Сабақтарды өткізу әдістемелік құрал



жүктеу 0,72 Mb.
Pdf просмотр
бет6/25
Дата01.12.2017
өлшемі0,72 Mb.
#2566
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25

13 

есептеледі. Тірек-сызба белгілерде сабақтың мазмұны түйінді, жинақы беріледі. 

Тірек - сызбаның оқушыға тиімділігі мынада:  

1. 


Оқушыға оқу материалы жинақы, қысқаша беріледі.  

2. 


Оқу материалының ішінен ең негізгісін таңдай білуді үйренеді.  

3. 


Тандап  алған  танымдық  –  білімдік  түсініктерді  бір  -  бірімен 

байланыстырып, қарапайым жүйе жасауды үйренеді;  

4. 

Оқулықпен және басқа материалдармен жұмыс жасауға дағдыланады;  



5. 

Өзіндік деңгейін біледі және өзін - өзі бағалауды үйренеді.  

Тірек  -  сызба  белгілерді  жаңа  сабақты  түсіндіруге,  қорытуға,  қайталауға 

пайдалануға болады.  

Сонымен тірек - сызба белгілерін өсімдіктер дүниесінен бастап, жануарлар 

дүниеснің құрылысын қалыптастыру мақсатында жалғастыру жөн.  

Жануарлар  дүниесінің  өзіне  тән  ерекшеліктерін  қалыптастыруға  тірек  - 

сызба белгілердің мәні зор.  

Көрнекілік  әдісте  де  оқушылар  білім  алуында  көрнекілікті  құралдарды 

пайдалану біртіндеп күрделенеді. Мұғалім әдістерді пайдаланғанда, оқушының 

ойын дамыту және қандай қорытындыға келетінін алдын­ала білуге тиіс, бирақ 

қандай нәтиже шығатынын сездірмеу керек.  

Зертханалық  және  практикалық  сабақтардағы  оқыту  мен  тәрбиелеудің 

мақсаты  –  оқушылардың  білімін  өзінше  өмірге  пайдалана  білуге  жеткізу. 

Мектепті  бітіргенде  о

қушы  өз  бетінше  ойлауға,  өз  бетінше  практикалық 

жұмысқа  дайын  болуы  керек.  Кез­келген  жаратылыстану  курсында  бір 

сабақтың  өзінде,  сабақтың  мазмұнының  бөліктеріне  қарай  бірнеше  әдістерді 

пайдалануға болады.  

Биология  пәнінен  зерт ханалық  және  практикалық  сабақты  өткізуде 

пайдаланылатын көрнекіліктің мынандай түрлері бар:  

1. 


Табиғи  (натуралды)  көрнекілік  (табиғат  объектісі  тірі  және  препарат 

түріндегі тұлыптар, кеппе шөптер, ылғалды препараттар) келеді.  

2. 

Бейнелеу түріндегі (таблица, схема, муляж, сурет). Техникалық бейнелеу 



(кино,  компьютер,  слайд,  видео құралдары).  Сондықтан  да  көрнекілік  әдістің 

түріне мынадай демонстрациялаулар жатады:  

- тәжірибелер;  

- натуралды объектілер;  

- бейнелеу құралдары.  

Практикалық және зертханалық сабақтардың құндылығы сол оқу тәрбиелік 

маңызы  ерекше,  себебі  жұмысты  орындау  барысындағы  мақсатқа  жету, 

міндетті  шешу үшін  оқушы  өзінің  алған  теориялық  білімін  іске  асырады, 

біліктілік  механикалық  түрде  дамымай  алған  білімге  сүйенеді.  Сондықтанда 

бұл жағдайдағы практикалық, зертханалық жұмыс білімнің көзі болады.  

Зертханалық, практикалық жұмыс алдында қойылған сұраққа, проблемаға, 

мақсатқа  оқушылар  жұмыстың  нәтижесімен  жауап  беру  керек.  Дұрыс 

өткізілген зертханалық және практикалық сабақ оқушыларды біраз логикалық 

операцияларды  жасауға  мәжбүр  етеді:  ұқсастық  және  айырмашылықты, 

классификациялауды, қорытынды, жинақтап шолу, ой тұжырымын жасау.  



14 

«Биология»  пәнінен  зертханалық  және  практикалық  сабақтарды  өткізуде 

оқыту әдістері және оларды жіктеу мәселесі. Әдістер белгілі бір негіз бойынша 

топтарға бөлінеді.  

XIX 

ғасырдың 20-30 жылдарында Б.Е. Райков, К.П. Ягодовский түсіндіру, 



тәжірибелік, зерттеу, зертханалық әдістерін жетілдірді.  

Оқушылар сөзден, кітаптан, көрнекіліктен, тәжірибелік жұмыстардан білім 

алады.  Осыны  ескеріп  20-30  жылдарда  Н.М.  Верзилин,  Е.Я.  Голант  с

өздік, 


тәжірибелік,  көрнекілік  әдістерін  ұсынады.  Қазір  компьютерлік  жүйелер 

арқылы білім алу мүмкіндігі бар.  

М.А.  Данилов  (1899-1973),  Б.П.  Есипов  (1899-1967)  дидактикалық 

мақсатқа  жету  үшін  қолданылатын  әдістерді  топтастырды.  Олар:  білім  алу, 

іскерлік  және  дағдыларды  қалыптастыру,  білімді  қолдану,  шығармашылық іс-

әрекет,  бекіту,  білім,  іскерлік,  дағдыларды  тексеру.  Аталған  авторлардың 

пікірлері  бойынша  о

қыту  әдісі 

дидактикалық  мақсатқа  жету  үшін 



оқушылардың іс-әрекетін реттеп, ұйымдастыру тәсілдері. Бұл саралауда әдістер 

оқытудың алдында тұрған міндеттермен сәйкестендірілген.  

И.Я.  Лернер,  М.Н.  Скаткин  оқыту  әдістерін  оқушылардың  танымдық 

жұмыстарының  түріне  қарай  топтастырған.  Авторлар  балаларға  ақыл-ой 

жұмысының, өз бетімен білім алудың жолдарын көрсетеді.  

Оқытушының  басшылығымен  жұмыс  істейтін  оқушылардың  танымдық 

белсенділігі әртүрлі.  

Биология  пәнінен  зертханалық,  практикалық  жұмыстар  ұйымдастыруда 

репродуктивтік әдіс  арқылы  оқушы  «дайын»  білімдерді  есінде  сақтап,  кейін 

қатесіз айтып бергенмен, оның ақыл-ой белсен ділігі төмен болады.  

Эвристикалық  әдіс  арқылы  ақыл-ой  жұмысы  күшейеді,  оқушы  білімді 

өзінің  танымдық  іс-әрекеті  арқылы  алады.  Бірақ  сабақты  тұрақты  түрде 

мәселелік, эвристикалық, зерттеу әдістерімен өткізу мүмкін болабермейді.  

Ю.К. Бабанский оқу-танымдық іс-әрекетті ынталандыру әдістерін топтады. 

Ол  іс-әрекет  3  бөліктен:  ұйымдастыру,  ынталандыру,  бақылаудан  тұратынын 

атап көрсетіп, әдістерді оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру, ынталандыру, 

бақылау әдістері деп бөледі.  

М.И.  Махмутов  оқыту  әдісіне  сәйкес  келетін  оқу  әдістерін  іріктеген. 

Оқыту әдістері: а) ақпарат беру әдісі, ә) түсіндіру әдісі, б) ынталандыру әдісі, в) 

тәжірибелік әдіс.  

Бинарлық  әдістер  бір-бірімен  тығыз  байланысты  оқыту  м ен  оқудың 

тәсілдерін (хабарлау, міндеттер қою, мұғалімнің тапсырма беруі, оқушылардың 

тыңдауы,  жаттығулар  орындауы,  есептер  шығаруы,  мәтінді  оқуы,  т.б.) 

қолдануды талап етеді. Мысалы, мұғалім оқушыларға фактілер мен ережелерді 

хабарлайды, заттарды көрсетеді, фактілердің мәнін түсіндіреді, оларға сұрақтар 

қояды.  Егер  оны  тәсілдердің  арасында  түсіндіру  тәсілдері,  дәлірек  айтсақ 

фактілерді  талдау,  салыстыру,  хабарлау,  т.б  басым  болса,  онда  о

қыту  әдісін 

түсіндірмелі  деп  атауға  болады.  Егер  негізгі  тәсіл  -  ақпараттарды,  фактілерді 

ұсынумен  шектелсе,  (мысалы:  мұғалім  оқушыларға  ережелерді  жаттауды 

ұсынады, бірақ ереженің мәнін түсіндірмей, оны жаттау тәсілін айтады), онда 

оқыту  әдісі  ақпараттық-  хабарлау,  немесе  оны  жай ғана  хабарлама  әдісі  деп 




жүктеу 0,72 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау