«Қазақстан жануарын мүсіндеу»
Сабақтың мақсаты: мүсін өнері түрлерімен таныстыру.
Білімділігі: мүсін өнері жайлы білімдерін толықтыру. Мүсіншілердің көркем шығармаларын талдау. Аңдардың дене мүшелерін, қозғалыстағы қалпын береалуға үйрету.
Дамытушылығы: сұрақтар арқылы оқушылардың дүниетанымын,шығармашылық қабілетін байқау, дамыту.
Тәрбиелігі: еңбекке,ұқыптылыққа және қулық пен арамдықтан бойларын аулақ ұстауға тәрбиелеу.
Типі: жаңа сабақты меңгерту.
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, практикалық жұмыс.
Пәнаралық байланыс: ана тілі,технология.
Құрал-жабдықтары:суретші шығармаларының көшірмелері,дайын мүсіндік жұмыстар,мүсіншілердің суреттері, ермексаз (пластилин) немесе саз балшық,тақтайша.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу, құрал-жабдықтарын тексеру,түгендеу,оқушылар назарын сабаққа аудару.
2.Үй тапсырмасын тексеру.
а) оқушы жұмысын тексеріп,бағалау.
ә) топпен жұмыс.
3.Жаңа сабақ.
Кіріспе:Мүсін ең ежелгі өнердің бірі. Біз бұдан мыңдаған жыл бұрын Қазақстан жерінде тас өңдеу кәсібі пайда болғанын білеміз.Тас мүсіндер жасалған. Жануарлар бейнелі қойтас,қошқартас ескерткіштер пайда болған. Ата бабамыз мүсін жасаудан қалыс қалмаған. Соның бір куәсі Алматы маңындағы Ақсай шатқалынан табылған түйе мүсіншесі. Сақ, скиф дәуірлерінде аң стилінде жасалған мүсіндер болғандығын қазбалардан табылған өнер туындылары дәлелдейді. Мүсін кеңістікте жан-жақты бейнеленген,сомдалған көркем шығарма. Мүсін өнерін «Скульптура» деп те атайды. Ол латынның «қашау» деген сөзінен шыққан. Мүсін өнерінің 3 түрі бар. Монументтік,қондырғылы(станокты),шағын көлемді мүсін. Монументтік мүсін үлкен көлемді,ол далада, көшеде, алаңда,саябақта,үлкен кең залдарда өзінің ерекше көлемімен көрінеді. Бұл ерекшеліктер ең алдымен атақты адамдарға немесе болған оқиғаға байланысты халықтың есінде сақталу үшін орнатылады. Қондырғылы мүсіндеу көбінесе портрет ретінде ұсынылады. Мүсіндік портреттің негізгі міндеті кескіндемедегі сияқты адам образын беру. Шағын пішінді мүсіндеу бұл әртүрлі материалдардан,фарфордан, ағаштан, сүйектен,пластмассадан жасалған шағын көлемді мүсіндер, олардың көпшілігі түрлі түсті болып келеді. Шағын пішінді мүсіндеуге адамдар мен аңдарды бейнелейтін ойыншықтардың кейбір түрлерін жатқызуға болады. Мүсін негізінде екі түрге бөлінеді: жұмыр мүсіндеу және рельеф .Жұмыр мүсінде кеңдік биіктік,жуандық сияқты үш бағщтты көрCге болады. Репьеф көлеؼді бейненің жазықтық гетінде рәл шығыңқы етіп бейнҵленген тү葂і.
" Жалпы мүсін өнерінде аң萴ар тұлғасЋн мүсђндеу ерекше орын алады. Піл, арыстан, жолбарыс, барыс мүсіндері таңбалық мүсіндер ретін萴е жасалынғанŮ Аңдар мүсіні анималистік жанрға жатады. «Анималист» деген сөз латынның «хайтанат» деген сөзінен шыққан. Хайуанаттар бейнеленген суреттер мен мүсїндер анималистік жанр болып табылады. Белгўлі орыс ѡуретшісі В.А.Ватагин жан жануарлар бейнесін сакып қана қоймай,(оны ағаштан ойып, тасқа қашап бейнелеген.
Практикалық жұмысқа кіріспес бұрын бірнеше тапсырмаларды орындаймыз.
1.Қулық, өтірік,мақтаншақтық дегеніміз не?
2.Абайдың қандай нақыл сөздерін білесіңдер?
3.Суреттер бойынша топтастыру әдісі.
Қарғаның суреті, түлкінің суреті- бұлар жан-жануарлар.
IV.Практикалық жұмыс.
Сазбалшықпен жұмыс жасаймыз. Түлкі мен қарға бейнесін сомдаймыз. Алдымен алжапқышымызды тағамыз да алдымызға тақтайша қойып дайындап аламыз. Сонан –соң сазбалшықпен жұмысымызды бастаймыз.
V.Сөздікпен жұмыс.
Анималистік жанр-( латынша жануар) хайуанаттар дүниесін бейнелеу өнері.
Анималист-жануарларды бейнелейтін суретші және мүсінші.
VI..Сабақты бекіту.
VIIБағалау үйге, тапсырма беру.
Оқушыларға анималист мүсіншілердің еңбектерімен танысу тапсырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |