Жаңа сабақ - Табиғатта басқа денелермен әрекеттеспейтін денелер жоқ. Барлық денелер бір-бірімен әрекеттеседі. Мұны біз мұз айдынында коньки теуіп жүрген екі баланың бірі екіншісін қолымен итеріп жібергендегі әрекетін мысалға келтірсек. (1 сурет). Олар бағыттары қарама-қарсы жаққа қарай сырғанап кетеді. Осыдан денелердің бір-біріне әрекет етуі өзара әрекеттесу деп аталады. Денелер өзара әрекеттесу салдарынан түрліше жылдамдық алады екен. Мысалы коньки киіп тұрған екі баланың біреуі кіші, екіншісі ересектеу баланың қозғалысын қарастырайық(2-сурет). Кіші баламыз үлкен жылдамдық алады. Осындай мысалдардан денелердің жылдамдықтарын өзгерту қабілетін сипаттайтын физикалық шаманы енгіземіз.
Достарыңызбен бөлісу: |