Сабақ Тақырыбы: Еңбекке баулу сабағы 4



жүктеу 3,04 Mb.
бет4/4
Дата17.11.2017
өлшемі3,04 Mb.
#897
түріСабақ
1   2   3   4




Пән: қазақ тілі күні: 16.04.2015

Сынып: 4 «А»

Сабақтың тақырыбы: «Еңбекке баулу сабағы»

Сабақтың мақсаттары:

  1. «Еңбекке баулу» сабағы туралы білімдерін кеңейту. Оқушыларды жаңа сөздермен таныстырып, өз ара сөйлесуді қалыптастыру.

  2. Сын тұрғысын ойлау қабілеттерін шыңдау, ізденімпаздық қабілеттерін дамыту; Сөздік қорын молайту, ой-өрісін, танымдылық қабілетін, қазақша ауызекі сөйлеу дағдысын дамыту. 

  3. Оқушыларды еңбекқорлыққа, ұқыптылыққа, тазалықты сақтауға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа білім беру

Сабақтың түрі: қалыпсыз

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, көрнекілік, сын тұрғысынан ойлауды дамыту технология элементтері.

Сабақтың көрнекіліктері: суреттер, электронды презентация

Күтілетін нәтиже: жаңа сөздерді пайдаланып, сөйлемдер құрастыра алады, өз ара сөйлесуді қалыптастыра алады.

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Оқушы назарын сабаққа аудару.



ІІ.Өткенді пысықтау, үй тапсырмасын тексеру.

«Менің сүйікті пәнім» тақырыбына кластер немесе коллаж жасап келу.

ІІІ.Жаңа сабаққа кіріспе. Мақал-мәтелдердің сыңарларын сәйкестендіру.(слайд № 2)

1.Еңбек түбі- береке.

2.Еңбектің наны тәтті.

3.Еңбек – адамның екінші анасы.

4.Еңбек бәрін жеңбек.

-Бұл мақал-мәтелдер не туралы? Мектепте еңбекпен қай сабақта айналысасыңдар? Дұрыс, еңбекке баулу сабағында. Еңбекке баулу сабағы аптасына неше рет болады? Қашан болады? Еңбекке баулу сабағында не істейсіңдер? Еңбекке баулу сабағы қандай қасиеттерді тәрбиелейді?

ІҮ.Сабақтың тақырыбын, мақсаттарын анықтау.

-Балалар, бүгін сабақта қай пән туралы әңгімелесеміз?

-Еңбекке баулу сабағы туралы.

-Сонымен сабағымыздың тақырыбы «Еңбекке баулу сабағы»

-Бүгін сендер жаңа сөздермен танысасыңдар, мәтінмен жұмыс жасайсыңдар, диалог құрастырасыңдар, өз ара сөйлесуді қалыптастырып әр түрлі тапсырмаларды орындайсыңдар.

Ү.Жаңа сабақ .

-Балалар, еңбекке баулу сабағында сендер түсті қағазбен жұмыс жасайсыңдар. Кімге қандай түс ұнайды сол түсті таңдап алыңдар. Енді таңдап алған түс арқылы топтарға бөлінейік. Әр топтың топ басшысы тағайындалады. Топ басшысы бағалау парағына оқушылардың бағаларын қойып отырады. Сабақтың соңында алған бағаларыңды айтады.

- Жаңа сөздермен танысып алайық.

Сөздік жұмыс.

1. Жаңа сөздерді мұғалім оқып шығады.

2. Оқушылар қайталайды.

3. Оқушылар сөздерді сөздік дәптерге көшіріп жазады.

Тоқиды - вяжет

Тігеді – шьют

Қағаз қияды - режут бумагу

Жапсырады – клеют

Жасайды- делают, создают

Балта- топор

Балға -молоток

Үйшік- домик

Жаңа сөздерді пайдаланып, сөйлемдер құрастырып, оқу.

Жаңа сөздерге семантикалық картаны толтыру керек. Үлгі бойынша оқушылар бір-бірін тексереді.



Сөздер

Жуан буынды сөз

Жіңішке буынды сөз

Дауысты дыбыс саны

Дауыссыз дыбыс саны

Тоқиды

+




3

3

Тігеді




+

3

3

Жапсырады

+




4

5

Балта

+




2

3

Балға

+




2

3

Үйшік




+

2

4

Қағаз

+




2

3

Критерий бойынша бағалау.

Қатесіз – «5»

1-2 қате – «4»

3-4 қате – «3»

І топтың тапсырмасы. «Сөйлемдерді рет-ретімен қой». Сөйлемдерді дұрыс ретімен орналастырыңдар.

Қоңырау соғылды.

Еңбекке баулу сабағы басталды.

Мұғалім аппликация жасауға тапсырма берді.

Біз аппликация жасадық.

Мұғалім бізге жақсы баға қойды.

Сабақ бәрімізге ұнады.

ІІ топтың тапсырмасы. Мәтінді оқып, диалог құрастырып, өз ара сөйлесіңдер.

Мен төртінші сыныпта оқимын. Бүгін бізде еңбекке баулу сабағы болды. Еңбекке баулу сабағы аптасына екі рет болады. Сабаққа біз мата, ине, жіп, ермексаз, түсті қағаз әкелеміз. Қыздар көйлек тігеді, ұлдар ермексаздан ойыншықтар жасайды. Еңбекке баулу сабағы маған ұнайды.

Сергіту сәті.

-Ал, балалар, демалайық, сергіту сәтін жасайық.

ІІІ топтың тапсырмасы. Мәтінді оқып, коллаж жасап, мазмұнын айтып беріңдер.

Кеше бізде еңбекке баулу сабағы болды. Сабақта біз жұмыс жасадық. Әлия инемен көйлек тікті. Марина кесте тікті. Ғалия мен Лена матадан көрпеше тікті. Ұлдар балта мен балғаны пайдаланып, үйшік жасады. Олардың жасаған үйшігіне мұғалім бестік қойды.

ІҮ топтың тапсырмасы. Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып, жазыңдар.

1.Мен еңбек сабағына ... әкелдім. 2.Анар түсті қағаздан аппликация ... . 3. Еңбек сабағында қыздар ... тігеді. 4. Әселде ... қағаз бар. 5.Мұғалім маған ... берді. 6. Сен ... сабағына жіп әкел. 7. Ажар сабақта шарф ... .

Керекті сөздер: жасады, ермексаз, еңбек, көйлек, тоқыды, түсті, қайшы.

Тапсырмаларды орындап болғаннан кейін әр топтан бір оқушы шығып өз жұмыстарын қорғайды. Қалғандары тыңдайды.

ҮІ.Қорытынды. Рефлексия.

Еңбек сөзіне синквейн.

  1. Еңбек.

  2. 2 сын есім.

  3. 3 етістік.

  4. 1 сөйлем.

  5. синоним

Әр топтан бір оқушы шығып, эссені оқиды.

ҮІ.Үй тапсырмасын беру.

Еңбек туралы 4-5 мақал- мәтел тауып жаттау, сөздерді білу.

ҮІІ.Бағалау.

Топ басшысы бағалау парағының қорытынды бағасын шығарады.

ҮІІІ.Қоштасу.

Өзіндік талдау.

Пән: қазақ тілі күні: 16.04.2015

Сынып: 4 «А»

1. Сабақтың жалпы көрінісі:

1.1. Сабақтың тақырыбы: «Еңбекке баулу сабағы»

1.2. Сабақтың мақсаттары:

  1. «Еңбекке баулу» сабағы туралы білімдерін кеңейту. Оқушыларды жаңа сөздермен таныстырып, өз ара сөйлесуді қалыптастыру.

  2. Сын тұрғысын ойлау қабілеттерін шыңдау, ізденімпаздық қабілеттерін дамыту; Сөздік қорын молайту, ой-өрісін, танымдылық қабілетін, қазақша ауызекі сөйлеу дағдысын дамыту. 

  3. Оқушыларды еңбекқорлыққа, ұқыптылыққа, тазалықты сақтауға тәрбиелеу.

1.3.Сабақтың типі: жаңа білім беру

1.4.Сабақтың түрі: қалыпсыз

1.5.Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, көрнекілік, сын тұрғысынан ойлауды дамыту технология элементтері.

1.6.Сабақтың көрнекіліктері: суреттер, электронды презентация

1.7.Күтілетін нәтиже: жаңа сөздерді пайдаланып, сөйлемдер құрастыра алады, өз ара сөйлесуді қалыптастыра алады.

2. Құрылымдық көрінісі.

2.1. Қойылған мақсат пен міндеттің сәйкестігі. Сабақтың мақсаты мен оқушы білуге тиіс икемділік дағдылары сабақ үрдісі кезінде толық түрде жүзеге асырып отырылады. Қосымша мәліметтерді өз еркімен және қызығушылықпен игере білді.

2.2. Сабақтың типі, кезеңдерінің өзара байланыстылығы. Сабақтың кезеңдері бір-бірімен байланысып, сабақтасып отырды.

2.3.Уақыт тиімділігі. Уақыттың тиімділігі ескеріліп, ықшамдалынып алынды

3. Мазмұндық көрінісі.

3.1. Типтік бағдарлама мен стандарттың орындалуы. Сабақ тақырыбы типтік бағдарлама және стандартқа сәйкес жоспарланып, ұйымдастырылған. Себебі тақырыптардың мерзімді өткізілуі және оқушылардың сыныптар бойынша білуге тиіс міндеттерді орындауларына тапсырмалардың құрылуына назар аударылды.

3.2. Пән аралық байланыс. Сабақ басталуынан еңбек сабағымен байланыстырылды.

4.Сабақтың нәтижелілігі.

4.1. Оқушы іс-әрекеті. Оқушылар үшін немесе оқушылардың өзіндік білім алуларына және өз білім-білік дәрежелерін тексеруіне үлкен көңіл бөлінді. Яғни оқушылар бір-бірінің жұмыстарына бағалар да қойып дағдыланатын болады.

4.2. Мұғалімнің іс-әрекеті. Мұғалімнің сабақтағы басты әрекеті – бағыт нұсқаушы, бағыттаушы.



4.3. Сабақтың түйіні. Оқушылар барлық жұмыс түрлерін менің бағыттауым бойынша орындап шықты. Сабақ барысындағы оқушы мен мұғалімнің қарым- қатынасы жылы болды және оқушылардың жақсы деңгейде жұмыс жасау қабілеттері көрінді. Бір-бірімізбен қарым-қатынас кезінде жылылық, сыйластық орын алған. Өзімнің ойымша сабаққа қойылған барлық міндеттерді іске асырдым деп ойлаймын.

Сабақ көзделген мақсатқа жетті, әрі сабақ барысындағы кезеңдер байланыста болды.
жүктеу 3,04 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау