Сабақ тақырыбы:Сөз.Мәндес сөздер.
Сабақ мақсаты:1.Оқушылардың өткен сыныптарда танысқан сөз туралы,сөз мағынасы жайында білімдерін кеңейту.
2.Сауаттылығын,ойлау қабілетін дамыту.3.Туған елін,жерін сүюге,патриоттыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі:Жаңа сабақ
Сабақ әдісі:ой шақыру,сұрақ-жауап,ойын,көрнекілік,өздік жұмыс.
Пәнаралық байланыс:өзін-өзі тану, психология, дүниетану, математика әдебиеттік оқу.
Көрнекілік:ақпараттық технология,(слайдтар) нақыл сөздер,сызба.
Сабақ барысы:I Ұйымдастыру кезеңі:Психологиялық дайындық
Күндей,нұрланып,
Айдай арайлап.
Жұлдыздай жарқырап,
Судай таза көңілмен.
Бүгінгі сабағымызды бастаймыз.
Кіріспе сөз:-Балалар бүгінгі сабағымыз бізде ерекше.Себебі бізге қонақтар келіп отыр.Қазақ қонақ десе ішкен асын жерге қоятын халық ғой.Біз қонақтарымызға өз білімімізді көрсетейік.
II Өткенді сұрақ-жауап арқылы қайталау. 1.Қаратпа сөз дегеніміз не?
2.Қаратпа сөздің тыныс белгілері туралы не білесіңдер?
III Үй жұмысына тексеру.
Үйде даярлап келген көріністерін көрсету.
Жаңа сабақ:-Ой шақыру «Сөйлейтін сандар» ойыны бойынша сөз бойынша жаңа тақырыпты табу. «Сөз» шығады.
-Балалар желтоқсан айы,біздің еліміз үшін ерекше ай болды? Неліктен? Осы айда тағы қандай мерекелер бар?
-Ендеше бүгінгі сабағымызда Елбасымыз бізге құпия сөйлемді шешуге тапсырма беріпті.
Сабақ барысында берілген тапсырмаларды шеше білсек,құпия сөйлемді оқи аламыз.
-Ендеше сәттілік тілейміз.
-Оқушылар өз-өздерін бағалау парағы арқылы жұмыс істейді.
-1-тапсырма:Сөз жайында білетінімізді ортаға саламыз.
-Топпен жұмыс:
1 топ:Сөз дегеніміз не? Ол неден құралады? Сол жайында айтады.
2 топ:Сөздің мағынасына қарай бөлінуі жайында айту.
Мұғалім:Слайд арқылы сөйлейді.
-Слайд бойынша сурет арқылы ережелері бекіту.
-Дәптермен жұмыс:Дәптерімізді ашайық,
Қолға қалам алайық.
Салақтықтан қашайық,
Көркем етіп жазайық.
Ай,күнді,жазу.
Оқулықпен жұмыс:
1-жаттығу:Берілген сөздерге мәндес сөздер тауып жаз.Өзің таңдаған үш сөзге сөйлем құрастыр. Атақты,танымал;ақылды,есті;батыр,ержүрек;әділетті,шыншыл;талапты,ынталы,белсенді.
1-құпия сөз:Тәуелсіздіктің
2-тапсырма:Сөйлемдерді оқы. Мәндес сөздерді тауып,топтап жазу (Көмегі,пайдасы,қолғабыс) көмек,қолғабыс,сәуле,нұр,алыс-ұзақ.
2-құпия сөз:туы
3-тапсырма:(Слайдтан көрсету)
-Суреттерді мұқият қара.Берілген мәндес сөздер қай суретке сәйкес келеді.
3-құпия сөз:мәңгі.
Сергіту сәті:Аспанға қарап ай көрдік,
Төменге қарап жер көрдік.
Оңға,солға бұрылып,
Егеменді ел көрдік
-Бұл қай ел? Әрине Қазақстан.
4-тапсырма:
Мәтінді мәнерлеп оқып,қарамен жазылған сөздерді төмендегі мәндес сөздермен ауыстыр.
4-құпия сөз:Желбірей
5-тапсырма:Тақтамен жұмыс.
Берілген сөздердің ішінен мәндес сөздерді топтап жаз.
Сәйкестендіру тест.
Топпен жұмыс:
I топ: Абайлау қария
Ағайын сыйлық
Ақсақал байқау
Жүлде туыс
II топ:Ұстаз Бөпе
Мейман Қонақ
Қиын Оқытушы
Сәби Ауыр
Бірлік бар жерде-тірлік бар.
Ағайынға қарап мал өсер,
Ағашқа қарап тал өсер.
(Ынтымақ туыс) енкеиіп.
Адамдықтың белгісі-иіліп сәлем бергені.
5-құпия сөз:Берсін!
Сабақты қорытындылау:-Сонымен балалар бізге елбасы қандай құпия сөйлем жолдаған екен?
Сөз дегеніміз не? Мәндес сөздер дегеніміз не?
Бағалау:Топ басшылары бағалау парағы арқылы бағалайды.
Үйге тапсырма:6-жаттығу
Достарыңызбен бөлісу: |