Ғалымдар
|
Теорияларының негізгі түсініктері
|
Ричард Контиллион
(Richard Cantillion)
(1725ж)
|
кәсіпкер – өзіне жұмыс орынды өзі жасайтын адам
кәсіпкер белгісіздік пен тәуекел жағдайларында жұмыс жасайды
кәсіпкер нарық талаптарына сәйкес әрекет етуі керек
|
Николас Бауде (Nicolas Baudeau) (1767ж)
|
кәсіпкер – ең алдымен инновациялық менеджер
кәсіпкерлер мен меншік иесінің арасында айырмашылықтар бар
кәсіпкерді қолдау керек және арнайы оқыту қажет
|
Жан Батист Сэй
(Jean Baptist Say) (1810ж)
|
кәсіпкерлік еңбек – еңбек, жер, капитал сияқты өндірістің негізгі факторы болып табылады
кәсіпкерлер белгілі бір моралдық және кәсіби қасиеттерге ие болуы керек
кәсіпкер белгісіздік жағдайында жұмыс жасайды және кәсіпорын алдында тұрған қиындықтарды жеңуі керек
|
Карл Менджер (Karl Menger) (1871ж)
|
кәсіпкер шешім қабылдауда төрт кезеңді ұстану керек: ақпараттарды жинау, экономикалық есептеулер, өнімді таңдау және өндірістік жоспардың орындалуын басқару
|
Альфред Маршалл (Alfred Marshall) (1890ж)
|
кәсіпкер мен менеджер өз қызметтерінде ерекшеліктерге ие, сәйкесінше оларға түрлі талаптар қойылады
кәсіпкер міндеті – еңбекті, капиталды қозғалысқа әкелу, жоспар жасау және оның орындалуын ұйымдастыру
|
Джозеф Шумпеттер (Joseph Schumpeter) (1910ж)
|
кәсіпкерліктің мәні жаңа өндіргіш күштерді ұйымдастыру болып табылады
кәсіпкерлік қызмет бағыттары: 1) жаңа өнім немесе қызмет түрлері; өндірістің жаңа әдістері; өткізудің жаңа нарықтары; қамсыздандырудың жаңа көздері; ұйымдастырудың жаңа нысандары.
кәсіпкер – әлеуметтік-экономикалық инноватор
кәсіпкер өзінің еңбегімен жаңа пайда түрін – кәсіпкерлік табысты жасайды
|
Франк Найт (Frank Knight) (1921ж)
|
кәсіпкер капитал иесі де болуы керек
кәсіпкердің негізгі атқаратын қызметі – ұйымдастыру мен бақылау
кәсіпкер өз ойын қоргай білуі керек және қиыншылықтарды жеңе алуы қажет
|
Давид Макклеланд (David Mc.Clelland) (1961ж)
|
кәсіпкер болашақ нәтижелерді болжау қабілеті, тәуекелге бару қасиеттеріне ие болуы керек
|
Питер Друкер (Peter F. Druker) (1964ж)
|
алғашқы болып пайда алу үшін мүмкіншіліктер түсінігін енгізді
кәсіпкер міндеті – ресурстарды тиімділігі төмен салалардан тиімділігі жоғары салаларға ауыстыру
|
Харви Либенстейн (Harvery Leibenstein) (1978ж)
|
Кәсіпкер түрлі нарықтық жағдайларда жұмыс жасай білулері керек: тұрақты нарық жағдайында да, және жаңа белгісіз нарық жағдайында да
|
Нағыз кәсіпкер – ол өнертапқыш адам. Сондықтан бизнеспен айналысатын адамдар, осы көзқарас тұрғысынан ешуақытта кәсіпкер бола алмайды.
Экономикалық ғылымда «кәсіпкерлік қабілеттілік» деген ұғым бар.
Кәсіпкерлік қабілеттілік дегеніміз адамның бизнесте жаңалықты аша білу қабілеттілігі, бірақ бизнеске қатысатындардың барлығының қолынан бұл келе бермейді.
Яғни кәсіпкерлік дегеніміз – бұл адамдар мен олар құрған бірлестіктердің белсенді, дербес шаруашылық қызметі.
Тағы айта кететін мәселе, кәсіпкерлікті түсіндіре келгенде мынадай екі жағдайға мән беру керек: біріншіден, коммерциялық бағыт-бағдарға, тәуекелге бел буушылық пен дербестікке, бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге, кездескен кедергілерді жеңе білуде; екіншіден, экономикада, ұйымдастыру ісінде тапқырлық пен жаңашылдық танытуға, ғылыми-техникалық прогреске жетуге тікелей қатысты.
Кәсіпкерлік өз бастауын ғасырлар тереңінен алып жатыр. Алайда ңарық атрибуты ретінде ол нарықтық экономика кезеңінде айқын көріне бастады.
А.Смит кәсіпкерді коммерциялық идеяны жүзеге асыру және пайда алу үшін экономикалық тәуекелге баратын меншік иесі ретінде сипаттады. Қазіргі таңда да осы тұжырым өз актуалдылығын жоғалтқан жок.
Қазақстан заңында: кәсіпкерлік азаматтар мен бірлестіктердің пайда алуға бағытталған және олардың тәуекел етуімен, сондай-ақ мүліктік жауапкершілігі негізінде жүзеге асырылатын ынталы қызметі.
Барлық шаруашылық қызметін емес, тек тәуекелмен, ынтамен, іскерлікпен, дербестікпен, жауапкершілік және белсенді іздеумен байланысты шаруашылық қызметті кәсіпкерлік қызмет деп санауға болады. Олардың бәрі кәсіпкерліктің белгілері болып табылады.
Кәсіпкерліктің негізгі белгілеріне жататындар:
шаруашылық субъектілерінің дербестігі және тәуелсіздігі;
экономикалық мүдделілігі;
шаруашылық тәуекел етуі және жауапкершілігі;
белсенді ізденуі;
жаңалықтығы.
Кәсіпкерлік экономикада маңызды орынға ие бола отырып бірқатар маңызды қызметтерді атқарады:
жалпы экономикалық;
ресурстық;
шығармашылық–ізденушілік немесе инновациялық;
әлеуметтік;
ұйымдастырушылық.
ҚР Кәсіпкерлік Кодексінің 23-бабына сәйкес кәсіпкерлік субъектілеріне жататындар: кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын азаматтар, оралмандар және мемлекеттік емес коммерциялық заңды тұлғалар (жеке кәсіпкерлік субъектілері), мемлекеттік кәсіпорындар (мемлекеттік кәсіпкерлік субъектілері)
Достарыңызбен бөлісу: |