Сабақ тақырыбы
|
Өсімдік шаруашылығындағы көктемгі жұмыстар
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
5.2.5.1 Өсімдік шаруашылығы мен жеміс-көкөніс түрлерінің негізгі бағыттарын зерделеу және сипаттау.
5.2.5.2 Өсімдік шаруашылығында көктемгі жұмыстар жүргізу (топырақты өңдеу, зиянкес жәндіктерден қорғау, егу мен отырғызу және т.б.
5.2.6.1 Материалдар мен құралдарды қауіпсіздік техникасын сақтап қолданудың маңыздылығын сезіне отырып демонстрациялау.
|
Сабақ мақсаттары
|
Көкініс түрлерін білу;
Адам ағзасы үшін пайдалы және пайдасыз тағамдарды ажырата алу;
Ақпарат іздеуде АКТ тиімді пайдаланау;
Көктемгі өсімдік отырғызу жұмыстарына шолу;
Қолданатын құрал-жабдықтармен дұрыс қолдану.
|
Сабақ барысы
|
Сабақ кезеңі/Уақыты
|
Педагогтің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту
7 мин.
|
Ұйымдастыру кезеңі:
(Ұ) “Гүлмен тілек” әдісі арқылы оқушылардың бір-біріне жақсы тілек айту арқылы жағымды ахуал қалыптастыру.
Топта жұмыс жасау ережені еске түсіру.
Топтастыру.
|
Оқушыларды топтарға біріктіруді ұйымдастыру:
Фигуралар көмегімен оқушыларды 3 топқа біріктіру.
I – Үшбұрыштар тобы
II – Дөңгелектер тобы
III – Төртбұрыштар тобы
|
Мақсаты: оқушылар бойында идея немесе тілек білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағыттау, сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіру.
Тиімділігі: оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл күйін көтереді, бауырмалдығын оятады.
|
Фигуралар салынған конверт
|
Ортасы
|
Өсімдік шаруашылығының негізгі бағыты.
«Жеміс дақылдары » туралы бейнежазбалар көру. Бейне жазбаны көру барысында, оқушылар жеміс-жидек дақылдарының түрін анықтау мақсатында топ арасында карталарды жинайды.
Оқушылар «Көкөніс дақылдары» және олардың өсуіне жарық пен көлеңкенің әсері туралы бейне жазбалар көреді.
Талқылауға арналған сұрақтар:
Қандай дақылдар көкөністерге жатады?
Көкөніс түрлерінің өсіп-өнуіне қандай талаптар қойылады?
Жарық көп түскен жағдайда өнімді көп алу мүмкін бе?
Өнімді өсіру барысында қажетті шарттардың бірі болмаса (жарық,су....) не болады?
Өсімдіктердің дұрыс өсіп-өнуі, жақсы өнім беруі үшін қандай шаралар қолдануға болады?
|
Тақтаға оқушылардың жауаптарынан қорытынды жазу
су + жарық + жылу + ауа + минералдар + топырақ
Жеміс түрлері жазылған карточкалар талдау, мысалы, дәнекті, цитрусты, сүйекті, жемісті және осы дәнді-дақылдардың бейнелері салынған карточкалар. Оқушылар атаулары мен суреттері сәйкес келетіндей етіп карточкаларды жинайды.
|