоқ соғу зақымдарын болдырмау үшін бөлмелердін қауіптілік дәрежесіне сәйкес тиісті қорғаныш шараларын қолдану керек.
1-тапсырма: Сұрақтарға өз сөзіңмен жауап беру
Токтың күйік қалдыратын әсері
Электр тогының қауіпті және зиянды әсерінен қорғайтын ұйымдық және техникалық іс – шаралар мен тәсілдер жүйесі – бұл...
Электр жарақаттары?
Электр тоғымен электр энергиясы қайда қолданылады?
Тоқтың соғуы дегеніміз?
2-тапсырма: «Иә немесе Жоқ» әдісі. Сұрақтарға иә немесе жоқ деп қысқа жауап беру
1
|
Темір тоқ өткізе ме?
|
|
2
|
Ауа тоқ өткізе ме?
|
|
3
|
Әйнек тоқ өткізе ме?
|
|
4
|
Пластмасса тоқ өткізе ме?
|
|
5
|
Мыс сым тоқ өткізе ме? Ағаш тоқ өткізе ме?
|
|
6
|
Ылғал ағаш тоқ өткізе ме? Резеңке тоқ өткізе ме?
|
|
7
|
Аллюминий тоқ өткізе ме?
|
|
Үйге тапсырма: Тақырыпты оқу. Электр тоғының әрекетін білу.
Достарыңызбен бөлісу: |