V. Қорытындылау.
VІ. Бағалау.
VІІ. Үйге тапсырма:§12,13.
Тексерілді:
Оқу ісі жөніндегі орынбасары:
__________ ____________________
«__»_____. 201__ж
«__________» ____________________
8-сынып
Сабақ тақырыбы: §57. §58. Заттың магниттік қасиеттері. Ақпараттың магниттік жазылуы.
Сабақ мақсаты:
1. Оқушыларға магнетиктер , ақпарапттың магниттік жазылуы қалай жүзеге асырылатыны туралы түсінік беру.
2. Оқушыларды ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге дағдыландыру.
3. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас
Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап
Сабаққа қажетті құралдар: компьютер, слайдтар, видеопроектор, электрондық оқулық
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Оқушылардың өткен тақырыпты қалай меңгергендерін тексеру:
1. Егер тогы бар түзу өткізгішті тұрақты таға тәрізді магнит өрісіне орналастырса не болады?
2. Тогы бар раманы тағы тәрізді тұрақты магнит өрісіне орналастырса не болады?
3. Сол қол ережесі қалай айтылады?
4. Электрқозғалтқыш не үшін пайдаланылады?
5. Электрөлшеуіш аспаптардың қандай түрлері бар?
ІІІ. Жаңа сабақ.
Заттың магниттік қасиеттері заттың әр молекуласының ішінде циркуляция жасайтын молекулалық ток есебінен пайда болады.
Магнит өрісі әрекетінен магниттелетін заттар магнетиктер деп аталады.
Сыртқы магнит өрісін әжептәуір күшейтетін заттар ферромагнетиктер деп аталады. (темір, кобальт, болат, никель, шойын, гадолиний)
Парамагнетиктер деп бағыты сыртқы өріспен сәйкес келетін әлсіз магнит өрісін тудыратын заттарды айтады. (платина, сұйық оттегі).
Диамагнетиктер деп сыртқы магнит өрісін әлсірететін өріс тудыратын заттарды айтады. (күміс, кварц, висмут).
Магнитофондағы дыбыс жазу және бейнемагнитофондағы бейнежазу үшін феромагниттік материал ұнтағы қабатымен жабылған магниттік таспа қолданылады. Магнит таспасы электромагнит полюстарының арасындағы саңылаудан өткенде, таспаның әр түрлі бөліктері магниттеледі. Жазуды қайта жаңғырту үшін магниттелген таспа күшейтілгеннен кейін магнитофон динамигіне түсетін электр сигналдары оның магниттік басында қоздырады.
IV. Пысықтау.
Заттың магниттік қасиеттері қалай түсіндіріледі?
Қандай заттар ферромагнетиктер деп аталады?
Ақпараттың магниттік жазылуы қалай жүзеге асырылады?
Достарыңызбен бөлісу: |