- Пән мұғалімі: Бимурзаева Балымай
- Білімділік:
- Оқушыларға күштің әрекетінің тіреу ауданына тәуелді болатыны, қысым және қысымның бірліктері туралы түсінік беру, білімін қалыптастыру.
- Дамытушылық:
- Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, есептер шығарту арқылы ойлау қабілетін дамыту.
- Тәрбиелік:
- Оқушыларды ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.
- Сабақтың түрі:
- Аралас сабақ. Сабақтың әдісі:
- Түсіндірмелі, сұрақ – жауап, тестпен
- жұмыс, физикалық диктант. Сабақтың көрнекілігі:
- Суреттер, слайдтар, интерактиві тақта . Құрал жабдықтар:
- Проектор, компьютер, құмы бар ыдыс,
- жіңішке төрт аяғы бар үстелше.
- Пәнаралық байланыс:
- Математика, Қазақ тілі, Информатика
- Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру.
- 2. Үй тапсырмасын тексеру.
- А)“Кім жылдам?”, Б)“Сәйкесін тап” формулалар сәйкестігі
- 3. Жаңа сабақ
- 4. Сабақты бекіту.
- А)Физикалық диктант, Б)Сергіту сәті, В)Тестпен жұмыс.
- 5. Қорытындылау.
- 6. Оқушыларды бағалау
- 7. Үйге тапсырма
- «Масса және күш» тарауын қорытындылау.
- «Кім жылдам?» ойыны арқылы өткен тарау материалдарын қайталау сұрақтары.
- 1. Заттың тығыздығы деп нені айтамыз? 2. Күш немен сипатталады? 3. Гук заңын айт. 4. «Деформация» сөзі қандай мағынаны білдіреді? 5. Күштің өлшем бірлігі? 6. Пластикалық деформацияға мысал келтір. 7. Динамометр қандай құрал? 8. Дененің салмағы дегеніміз не? 9. Қандай күшті үйкеліс күші деп айтамыз?
- 10. Үйкелістің неше түрі бар?
- «Сәйкесін тап». Формулаларды тап.
- ІІІ. Жаңа сабақ.
- Біз күнделікті тұрмыста пышақ, қайшы, ине сияқты алуан түрлі құралдарды пайдаланамыз. Алайда олардың әсері осы күш түскен беттің ауданына тәуелді болатынын байқай бермейміз.
- Мысалы, матаны ұшы доғал инеге қарағанда, үшкір инемен тесу оңай; өткір пышаққа қарағанда өтпейтін пышақпен кесу қиын, сол себепті құралдардың кесетін жерінің ауданын кішірейтіп, өткірлеу үшін әр уақытта да олардың жүзін мұқият қайрауға тырысады.
- Мынадай тәжірибені қарастырайық. Жіңішке төрт аяғы бар үстелшені төңкеріп, ыдыстағы құмның үстіне қояды да, оны массасы 5 кг кір таспен бастырады. Бұл жағдайда үстел құмға батпайды. Ал, үстелшенің бетін жоғары қаратып, үстіне сондай кір тас қойғанда, оның аяғы құмға батып кетеді.
- Сол сияқты адамның қармен жүруі қиын, өйткені ол қадам басқан сайын қарға омбылайды. Ал аяғына шаңғы байлаған адам қар үстімен жеңіл жүре алады. Мұның себебі не? Шаңғымен де, шаңғысыз да адам қарды өзінің салмағына тең бірдей күшпен басады. Бірақ ол күштің бұл екі жағдайдағы әрекеті бірдей емес. Өйткені шаңғы бетінің ауданы адамның табанының ауданынан жиырма еседей үлкен. Сондықтан ол шаңғымен тұрғанда қар бетінің әрбір шаршы сантиметр ауданын шыңғысыз тұрғандағыдан гөрі жиырма еседей аз күшпен басады.
- Белгілі бір бетке түсетін күш әрекетінің нәтижесін сипаттайтын шаманы қысым деп атайды. Қысым түсетін күштің модуліне ғана емес, осы күш перпендикуляр бағытта әрекет ететін беттің ауданына да тәуелді болады. Дәлірек айтсақ, қысым бетке перпендикуляр бағытта әрекет ететін күштің осы беттің ауданына қатынасымен анықталады:
-
- Мұндағы р - қысым, Ғ - бетке перпендикуляр бағытта әрекет ететін күш немесе қысым күші; S - күш түсетін беттің ауданы. Жоғарыдағы формуланы түрлендірсек:
-
- немесе
- ХБЖ - да қысым Паскальмен (Па) өлшенеді. Ол француз ғалымы Паскальдың құрметіне осылай аталған. Бір паскаль – 1 Н күштің 1м2 ауданға түсіретін қысымы: 1Па = 1Н/м2.
- Тәжірибеде қысымның гектопаскаль (гПа), килопаскаль (кПа), мегапаскаль (МПа) сияқты неғұрлым үлкен бірліктері де пайдаланылады: гПа=100 Па=102 Па кПа=1000 Па=103 Па МПа=1000000 Па=106 Па.
- Есеп шығару мысалы.
- Күйтабаққа ине 0,27 Н күшпен әрекет етеді. Егер иненің ұшының ауданы 0,0003 см2 болса, оның күйтабаққа түсіретін қысымы қандай?
- Берілгені: Шешуі: 0,0003 см2 = 3∙10−8 м2
- F = 0,27 H
- S = 0,0003 см2 0,27 H 27∙10−2 H
- ___________________ p = = =
- p - ? 3∙10−8 м2 3∙10−8 м2
-
- = 9∙10 6 Па = 9 МПа
- ІV. Сабақты бекіту. а) Физикалық диктант:
- 1. Бос орынды толтырыңдар:___________________________________________________
- ______________________________________________қысым деп атайды.
-
- 2. Қысымды латынның ___________әрпімен белгілейді.
-
- 3. __________________Қысымды есептеу формуласы.
-
-
- 4. Қысымның негізгі өлшем бірлігі: _____________
-
- 5. Қысым бірліктері арасындағы байланысты жазыңдар:
- 1гПа =_________Па
- 1кПа =__________Па
- 1МПа =__________Па
- б) Сергіту сәті Жаңа материалды есептер шығару арқылы бекіту.
- Розеткаларға 37,5 кН күшпен әсер ете отырып арнаулы кеспелтектермен престейді. Розетканың ауданы 0,0075 м2. Розеткаға қандай қысым түседі?
- Берілгені: Шешуі: F=37,5кH= 37,5*103Н р=F/S р= 37,5*103H/0,0075м2=5000*103 Па S= 0,0075 м2 =5000 кПа т\к: р -?
- 2. Массасы 6000 кг жер тегістегіш машина тіреуінің ауданы 2000 см2. Оның топыраққа түсіретін қысымы қандай?
- Берілгені: Шешуі: m=6000 кг F=mg р=F/S S =2000 см2 =0,2м2 F= 6000 кг · 10 Н/кг = 60000 Н р -? р = 60000Н/ 0,2 м2= 300000 Па = 300 к Па
- в) Тестпен жұмыс. 1. Белгілі бір бетке түсетін күш әрекетінің нәтижесін сипаттайтын шаманы ата. А) Қысым. Б) Күш. В) Аудан.
- 2. Сыныптас оқушыңа қысымның қандай бірлікпен өлшенетініне ақыл бер. А) Ньютонмен Б) Паскальмен В) килограмммен 3. Білмеске үйрет: Қысымды қалай өзгертуге болады? А) Дененің ауданының беті мен күшін ауыстыр. Б) Бетін әр түрлі маймен майла. В) Дененің түсін өзгерт.
- 4. 1 Паскаль неге тең? А) 1 Н. Б) 1 Н\м². В) 1 м². 5. Суға батқан адамды құтқарушыға қандай ақыл бересің? А) Жұқа мұздың үстімен жалаң аяқ жүгір. Б) Жұқа мұздың үстімен ақырын жүр. В) Мұзға ішіңмен жатып жылжы
- V. Қорытындылау.
- Сонымен қысым дегеніміз не?
- Қысым бір дене екінші дене бетіне әсер еткенде пайда болатын қалыпты күштің қарқындылығын сипаттайтын физикалық шама.
- VІ. Бағалау.
- VІІ. Үй тапсырмасы
- Күнделікті енді ашайық,
- Үй тапсырмасын жазайық.
- Қысымнан алған білімді,
- Ұмытпай есте сақтайық.
- Үйге тапсырма: §43. 20-жаттығу.
Достарыңызбен бөлісу: |