2.1-тапсырмадағы сөйлесуді оқы.
3.Сілтеу есімдіктерін ата. Мысалдар келтіріп айт.
1.1-тапсырмадағы сөйлесуді жолдасыңмен түсініп оқы.
2.2-тапсырмадағы сурет бойынша 2-3 сөйлем құра.
3.Мақалды оқы.
1.2-тапсырмадағы сурет бойынша бірнеше сөйлем құра.
2.3-тапсырмадағы сөйлемдерді аударып жаз. Сілтеу есімдіктерінің астын сыз.
3.4-тапсырмадағы мәтінді оқып, орыс тіліне аудар.
Үйге тапсырма.
5-сабақ. Диктант.
І.Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ.Үй жұмысын тексеру.
ІІІ.Диктантты жазуға дайындау.
Мәтінмен оқып, таныстыру. Жазылуы қиын сөздердің дұрыс жазылуын түсіндіру.
Диктантты жаздыру.
Мектеп кітапханасында
Біздің мектептің екінші қабатында кітапхана бар. Кітапхананың іші кең. Кітапханада көп кітап бар. Газеттер журналдар да көп. Мектептің кітапханасына оқушылар жиі келеді. Олар өздеріне керек кітап, журналдарын алып оқиды.
Балалар ертегілер оқығанды жақсы көреді.
(34 сөз)
ІV.Өздеріне тексерту үшін тағы оқып беру. Дәптерлерін жинап алу.
V.Сабақты аяқтау.
Кіріспе бөлім. 1 сабақ
Лексикалық тақырып: Менің отбасым.
І.Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ.Модульдің құрылымы.
ІІІ.Сабақтың мақсатын, барысын түсіндіру.
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Өз отбасы туралы мәлімет жасай білуге үйрету.
2.Дамытушылық: Оқушылардың қисынды ойлау қабілетін дамыту, сан есімдерді пайдаланып, тілдесу әрекеттерінің мақсатында пайдалану.
3.Тәрбиелік:
Отбасына деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту. Ата-анаға деген ізгі ниеттерді қалыптастыру.
Сабақ көрнекілігі: Тақырыпқа сай сюжетті суреттер, грамматикаға байланысты сызбалар, түрлі түсті карточкалар.
ІV. Лексикалық тақырыппен жұмыс жасау.
1.Мәтінді оқу.
2.Аударма жұмысын жасау.
3.Реттік сан есімдерді табу.
4.Өз отбасы туралы айту.
V.Сөйлесу.
1.Сөйлесуді жолдасымен оқыту.
2.Әр оқушыға жеке тапсырма беру.
3.Бірнеше оқушының жауабын тыңдау.
4.Сызба бойынша өз отбасы мүшелері туралы айтқызу.
VI.Деңгейлік тапсырмалар.
1.Суретке қара.
2.Отбасы мүшелерін біл.
3.4-тапсырмадағы сызба бойынша жауап бер.
1.1-тапсырмадағы мәтінді оқы.
2.2-тапсырмадағы өлеңді мәнерлеп оқы.
3.3-тапсырмадағы сөйлесуді жолдасыңмен оқы.
1.1-тапсырмадағы мәтін бойынша өз отбасың туралы айт.
2.2-тапсырмадағы өлеңді жаттап ал.
3.4-тапсырмадағы сызба бойынша сөйлемдер құра.
VII.Үйге тапсырма беру.
Өз отбасы туралы әңгіме. «Ақ мамам» атты өлеңді жаттау.
Сөйлесу бөлімі
2-сабақ
Лексикалық тақырып: Менің інім.
І.Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ.Сабақтың мақсатын, барысын айту.
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Дыбыстар туралы түсініктерді жалғастыру. Отбасы тақырыбы бойынша жұмысты жандандыру.
2.Дамытушылық: Аударма жұмысына көп көңіл аудару, сөз тіркесін дұрыс құрау қабілетін дамыту, буынға дұрыс бөлуге үйрену.
3.Тәрбиелік: Әдептілік тақырыбында әңгімелер жүргізу.
Сабақ көрнекілігі: Тақырыпқа байланысты сюжетті суреттер.
ІV.Лексикалық тақырып.
1.Мұғалімнің кіріспе сөзі.
2.Мәтінді мәнерлеп оқу.
3.Мәтін бойынша берілген сұраққа жауап беру. Оқушылар мәтінді кезектесіп оқиды. Жоспарды негізге ала отырып, мәтіннің мазмұнын айтуға дайындалады.
4.Сөздікпен жұмыс.
V.Сөйлесу.
1.Сөйлесуді жолдасымен оқыту.
2.Ұқсас тапсырма жасату.
VI.Қисынды ойлау қабілетін дамытуға тапсырма.
1.Сөз тіркесін тап (ауызша).
2.Осы тапсырманы жазбаша орындау.
VII.Сызба бойынша жұмыс.
Ауызша жұмыс.
VIII:Жазбаша жұмыс.
5-тапсырманы орындау.
ІХ.Үйге тапсырма беру.
Сөздікті білу. Мәтінді мәнерлеп оқу, әңгімелей білу.
Лексикалық тақырып: Отбасы. Отбасы мүшелері.
І.Ұйымдастыру кезені.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ.Сабақтың мақсатын, барысын айту.
1.Білімділік:Өз отбасы туралы айта білу. Сызба бойынша жауап алуға дағдыландыру.
2.Дамытушылық:Сурет бойынша сұрақ-жауап жасауға машықтандыру. Сауатты жазу қабілетіне мән беру.
3.Тәрбиелік: Үлкенді сыйлауға, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Тақырып бойынша суреттер, сызба, сандар.
Меңгерлетін сөздер: жас, жаста, оқып отыр, тоқып отыр, ойнап отыр, көріп отыр.
ІV. «Менің отбасым» тақырыбына сурет бойынша әңгіме құрау.
1.Сөздікпен жұмыс.
2.Сұрақ-жауап ұйымдастыру.
V.Ауызша жұмыс.
3-тапсырманы оқушылар мәнерлеп оқиды. Оқығандарын орыс тіліне аударады.
VI. Сызба бойынша жұмыс.
VII:Деңгейлік тапсырмалар.
1.Сөздікпен таныс.
2.1-тапсырмадағы сөйлемдерді оқы.
3.2-тапсырмадағы суретке қара.
1.1-тапсырмадағы сөйлемдерді оқып, аудар.
2.2-тапсырмадағы сурет бойынша сөйлемдер құра.
3.3-тапсырмадағы сызба бойынша сөйлемдер жаз.
1.Өз отбасың туралы айт.
2.3-тапсырмадағы сызба бойынша өз отбасы мүшелерінің жастарын айт.
3.4-тапсырмадағы сұрақтарды дұсына құй.
VIII.Үйге тапсырма. Отбасы мүшелерінің жасын білу.
Қорытынды бөлім.
Лексикалық тақырып: Біздің отбасымыз.
I.Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III.Сабақтың мақсатын, барысын айту.
Білімділік: Математикалық ұғымдарды пайдаланып, тіл дамыту жұмысын жүргізу. Модуль бойынша алған білімдеріне қорытынды жасау.
Дамытушылық: Сауатты оқу, жазу қабілеттерін дамыту. Алған білімдерін әрі қарай дамыту.
Тәрбиелік: Жолдастарының арасындағы қарым- қатынасты қалыптастыру.
IV. 1- тапсырма бойынша жазбаша жұмыс.
V. 1. 2 – тапсырмадағы «Біздің отбасымыз» атты мәтінді оқып, өз отбасы туралы әңгіме айту.
2. 3- тапсырмадағы мәтінді қазақ тіліне аудару.
VI.Есеп шығару.
Деңгейлік тапсырмалар:
1- тапсырмадағы сөздерден сөйлемдер құрап жаз.
2- тапсырмадағы мәтінді оқы.
Отбасы мүшелерін ата.
Өз отбасың туралы айт.
2- тапсырмадағы мәтінді оқып аудар.
3- тапсырмадағы сөздердің аудармасын тап.
1.3- тапсырмадағы мәтінді қазақ тіліне аудар.
2. Өз отбасың туралы әңгіме айт.
3.Есепті шығар.
Лексикалық тақырып: Менің үйім.
Грамматикалық тақырып: Зат есімнің тәуелдік жалғаулары.
Нені үйрену қажет?
-Зат есімнің тәуелдік жалғауларын сөйлеу барысында дұрыс қолдана білуге үйрену.
-Лексикалық тақырыппен грамматикалық тақырыптарды байланыстыра білуге үйрену.
Нені білу керек?
-«Менің үйім» тақырыбы төңірегінде сөйлеу білу.
-Модуль бойынша өтілетін грамматикалық тақырыптарды меңгерту.
- Сауатты жазу, оқу дағдыларын қалыптастыру.
Лексикалық тақырып: Менің үйім.
Грамматикалық тақырып: Зат есімнің тәуелдік жалғаулары.
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Модульдің құрылымын түсіндіру.
III. Сабақтың мақсатын, барысын түсіндіру.
Білімділік: Оқушыларды сөйлеу барысында тәуелдік жалғауларды дұрыс қолдана білуге үйрету.
Дамытушылық: Ауызекі сөйлеу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: Бір- біріне деген адамгершілік қарым- қатынасты қалыптастыру.
Көрнекілігі: Сюжетті суреттер, кестелер, сызбалар.
IV. Грамматикалық тақырып.
Көрнекілік бойынша зат есімнің тәуелдік жалғауларымен таныстыру. Мысалдар арқылы түсіндіру, тапсырмалар орындау арқылы пысықтау.
V. Лексикалық тақырып.
Менің үйім.
Мәнерлеп оқып таныстыру.
Мәтін мазмұнын түсіндіру.
Сұрақ- жауап жасау.
Өз бетінше жұмыс жасауға тапсырма беру.
VI.Ауызша жұмыс.
Деңгейлік тапсырмаларды орындату.
Үш топқа тапсырмалар беру.
VII. Үйге тапсырма: өз үйі туралы әңгіме дайындап келу.
Лексикалық тақырып: Ас үйде.
Грамматикалық тақырып: Зат есімнің тәуелдік жалғаулары.
I.Ұйымдастыру кезеңі.
II.Үй тапсырмасын тексеру.
III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.
Білімділік: Ас ұй туралы әңгіме айтып үйрету,жаттығулар арқылы пысықтау.
Дамытушылық: Мәтіннен, жаттығудан ең негізгісін таба білу, сауатты жазу, өз бетімен жұмыс істеу, дұрыс сөйлеу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: Өзі тұрған өлкесіне, жеріне, ауласына, үйіне деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту, аялауға, қадірлеуге баулу.
Сөздікпен жұмыс.
Жаңа, ескі, жарық, алдық , жудым, сүрттім, сырлады.
IV.Лексикалық тақырып.
Оқушыларға мәтін бөліктерін кезекпен оқыту.
Жұппен аударма жұмысын жасау.
Топпен сұрақ- жауап жұмысын жасау.
V. Ұжымдық жұмыс.
Сұрақ- жауап.
Үйің қай көшеде?
Пәтерің нешінші қабатта?
Ас үйлерің бар ма?
Ас үйде нелер бар?
Тамақты кім әзірлейді?
Шешем не істейді?
Сен шешеңе көмектесесің бе?
VI. Деңгейлік тапсырмалар.Үш топқа грамматикалық тақырыпқа байланысты тапсырмалар беру.
VII.1. Ауызша жұмыс. Оқушылардың қисынды ойлау қабілетін дамыту мақсатында тапсырма беру..
Ойын.
VIII. Үйге тапсырма. Зат есімнің тәуелдік жалғауларын қайталау.
Сөйлесу бөлімі.
2- сабақ.
Лексикалық тақырып: Біздің пәтер Грамматикалық тақырып: Зат есімнің т. жалғаулары.
I.Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.
Білімділік:Грамматикалық тақырыпты пысықтау. ӨЗ үйі туралы сұрақ- жауап арқылы әңгіме айта білу.
Дамытушылық: Сөздік қорын молайту, ауызекі сөйлеу дағдыларын тапсырмалар арқылы кеңейту.
Тәрбиелік: Заманға лайық жеке тұлға тәрбиелеу.
IV.1. Суреттер бойынша сөздік жұмысын жүргізу.
2. Мәтінді оқып аудару .
3. Сурет бойынша сұрақ- жауап жасау.
4. Аударма жұмысы.
V. Деңгейлік тапсырмалар орындау.
VI. Үйге тапсырма. Өткен тақырыпты қайталау.
4- сабақ.
Лексикалық тақырып: Менің бөлмем
Грамматикалық тақырып: Зат есімнің тәуелдік жалғаулары.
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.
Білімділік: Өз бөлмелері туралы әңгіме айтуға, бір- бірімен ауызекара сөйлесуге дағдыландыру. Зат есімнің тәуелдік жалғауларын қолдануға жаттығу.
Дамытушылық: Қисынды ойлау, сауатты оқу мен жазу дағдыларын молайту.
Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, тазалыққа, мәдениеттілікке баулу.
IV. Ұжымдық тапсырма.
Сөйлемдердегі тәуелдік жалғаулардың астын сыз.
V. Деңгейлік тапсырмалар орындау.
3- ші деңгей тапсырмасы:
Үстел, орындық сөздерін тәуелдеңдер.
Сөздікпен таныстыру.
3-ші деңгей тапсырмасы:
1. Мәтінді оқы.
2. Тапсырманы жазбаша орында.
3. Мақалмен танысу.
2- ші деңгей тапсырмасы:
1. Тапсырманы оқып, орыс тіліне аудар.
2. Сурет бойынша әңгіме құра.
IV. Сабақты пысықтап қорыту. Сонымен, балалар бүгін сабақта не туралы айттық? Сендерге сабақ ұнады ма?
V.Үйге тапсырма:Өз бөлмелері туралы сөйлесу айту.
Уақыт
І.Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ.Модульдің құрылымын түсіндіру.
ІІІ.Сабақтың мақсатын, барысын түсіндіру.
1.Білімділік: Уақыт өлшемдерін дұрыс айта білуге машықтандыру. Есептік сан есімдердің жазылу ережесімен толық таныстыру.
2.Дамытушылық:Оқушыларды мыңға дейін ондықтармен, жүздіктермен санап үйрету.
3.Тәрбиелік: Уақыт үнемдей білеуге, біреудің уақытымен санасуға баулу.
Көрнекілігі: Сандар, сағат, уақыт өлшемдері туралы кестелер.
IV.Грамматикалық тақырып.
Есептік сан есімдер.
Оқушыларды санауға үйрету. Уақыт өлшемдерімен таныстыру үшін сөздікпен жұмыс жасау.
Оқушылар тізбекпен санауды жалғастырады. Сағат бойынша уақытты айыра білуге үйрету.
V.Ауызша жұмыс. Жұмбақты мәнерлеп оқып, аударма арқылы мазмұнын түсіндіріп, шешуін табу.
VI.Жазбаша жұмыс.
Деңгейлер бойынша тапсырмаларды орындату.
VII.Үйге тапсырма. Уақыт өлшемдерін білу.
Сөйлесу бөлімі.
2-сабақ.
Лексикалық тақырып: Апта күндері.
Грамматикалық тақырып: Есептік сан есімдер.
І.Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ.Сабақтың мақсатын, барысын айту.
1.Білімділік: Жыл, ай, апта тақырыбы бойынша қысқа әңгіме айта білуге үйрету.
2.Дамытушылық: Уақыт тақырыбы бойынша сөйлесе білуге, уақыт сұрауға, дұрыс жауап беруге дағдыландыру.
3.Тәрбиелік: Уақытпен санаса білуге баулу.
IV.Үш деңгейлік тапсырмалармен жұмыс жасау.
3-ші деңгей тапсырмасы:
1. Сөдікпен таныс.
2. Ай мен апта күндерінің атауларын ата.
2-ші деңгей тапсырмасы:
1.Сұрақтарға ауызша жауап бер.
2. Сурет бойынша апта күндерінің аудармасын жаз.
1- ші деңгей тапсырмасы:
1. Тапсырмадағы сұрақтарға жазбаша жауап бер, орыс тіліне аудар.
V.Үйге тапсырма. Ай мен апта күндерін жатка білу.
Сөйлесу бөлімі.
3-сабақ.
Лексикалық тақырып: Азаттың күн тәртібі
Грамматикалық тақырып: Есептік сан есімдер.
І.Ұйымдастыру кезені.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ.Сабақ мақсатын, барысын айту.
1.Білімділік: Қисынды ойлау қабілетін пайдаланып, оқушылардың білім деңгейін көтеру.
2.Дамытушылық: Әр деңгейдегі оқушылардың білімін тексеріп, оларды жоғарылатуға көмек беру.
3.Тәрбиелік: Күн кестесін дұрыс пайдалана білуге үйрету.
IV.Лексикалық тақырыпқа байланысты тапсырмалар.
1.Азаттың күн тәртібі.
2.Жұмбақ.
3.Сөйлесу.
4.Жазба жұмысы.
V.Деңгейлерге байланысты тапсырмаларды орындау.
3- ші деңгей тапсырмасы:
1. Сөздікпен таныс.
2.Жұмбақты оқы.
2- ші деңгей тапсырмасы:
1. 2- тапсырманы жаөзбаша орында.
2. сөйлесуді оқы.
1-ші деңгей тапсырмасы:
3- тапсырманы оқып, орыс тіліне аудар.
2. Сөйлесуді оқып, орыс тіліне аудар.
VI.Үйге тапсырма. Күн тәртібін жасап келу.
Қорытынды бөлім. Сен қайда болдың?
4-сабақ.
І.Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. Сабақ мақсатын, барысын айту.
1.Білімділік: Модуль бойынша алған білімдерінің шамасын білу. Кеткен олқылықтар бойынша қосымша жұмыс істеу.
2.Дамытушылық: Модульден тыс қосымша білім алуларына жағдай жасау.
3.Тәрбиелік: Бақылау жұмысының жауапты кезеңдерін ескертіп, сауатты, таза жазуға баулу.
IV.1.Сурет бойынша жұптық жұмыс жасау. Сұрақтар және жауап үлгілері:
Сен қайда болдың?
– Сағат сегізде сен қайда болдың?
- Сағат сегізде мен мектепте болдым.
2. – Сағат екіде сен қайда болдың?
- Сағат екіде мен үйде болдым.
3. – Сағат үш жарымда. Сен қайда болдың?
- Сағат үш жарымда мен стадионда болдым.
4. – Сағат алтыға 15 минут қалғанда сен қайда болдың?
- Сағат алтыға 15 минут қалғанда мен дүкенде болдым.
5. – Сағат жетіде сен қайда болдың?
- Сағат жетіде мен досымның үйінде болдым.
2.Тест сұрақтары.
1.Қай сөз аптаның бірінші күнін білдіріп тұр?
а) жексенбі
ә) дүйсенбі
б) жұма
в) сәрсенбі
г) сенбі
2.Бір аптада неше күн бар?
а) он
ә) жеті
б) бес
в) алты
г) сегіз
3.Сен тәңертең сағат нешеде тұрасың?
а) үште
ә) он екіде
б) жетіде
в) бесте
г) жиырмада
3.Мәнерлеп оқу.
Апталық есеп.
4.Есеп шығарту.
Деңгейлік тапсырмалар:
1.Сөздікпен таныс.
2.1-тапсырмадан күн аттарын тап.
3.Сағат, сабақ, қалам деген сөздерді орыс тіліне аудар.
1.Өлеңді мәнерлеп оқы.
2.2-тапсырмадағы сөйлемдерді дәптеріңе жаз.
3.Жұмбақты оқып, шешуін тап.
1.Өлеңді түсініп оқы.
2.2-тапсырмадағы сөйлемдерді жазбаша орыс тіліне аудар.
3.3-тапсырмадағы сурет бойынша жолдасыңмен сөйлес.
4.Есепті шығар.
V модуль.
Лексикалық тақырып: Адам. Адамның дене мүшелері.
Грамматикалық тақырып: Отыр, тұр, жүр, жатыр қалып етістіктері.
Нені үйрену қажет?
Адамның дене мүшелерінің атауларын дұрыс біліп, атқаратын қызметтерінен мәліметтер алып, сөйлеу барысында қолдана білуге үйрену.
Нені білу керек?
Отыр, тұр, жүр, жатыр етістіктерінің тұрақты орнын білу.
Етістіктерді пайдаланып, сөйлем құрай білу.
Кіріспе бөлім.
1-сабақ.
Лексикалық тақырып: Не істейді?
Грамматикалық тақырып: Отыр, тұр, жүр, жатыр қалып етістіктері.
І.Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ.Модульдің құрылымын түсіндіру.
ІІІ.Сабақтың мақсатын, барысын түсіндіру.
1.Білімділік: Етістіктердің тұрақты орнын оқушылардың санасында қалыптастыру мақсатында әр түрлі тәсілдермен жұмыс жасау.
2.Дамытушылық: Практикалық жолмен сөйлем құрау жолдарының оңай түрлерін көрсету.
3.Тәрбиелік: Тазалыққа, әдептілікке тәрбиелеу.
IV.Грамматикалық тақырып.
Практикалық жолмен отыр, тұр, жүр, жатыр етістіктерінің сөйлемдегі орнын түсіндіру.
Мысалы, Сережа орындықта отыр. Алмас көшеде жүр. Атам диванда жатыр. Алма шкафтың қасында тұр.
V.Жазбаша жұмыс (3 тапсырма).
5-тапсырма.
VI.Ауызша жұмыс.
Оқушыларды қисынды ойлау қабілетін молайту мақсатында жұмбақ шешкізу.
Асқар тауда – қара орман.
Шешуі: шаш
Үйге тапсырма.
Сөйлесу бөлімі
2-сабақ
Лексикалық тақырып: Тазалық – саулық негізі.
Грамматикалық тақырып: Отыр, тұр, жүр, жатыр қалып етсітіктері.
І.Ұйымдасыру кезеңі.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ.Сабақтың мақсатын, барысын айту.
1.Білімділік: Адамның дене мүшелерінің атқаратын қызметтерінің айтылу, жазылу, өмірде, сөйлеуде қолданылатын орнын білдіру.
2.Дамытушылық: Етістіктердің сөйлеу барысында алатын орнын оқушыларға саналы түрде жеткізу.
3.Тәрбиелік: «Тазалық – саулық негізі, Саулық – байлық негізі» деген мақал бойынша тәрбие жұмысын жүргізу.
IV.Сөздікпен жұмыс.
сйлейді – говорит күледі - смеется
тыңдайды – слушает жылайды - плачет
естиді – слышит оқиды – читает
Сурет бойынша және сабақ барысында етістіктермен жұмыс жасау.
V.Аударма жұмысы. Екі тілді салыстырмалы түрде оқыту мақсатында тапсырма.
VII.Үйге тапсырма. Сөздікті жаттау, өлеңді мәнерлеп оқып келу.
4-сабақ.
Лексикалық тақырып: Адам не істеді? Қонжық не істеді?
Грамматикалық тақырып: Отыр, тұр, жүр, жатыр қалып етістіктері.
І.Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ.Сабақтың мақсатын, барысын айту.
1.Білімділік: Модуль бойынша алған білімдеріне қорытынды жасау.
2.Дамытушылық: Оқушының ақыл-ойын, жеке басын, білімге ынтасын дамыту үшін бірнеше әдіс-тәсілдерді пайдалану.
3.Тәрбиелік: Оқушының жеке басының тазалағына байланысты әңгімелер өткізу.
VI.1.Сурет бойынша топтық жұмыс түрін өткізу (1-тапсырма).
2.Сөз тіркестерін дұрыс құрай білуге, оның мағынасын саналы түрде есіне сақтай білу мақсатында 2-тапсырманы орындату. Жұптық жұмыс.
3.Оқушылардың қисынды ойлау қабілетін молайту мақсатында ұжымдық тапсырманы жазбаша орындау.
4.Оқушылармен пәнаралық байланыс мақсатында, әрі сөйлеу әрекетінің қалыптасуына ықпал жасайтын есептер шығарту.
V.Үйге тапсырма. Оқушыларға модульден алған білімдерінің кемшіліктеріне қарай әр түрлі тапсырмалар беру.
Деңгейлік тапсырмалар:
1.Сөздікпен таныс.
2.1-тапсырмадағы суреттер бойынша заттарды атап, балаға ат қой.
3.Қара, қоңыр, сары, ұзын, қысқа деген сөздерді орыс тіліне аудар.
1.Суреттегі заттарды орыс тіліне аудар.
2.2-тапсырма бойынша қандай? Деген сұраққа әр түрлі жауап бер, сөз тіркестерін құрап жаз.
3.3-тапсырма бойынша Қонжық не істеді? Деген сұраққа жауап бер.
1.1-тапсырмадағы сурет бойынша әңгіме құра.
2.3-тапсырма бойынша жолдасыңмен сөйлесу жаса.
3.Есепті шығар.
Үйге тапсырма.
Лексикалық тақырып: Дәрігерде.
Грамматикалық тақырып: -нікі, -дікі, -тікі жұрнақтары (суффиксы).
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: «Дәрігерде» тақырыбына байланысты сөздермен таныстыру, оларды жаттатып, сөз тіркестерін, сөйлемдер құрауды үйрету; модуль бойынша берілген тапсырмаларды орындау, ережені практикалық жолмен түсіндіру.
2.Дамытушылық: Жаңа үйренген сөздерін күнделікті өмірде қолдантып үйрету, сауатты жазуға, мәнерлеп, түсініп оқуға жетелеу; оқушылардың сөздік қорын байыту. Дұрыс сөйлем құрай білу дағдысын дамыту.
3.Тәрбиелік: Оқу керек екенін үйрету, өз денсаулықтарын күте білуге, таза жүруге тәрбиелеу; мақалдардың мағынасын түсіндіріп, балаларды әдептілікке баулу.
1-сабақ
Емханада.
І.Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ.Өткенді қайталауға арналған сұрақ-жауап.
Мектеп асханасы мектептің нешінші қабатында орналасқан?
Асханада нелер бар?
Балалар не істейді?
ІІІ.Жаңа сабақты түсіндіру.
1.Модульдің құрамымен, мақсатымен таныстыру.
2.Сызбаны тақтаға іліп, жұрнақтармен таныстыру.
Петрова Асан
Сара нікі үй дікі
Лена сендер
мектеп
Жомарт тікі
Иванов
3.Сөздікпен жұмыс.
емхана – поликлиника
дәріхана – аптека
дәрі – лекарство
тамақ – горло
Сөздіктегі сөздерден ауызша сөйлемдер құрату.
Сөйлемдердің дәптерге жазғызу.
Мысалы: Біздің үйдің қасында дәріхана бар.
Дәріханада дәрілер сатады.
4.Мәтінді оқытып, аударту.
Менің тамағым ауырды. Мен емханаға келдім. Талон алдым. Дәрігерге кезекке тұрдым. Дәрігер менің тамағымды көрді. Ол дәрі жазып берді. Шешем дәріханадан дәрі сатып әкелді. Мен дәріні іштім.
«Дәрігер» өлеңін жазып, жаттату.
Дәмегүл қыз – «дәрігер»,
Бізге ойнауға келеді.
Десек болды: «Дәрі бер»,-
Бір-бір кәмпит береді.
6.Сөйлесуді рөлдерге бөліп оқыту.
- Сәлеметсіз бе?
- Сәлеметсің бе?
- Сіз қайда барасыз?
- Мен емханаға барамын.
- Емхана қай көшеде?
- Емхана Абай көшесінде.
- Сау болыңыз.
- Сау бол.
Деңгейлік тапсырмалар:
1.1-тапсырмадағы сөздерді оқы.
2.Сөздікпен таныс.
3.Жұрнақтарды ата.
1.Сызбаға қарап, сөз тіркестерін құра.
2.2-тапсырмадағы мәтінді оқы.
3.4-тапсырмадағы сөйлесуді оқып, дәптеріңе жаз.
1.Мәтінді оқып, орыс тіліне аудар.
2.-нікі, -дікі, -тікі жұрнақтарын қатыстырып, жаңа сөздер құра.
3.Өлеңді оқып жаттап ал.
2-сабақ. Тіс дәрігерінде
I.Сабақтың мақсаттарымен, барысымен таныстыру.
Білімділік:Тақырып бойынша лексикалық материалмен таныстырып, тақырып төңірегінде сөйлесу жүргізе білуге үйрету.
-нікі, -дікі, -тікі, жұрнақтарын меңгерту.
Дамытушылық:Жазу мен оқу сауаттылықтарын дамыту.
Тәрбиелік: Өз денсаулықтарын, тіс гигиенасын сақтауға тәрбиелеу.
I.Ұйымдастыру кезеңі.
II Өткенді қайталау.
Өлеңді жатқа айту.
Сөздік қорларын тексеру.
III. Жаңа сабақ.
Сөздікпен жұмыс.
Ауру, ескертті, күнде, рақмет, денсаулық, емдеу, тазалау
Сурет бойынша сұрақтарға жауап беру:
Достарыңызбен бөлісу: |