V. Бекіту.
1. 1-тапсырма. Мақал-мәтелдерді түсініп оқып, орыс тіліндегі аудармасын табу. Есте сақтау.
Қазақ тілінде
|
Орыс тілінде
|
1. Түсіңе сенбе, күшіңе сен.
|
1. На сон не надейся, на силу свою надейся.
|
2. Күшенген жеңбейді, күші көп жеңеді.
|
2. Побеждает не тот, кто силится, а тот, кто силен.
|
3. Әр нәрсе сынарда өзінен мықтыға жолығады.
|
3. Против силы найдется еще большая сила.
|
2. 2-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, үш деңгейлі тапсырмаларды орындау.
Сөздік
жау - враг
шабуыл - нападение
ұстамдылық - выносливость
жаттықтырушы - тренер
нұсқаушы - инструктор
ресми - официально
3. 4-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, тейквондо спорты нені қажет ететінін анықтау. Тіркесті сөздерді теріп жазып, қандай тіркес екенін атау.
Үлгі: тыйым салады - етістікті тіркес
Сөздік
сенімді - надежный, уверенный
жеке қорғаныс - личная защита
қабілет - способность
тыйым салу - запретить
VI. Сабақты қорытындылау.
VII. Үй тапсырмасы. Қайталау.
2-сабақ
Жеңіл атлетика
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.
IV. Бекіту.
1. 1-тапсырма. Диалогті сұрақтармен толықтырып, өзара сөйлесу. Тіркесті сөздерді, сан есімдерді реттік сан есімге айналдыру.
2. 2-тапсырма. Тиісті жалғауларын қойып жазу.
1.Жаттығу көзінде спортшы әр түрлі жаттығулар арқылы бұлшық еттерін шынықтырады.
2. Жаттығулардан кейін суық су ішпеу, суық тигізбеуге тырысу керек.
3. 3-тапсырма. Мектептегі спортзалды сипаттау. Жеңіл атлетика спорт түрі бойынша жаттығушылар қандай жұмыс жүргізетіндері туралы әңгімелеу.
4. 4-тапсырма. Сөздер мен сөз тіркестерінің аудармаларын табу.
5. 5-тапсырма. Сұрақтарға жауап беру.
V. Сабақты қорытындылау.
I VI. Үй тапсырмасы. Қайталау.
3-сабақ
Шыдамдылыққа тәрбиелейтін спорт түрі — волейбол
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.
IV. Бекіту.
1.1-тапсырма. Жаңа сөздермен танысып, сөйлемдер құрау.
шыдамдылық - выносливость
өмірінің ұзаруы - продолжительность жизни
үйлесімділік - гармония
сұлулық - красота
салауатты өмір - здоровый образ жизни
рухани - духовный
2. 2-тапсырма. Спорттың адамға қажеттілігі туралы тірек сызбаға сүйеніп айту.
3. 3-тапсырма. Мәтін бойынша үш деңгейлі тапсырмаларды орындау. Мәтінге ат қою.
V. Сабақты қорытындылау.
VI. Үй тапсырмасы. Қайталау.
4-сабақ
Тіл дамыту
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.
IV. Бекіту.
1. 1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, мазмұның ашатын сұрақтарды құрастыру.
2. 3-тапсырма. Қазақстандық белгілі спортшылар туралы мәлімет жинап, әңгімелеу.
3. 4-тапсырма. Үш деңгейлі тапсырмаларды орындау.
V. Сабақты қорытындылау.
VI. Үй тапсырмасы. Қайталау.
2-тапсырма. Сөйлемдерді аяқтау.
5-сабақ
Футбол
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.
IV. Бекіту.
1. 1-тапсырма. Диалог бойынша өзара сөйлесу.
2. 2-тапсырма. Футболдың негізгі ережелерін жазып алып, тіркесті сөздердің жасалу жолдарын, түрлерін анықтау.
1. Футбол ойыны қарсыластарының қақпасына көбірек допты соғуды, сонымен бірге өз қақпаларына доп өткізбеуді кездейді.
2. Алаңда ойыншыларға қолын допқа тигізуге тыйым салынады.
3. Ойынның ұзақтығы - әрқайсысы 45 минут болатын екі кезеңнен тұрады.
3. 3-тапсырма. 1-2-тапсырмалардағы берілген диалогтегі мәліметтерді пайдалана отырып, футбол ойыны туралы мәтін құрау.
4. 4-тапсырма. Сөздердің қосымшаларын қойып жазу.
Жауап үлгісі:
1) Мен қызықты футбол ойынын көрсем бе деп едім.
2) Футбол ойынына билетті қай жерден алуға болады?
V. Сабақты қорытындылау.
VI. Үй тапсырмасы. Қайталау.
6-сабақ
Шахмат әліппесі
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.
IV. Бекіту.
1. 1-тапсырма. Мәтінді оқып, шахмат ойыны қайда пайда болғаны туралы әңгімелеу.
2. 2-тапсырма. Диалог бойынша өзара сөйлесу. Диалогтегі сан есімдерді теріп, реттік сан есімдерге айналдыру.
3. 3-тапсырма. Сөйлемдерді аяқтау.
4. 4-тапсырма. Мәтін бойынша үш деңгейлі тапсырмаларды орындау.
5. 5-тапсырма.
а) Жұпта шахмат ойыны туралы пікір алысу. ә) Сыныпта шахматпен айналысатын оқушылар болса, оларға сұрақтар дайындау.
V. Сабақты қорытындылау.
VI. Үй тапсырмасы. Қайталау.
7-сабақ
Күрес
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.
IV. Бекіту.
1-тапсырма. Тиісті жалғауларын қойып көшіру.
Жауап үлгісі:
Қазақ халқында ерте кезде қалыптасқан спорт ойындарының бірі - қазақша күрес. Басқа халықтармен ұлттық күрес түрлерін салыстырғанда қазақша күрестің өзгеге ұқсамайтын өзіндік ерекшелігі бар. Кеңес дәуіріне дейін қазақша күрес негізінен әдет-ғұрыпқа байланысты, жиын-тойларда өткізілді. Ел ішінде атақтары жайылған Қажымұқан, Балуан Шолақ, Битабар, т.б. осындай алып палуандар еді.
2. 2-тапсырма. Диалогті сұрақтармен толықтырып, сөйлесу.
3. 3-тапсырма. Тірек сызба бойынша әңгіме құрау. Мазмұның ашатын ат қою.
4. 4-тапсырма. Бір спорт түрінің жарысы бойынша әңгімелеу. Көмекші сұрақтар:
1) Жарыстың бағдарламасы қандай?
2) Жарыс қандай жүйемен (тәртіппен) өткізіледі?
3) Бүгін қандай командалар ойнайды?
4) Жарысқа кімдер қатысады?
5) Финал (жартылай финал) қашан өтеді?
V. Сабақты қорытындылау.
VI. Үй тапсырмасы. Қайталау.
8-сабақ
Нәтиже сабақ
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.
IV. Тест және бақылау тапсырмаларын орындау.
I. Тест сұрақтарына жауап беру.
1. Қазіргі кезде тейквондомен шамамен қанша миллион адам шұғылданады?
A. 40 млн
B. 50 млн
C. 60 млн
D. 70 млн
2. Тейквондоның Дүниежүзілік федерациясы қай елде орналасқан?
A. Солтүстік Кореяда
B. Оңтүстік Кореяда
C. Қытайда
D. Жапонияда
3. «Футбол» сөзінің қай тілден енгенін табыңдар.
A. орыс тілінен
B. ағылшын тілінен
C. неміс тілінен
D. француз тілінен
4. Футболдың әр командасында қанша ойыншыдан болады?
A. 10 ойыншы
B. 11 ойыншы
C. 12 ойыншы
D. 13 ойыншы
5. «Шахмат» сөзіндегі «шах» сөзінің мағынасын табындар.
A. уәзір
B. хан
C. әскер
D. ат
6. Шахмат ойыны бойынша халықаралық жарыстар қай ғасырдан бастап өткізіле бастаған?
A. XV ғ.
B. XVII ғ.
С. XVIII ғ.
D. XIX ғ.
7. Берілген сөйлемді керекті сөзбен толықтырыңдар. Мен ертеңгілік... шұғылданамын.
А. аспен
8. ұйқымен
C. жаттығумен
D. сабақпен
8. Ұлттық спорттың түріне жатпайтынын табыңдар.
A. күрес
B. тоғызқұмалақ
С. көкпар
D. шахмат
9. Шахмат Үндістанда нешінші ғасырдан бастап ойнала бастаған?
A. 6-ғасырдан бастап
B. 10-ғасырдан бастап
C. 11-ғасырдан бастап
D. 12-ғасырдан бастап
10. Спорт түріне жатпайтын қатарды табыңдар.
A. жүгіру
B. жаттығу жасау
C. ойлану
D. арқан тарту
ІІ. Бақылау сұрақтарына жауап беру.
XVI МОДУЛЬ
Лексикалық тақырыбы: Қазақстанның белгілі спортшылары
Бөлімі
|
Сабақ саны
|
Модуль мазмұны
|
Уақыты
|
Кіріспе
|
1-сабақ
|
Модульге кіру Лексикалық тақырып Бекіту. «Спорт»
|
45 минут
|
Сөйлесу
|
2-сабақ
|
«Спорт түрлері» Жаттығуларды орындау
|
45
минут
|
3-сабақ
|
«Сіз спорттың қай түрін ұнатасыз?»
|
45 минут
|
|
Сызбамен жұмыс
|
|
4-сабақ
|
«Азиада-2011» Деңгейлік
тапсырмалармен жұмыс Жаттығуларды орындау
|
45 минут
|
5-сабақ
|
«Қазақстанның белгілі спортшылары» сұхбатымен жұмыс Жаттығулармен жұмыс
|
45 минут
|
6-сабақ
|
«Спорт - денсаулық кепілі»
Деңгейлік тапсырмалар Сұхбатпен жұмыс Жаттығуларды орындау
|
45 минут
|
7-сабақ
|
«Ұлттық спорт түрлері» Сұхбатпен жұмыс Жаттығуларды орындау
|
45 минут
|
Қорытынды
|
8-сабақ
|
1. Тест
2. Бақылау сұрақтары
|
45 минут
|
Кіріспе бөлім
1-сабақ
Спорт
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Модульдің құрылымы мен мақсатын таныстыру.
III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.
IV. Бекіту.
1. 1-тапсырма. Берілген сұрақтарға жазбаша түрде жауап жазу.
Үлгі: Сізге спорт ұнай ма? - Маған спорт ұнайды.
2. 2-тапсырма. Сөздерді тіркестіріп, сөйлем құраңдар.
3. 3-тапсырма. Сөйлемдерді құрау.
1. Тейквондомен шұғылдану үшін, жабдықталған орынның қажеті жоқ.
2. Шұғылданушы бос уақытында тейквондоның әрбір техникасын жетілдіре алады.
4. 4-тапсырма. Берілген сөйлемдерден ортақ етістің мәнін білдіріп тұрған етістіктерге талдау жасау.
Үлгі: айтысты - айт - түбір, -ыс - ортақ етіс жұрна-ғы, -ты - жіктік жалғауы.
5. 5-тапсырма. Берілген тақырыптар төңірегінде ой қозғап, мақал-мәтелдер айту.
6. 6-тапсырма. Суретте не бейнеленген? Суреттегі спорттың маңыздылығы туралы айтып беру. Коньки тепкендері туралы әңгімелесу.
V. Сабақты қорытындылау.
VI. Үй тапсырмасы. Қайталау.
Сөйлесу бөлімі
2-сабақ
Спорт түрлері
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.
IV. Бекіту.
1. 1-тапсырма. Берілген мәтінді оқу.
2. 2-тапсырма. Тірек сызба бойынша мына аталған спорт түрлеріне қысқаша сипаттама беру.
3. 4-тапсырма. Сөйлемдерді дұрыс құрау.
Жауап үлгісі:
1. Біздің мектепте спорттық жарыс өтті.
2. Оған барлық оқушылар қатысты.
3. Футболдан біздің сыныптастарымыз барлық команданы жеңді.
4. Қыздарымыз баскетболдан бірінші орын жеңіп алды.
5. Сынып жетекшіміз жарысқа қатысқан командаларға алғысын білдірді.
4. 3-тапсырма. Берілген анықтамаларды спорт түрлерімен сәйкестендіру.
5. 5-тапсырма. Дене шынықтыру сабағында қандай спорт түрлерімен айналысасыңдар? Берілген суреттерге қарап әңгіме құрау.
V. Сабақты қорытындылау.
VI. Үй тапсырмасы. Қайталау.
3-сабақ
Сіз спорттың қай түрін ұнатасыз?
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.
IV. Бекіту.
1. 1-тапсырма. Берілген диалогті толықтырып, өзара сөйлесу.
2. 2-тапсырма. Берілген спорт түрлерін жазғы, қысқы ойын түрлеріне қарай екі бағанға жазып шығу.
3. 3-тапсырма. Берілген тіркесті сөздерді қатыстырып, спорт түрлері жөнінде сөйлемдер құрау.
Үлгі: Біздің сыныптан жарысқа жиырма бес оқушы қатысты.
4. 4-тапсырма. Берілген сөйлемдерді аяқтау.
V. Сабақты қорытындылау.
VI. Үй тапсырмасы. 5-тапсырма. Отбасы мүшелері қандай спорт түрлерімен шұғылданатынын әңгімелеп айтып беру.
4-сабақ
Азиада-2011
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.
IV. Бекіту.
1. 1-тапсырма. Берілген мәтінді оқып, Азиада туралы мәліметтер бойынша үш деңгейлі тапсырмаларды орындау.
Сөздік
ұйымдастырылды - организован
ашылу салтанаты - торжественное открытие
мәдениеттанушылар - культуроведы
зор қуаныш - много радости
шаттық - восторженность
Қазақстан құрамасы - сборная Казахстана
2. 2-тапсырма. Берілген ойды мағынасына қарай аяқтау.
3. 3-тапсырма. Берілген диалогті сұрақ қою арқылы толықтыру.
4. 4-тапсырма. Азиадада болған спорттық ойындардың қайсысымен таныс екендерін айту. Таныс спорт түрі туралы әңгімелеп беру.
V. Сабақты қорытындылау.
VI. Үй тапсырмасы. 5-тапсырма. Таныс емес спорт терминдерінің мағынасын сөздіктің көмегімен анықтау.
5-сабақ
Қазақстанның белгілі спортшылары
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.
IV. Бекіту.
1. 1-тапсырма. Берілген мәтінді оқып, спортшының Қазақстан спортына қосқан үлесі туралы айту.
2. 2-тапсырма. Берілген сөйлемдердегі ойды аяқтау. Қазақстанның бокс бойынша еңбек сіңірген спорт шебері Серік Қонақбаевтың өмірі туралы мәлімет алу.
3. 3-тапсырма. Берілген мәтіндегі бос орындарды толықтырып, спортшы туралы мәліметті оқып шығу.
4. 4-тапсырма. Суретте берілген спортшылар туралы не білесіңдер? Өз ойларын ортаға салу.
V. Сабақты қорытындылау.
VI. Үй тапсырмасы. 5-тапсырма. Қазақстан спортшыларының қайсысы ұнайтындығы туралы айтып беру.
6-сабақ
Спорт - денсаулық кепілі
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.
IV. Бекіту.
1. 1-тапсырма. Мәтінді оқып, үш деңгейлі тапсырмалар орындау.
Сөздік
мықты - крепкий
шыдамды - терпеливый
бекер айтпаған - не зря сказано
қабілеті - способность
жеңіл - легкий
ауыр - тяжелый
ұзын - длинный
қысқа - короткий
ұлы ойшыл - великий мыслитель
2. 2-тапсырма. Үлгі бойынша сан есімдерді сөзбен жазып, реттік сан есімнің жасалу жолына назар аудару.
3. 3-тапсырма. Керекті қосымшаны қою. Жауап үлгісі:
Оқушылар футболдан кейін жақсы көңіл күймен тарасты. Балалар сабаққа дейін бассейнге барды. Берік шахматтан бірінші орын алды. Волейболдан ұлдар командасы жеңіске жетті. Мектепте спорттық қызу ойындар өткізілді.
4. 4-тапсырма. Берілген сөйлемдер негізінде мәтін құрап, ат қою.
1. Маған қысқы спорт түрлері ұнайды.
2. Мен еркін күреспен және жүзумен айналысамын.
3. Қазақстанның спортшыларының ішінде чемпиондар көп.
4. Қазақстанда бәйге, қыз қуу секілді спорт түрлері кең таралған.
V. Сабақты қорытындылау.
VI. Үй тапсырмасы. Қайталау.
7-сабақ
Ұлттық спорт түрлері
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.
IV. Бекіту.
1. 1-тапсырма. Берілген диалог бойынша сөйлесу. Диалог бойынша сұрақтарға жауап беру.
1. Қасен ұлттық спорт ойындарын ұната ма?
2. Қандай спорттық ойын түрлері аталды?
3. Қасен ұлттық спорт түрлерін қандай тойда көп көргенін айтты?
4. Мектепте қандай ұлттық ойындар ойналып жүр?
2. 2-тапсырма. Берілген мәтінді оқып шығып, үш деңгейлі тапсырмаларды орындау.
3. 3-тапсырма. Берілген жаңылтпаштарды жаттап алу.
V. Сабақты қорытындылау.
VI. Үй тапсырмасы. Қайталау.
8-сабақ
Нәтиже сабақ
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.
IV. Тест және бақылау тапсырмаларын орындау.
I. Тест сұрақтарына жауап беру.
1. Тіркескен сан есімді табыңдар.
A. сөз таптары
B. ала жаздай
C. келе жатыр
D. жиырма бес
2. Дұрыс жазылған реттік сан есімді табыңдар.
A. Біз ІІ-орын алдық.
B. Ол 2000-жылы туды.
C. Біз 6-қатарда отырамыз.
D. Романның ІІІ-томын оқыдым.
3. Берілген сөйлемдегі етіс түрін табыңдар. Бапкерлер ақылдасты.
A. өздік етіс
B. өзгелік етіс
C. ырықсыз етіс
D. ортақ етіс
4. Спорт түрлерінің қайсысы қысқы ойындарға жатпайды?
A. шаңғы тебу
B. велоспорт
C. мәнерлеп сырғанау
D. коньки тебу
5. 2011 жылғы Азиада ойындарында Қазақстан құрамасы қанша алтын медаль жеңіп алды?
A. 32 алтын медаль
B. 33 алтын медаль
C. 34 алтын медаль
D. 35 алтын медаль
6. Азиадада қысқы спорттық ойындардың қанша түрі қамтылды?
A. 8 түрі
B. 9 түрі
C. 10 түрі
D. 11 түрі
7. Азиададағы 69 медальдың қаншасы Алматыда өтетін спорт түрлеріне арналды?
А. 42 медаль
В. 43 медаль
C. 44 медаль
D. 45 медаль
8. Қазақстан спортшылары ішінен тұңғыш олимпиада чемпионын табыңдар.
A. Бақтияр Артаев
B. Жақсылық Үшкемпіров
C. Серік Қонақбаев
D. Бекзат Саттарханов
9. Ұлы ойшыл Ибн Сина денсаулықты сақтау үшін қанша спорт түрімен айналысу керектігін айтты?
A. 5-6 түрімен
B. 10 түрімен
C. 20 түрімен
D. 33 түрімен
10.Ұлттық спорт түріне жатпайтынын табыңдар.
A. көкпар
B. қыз қуу
C. шаңғы тебу
D. арқан тарту
II. Бақылау сұрақтарына жауап беру.
XVII МОДУЛЬ
Лексикалық тақырыбы: Денсаулық - зор байлық
Грамматикалық тақырыбы: Қос сөздер. Топтау сан есімдер. Демеулік шылаулар
Бөлімі
|
Сабақ саны
|
Модуль мазмұны
|
Уақыты
|
Кіріспе
|
1-сабақ
|
Модульге кіру
Грамматикалық тақырып
Лексикалық тақырып
Бекіту. «Денсаулық»
|
45
минут
|
Сөйлесу
|
2-сабақ
|
«Ұйқының пайдасы» Жаттығуларды орындау
|
45 минут
|
3-сабақ
|
«Тісті күту»
Жаттығуларды орындау
|
45 минут
|
4-сабақ
|
«Тіл дамыту» Жаттығуларды орындау
|
45 минут
|
5-сабақ
|
«Жаны саудың - тәні сау» сұхбатымен жұмыс
Жаттығулармен жұмыс
|
45
минут
|
6-сабақ
|
«Емханада» Сұхбатпен жұмыс Жаттығуларды орындау
|
45 минут
|
7-сабақ
|
«Салауатты өмір салты»
Жаттығуларды орындау
|
45 минут
|
Қорытынды
|
8-сабақ
|
1. Тест
2. Бақылау сұрақтары
|
45 минут
|
Кіріспе бөлім
1-сабақ Денсаулық
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Модульдің құрылымы мен мақсатын таныстыру.
III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.
IV. Грамматикалық тақырыпты түсіндіру.
1. Қос сөздер дегеніміз сөздердің қосарланып немесе қайталанып айтылуынан жасалған сөздер.
Қос сөздің екі түрі бар:
1) Қайталама қос сөздер - айта-айта, өз-өзінен, үйден-үйге, т.б.
2) Қосарлама қос сөздер - бала-шаға, қысы-жазы, киім-кешек, т.б.
2. Топтау сан есімдері заттың санын топтан көрсетеді. Қаншадан? нешеден? деген сұрақтарға жауап береді.
Мысалы: екеуден, он-оннан, т.б.
Топтау сан есімдері шығыс септігі жалғауы арқылы жасалады.
3. Демеулік шылаулар сөздерді байланыстырмайды. Тек езі тіркескен сөзге қосымша мағына береді.
Демеулік шылаулардың түрлері:
1) сұраулық - ма, ме, ба, бе, па, пе, ше;
2) күшейткіш - -ақ, -ау, -ай, да, де, та, те;
3) болжалды - -мыс, -міс, -ay, кейде;
4) болымсыздық - түгіл, тұрсын, тұрмақ;
5) шектік - ғана, тек, кейде;
6) нақтылау - -ды, -ді, -ты, -ті, ғой.
Мысалы: Сен демалдың ба? Биыл да мен ауылға барып демаламын. Мен айттым-ақ, бірақ ол мені тыңдамады. Сен түгіл мен де бармадым. Мен ауылға кеше ғана келдім. Ол менің атам ғой.
|
Достарыңызбен бөлісу: |