Сабақ түрі: Тренинг Әдісі: Сұрақ-жауап, әңгіме, көрнекілік-техникалық, ойын, жаттығулар Жоспары: І. Кіріспе бөлім



жүктеу 72,5 Kb.
Дата02.02.2020
өлшемі72,5 Kb.
#28039
түріСабақ

Тақырыбы: «Сенің қалауың»

Мақсаты:

Білімділік: Адамның қорғаныш тапшылығы қоздырғышының (АҚТҚ) берілу жолдары,

зардаптары жөнінде ақпарат беру.



Тәрбиелік: Зиянды заттарды тұтынбауға, жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушылар бойында өзінің және достарының қауіпсіздігі үшін

жауапкершілік сезімін дамыту.



Сабақ түрі: Тренинг

Әдісі: Сұрақ-жауап, әңгіме, көрнекілік-техникалық, ойын, жаттығулар

Жоспары:

І.Кіріспе бөлім

ІІ. Негізгі бөлім

  1. Топқа бөлу

  2. Танысу. «Трениниг шеңбері» жаттығуы

  3. «Кім біледі?»

  4. Антижарнама

  5. Рөлдік ойын

  6. «Қисық жол» оқиғасы

  7. «Қауіпсіздік картасы» жаттығуы

  8. «Қауіпсіздік ережесі»

  9. Құрастырмақ (мозайка) ойыны

  10. «Сызықтар» ойыны

ІІІ. Қорытынды бөлім

  1. «Аңыз әлде шындық» сауалнамасы

  2. Жұқтырылған қорғаныш тапшылығы белгісі (ЖҚТБ) зардабы

  3. «Ойлан!» жаднамасы

  4. Ата-аналар мен мұғалімдерге арналған Үндеу.

  1. Топқа бөлу.

Әр қатысушыға әртүрлі бейне қиықтары таратылып беріледі. Қатысушылар қолындағы қиындылар бойынша бейне құрау арқылы топтарға бөлінеді.

  1. Танысу

Танысу кез келген тренингтің қажетті кезеңі болып табылады. Танысу топтарды белсендіруге, оқыту процесін тартуға үмкіндік береді.

«Тренинг шеңбері»

Бұл топтарға жүргізіледі. 1 минут талқылаудан кейін әр қатысушы «Тренинг шеңбері» бойынша жанында өз тобындағы көршісін таныстырып, оның аты мен сүйікті ісін айтады.



  1. «Кім біледі?»

Топтарға сұрақтар қойылады. Әр сұрақтың жауабы компьютер экранындағы «адам бейнелері» арқылы тексеріледі. Егер жауап дұрыс болса «адам бейнесі» қуанады, егер жауап дұрыс болмаса, бейне мұңаяды.

Сұрақтар:

1-топ: Темекідегі жылқыны өлтіретін зиянды зат (никотин)

Есірткі шегетін адам белгілерін атаңыздар.

2-топ: Алкогольден бірінші зардап шегетін ағза (бауыр)
3-топ: Алкоголь құрамындағы миға кері әсер ететін қандай

зат бар? (сияуыш майы)



  1. Антижарнама.

Топтарға плакат бетіне берілген сөздерге антижарнама жасау тапсырылады.

1-топ: Темекі.

2-топ: Алкоголь

3-топ: Есірткі

Әр топ жұмыстарын қорғайды.


  1. Рөлдік ойын «Шеңбер».

Бұл ойын есірткіні қолданушылар мен таратушылардың

Ойын барысы:

Барлық қатысушылардың шеңбер құрып, бір-бірлерінің қолдарынан ұстап, көздерін жұмулары сұралады. Жүргізуші ойыншыларды арт жағынан келіп, есірткі қолданып, СПИД жұқтырғандардың рөлін ойнайтын 3 адамды арқасынан түрту арқылы бөліп алады. Ол жасырын сақталуы керек. Жүргізуші қатысушылардың көздерін ашып, бір-бірлерімен қол алысуларын ұсынады. Рөл ойнаушылармен қол алысқан жағдайда олар басқа қатысушының қолын шымшып алуы керек. Жүргізуші ойын соңында белгіленген 3 адамды ортаға шақырады. Рөл ойнаушылар қол алысқан, кімнің қолын шымшыды, солар қолын көреруін өтінеді.



Түсініктеме:

Бұл ойындағы қол алысу АҚТҚ жұқпасын жұқтырудың белгісі ретінде алынып тұр. (Ол қол алысу арқылы жұқпайды) Тамырына есірткі салатын және қауіпсіздік шарасын қолданбай жыныстық қатынасқа түскен осы ауруды жұқтырады және бұл процесс өте тез өтеді.

Әлемде әр минут сайын АҚТҚ жұқпасын жұқтырған 11 адам қосылып, ЖҚТБ-дан 5 адам өледі екен. Күн сайын әлемде 16000 жас адам ауру жұқтырып, 7000-нан артық адам қайтыс болады. АҚТҚ-ны жұқтырғандардың 80 пайызы есірткіні егу арқылы жұқтырады екен.

Осылайша, бұл ойын арқылы біз ойынға әр қатысушы өзін өте жаман әдеттер мензаттардан аулақ ұстамаса, АҚТҚ-ны жұқтыруы мүмкін.



  1. «Қисық жол» оқиғасы.

Қолы бос кезінде Марат курьер болып жұмыс істейтін. Бір күні қаланың екінші басына маңызды құжаттар апару керек болды. Марат көп ойланбастан автобусқа мініп жүре берді. Жол алыс болғандықтан, көзі ілініп кетіпті. Оянса, қолындағы бумасы жоқ екен. Есі шыққан Марат автобустан атып шықты. Не істерін білмей, дел-дал болған жеткіншек қала көшелерін кезіп ұзақ жүрді. Кенет, оның көзіне бейтаныс ауланың бұрышында отырған өзі шамалас балаларға көзі түсті. Марат бейтаныс жандардың қасына жақын келіп, бейне бір бұрыннан таныс адамдарша шүйіркелесе кетті. Ол өзінің басынан кешкен келеңсіз оқиғасын баяндап, жаңа достарынан кеңес сұрады.

Міне, содан бері Марат сабағын да тастады. Таныстары оны қаланың әр жерінде күмәнді жастар тобымен жүргенін көретін болды. Көрші аулада отыратын әжелер «Әсте Марат «қисық жолға» түсіп кетті-ау!» десіп жатты.



Сұрақтар: 1-топ: Марат сабақты неге тастап кетті?

2-топ: Жаңа достары қандай кеңес берді деп ойлайсыздар?

3-топ:«Қисық жол» қайда және қандай нәтижелерге алып келуі мүмкін?

  1. «Қауіпсіздік картасы» жаттығуы.

Жабдықтамасы: Ауыл картасы, маркерлер, қарындаш, қалам

  • Біздің ауылда достарыңызға жүрме деген кеңес беретін

жерлердің суретін сал немесе белгіле.

Карта толтырылған соң

1-топ: Бұл жерлер несімен қауіпті?

2-топ: Өзіңді және достарыңды қалай қауіптен сақтауға

болады?

3-топ:Жаман әдеттерге бейім адамдарға қандай кеңес



берер едіңіз?

  1. «Қауіпсіздік» ережесі.

Әрқашан

Ешқашан

Ата-аналарға немeсе өзің сенетін ересектерге қайда, кіммен кетіп бара жатқаныңды және сені шамамен қашанға күту керек екенін айтып кет

Кенет шешім қабылдап, өзің танымайтын адаммен ешқайда барма

Әдетте бірге жүретін достарыңның телефон тізімін көрінетін жерге ұста

Өзіңе таныс емес жерлермен жүрме

Белгілеген бір жағдайда қандай шешімге тоқталатындарыңды достарыңмен алдын ала келісу

Өзің танымайтын ортаға өте қажет болмаса барма

Атышулы жаман жерлерден, ортадан аулақ бол

Жағымсыз заттарды қолданба

Үйге қарай жүретін жолдың жарық көшелер арқылы өтуін қадағала

Қайда және қашан дайындалғаны белгісіз тағамдарды қолданба

Бөтен машинаға отырғанда есігін ашатын тұтқаның қайда екенін қарап ал

Өзіңнің мықты екенін дәлелдеудің керегі жоқ

Таныс емес адамның көлігіне отыру керек болғанда, өзіңді ересек адамның немесе достарыңның шығарып салып, көлік нөмірін жазып не жаттап алуын сұра

Мекен-жайың мен телефон нөміріңді бейтаныс адамға берме

Алыс жолға шыққанда барған жерге жеткенін туралы үйіңе хабарла

Модаға еліктеп, өзіңе қонымсыз киімдерді киме

Берілген кестедегі ережелер талқыланып, алып-қосуға болатын бөліктерді талқылау.



  1. Бөлігін тап (Мозайка).

Әр топқа тақырыптар бойынша бөлігін тауып, мозайка құрау керек.

1-топ: «Темекі шегу әсерінен болатын аурулар»

2-топ: «Ішімдік зардабы»

3-топ: «ЖҚТБ туралы «10 қағида»



  1. «Сызықтар» жаттығуы

Мақсаты: АҚТҚ-ны жұқтырған адамның қоғамнан шектелетінін

көрсету.


Шарты: Әр қатысушымаңдайына қызыл және жасыл сызықтар

жабыстырылады. Әр қатысушы өз сызығын көрмеуі керек.

Ал бір қатысушыға сары сызық жабыстырылады. Олар сызық

түсіне байланысты топтарға ұйымдастырылады. Бір-біріне

көмектесе алады.

Қорытындылау:



Топтарға:

1-топ: Сендер топтарға неге осылай топтастыңдар?

2-топ: Неліктен сары сызықты ойыншыны еш топ алған жоқ?

3-топ: Сары сызықты ойыншыны топтарыңа алғыларың келе ме?

Неге?

Сары сызықты ойыншыға:

Сен қандай да бір топта болғың келе ме?



Барлық топтарға:

Қоғамнан шектелу дегенді қалай түсінесіңдер?



Қорытынды бөлім.

  1. «Аңыз әлде шындық» тесті

Сұрақтар

Аңыз

Шындық

Дәлелдеу

ЖҚТБ мен АҚТҚ қатерлі емес оңай емделетін ауру

А




Қатерлі және емделмейтін ауру

Адамдар одан өлмейді

А




Бұл ауруға шалдыққандар 5-10 жыл ішінде өледі

ЖҚТБ мен АҚТҚ әлемге таралған




Ш

Бұл ауруға шалдыққандар әлемнің барлық елдерінде бар

Қазақстанда бұл ауруға шалдыққандар жоқ

А




Қазақстанда ЖҚТБ ауруының арнайы тікелген саны 149, АҚТҚмен зақымданғандар саны-3948

Бұл ауруларға жастар мен жас өспірім ешқашан шалдықпайды

А




15- жастан 29 жастағы бұл ауруды жұқтырғандар жастар мен жас өспірімдердің 50 пайызын құрайды

Жақын уақытта бұл ауруға шалдыққандар азаяды

А




Ғалымдар есебі бойынша әлемде 20 жыл ішінде 70 млн адам өлген

Бұл ауруларға қарсы дәрі жоқ




Ш

Жер бетінде бұл ауруға қарсы дәріні әлі ойлап тапқан жоқ

Бұл аурулардан тек жұқтырған адам зардап шегеді, ал қоғам дамуына әсерін тигізбейді

А




Бұл аурудан кез келген елдің әлеуметтік экономикалық жағдайына әсер етеді, бұл бүкіл жер шарының проблемасы




  1. ЖҚТБ зардабы (экраннан көрсетіледі)

  • В, С гепатитімен ауру

  • Заң бұзушылыққа бару

  • Еркіндікті жоғалту

  • Достарың мен жақындарыңды жоғалту

  • Милиция арасындағы проблема болуы

  • Есірткіге тәуелді болу

  • Қоғамнан алшақтау

  • Ерте қаза табу т.б.

  1. «Ойлан!» жаднамасы

Жарға бір қадам.... Ол қауіпті ма жоқ па? Алғашқыда сен самғайсың, содан кейін жарыласың? Есірткінің бірінші сынау – сондай ұшудың бастамасы. Аяғы да сондай болады.

Есірткіні сатудан мол ақша табады. Неліктен оны тегін береді? Оның себебі – есірткінің қармағына ілінген, қалған өмірі бойы төлейді. Сені тармаққа отырғызған сияқты балыққа да, құртты тегін береді. Айтпақшы, «жындылықты» сатушылар неге өздері қолданбайды? Ойлан!

Нашақорлықтан ата-ана алдындағы «кінәдай кешірім сұрап» құтылуға болмайды. Нашақорлық ешкімге еш нәрсені кешірмейді. Бұған әр нашақордың көзі жеткен.

«Жындылықты» қолдана бастаған оның құлы болады. Құлға сенбе, тәуелсіз адам ғана әділетті бола алады. Бұл жерде досың да жауыңа айналуы мүмкін!

Есірткіні пайдаланатындардан аулақ бол: Есірткі жұқпасы білінбей таралады!

Ойлан! Ойлан! Ойлан!!!



  1. Ата-аналар мен мұғалімдерге арналған Үндеу.

Құрметті ата-аналар!

Әке мен шеше болу өмірдің ең басты ісі. Осы үндеумен біз ұлтымызға, әлеуметтік жағдайымызға, біліміміз бен дінімізге қарамастан бәріміз де ата-ана екенімізді көрсеткіміз келеді. Бізді біріктіретін де осы жағдай. Бұл бәріміздің өзіндік өмірге аттанып бара жатқан балалардың рухани жүгіне бірдей жауаптымыз деген сөз.

Біз оларды шешім қабылдауға, қиыншылықты табандылықпен жеңуге үйретуіміз керек. Ондай дағдылар оларға бүгін есірткінің, ішімдіктің тәуелділігіне, бөтеннің еркіне түспеуі үшін өте қажет. Өздерін емделмейтін аурулардан сақтау үшін маңызы зор.

Еврей халқының дәстүрінде егер жанұяда бала оқыса, бәрі сонымен бірге оқуының себебі де сондықтан болар. Бұлай болмаса әке мен баланың арасы алшақтап «әр тілде» сөйлеуге әкеліп соғады. Бұған кінәлі «жағдай», «кездейсоқтық» т.с.с. емес біздің жалқаулығымыз, жанұя тәрбиесіне немқұрайды қарауымыз, құқықтық білімнің таяздығы және әлеуметтік енжарлығымыз. Мектеп, мемлекет және қоғам бізді алмастырмайды, бізге көмек көрсетеді.

«Бала –жүрегімнің жұбатушысы» - деген Абай.

«Дүние жастан басқарылады» - немістің діни шолушысы Толук.



«Дүние жастан құрылып қана қоймайды, содан бастап құлайды» - орыс ойшысы И.Ильин.

Табиғаттта қуыс болмайды. Егер біз балаларымыздың рухани негізін жасамасақ, оны біз үшін біреулер жасайды.... Сіз соны қалайсыз ба?
жүктеу 72,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау