Сабақ Тақырыбы: «Тізбек бөлігі үшін Ом заңы»



жүктеу 57,5 Kb.
Дата19.11.2018
өлшемі57,5 Kb.
#21173
түріСабақ

А.Тайманов атындағы №34 мектеп - гимназия
Ашық сабақ
Тақырыбы:

«Тізбек бөлігі үшін Ом заңы»

10 сынып.

Физика

Пән мұғалімі: Шамғонова Дидар Нұрланқызы
2016-2017 оқу жылы

Сабақтың тақырыбы: §9.3 Тізбек бөлігі үшін Ом заңы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты:
Ом заңын қорытып шығару. Тізбек бөлігіндегі ток күші ол бөліктің кедергісіне тәуелді болатынын тәжірибе жүзінде тағайындау.
Дамытушылық мақсаты: Күнделікті өмірмен байланыстыра отырып, мысалдар құрастырып, есептер шығарып, дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Еңбекке баулу, ғылымға қызығушылығын арттыру, өз бетімен ізденуге дағдыландыру.
Сабақтың типі: аралас сабақ.

Сабақтың оқыту әдістері: Шығармашылықпен зерттеу, оқыту технологияларының түрлері, тез ойлануға үйрету, келелі мәселелер қоя білуге үйрету әдістері, түсіндірмелі-иллюстративтік тәсіл,  репродукциялық тәсіл, деңгейлік тапсырма, компьютерді және басқа да құрал-жабдықтарды  пайдаланып түсіндіру.


Сабақтың көрнекілігі: электронды оқулық, слайд, амперметр, вольтметр, жалғағыш сымдар, кәлт т.б.

Сабақ жоспары:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
А) Бәрін білгім келеді (тест тапсырмасы)
III.Жаңа сабақ


А) Сиқырлы терезе (деңгейлік есептер)

Ә) Элекронды оқулықпен есептер шығару
IҮ. Қорытындылау, бағалау.
V. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Оқушыларды түгелдеп, назарларын сабаққа аудару.

II. Үй тапсырмасын тексеру. А) Бәрін білгім келеді (тест тапсырмасы)


1.Кернеуді  өлшейтін  құралды  көрсетіңдер?
А. Амперметр               В.Спидометр        С.Омметр                  Д.Вольтметр

2.Ток  күшін  өлшейтін  құралды  көрсетіңдер?
А. Динометр                 В. Амперметр       С. Вольтметр            Д.Омметр

3.Зарядтың  өлшем  бірлігі?
А. Ампер                      В. Кулон                С. Джоуль                Д. Вольт

4.Жұмыстың  өлшем бірлігі?
А. Ватт                         В.Ом                       С. Вольт                    Д.Джоуль

5. Кедергіні   өлшейтін  құралды  көрсетіңдер?
А. Амперметр         В. Динометр                С.Омметр             Д.Вольтметр

6.Уақытты  өлшейтін  құралды  көрсетіңдер?
А. Секундометр       В.Омметр                  С.Спидометр        Д. Амперметр

7.Кедергінің  өлшем  бірлігі ?
А. Ампер               В.Секунд        С.Ом                Д.Вольт

8. Электр тогы дегеніміз не? Электр зарядтарының кез-келген реттелген қозғалысы

9.  Ток күші дегеніміз не?   Формуласы? Өткізгіштің көлденең қимасы арқылы бірлік уақыт ішіндегі зарядтар ағыны. I=q/t

10. Кернеу дегеніміз не? Заряд орын ауыстырғанда электр өрісінің атқаратын жұмысы.

11.  Ток күшін  тізбекке  қалай жалғанады? Тізбектей

 12. Электр тогының бағыты ретінде қандай бағыт таңдап алынған? Электрондар қозғалысы

 13. Кернеуді  тізбекке қалай жалғанады? Параллель

 14. Металдардағы электр тогы дегеніміз  не? Иондардың реттелген қозғалысы

 15. Кедергінің өлшем бірлігі? Ом

16. Вольт қай шаманың өлшем бірлігі? Керену

 17. Электр тогының көздерін ата? Гальвани элементі, аккумулятор

 18. Қарапайым электр тізбегін жинаудың неше түрі бар? 2

 19. Электр кернеуінің формуласы? U=A/q

20. Жұмыстың өлшем бірлігі? Дж

 

ІІІ. Жаңа  сабақты түсіндіру.  

 Жаңа сабақтың тақырыбы:  Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы.

Біз осыған дейін  ток күші, кернеу деп аталатын  физикалық шамалармен таныс болдық.

Өткізгіштердің тізбектегі ток  күшін азайту, яғни электр тогына қарсы  әсер ету қасиетін электр кедергісі  деп атайды.  Кедергіні R әрпімен белгілейді.  Өткізгіштерде кедергі болады және әр түрлі өткізгіштің кедергісі әр түрлі болады.  Әр түрлі өткізгіш деп отырғанымыз, мысалы өткізгіштерге, мыс, нихром, никелин, аллюминий сымдарын жатқызуға болады.

1827ж   Неміс  физигі Г.Ом   Пропорционалдық   k    коэффициенті  өткізгіш  материалының  тегіне  және  оның  өлшеміне  тәуелді екендігін,   бірқатар  тәжірибелер  нәтижесінде  осы   тәуелділікті  ашып,  k  коэффициентінің  орнына  оған  кері   R =  1/  k  шамасын  алып, оны  өткізгіш  кедергісі деп атады.
Г.Омның  құрметіне кедергі  оммен  (Ом ) өлшенеді.

1 Ом -  ұштарының  арасындағы  кернеу 1 В  болғанда,  бойына  1 А  ток  өтетін  өткізгіштің  кедергісі.

I= k U= U/R 

Бұл   тізбек  бөлігі  үшін Ом  заңының  математикалық  өрнегі. Ол ток күшінің кернеу мен кедергіге тәуелділік заңын ашты. Бұл заң Омның құрметіне Ом заңы деп аталды.



Ом заңының тұжырымдамасы: Тізбектің бөлігіндегі ток күші-осы бөліктің ұштарындағы кернеуге тура пропорционал, өткізгіштің кедергісіне кері пропорционал.

I=U/R

 Кедергіні ХБЖ Оммен өрнектейді.   Ом заңына сәйкес  кедергіні  төмендегі  формуламен есептейді:



R=U/I

 Ом заңы бойынша тізбектегі кернеуді өлшеу үшін 



U=IR

формуласы қолданылады.



Тізбектегі кедергінің шартты белгісі:

1.Кедергіні өлшу үшін реостаттар деп аталатын құрал қолданылады.

 2.Реостат тізбектегі кедергі өзгергенде, ток күшін баяулату үшін қажет.

Өткізгіштегі ток күшінің кернеуге тәуелділігі ВОЛЬТАМПЕРЛІК СИПАТТАМА деп аталады.

Өткізгіштің кедергісі деп берілген өткізгіштің өз бойымен өтетін токқа жасайтын кедергісін көрсететін физикалық шаманы айтады.

Өткізгіштің кедергісі оның l ұзындығына, S көлденең қимасының ауданына және жасалынған материалдардың қасиеттеріне тәуелді:



R=
ρ – өткізгіш материалының меншікті кедергісі

Меншікті кедергі өткізгіштің бірлік ұзындығы және көлденең қимасының бірлік ауданымен анықталатын физикалық шама. Оны 0˚ С температурада есептеп, кестеге енгізеді. Меншікті кедергінің температураға сызықтық тәуелділігі байқалады:



ρ= ρ˳(1+αt)

α – кедергінің температуралық коэффициенті, ол өткізгіштің түріне және олардың ішкі құрылымына тәуелді.
А) Сиқырлы терезе (деңгейлік есептер). Терезелер қола, күміс,  алтыннан тұрады. Ал  біз  оларды  оқу  үшін  сиқырлы  терезедегі  тапсырмаларды  орындаймыз.  Терезе  тапсырмалары.

I. деңгей.( қола)


1. Қалта фонары қыл сымының кедергісі 15 Ом болса және ол кернеуі 4, 5 В батареяға қосылса, онда осы қалта фонарының электр шамынан өтетін ток күші неге тең болар еді?
2. Кернеуі 120 В, ток күші 0, 5 А электр шамының кедергісін анықтаңдар.
3. Кедергісі 0, 25 Ом өткізгішке ондағы токтың күші 30 А болу үшін қандай кернеу түсіру керек?
II. Деңгей. (күміс)
1. Көлденең қимасының ауданы 0, 1мм никель сымынан жасалған электр қыздырғыштың спиральіндегі кернеу 220В болғанда тоқ күші 4А. Сымның ұзындығы қандай?
2. Ұзындығы 150см және көлденең қимасының ауданы 0, 025мм болатын ток күші 250мА темір өткізгіш ұштарындағы кернеуді анықтаңдар.
III. деңгей. (алтын)
1. Ұзындығы 2 км және кедергісі 8, 5 Ом мыс сымның массасы қандай?
2. Қолда бір текті екі өткізгіш бар, бірі екіншісінен 8 есе ұзын, ал екіншісінің көлденең қимасының ауданы біріншісінен екі есе үлкен. Осы өткізгіштердің қайсысының кедергісі. үлкен және неше есе үлкен.

1.Ақыл  мен  парасат  күші – адамның  ойлауына,  пайымдауына,  ғылым  мен  өнерді  ұғынуына  және  жақсылық  пен  жамандықты  айыруына  көмектесетін  күш. Әл-  Фараби


2.Әрбір  физикалық  теорияның  төрешесі  тәжірибе. Ландау

Ә) Элекронды оқулықпен есептер шығару



IV. Қорытындылау.

  1. Тізбек бөлігіне арналған Ом заңын тұжырымдаңдар?

  2. Электр кедергісі деп нені түсіндіңдер?

  3. Меншікті кедергі дегеніміз не?

  4. Вольтамперлік сипаттама дегеніміз не?

  5. Кедергінің температуралық коэффициенті деп нені айтады?


Оқушылардың білімін бағалау.
V. Үйге тапсырма. §9.3 Тізбек бөлігі үшін Ом заңы. № 3.222-3.227.


жүктеу 57,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау