Подстепный қазақ жалпы білім беретін мектебінің
информатика пәнінің мұғалімі Б.С.Айтқалиеваның 9 ә сыныбында
19 қарашада 2014 жылы өткен ашық сабағы туралы
п і к і р.
Сабақтың өту барысы, оқушыға қойылған мақсаты, талаптары,
оқушының жас ерекшелігіне, тиімділігіне сай алынған.
Сабақ өткен сабақпен байланыстырылған, сұрақтар қою әдісін қолдану арқылы өткізілді.
Оқушылардың қызығушылығын ояту мақсатында «Лото» ойыны және «Сөзжұмбақ шешу» әдісі таңдалған.Бұл бөлімде оқушылардың білім деңгейін анықтау көзделген.
Жаңа материалды ашу бөлімінде сызбаларды ұтымды пайдаланылды. Сызба арқылы оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық танымдық белсенділігін арттырды деп ойлаймын. Бұл әдіс оқушылардың жаңа материалды тиімді меңгеруіне мүмкіндік туғызды деп есептеймін.
Сабақта «Деңгейлік тапсырмаларды» орындау компьютермен жұмыс арқылы жүргізіліп тақырып ұтымды пысықталды. Уақытында үй тапсырмасы берілді. Оқушыларды бағалау «Бағалау парағы» бойынша жүзеге асты.Бұлай бағалау әділ, ашық түрде оқушы білімін бағалайды.
Сабақ тиянақты көрнекілікпен, техникалық құралдар қолдану арқылы және оқушылардың белсенді қатысуымен өтті. Оқушылардың пәнге қызығушылығы артып, сабақ мақсаты бойынша оқушылар тармақталған алгоритмдер қолданып бағдарлама құра білуді меңгерді, сабақ мақсатына жетті деп есептеймін.
Пікір жазған: / / Райхан Рахметқызы Мұқаева
Подстепный қазақ жалпы орта білім беретін
мектебінің математика пәнінің жоғары
санатты мұғалімі.
Педагогикалық еңбек өтілі 38 жыл.
Подстепный қазақ жалпы білім
беретін мектебінің 9 ә сынып
жетекшісі Б.С.Айтқалиеваның
жұмысы туралы
ПІКІР
Баян Сабырғалиқызы 2014 жылдан бері қызым Мағзомова Альбинаның сынып жетекшісі болып келеді. Жеткіншек ұрпаққа білім беру мен тәрбиелеуді заман талабына сай шығармашылықпен жүргізуге баса мән беріп, оқушылармен жұмыс істеп жүр. Ұйымдастыру қабілеті жоғары, әр істің қыры – сырын таба білетін мұғалім. Ашық мінезінің арқасында айналадағы адамдармен тез тіл табысып кетеді.
Ұқыптылық пен тазалық Баян Сабырғалиқызының басты қасиеті болып келеді. Жинақталған білім тәжірибесі оқушыларға көмек беруге және әр істі тыңғылықты атқаруға жұмылдыруға жұмсалады.
Баян Сабырғалиқызы тек оқушылармен, ұстаздармен жұмыстанып қоймай, ата – аналармен де тығыз байланыста жұмыс істейді. Бізге әр уақытта өз көмегін аямады. Мектеп ішінде өтетін тәрбие сабақтарына, ата – аналардың жиналыстарына, жарыстарға үзбей қатысып, бағыт – бағдар беріп жүреді.
Баян Сабырғалиқызының өткізген шараларының арқасында балалардың есінде жаңа мағлұматтар жақсы сақталады. Мұғалім өзінің ішкі жан дүниесін, оның байлығын оқушы алдында ашықта, анық көрсете біледі. Ол баланың адамгершілік қасиеттерін өсіретін, отанға деген рухани сүйіспеншіліктерін арттыратын мәліметтерді оқушыларға жиі беріп отырады.
Мұғалімнің сабақтары, түрлі шаралары үлкен ізденіспен, әзірлікпен, қазіргі заманға сай технологияларды пайдаланып, баланың жүрегіне әсер ететіндей етіп өткізеді. Осындай ұстаздар қатары көбейе берсе, білім алып жатқан балаларымыздың оқуға қызығушылықтары әрі қарай артады деп ойлаймыз. Ол оқытқан балаларымыз қазақ халқының іргесін ешқашан ыдыратпай, тілімізді, әдет – ғұрпымызды мақтан ететін болады. Болашақта да көптеген жақсы жұмыстарының куәсі болып жүруімізге жазсын деймін.
Баян Сабырғалиқызы еңбегі зор, адамгершілігі мол адам. Өзінің алға қойылған мақсаттары орындала беруіне, шығармашылық табыстары молайуына тілектеспіз.
Подстепный қазақ ЖОББМ-нің
10ә сынып ата – аналар комитеті: Г.Досқалиева.
Подстепный қазақ жалпы білім беретін мектебінің физика және
информатика пәнінің мұғалімі Б.С.Айтқалиеваның 9 ә сыныбында
қызметтік қасиеттері туралы
Сын – пікір
Баян Сабырғалиқызы біздің мектептің тәрбие және білім жетілдіруге үлкен мән беріп келеді. Мектебіміздің мұғалімдерінің және оқушыларының жетістіктеріне ел куә болып, қуанышқа бөленуде. Баян Сабырғалиқызы оқушыларды мектеп қабырғасынан бастап үлкен өмірге даярлауға, қабілеті мен бойындағы икемділігіне сәйкес мамандыққа баулуға, ең бастысы адамгершілікке тәрбиелеу жұмыстарын өрістетуді ұйымдастыруға назар аударуда.
Баян Сабырғалиқызы бізге информатика пәнінен сабақ береді. Бізге мұғалімнің сабақты түсінікті, әрі бала ұғымына ұғынықты етіп өткізетіні ұнайды. Сабақты әр түрлі ойындар, машықтық, зертханалық әдіс – тәсілдер, көрнекіліктер арқылы өткізеді. Мұғалімнің үй тапсырмасын тексеру барысы да қызықты өтеді. Ол кісінің жаңа тақырыптың түсіксіз жерлерін, басқа оңай жолдар, амалдар арқылы бала ойына түсінікті етіп жеткізуі бізге ұнайды. Информатика сабағы өте қызық өтеді, онда жұмыстану оқушылардың барлығына да ұнағандықтан біз келесі сабақты тағатсыздана күтеміз. Баян Сабырғалиқызы біздермен сабақтан тыс уақыттарда қажымай жұмыстануының арқасында информатика пәнін меңгеру деңгейіміз жақсарып келеді. Сонымен бірге біздердің шығармашылық ізденіс жұмыстарымен айналысуымызға ерекше көңіл бөлуде. Баян Сабырғалиқызы өткізген «Информатика әлемінде» білімділік сайысй өте жақсы түрде өткізіліп оқушылардың информатикаға қызығушылығын арттырды.
Баян Сабырғалиқызы – мінезі ақжарқын, ісіне адал, ойындағысын бүкпесіз тіке айтатын турашыл мұғалім. Ол педагогикалвқ іс – тәжірибесінің арқасында педагогикалық ұжым, шәкірттері және ата-аналар арасында құрметке бөленіп жүр. Біз мұғалімімізге шығармашылық табыс, зор денсаулық, отбасына амандық, әрдайым оқушылары жетістіктерге жетіп, биік шыңдардан көріне берсін деген тілек тілейміз.
Подстепный қазақ жалпы орта білім беретін
мектебінің 11 ә сынып оқушылары: Орынбай Сүлтанбейбарыс
Отарова Гүлназ
Подстепный қазақ жалпы орта білім беретін мектебінің информатика пәнінің мұғалімі Б.С.Айтқалиева 8а сыныбында 8 сәуір 2013 жылы өтетін ашық сабағы туралы пікір.
Айтқалиева Баян Сабырғалиқызы информатика пәнінің мұғалімі оқушыларға сапалы білім беру жолында үздіксіз жұмыстанып келеді. Информатика пәніне деген оқушылардың таным-белсенділігін, ойлау-қабілетін, қызығушылығын арттыру мақсатында жаңа технология әдістерін пайдалана отырып әр оқушылармен жеке жұмыстанып есте сақтау, зейіндік қабілетін дамытуға, пәнге деген қызығушылығын арттыруға жетелейді.
Осындай сабақтарының бірі 8а сыныбында өтілген <<Диаграммаларды құру, редакциялау>> атты сабағы. Өткен материалды интерактивті тақтада сурет бойынша элементтерін оқушылар жазды және сәйкестендіру тестіні сызып көрсетті.
Жаңа тақырып бойынша диаграмма тұрғызу төрт қадамы және түрлері, элементтері туралы түсіндіріп,оқушылардың өздеріне диаграмма түрлерін өмірде қай салада көргендерін сұрады.Білімдерін тексеру бағытында оқушыларға деңгейлік тапсырмалар берді.Сабақ тест арқылы бекітілді.Оқушылар алған білімдерін компьютерде еркін жұмыс істеп,қойылған сұрақтарға толық жауап беріп көрсете білді.Бағалау тәсілі электронды түрде бағалауы ұнады.Оқушылар білімдерін өздері бақылап отырды.Сабақ мақсатына жетті.Осындай өткізген сабағына ризамын,көп-көп рахмет айтамын.Болашақта жұмысына табыс тілеймін..
Пікір жазған:/ / Мәншүк Жақсығалиқызы Утепқалиева.
Подстепный қазақ жалпы орта білім беретін
мектебінің география пәнінің жоғары
санатты мұғалімі.
Педагогикалық еңбек өтілі 28 жыл.
Подстепный қазақ жалпы орта
білім беретін мектебінің
физика және информатика
пәндерінің мұғалімі
Б.С.Айтқалиеваның
Қызметтік қасиеттері туралы
Достарыңызбен бөлісу: |