2-тапсырма:Төмендегі сұрақтар бойынша еліміздегі қала мәдениетінің кешегісі мен бүгінгісі туралы сауалнама жүргізіп, талқылаңдар.
Астананың басқа қалалардан басты ерекшелігі неде?
Өз туған өлкең немесе ауылыңның тарихы туралы баяндап бер.
Ежелгі, ескі қалалар туралы білетін ақпаратты сыныптастарыңмен бөліс.
3-тапсырма:«Алтын адам тарихы» туралы мәтінді оқып, туған өлкеңнің мәдени мұрасы жайлы ойларыңды талқыла. Алматы облысындағы Есік қорғанынан 1970 жылы «Алтын адам» табылды. Архиологиялық олжаны тарих ғылымының докторы Кемел Ақышев басқа ғалымдармен кеңесе отырып, бұл біздің заманымызға дейінгі IV ғасырда өмір сүрген сақ ханзадасы деген шешімге келген. «Алтын адамның» бойындағы қаруы да, үстіндегі киімі де түгелдей дерлік алтыннан құйылған. Бұл ең әуелі ішінде жатқан адамның, сонан соң елінің дәулетін көрсетеді, екіншіден сол кездің өзінде-ақ түсті металургияның қыр-сырын меңгерген тайпалардың өмір сүргенін куәландырады.
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |