Магнит өрісінің күш сызықтары тұйық болып, ол магниттің N солтүтік полюсінен шығып, S оңтүстік полюсіне енеді.
«Бұрғы ережесі»: Бұрғы ережесі бойынша, егер бұрғының ұшын ток бағытымен бағыттасақ, онда оның сабының айналу бағыты магнит өрісі күш сызықтарының бағытын береді.
Жердің магнит өрісінің бар екені магниттік тілшеге бір ұшы солтүстікті, екіншісі оңтүтікті көрсетіп орналасатынына қарап білуге болады. Жердің магниттік полюстері географиялық полюстермен сәйкес келмейді. Жердің географиялық солтүстік полюсіне жақындай келе магнит сызықтары көкжиектен барған сайын ауытқиды және Жерге кірер сәтте 75° солтүстік ендікте және 99° батыс бойлық шамасында вертикал болады. Солтүстік жарты шарда бұл нүкте Жердің оңтүстік магнит полюсі деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: |