Тапсырмалар: Жұмыс дәптеріндегі 2.2.13.. 14, 15 тапсырмаларды орындау
Сабақты бекіту сұрақтары:
Қандай ақпаратты енгізу манипуляторлары бар? Олардың айырмашылығы қандай?
Қандай графикалық деректерді енгізу құрылғылары бар?
Олардың айырмашылықтары қандай?
Принтердің қандай түрлері бар?
Олардың айырмашылықтары қандай?
Үйге тапсырма: оқулықтағы 2.2. тақырыпты оқу, сөз жұмбақ, ребус дайындау.
№11 сабақ
Сабақтың тақырыбы: Компьютердің сыртқы жады. Ақпарат тасқыштар. Иілгіш және компакт-дискілер. Дискіжетек. CD-ROM
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға ақпаратты жазу мен оқу, иілгіш және компакт дискілер сияқты ақпарат тасқыштар туралы түсінік беру, дискжетек пен CD-ROM жұмыстарымен таныстыру;
Дамытушылық. Оқушылардың компьютерлік білімдерін көтеру;
Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелілікке, ұқыптылыққа. тиянақтылыққа үйрету.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, жұмыс дәптері,
электронды оқулық
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру
Үйге берілген тапсырманы тексеру
Жаңа тақырыпты түсіндіру
Тапсырмаларды орындау
Сабақты бекіту
Үйге тапсырма
Өткен материалды қайталау сұрақтары:
Қандай ақпаратты енгізу манипуляторлары бар? Олардың айырмашылығы қандай қандай?
Қандай графикалық деректерді енгізу құрылғылары бар?
Олардың айырмашылықтары қандай?
Принтердің қандай түрлері бар?
Олардың айырмашылықтары қандай?
Жаңа түсініктер:
Сыртқы жад
Компьютерде жұмыс жасауда қолданылатын барлық ақпарат файл түрінде сақталады. Файл - бұл жадтағы орын, оған әдетте бірегей атау беріледі. Файлдар машинаның жедел немесе сыртқы жадында орналасады. Сыртқы жад - бұл, біріншіден, винчестер, ал екіншіден, иілгіш және компакт-диск. Сондықтан ақпаратты жазу мен оқу туралы айтпай тұрып, ақпарат тасушылар деген не екенін анықтауымыз қажет.
Ақпарат тасушы ақпарат сақтау ортасы болып табылады. Олар сыртқы түрі бойынша не дискілік, не таспалық, жад тау принципі бойынша — магнитті, магнитті - оптикалық, оптикалық болады. Соңғы уақытта IBM типті Pentium ДК -де қолданылатын ақпарат тасуыштар дискілік, магнитті, магнитті - оптикалық және оптикалық жазу - оқу әдістерін қолданады. Дискілік тасуыштьң қатқыл немесе иілгіш негізі болады. Оларға винчестерге (хард - диск) кіретін қатқыл магнитті дискілерді, иілгіш дискілерді немесе флоппи дискілерді, компакт-дискілерді жатқызуға болады.
Сыртқы жад — бұл компьютерді өшіргеннен кейін де енгізілген ақпаратты сақтайтын жад.
Қойылатын сұрақтар:
Адамныѕ ішкі жадына не сақталады?
Қандай жағдайларда оған сыртқы жадты қолдануға тура келеді?
Адам қандай заттарды сыртқы жад ретінде қолданады?
Иілгіш диск (дискет) - табақша пішінді, бетінде қабыршық түрінде магниттік қоспа жағылған иілгіш диск. Дисктің пластмассадан жасалған қапшығында оған мәлімет жаздырмауға болатын кішкене тік түртбұрышты ойық бар және мәлімет жазу - оқу кезінде дискінің бетімен байланыс жасайтын магниттік бас тиектің жылжитын орны пластмасса
қабықша ашық болады. Диск еттің негізгі параметрі - оның диаметрі, қазіргі шығарылатын дискеттер үшін бір ғана стандарт бар - ол диаметрі 3,5 дюймдік диск еттер, яғни дисктің диаметрі 89 мм болады.
Иілгіш дискідегі (диск еттегі) жинақтауыштар бір компьютерден екінші компьютерге мәлімет алмастыру үшін, қазір жұмысқа қажет емес ақпаратты сақтап қою үшін қатты дискідегі мәліметтердің архивтік (тығыздалған) көшірмесін алу үшін керек. 3,5 диск етте 1,44 Мб көлемде мәліметтер жазылады. Мәлімет жазылатын диск еттің оң жақ шетінде кішкене төртбұрышты қосымша ойық болады. Дискет тер қатты пласт мас қорапта орналасады, сол себепті олар әрі ұзақ, әрі сыйымдығы сенімді қызмет атқарады. Соңғы шығып жатқан дискі қозғағыштарда 3,5 дюймдық дисктер ғана қолданылады.
3,5 дюймдық дискет терде ойықтың үстінде жылжымалы ілгек бар. Оны жоғары-төмен қозғай отырып мәлімет жазуға немесе жаздырмауға болады.
Диск етті форматтау (белгі салу). Дискетті алғашқы рет пайдалану алдында оны әртүрлі тәсілмен тармақтайды, яғни беттеріне белгі салады. Форматтау операциялық жүйе командасымен жүргізіледі.
ҚАТТЫ ДИСК - (винчестер) деректер мен бағдарламаларды ұзақ уақыт сақтау үшін қолданылады. Негізінен ол бір оське орналасқан дискілер тобынан тұрады, магниттік қабатпен жабылып, жоғары жылдамдықпен айналым жасайды. Сондықтан оның құрамы 2 п беттен тұрады. Мұндағы п - топқа кіретін дискілер саны.
Қатты дискідегі мәлімет жинақтаушылар (винчестер) ақпаратты тұрақта сақтауға арналған. PC- де қатқыл дискінің мәлімет сыйымдылығы 20-40Гбайт , Pentium -10-80 Гб дейін болады.
Қатты диск орнынан алынбайды, корпуста жүйелік блокта орналасады. Ол екі жағына да мәлімет жазылатын бір дискіге біріктірілген бірнеше дискілерден тұрады, иілгіш алмалы-салмалы дискетке қарағанда винчестерге өте көп мәлімет көлемі сияды, сондықтан да оны пайдалану өте ыңғайлы.
Компакт-диск - бұл металмен қапталған оптикалық диск, оның салмағы небәрі 15 грамм және диаметрі 12 см. Оған шамамен 640 Мб ақпарат жазуға болады. Дискінің жұмыс бетін зақымданудан сақтайтын арнайы қабығы жоқ. Компакт-дискілер арнайы орауышта сақталады.
Тапсырмалар: Жұмыс дәптеріндегі 2.2.16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25 тапсырмаларды орындау
Сабақты бекіту сұрақтары:
Компьютер жадысы неше топқа бөлінеді?
Сыртқы жадыға қандай құрылғылар жатады?
Иілгіш және қатты дискілердің айырмашылықтары қандай?
Компакт дискілердің қызметі қандай?
Дискжетек, CD-ROM- ыѕ қызметі қандай?
Үйге тапсырма: 2.2. тақырып, 51-56 беттер, сөз жұмбақ, ребус құрастыру.
№12сабақ
Сабақтың тақырыбы: Windows объектілері, басқару элементтері. Мауспен жұмыс.Есептер тақтасы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды WINDOWS ортасының ерекшеліктерімен, жұмыс үстелі
түсінігімен таныстыру, есептер тақтасын, «Пуск» батырмасын және басты менюді жұмыста қолдануға үйрету және «Маус» манипуляторын меңгерту.
Дамытушылық: Оқушылардың компьютерде жұмыс істеу қабілеттерін, логикалық - абстракциясын дамыту.
Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелілікке, ұқыптыққа, тиянақтылыққа үйрету.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар. компьютер, оқулық, жұмыс дәптері,электронды оқулық
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру
Өткен материалды қайталау сұрақтары
Жаңа тақырыпты түсіндіру
Тапсырмаларды орындау
Сабақты бекіту
Үйге тапсырма беру
Өткен материалды қайталау сұрақтары:
Компьютердің құрамына кіретін негізгі құрылғыларды атаңдар
Компьютер жадысының қандай түрлері бар?
Тұрақты жад пен жедел жатың айырмашылықтарын айтыңдар
Ақпаратты енгізу-шығару құрылғыларын атаңдар
Жадтың сыртқы тасқыштарын сипаттаңдар
Мониторлардың түрлерін атаңдар
«Пиксель» деп нені айтады?
Пернетақтаның қандай блоктары бар?
Принтердің түрлерін атаңдар, оларға сипаттама беріңдер.
Жаңа түсініктер:
Windows - тың негізгі функциясы - осы орта үшін арнайы құрылған бағдарламалардың жұмысын басқару.
Windows — бұл компьютерлік технологияның жаңа деңгейі. Ол деректермен жұмыс жасаудың объектілі - бағдарланған әдістемеге негізделген. Microsoft Windows'98 ортасының ерекшеліктері:
пайдаланушының интерфейсін стандарттау;
көлемі ондаған Мбайт жедел жадты тиімді басқару;
жаңа сыртқы құрылғыларды қиындықсыз қосу мүмкіндігі;
бағдарламалардың функциясын интеграциялау, яғни басқа бағдарламаларды жасалған объектілерді нақты бағдарламада қолдану мүмкіндігі;
көп мәселелік, яғни бірнеше қолданбаны қатар орындау және бір бағдарламадан екіншіге оңай ауысу мүмкіндігі;
графикалық режимді басым қолдану;
жергілікті желі және Internet желісінде жұмыс істеуді қолдаудың құрамдас құралдары;
мультимедиамен (дыбыс және бейне) жұмыстың құрамдас құралдары;
"Plug and Play" технологиясы (қосатын құрылғыларды автоматты баптау).
WINDOWS - графикалық операциялық жүйе, оның негізгі объектілері терезе мен белгішелер түрінде бейнеленеді.
WTNDOWS -тің объектілері — терезе, жұмыс столы, шарт белгілер, жарлықтар, бумалар, тышқан, мәлімет алмастыру буфері.
WINDOWS ортасында жұмыс столының рөлін дисплей экраны орындайды. Онда жұмыс істейтін программалардың терезелері, құжаттардың жеке файлдары шарт белгілер түрінде орналасқан.
Шарт белгі - экран бетіндегі қысқаша жазуы бар кішірейтілген графикалық бейне. Ол дисплей экрандағы программаны, терезені, функцияны, файлды т.б. бейнелеп тұруы мүмкін.
Жарлық - белгілі бір объектімен тікелей қатынас жасауды іске асыратын командалық файл.
Қапшық - экранда каталогтарды және программалық топтарды белгілеу үшін қолданылады. Бума бұл обьектілер қоймасы.
Тышқан тетігімен орындалатын ең негізгі операция - экран бетімен сілтеменің қозғалуы болып табылады.
Мәлімет алмастыру буфері - әртүрлі программалар немесе құжаттар арасында мәліметтерді тасымалдап, олардың фрагменттерін бір-біріне ауыстырып отыру үшін қолданылатын жады бөлігі.
Есептер тақтасы - бұл экранның төменгі жағындағы жіңішке сұр жолақ. Есептер тақтасында «Пуск» батырмасы, іске қосылған бағдарламалардың аттары бар батырмалар орналасқан.
«Пуск» батырмасы - бұл батырманы басқаннан кейін жүйенің Бас менюі пайда болады. Бас меню жеті пункттен тұрады:
Ашылатын бағдарламалар тобы мен қосымшалардан тұратын тізім
Жуық арада ашылған құжаттардың 15-тен аспайтын тізімі
Баптау
Іздеу
Анықтама
Орындау
Жұмысты аяқтау
Тапсырмалар: Жұмыс дәптеріндегі 3.1.2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12 тапсырмаларды орындау
Сабақты бекіту сұрақтары
WINDOWS операциялық жүйесінің ерекшеліктері қандай?
WINDOWS ОЖ қандай объектілер бар?
Терезе дегеніміз не, қандай түрлері бар?
Тышқанның атқаратын қызметі қандай?
Мәлімет алмастыру буфері дегеніміз не?
Жұмыс столының атқаратын қызметі
Шарт белгі дегеніміз не?
Жарлық дегеніміз не?
Үйге тапсырма: 3.1, 3.2 тақырыптарды оқу.
№13сабақ
Сабақтың тақырыбы: WINDOWS терезелері, терезе элементтері мен құрылымы.
Сабақтың мақсаты: Терезенің элементтеріне түсінік беру.
Білімділік: Оқушыларды терезелермен, терезе элементтерімен таныстыру; Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету. Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық - абстракциясын дамыту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар. компьютер, оқулық, жұмыс дәптері,
электронды оқулық
Сабақтың өту барысы:
Оқушыларды ұйымдастыру
Үйге берілген тапсырманы тексеру
Жаңа тақырыпты түсіндіру
Тапсырмаларды орындау
Сабақты бекіту
Үйге тапсырма беру
Өткен материалды қайталау сұрақтары:
♦S* Компьютермен жұмысты аяқтау әрекеттерін ата?
♦t* Windows' 98 ОЖ-қандай жүйе, оның негізгі объектілері қандай түрмен бейнеленеді?
♦♦♦ Маустың көмегімен Windows' 98- дің объектілерімен қандай әрекеттер орындауға болады?
❖ Маустың батырмаларына сипаттама бер?
♦♦♦ Жұмыс орнының негізгі объектілерін ата, объект деген не, WindowsTbra; объектілерін ата?
Файл, қатқыл диск объектісінің қасиеттеріне сипаттама бер?
Қапшықтың қызметі қандай?
♦> Іске қосудың қызметі қандай? Бас меню, бағыныңқы меню дегенді көрсет?
❖ Командалар деген не? Ұзын, қысқа команда деген не?
^ ❖ Мауспен жұмыс істеу қалай орындалады? Маус деген не? Шерту, оң жақ
батырмасын шерту, екі рет шерту, мауспен алып беру, оң жақ батырмамен алып беру деген не? ♦♦♦ Динамикалық, контекстік меню деген не?
Жаңа түсініктер:
Терезе (Окно) — жақтаулармен шектелген экрандағы төртбұрышты аймақ. Әрбір терезенің оны басқаруға арналған элементтері мен жұмыс аймағы болады. Жұмыс аймағы объект ілер, ақпарат және басқару элементтері орналасады. Windows жүйесінде жұмыс істеу барысында бірнеше терезені бір мезгілде ашуға және терезелер арасында Есеп тақтасындағы батырмалардың көмегімен ауыса отырып олардың әрқайсысында кезекпен жұмыс істеуге болады (1 сурет).
Барлық терезелердің түрін төмендегі торт топқа бөлуге болады:
Қапшық (папка) терезелері;
Қолданбалар терезелері;
Диалог (сұхбат) терезелері;
Анықтама терезелері.
Қапшық (папка) терезелерінде, оны басқару элементтерінен басқа Windows - тың басқа объектілерінің де белгішелері бар. Белгілі бір объектінің белгішесін мауспен екі рет шерту, оны ашады.
Белгілі бір қолданбаны іске қосатын болсақ, онда экранда сол қолданбаның терезесі пайда болады. Қолданба терезелері қолданбаға жүктелген құжаттың мазмұнын көрсету міндетін атқарады, сондай-ақ онда терезені басқару элементтері де бар. Белгілі бір қолданбаны іске қосқанда, экранда осы қолданбаның терезесі пайда болады.
Қолданба (приложение) — бұл да бағдарлама, ол Windows жүйесінің басқаруымен жұмыс істегендіктен, қолданба деп аталады.
Диалог терезелері (Диалоговые окна) — қосымша ақпараттарды енгізуге арналған арнайы терезе. Олар Windows -ты және оның қолданбаларын басқару мен баптау үшін қажет, оларда басқару элементтері бар. Өздеріңе таныс сағат (Часы) терезесі мүмкін мысалы бола алады .
Анықтама терезелері (Окна справок) Windows және оның қолданбаларының жұмысы бойынша анықтама ақпараттарын шығару қызметін атқарады.
Менің компьютерім терезесінің негізгі элементтерімен танысайық.
Шекара Терезе төрт жағынан қоршалған жақтаулардан тұрады. Оны терезенің шекаралары деп атайды. Терезенің жақтаулары арқылы оның өлшемін өзгертуге болады. Маус нұсқағышын терезе жақтауына апарып қос бағдар шаға айналған кезде қалауымызша өзгертеміз^
Тақырып жолы. Терезенің жоғары терезесінің астында орналасқан. Терезенің аты орналасқан немесе басқару қатары деп те атайды. Себебі бұл қатар арқылы терезені басқарамыз. Жималаймыз, Жабамыз, Қалпына келтіреміз. Осы қатарда жүйелік меню белгішесі орналасқан. Оған маус нұсқағышын бассақ , терезені басқару тізімі шығады. Ол арқылы терезенің өлшемін өзгертуге болады.
Терезенің жабу түрлері х белгісі арқылы немесе ALT+F4
Меню жолы. Меню жолына ALT+F10 арқылы кіреді. Маус нұсқағышын да пайдаланады.
Құрал-саймандар қатары. Құрал саймандар қатарын Вид менюіндегі Панель инструментов командасы арқылы шығарады.
Жұмыс аймағы. Терезенің ішкі аймағы, онда негізгі объектілер орналасқан. Ол объектілердің түрлерін келесі түрде көрсетуге болады. Терезе: крупные значки, мелкие значки, список, таблица түрінде беріледі. Шиыру жолақтары. Тік және көлденең қайыру жолақтарын терезенің ені мен биіктігіне оның мазмұны толық көрінбесе осы жолақтарды пайдаланамыз. Ол сырғыт палардағы тұрады.
Тапсырмалар:
Жұмыс дәптеріндегі 3.2.1, 2, 3, 4, 5, 6 тапсырмаларды орындау
«Менің компьютерім» терезесінің биіктігін, енін өзгертіңдер, экран бойымен
жылжытыңдар.
Экранда бірнеше терезе ашыңдар, оларды катар орналастырыңдар, жима лаңдар
Жұмыс үстелінің суретін және уақытты өзгертіңдер
Сабақты бекіту сұрақтары:
Терезе дегеніміз не?
Терезенің қандай түрлері бар?
Терезе элементтерін және олардың атқаратын қызметін айтыңдар
Терезенің жоғарғы оң жақ бұрышындағы 3 белгінің қызметті қандай?
Үйге тапсырма: 3.2. тақырыпты оқу, сөз жұмбақ құрастыру
№14
Сабақтың тақырыбы: WINDOWS ОЖ жұмыс үстелі. Объектілерді іздеу. Бағдарламаларды іске қосу және құжаттарды ашу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға жұмыс үстелінің қасиеттерін баптауды игерту, бағдарламаларды іске қосу және құжаттарды ашу тәсілдерімен таныстыру;
Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету. Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық - абстракциясын дамыту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар. компьютер, оқулық, жұмыс дәптері, электронды оқулық
Сабақтың өту барысы:
Оқушыларды ұйымдастыру
Үйге берілген тапсырманы тексеру
Жаңа тақырыпты түсіндіру
Тапсырмаларды орындау
Сабақты бекіту
Үйге тапсырма беру
Өткен материалды қайталау сұрақтары:
Терезе дегеніміз не?
Терезенің қандай түрлері бар?
Терезе элементтерін және олардың атқаратын қызметін айтыңдар
Терезенің жоғарғы оң жақ бұрышындағы 3 белгінің қызметті қандай?
Жаңа түсініктер:
Бағдарламаларды іске қосудың және құжатты ашудың үш тәсілі бар:
«Менің компьютерім» қапшығының терезесі арқылы
Бағыттауыш бағдарламасы арқылы
«Пуск» батырмасын пайдаланып
«Пуск» батырмасының көмегімен Выбср прогрлнн no умолчамию
бағдарламаларды іске қосу:
Пуск батырмасын басамыз, сонда Бас IЩ *w«**™<>it* меню пайда болады If? Со,да,ьаOR,WTOm"
Бас менюде тышқанның нұсқауы шын ЩЫ
Бағдарламалар (Программы) т\
командасына орналастырамыз, сонда
бағыныңқы меню шығады Ш~ё ■ (•ІШШЗШШВШШ
Н РС**" ф Outlook Express © >v*»«tso ё Wrxtowt ч>
3. Бағыныңқы менюде тышқанның H ■■'-) »■ _г__
нұсқауы шын Стандартыные командасына
орналастырамыз, сонда келесі
бағыныңқы меню шығады
Н ц Заоершемис сеамса Admin... I
Мой компьютер қапшығының терезесін ашамыз
Мой компьютер қапшығындағы диск С белгішесіне тышқанның нұсқағышын орналастырып, екі рет шертіп, С дискісінің терезесін ашамыз
Бұл терезеде Program Files қапшығының терезесін ашамыз
Бұл терезедегі қажетті қапшықтарда орналасқан қолданбаларды іске қосамыз
Бағыттауыш қолданбасын іске қосу:
Пуск - Бағдарламалар (Программы) -Проводник
Пуск батырмасына тышқанның нұсқауы шын орналастырып оң батырмасын басу, қосымша менюден Проводник командасын орындау.
Бағыттауыш қолданбасының терезесі екі бөліктен тұрады: оң және сол жақ.
Бағыттауыш қолданбасы арқылы бағдарламаларды іске қосу:
Бағыттауыш қолданбасын іске қосу ■< > <
Терезенің сол жақ бөлігіндегі Program Files қапшығын ашу
Бұл терезедегі қажетті қапшықтарда орналасқан қолданбаларды іске қосамыз
Тапсырмалар:
1. Осы үш әрекет арқылы WordPad мәтіндік редакторы қолданбасын іске қосып
көріңіз
2. Жұмыс дәптеріндегі 3.3.1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8 тапсырмаларды орындау
Сабақты бекіту сұрақтары:
«Менің компьютерім» қапшығының терезесі арқылы бағдарламаларды қалай іске қосамыз?
Бағыттауыш бағдарламасы арқылы бағдарламаларды қалай іске қосамыз
«Пуск» батырмасын пайдаланып бағдарламаларды қалай іске қосамыз
Осы үш әрекет арқылы құжаттарды қалай ашуға болады?
Осы үш әрекеттің ерекшеліктері қандай?
Үйге тапсырма: оқулықтағы 3.3. тақырыпты оқу, жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау
№15сабақ
Сабақтың тақырыбы: Файлдар мен қапшықтар. Қапшықтарды құру. Қапшықтар құрылымы. Таңбашалар жасау.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды бағдарламаларды іске қосу және құжаттарды ашу тәсілдерімен және файлдар, қапшықтар, таңбашалар, себет ұғымдарымен таныстыру;
Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету. Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық - абстракциясын дамыту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, жұмыс дәптері
Сабақтың өту барысы:
Оқушыларды ұйымдастыру
Үйге берілген тапсырманы тексеру
Жаңа тақырыпты түсіндіру
Тапсырмаларды орындау
Сабақты бекіту
Үйге тапсырма беру
Жаңа түсініктер:
ФАЙЛДАР МЕН ҚАПШЫҚТАР
Файл дегеніміз не? Файл — аты бар бірқатар байттар тізбегі. Файл не бағдарлама, не құжат болуы мүмкін. Windows-та бағдарламалардың басқа атауы — қ олданба да қолданылады.
Әр файлдың аты болады. Оның аты оң және сол бөліктен тұрады. Оң жақ бөлігі үш символдан тұрады және оның типін анықтайды. Сол жақ бөліктің ұзындығы 1-255 символға дейін болады.
Файл типтерінің кейбір негізгі құжат ретінде белгіленулерінің тізімі төменде келтірілген:
*.bmp Paint графикалық қолданбасының суреті
*.doc Word және WordPad мәтіндік редакторларының құжаттары
*.txt Блокнот қолданбасының құжаты
*.wav Фонограф қолданбасының дыбыстық файлы.
*.avi Бейне - клип
.xls Excel кестелік процессорының құжаты
.ppt PowerPoint қолданбасының тұсаукесері
Қапшықтар - бұл қандай да бір белгісі бойынша файлдарды бірлестіру, мысалы, тақырыптық белгісі бойынша: бір ғана ойынға немесе редакторға жататын файлдар. Басқа сөзбен айтқанда, қапшық - бұл аты аталған файлдар тобы. Windows'98-дің қапшықтары каталог рөлін атқарады. Тұрмыстық деңгейде қапшықты кәдімгі ішіне қағаз беттерін — файлдарды салатын қапшықпен салыстыруға болады. Windows'98-дегі барлық файлдар, құжаттар мен бағдарламалар қапшықтарда сақталады. Қапшықтың аты, файлдың аты сияқты оның мазмұнын көрсете алады.
Қапшық элементтері:тақырып, меню, терезені басқару батырмалары, айналдыру жолағы, құрал-саймандар тақтасы, қалып-күй жолы. Қажет элементтер жиынын мына жолмен таңдауға болады: Түр - Құрал-саймандар тақтасы және Түр => Қалып-күй жолы.
Терезеде жана қапшық құру.
Қапшықты Файл => Создать => Папка командасымен құрады. Мұны орындағаннан кейін осы терезенің қапшықтары мен файлдарының тізімінің соңында жаңа қапшық белгішесі пайда болады. Қапшықтың атын оны құрғаннан кейін бірден енгізуге болады. Файлға ат берілмеген жағдайда оған автоматты түрде "Жаңа файл" аты меншіктеледі.
Жұмыс үстелінде жаңа қапшық құру
Жұмыс үстелінің жаңа қапшықты орналастырмақшы болған жерінде маустың оң жақ батырмасын басу — контексті меню пайда болады.
Создать => Папка командасын орындау. Жұмыс үстелінде қапшық белгішесі найда
болады.
Қапшықтың атын енгізіп, енгізу пернесін басу
Таңбаша — бұл бағдарламаларды іске қосу немесе файлды ашу қасиеті бар пиктограмма, объектінің тамғасы, компьютер үшін объектіге жол нұсқайтын командалық файл, ал пайдаланушы үшін жұмыс үстеліндегі немесе терезедегі жай белгіше, ол Windows'98-дегі қандай да бір объектіге: файлға, қапшыққа, дискіге, компьютерге, принтерге т. б. Сәйкес келеді.
Таңбаша жеке бір объект емес, ол файлға сілтеме ғана. Сондықтан оны жойғанда файлдар жойылмайды.Таңбашада мауспен екі рет шерту, файлға немесе қапшықтың белгішесіне екі рет шерту әсерімен бірдей (бағдарлама іске қосылады, құжат немесе қапшық ашылады.)
Ағымдағы терезеде таңбаша құру. Ағымдағы терезеде таңбашаларды Файл => Создать => Ярлык, Файл => Создать ярлык немесе контексті менюдің Создать - Ярлык командасының көмегімен жасауға болады. Таңбашаны жасағаннан кейін оны қажетті орынға, орналастыруға болады.
Жұмыс үстелінде таңбаша көру.
Жұмыс үстелінің бос жеріне меңзерді орналастырып, маустың оң жақ батырмасын басса, контексті меню пайда болады.
Создать => Ярлык опциясын таңдағанда, "Создание ярлыка"("Таңбашаны құру") диалог терезесі пайда болады.
"Шолу" (Обзор) батырмасын басу, "Шолу" диалог терезесін ашады. Файлдар мен қапшықтар арасынан объект табу.
"Ашу" батырмасын басу арқылы "Таңбаша жасау терезесі" ашылады. Онда, файлға жол толық көрсетілген.
"Далее" ("Одан әрі") батырмасын басу - "Таңбашаның атын таңдау" (Выбор пазвания ярлыка) диалог терезесін атады. Мұнда объектінің жүйелік атын өзгертуге болады.
"Дайын" (Готово) батырмасын басу - Жұмыс үстелінде жаңа таңбаша пайда болады.
Тапсырмалар:
Жұмыс үстелінде өз есіміңізбен аталатын қапшық құрыңыз. Сол қапшықтың ішінде текстік құжат құрып, оның ішіне өзің туралы мәлімет жаз. Қапшықтың атын өзгертіңіз.
Жұмыс үстелінде бірнеше таңбашалар құрыңдар және оларды ашып көрсетіңдер
Жұмыс дәптеріндегі 3.4.1, 2, 3, 4 тапсырмаларды орындау
Достарыңызбен бөлісу: |