Сабақтың тақырыбы: Ақпаратты өңдеу тәсілдері. Ақпарат көлемі, ақпарат өлшем бірлігі Сабақтың мақсаты



жүктеу 1,07 Mb.
Дата05.02.2018
өлшемі1,07 Mb.
#8788
түріСабақ

Cабақ №3 Сыныбы: 5 «А» Күні:________
Сабақтың тақырыбы: Ақпаратты өңдеу тәсілдері. Ақпарат көлемі, ақпарат өлшем бірлігі
Сабақтың мақсаты: 
Білімділік: Оқушыларға ақпараттың түрлері және оларды өңдеу тәсілдері туралы мағлұматтар беру арқылы білімдерін тереңдету бір жүйеге келтіру.
Дамытушылық: ақпаратты сақтау, жеткізу және өңдеу тәсілдерімен тиімді жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру;

Тәрбиелілік:  Оқушыларды жауапкершілікке, ұқыптылыққа ой - қабілетін дамыта отырып жұмыс істеуге үйрету, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, жұмыс дәптері 
I. Ұйымдастыру кезеңі.

- оқушыларды түгендеу;

- құралдарын тексеру;

- назарларын сабаққа аудару.


II. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.

  1. Ақпарат дегенді қалай түсінесіңдер? Мысал келтіріңдер?

  2. Адамның пайда болуына дейін ақпарат болды ма?

  3. Ақпаратты ұсынудың қандай формаларын білесіңдер? Мысал келтіріңдер.

  4. Қандай әрекеттермен ақпаратты өңдеуге болады?

  5. Адам ақпаратты қандай ақпарат көздерінен қабылдайды?

  6. Ақпараттың қандай қасиеттерін білесіңдер? Мысал келтіріңдер?

III. Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі. Өткен тақырыпты пысықтау мақсатында Ақпараттық диктант алынады.

  1. Бейнелеу тәсілдері бойынша ақпарат:

  2. Өзектілік қасиеті деп –

  3. Толықтық қасиеті деп–

IV. Мақсат қою кезеңі. Бүгінгі сабақта мына тақырыпшаларды меңгереміз:

  • Ақпаратты сақтау

  • Ақпаратты жөнелту

  • Ақпаратты өңдеу

  • Ақпараттың көлемі және өлшем бірліктері


V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі. 

Ақпарат жасалады, жеткізіледі, сақталады және өңделеді. Ақпаратпен орындалатын әрекеттер ақпараттың кезеңдері деп аталады. Қандай да бір әрекеттер ақпараттық кезеңдерде орындалады.



Ақпаратты сақтау

Ақпаратты қайта – қайта пайдалану және оны тасымалдау үшін ақпаратты сақтаудың маңызы өте зор. Ақпаратты сақтау үшін адамдар жадыны немесе «сыртқы» тасығыштарды қолданады. Ерте заманда бұл мақсатта тастар мен папирус пайдаланылды. Қазіргі ақпарат қағаз бен электрондық тасығыштарда – дискілер мен флешкаларда сақталады.

Егер ақпараттың көлемі үлкен болса, онда өзіңе керекті ақпаратты табу қиынға түседі. Бұл жағдайда ақпарат белгілі бір тәртіппен реттелуі тиіс. Реттелген ақпаратқа әртүрлі картатекаларды (кітапханалардағы, емханалардағы) жатқызуға болады. Компьютердің де ақпаратты реттеу құралдары бар. Ақпаратты бумаларға үлестіріп сақтауға, алфавит бойынша, жазылған күні бойынша және т.б. сұрыптауға болады.

Ақпаратты жөнелту

Ақпаратты алыс қашықтыққа жеткізу үшін адамдар әртүрлі құралдар ойлап шығарған. Оларға телеграфты, телефонды, теледидарды, Интернетті және басқаларды жатқызуға болады.

Ақпаратты жөнелту үшін қолданылатын құрылғыларды ақпаратты жеткізу арнасы деп атайды. Ақпаратты жеткізу арнасының сапасы нашар болса, онда жөнелтілетін ақпарат бұрмалануы немесе оның қайсыбір бөлігі жоғалуы мүмкін.

Ақпаратты жеткізу үдерісінде әрқашан ақпарат көзі және оны қабылдаушы болады. Ақпарат көз ақпаратты жөнелтеді, ал қабылдаушы – оны қабылдайды. Мысалы, сабақты түсіндіруші мұғалім – ақпарат көзі де, оқушылар – оны қабылдаушы.



Ақпаратты өңдеу

Ақпараттың кез келген өзгеруі оның өңделуі деп аталады. Мысалы, есепті шығарудың өзі – бұрын белгілі есептен жаңа ақпарат алу. Ондай ақпаратты адам логикалық ойлау немесе математикалық есептеулер арқылы алады. Басқа мысал ретінде ақпаратты бейнелеу түрінің өзгеруін қарастыруға болады. Мысалы, мәтінді бір тілден екінші тілге аудару.

Ақпаратты өңдеу оның бастапқы түрден басқа түрге айналуын немесе ақпарат мазмұнының өзгеруін білдіреді. Ақпаратты өңдеу нәтижесін адам ары қарай өз қажетіне жаратады.

Ақпараттың көлемі және өлшем бірліктері

Компьютер –электрондық машина. Ол тек электр сигналдарын қабылдайды. Сондықтан компьютердегі ақпаратты электр сигналдары түрінде ғана елестетуге болады. Ақпаратты компьютерге жазу үшін, компьютердегі әрбір белгі сигналдар тіліне аударылуы керек. Сигналдың жоқ болуын 0 арқылы, ал бар болуын 1-дің көмегімен белгілеу қабылданған.

Мұнда «нөл» «бір» бит деп аталады. Бит 0 немесе 1 сияқты екі мәннің бірін ғана қабылдай алады. Бит ақпаратты өлшеудің ең кішкене бірлігі болып табылады.

Ақпаратты өлшеудің келесі бірлігі байт деп аталады. «Ақпарат» сөзін байтпен есептейді, ал мұндағы 1 байт 8 битке тең.


1 кбайт(килобайт) (Кб) =1024 байт;
1 мбайт(мегабайт) (Мб) = 1024кбайт;
1гбайт(гигабайт) (Гб) = 1024мбайт;

1Терабайт (Тб) = 1024 гбайт



Хабарламаның ақпараттық көлемі – хабарламадағы битпен, байтпен, Кбайтпен, Мбайтпен және т.с.с. өлшенген ақпараттың көлемі.

100 Мб көлемге «сиятын» ақпарат саны:

Мәтін беттері 50 000

Түрлі түсті слайдттар 150

Музыкалық фрагмент 10 минут

Фильм 15 секунд


VI. Жаңа материал бойынша түсінгендерін зерттеу кезеңі.

Компьютермен жұмыс.

А деңгейі

1. WordPad мәтіндік редакторын ашыңдар. Ол үшін Пуск→ Все программы → Стандартные → WordPad батырмаларын басыңдар.

2. «Ақпаратты сақтауға, жеткізуге және өңдеуге болады» мәтінін теріңдер. Үтір зақша тергенде жоғарғы қатардағы «6» батырмасы арқылы теріледі, ал бас әріптерді теру үшін CapsLock пернесін басу керек. Сөздердің арасын ажырату үшін бос орын пернесін бір рет басыңдар.

3. Өз ақпараттарыңды сақтап, программаны жабыңдар.

В деңгейі

1. WordPad мәтіндік редакторын ашыңдар (Пуск→ Все программы → Стандартные → WordPad).

2. «Түйін» бөліміндегі мәтінді теріңдер.

3. Өз ақпараттарыңды сақтап, программаны жабыңдар.

С деңгейі

Компьютерде сақталған ақпараттың көлемін қарап шығыңдар.

  1. Пуск =>Компьютер батырмаларын таңдаңдар.

  2. Пайда болған терезедегі дискілердің бірін тышқанның оң батырмасын шертіп, Свойства батырмасын басыңдар.

  3. Дискідегі толған және бос орындардың көлемін қарап шығыңдар.




4. Дәптерге дискідегі бос орынның байтпен, Кбайтпен, Мбайтпен, және Гбайтпен өлшенген көлемін жазып алыңдар. Санау үшін калькуляторды қолдануға болады.
Бақылау сұрақтарын қою:

1. Ақпаратқа қандай амалдар қолдануға болады?

2. Адам ақпаратты қалай сақтайды?

3. Ақпаратты қайда сақтауға болады?

4. Ақпаратты жөнелту арналары деген не? Мысал келтіріңдер.

5. Адам ақпаратты қалай өңдейді?

6.* Әдетте өздерің компьютерде ақпаратпен атқаратын әрекеттеріңді атаңдар.

VII. Бекіту кезеңі. «Өзіңді тексер!»

1. Ақпаратты сақтау үдерісін көрсет:



  1. Теледидар көру

  2. Дәптерге жазу

  3. Кітап оқу

  4. Телефонмен сөйлесу

2. Ақпаратты іздеуге не жатады?

  1. Электрондық поштамен ақпарат алу

  2. Компьютерлік желілер көмегімен ақпаратты алыс қашықтыққа жеткізу

  3. Кітап мазмұнымен жұмыс істеу.

  4. Мәтіндерді басқа тілге аудару.

3. Ақпарат алу – ол:

  1. Үй жұмысын орындау

  2. Ағаш көшеттерін отырғызу

  3. Музыка тыңдау

  4. Математикадан есеп шығару

4. Мәтінді қазақ тілінен орыс тіліне аудару қандай үдеріс?

  1. Ақпаратты тасымалдау

  2. Ақпаратты іздеу

  3. Ақпаратты өңдеу

  4. Ақпаратты сақату

5. Ақпараттың ең кішкене өлшем бірлігі:

  1. Бит

  2. Байт

  3. 1

  4. Әріп

6. 1 Кбайт – ол:

  1. 100 бит

  2. 1000 байт

  3. 1024 байт

  4. 1500 байт

7. 1 Гбайт – ол:

  1. 1024 Мбайт

  2. 100 Кбайт

  3. 1000Мбайт

  4. 1500 Мбайт

8. «Information» сөзінде қанша бит бар?

  1. 14

  2. 88

  3. 72

  4. 128

9. Қандай ақпарат дискіде ең аз орын алады?

  1. Мәтін

  2. Сурет

  3. Музыка

  4. Видео


Тест жауаптары:

1

2

3

4

5

6

7

8

9

B

C

С

С

А

С

А

B

А



VIII. Үйге тапсырма беру, оқушылар білімін бағалау кезеңі.
Үй тапсырмасы: Оқулықтың §3-§4 мазмұндау, бақылау сұрақтарына жауап беру. 4-5 тапсырмаларды дәптерге орындау.
Бағалау: Тест жұмысы арқылы оқушылар бағаланады.
жүктеу 1,07 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау