ІІ – деңгейлі, бастауыш сынып мұғалімі Мусабекова Айгүл Қызданқызы
9 желтоқсан айында бейнелеу өнері сабағынан ашық сабақ өткіздім. Сабақтың тақырыбы: Алуан түрлі ойыншықтар, ойыншық бейнесін жасау. Сабақтың мақсаты: Ойыншықтардың шығу тарихы мен қазіргі кездегі олардың алатын орны туралы түсінік алу. Ойыншық құрастыру.
Сабақты оқушыларды қызығушылықтарын арттыру мақсатында қай ертегіден көрсетілген сурет екенін анықтау тапсырмасынан бастадым. Сабақтың тақырыбы мен мақсаты таныстырылғаннан кейін оқушылар үш топқа бөлінді. І топ «Ұлдар ойыншығы», ІІ топ «Қыздар ойыншығы», ІІІ топ «Спорттық ойындар құралы».
Достарыңызбен бөлісу: |