Сабақтың мақсаты: Тауық эмбриондарының құрылысы, тауық эмбриондарын


Тауық  эмбриондарына  экспериментальды  жолмен  жұқтыру  әдістері



жүктеу 0,66 Mb.
Pdf просмотр
бет6/11
Дата05.01.2022
өлшемі0,66 Mb.
#36525
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
№ 5-6 зертханалық сабақ. ТАУЫҚ ЭМБРИОНДАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ВИРУСОЛОГИЯДА ҚОЛДАНУ (2)

Тауық  эмбриондарына  экспериментальды  жолмен  жұқтыру  әдістері. 

Тауық  эмбриондарына  вирусты  жұқтырудың  алты  әдісі  бар.  Олардың  ішінен  ең 

жиі  қолданатындары  аллантоис  қуысы  мен  хорион-аллантоис  қабықшасына 

жұқтыру,  сирегірек  амнион  қуысы  және  сарыуыз  қапшығына,  ал  өте  сирек 

жағдайда  ұрық  денесі  және  ХАҚ  қан  тамырларына  жұқтырады.  Жұқтыру 

әдістерін  вирустың  тропизмі  мен  жұқтыру  мақсатына  қарай  таңдайды. 




Жұқтырудың барлық тәсілдерінде инфекциялық материалды 0,1-0,2 мл көлемінде 

енгізеді.  



Аллантоис қуысына жұқтыру 

әдісінде тұмау, Ньюкасл ауруы, жылқылардың 

ринопневмониясы,  везикулярлы  стоматитінің  вирустары  жақсы  көбейеді.  Бұл 

жұқтыру әдісінің бірнеше нұсқасы (варианты) бар.  

Тауық  эмбрионының  доғал  жағын  жоғары  қаратып  бекітеді.  Ауа 

камерасының  шекарасынан  5-6  мм  жоғарыға  қарай  диаметрі  1  мм  көлемінде 

қауызды ойып, вирустық материалы бар шприц инесін жұмыртқа осьін бойлай 10-

12 мм тереңдікке енгізу арқылы жұқтырады (2-сурет).  

Жұқтырғаннан  кейін  инені  алып,  қауыздағы  тесікті 

бекіту  үшін  балқытылған  стерильді  парафинді  тамызады. 

Бұл  әдістің  екінші  нұсқасында  ауа  камерасының  үстіңгі 

жағын  ауаның  біраз  бөлігін  шығару  үшін  теседі.  Ал 

материалды жұқтыру үшін ХАҚ аймағының қан тамырлары 

жоқ  жерінің  қауызын  тесіп,  иненің  ұшын  небәрі  2-3  мм-ге 

дейін  енгізген  соң  0,1-0,2  мл  вирустық  материалды 

жұқтырып, ол жерді парафинмен бекітеді.



  

Хорион-аллантоис  қабықшасына  жұқтыру 

әдісін 


эпителиотропты  және  пантропты  вирустарды:  шешек, 

құстардың  жұқпалы  ларинготрахеитін,      ет    қоректілер  

обасын,  Ауески   ауруын,  қойлардың  

катаральды  қызбасын  және  т.б.  өсіру  үшін  қолданады. 

Жұқтырудың  бұл  түрінде  вирустық  материалды  табиғи  ауа 

камерасы мен жасанды ауа камералары арқылы енгізеді. 

Табиғи ауа камерасы арқылы жұқтыру (3-сурет) үшін штативке эмбрионның 

доғал  жағын  жоғары  қаратып  (ауа  камерасы  жоғарғы  бетінде  болуы  керек) 

бекітеді.  Ауа  камерасының  ортасынан  диаметрі  15-20  мм  көлемінде  қауызды 

ойып,  пинцеттің  көмегімен  қауыздың  астыңғы  қабықшасын  ашады.  ХАҚ-ның 

жалаңаштанған  жеріне  0,2  мл  вирус  суспензиясын  енгізіп,  тесікті 

лейкопластырьмен  немесе  жапқыш  шыныны  балқытылған  парафинмен  бекіту 

арқылы жабады.  

Жасанды ауа камерасы арқылы жұқтыру (4-сурет) біріншісіне қарағанда жиі 

қолданылады. Бұл әдісте эмбрионды штативке горизонтальды жағдайда, ұрықтың 

арқасын жоғары қаратып бекіткеннен кейін, қауызды екі жерден теседі.  

 


жүктеу 0,66 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау