2. Пән туралы мәлімет:
Атауы: «Әдебиет тарихын дәуірлеудің теориялық негіздері»
Кредит саны: 2
«Әдебиет тарихын дәуірлеудің теориялық негіздері» пәні
Күндізгі оқу бөлімінде де 2 кредит. Бір аптада 1 кредит сағат саны, әр кредит сағат саны (дәріс, практика) екі байланыс сағаттан және 2 сағат МӨЖ, 2 МОӨЖ тұрады.
Сабақ кестесі:
Оқу тоқсаны 15 оқу аптасынан және 2 сынақ аптасынан тұрады.
Аптасына 2 кредит-сағат жоспарланады, оның әрбір кредит-сағат бір байланыс сағатынан ( дәріс, практика) және оқытушының басқарумен жүретін студенттердің өзіндік жұмысынан (ОЖСӨЖ, СӨЖ)
Сабақтар
|
Өткізілу уақыты
|
Сабақтар
|
Өткізілу уақыты
|
Сабақ
тар
|
Өткізі
лу уақыты
|
Сабақ
тар
|
Өткізі
лу уақыты
|
Байланыс сағаты 1 (дәріс 1)
|
50 мин.
|
Практикалық сабақ 1 сағат
|
50 мин.
|
МОӨЖ
2 сағат
|
50 мин.
|
МӨЖ
2 сағат
|
50+50 мин.
|
Оқу жоспарынан көшірме:
Курс
|
Семестр
|
Кредит саны
|
Дәрістер
|
Семинарлар
|
МОӨЖ
|
МӨЖ
|
Барлығы
|
Бақылау
түрі
|
І
|
2
|
2
|
15
|
15
|
30
|
30
|
90
|
емтихан
|
«Әдебиет тарихын дәуірлеудің теориялық негіздері» туралы пән жоғары оқу орындарының магистрларын даярлау ісінде әдебиеттану ғылымының қазіргі өзекті проблемарын тереңдетіп меңгерту мақсатында оқытылып жүрген негізгі пәндердің бірі. Отандық әдебиеттану ғылымының қай саласы болмасын жаңару, жаңғыру барысында өткенін екшей отырып, ұлттық мүддеге орайлас тың ізденістерге бет бұруда. Міне, осы қазіргі заманға сай соны ізденістер мен тың зерттеулерді, ұлттық мүдде тұрғысына пайымдалған оң тұжырымдарджы магистрантарға жеткізі пәннің ауқымында қарастырылады.
Курстың қысқаша сипаттамасы: Әдебиеттану ғылымындағы ұлттық мүддеге қатысты тың зерттеулер тәуелсіздік жылдарынан кейін қолға алынғаны мәлім. Кешегі кеңестік цинзураның мүмкіндік бермеген тұстарын қайта қарап, дұрыс баға беріп, өткенімізді бағамдап, бүгінгі күн тұрғысына бағалау мақсаты бір сәтике толастауға тиісті емес. Себебі, ғылым зерттеу аясы аяқталған көзқарастар мен шешіліп біткен шындықтың қоймасы емес. Күллі жаратылыстың дами беру қасиеті ғылымға да, оның ішінде әдеби зерттеу ғылымына да тән. Соған байланысты әдеби зерттеуде көркем шығарманы талдаудың жаңа ізденістері пайда бола бастады. Осы тұрғыдан келгенде, әдебиеттенау ғылымының өзекті мәселелері әр дәуір әдебиетінің рухани мұраларын үздіксіз зерттеуге байланысты толып отырады. Пәннің жалпы сипаттамасы ежелгі дәуір әдебиетінің, хандық дәуір әдебиетнің, ХІХ, ХХ ғасыр әдебиетінің, кеңес дәуір әдебиетнің, Тәуелсіздік жылдарынан кейінгі, бүгінгі заман әдебиетінің рухани мұралын танудағы өзекті проблемалары мен зерттеу арналарына кеңірек тоқталуды көздейді.
Курстың мақсаты: Магитранттарға ғылыми зерттеу жұмыстарын жазу барысында әдеби мұралардың бір-бірімен сабақатастығын, зерттеу объектілерінің өзекті тұстарын таңдай білу тәрізді мәселелерді шешуге көмектесуді мақсат ететіндіктен, қазақ әдебиеттану ғылымының жаңа бағыттарын әр кезең әдеби мұраларымен сбақтастықта қарастыру. Әр кезеңнің көркемдік даму процесіндегі өнер заңдылықтары мен заман проблемасымен объективті және субъективті тұрғыда қарастыру. Осы мақсаттарды шешу барысында төмендегіше міндеттерді көздейді.
Курстың міндеттері:
- Әдебиеттану ғылымының әдеби мұраны игеру, әдебиеттің ғылыми тарихын жасау бағытында қол жеткізген табастары мен олқылықтарын сараптап, дәуірдегі жаңа концепция негізінде қазақ әдебиеті қалаптасу кезеңдерін айқындау, қазіргі кемшін қалып отырған өзекті тұстарынна көңіл бөлу.
- ертедегі әдебиет нұсқаларын ғылыми айналымға енгізудегі қадамдардың сәтсіздікке ұшырауы, қайшылықтар, олардың мәнін тереңірек ашуға тырысу;
- хандық дәуір әдебиетін және толғау жанрын зерттеу үдерісінің жыраулар мұрасын ғылыми айналымға енгізу және ұлт әдебиет тарихын ХҮ ғасырдан бастап орнықтырудағы еңбектердің мәдени өмір ағысындағы рухани өрлеу тигізген өрісты ықпалын айқындай түсу.
- ХІХ – ХХ ғасыр басындағы әдебиетті зерттеуде маркістік-лениндік ілім кедергілері орын алып отырғанымен ақын-жазушылар шығармашылығын ьбағалауда тарихилық қағиданы ұстанудың ұштала түсуіндегі қайшылықты өзгерістерді, жекелеген дарындар мұрасын очерк, монографиялық арнада зерттеу, қолжазбаларджы ғылым сипаттамасын түзу және абайтану, шоқантану, махамбеттануда жүргізілген еңбектерге тән сипаттарын екешеу;
- кеңес дәуіріндегі әдебиет атрихын зерттеуде жоғары оқөу орындарына апрналған оқулық шығару, жаңа ситаптатғы әдебиеттің қалдыптасуынан бастап кейінгі даму жолдарын саралау, ұлттық сынның тууы мен қалыптасуын алғаш жүйелі зерттеу жаңаша сипат ала бастауын дәйектеу:
- «бетбұрыс» кезеңіндегі әдебиеттануда «ақтаңдақтар» мәселесінің өткір қойылуы, әдебиет пен өнер мәселелері бойынша қабылданған идеологиялық қаулы-қарарлардың күшін жоюымен «зар заман», Алаш әдебиеті өкілдерінің әдеби мұрасын, шығармашылығын жаңаша танымда зерттеу бағытына бетбұрыс жасаудағы қадамдарды қарастыру:
- «жылымық» ықпалындағы рухани азаттық аңсарындағы эстетикалық танымдағы өзгерістермен сабақтас әдеби сынның шеберлік қыры мен көркемдік даму мәселелерін полемикалық, проблемалық аспектіде зерделей отырып әдебиеттанудағы жетекші орнын бекіту жолында «қазіргі қазақ әдебиеті» атты жаңаша ұғым орнықтырудағы жаңғыру сипаттарының маңызын айқындау:
- Тәуелсіздік жылдарынан кейінгі қазіргі әдебиеттану ғылымының жаңа бағыттарының зерттелуі және әдеби бағыт-ағымдардың көрінісі.
Курстың мазмұны: Көне дәуір әдеби мұраларының зерттеудегі қазіргі принциптер, ХҮ ғасыр әдебиеті, ХІХ-ХХ ғасыр әдебиеті, кеңес дәуір әдебиеті, қазіргі кезең әдебиетінің зерттеу бағыттары, ғылыми топшылаулардағы жетекші ғалымдардың еңбегі және бүгінгі күн тұрғысынан зерттеудің өзекті мәселелері.
Оқыту әдістемесі: Оқыту негізі оқу материалдарын түсіндіретін және тәжірибелік дағдыларын қалыптастыратын практикалық сабақтар түрінде өтеді. Магистранттардың білімін тексеру ауызша және жазбаша жаттығулар, тест жұмыстары жне жеке семестрлік тапсырмалар мен үй жұмыстарын тексеру ретінде болады. Білім кемшіліктерін жою үшін алдын-ала белгіленген кесте бойынша әр апта сайын кеңестер жүргізіледі.
Пәнді меңгеру нәтижесінде: магистранттар қазақ әдебиеттану ғылымының қазіргі таңдағы өзекті проблемалары мен зерттеу арналарынан толық мағлұмат алады. Әдебиет тарихы, әдебиет теориясы, әдебиет сынының өзара бірлікте екендігін қарастырады. Поэтика мәселесінің қыр-сырымен тереңірек танысып, болашақ өздерінің зерттеу еңбектеріне теориялық-практикалық мәліметтер жинақтайды.
Практикалық сабақтардың әдістемелік өту барысы:
Оқыту негізінен негізгі оқу материалдарын түсіндіретін және тәжірибелік дағдыларды қалыптастыратын практикалық сабақтар түрінде өтеді. Студенттердің білімін тексеру ауызша және жазбаша жаттығулар, тест жұмыстары және жеке семестрлік тапсырмалар мен үй жұмыстарын тексеру ретінде болады. Студенттердің білім кемшіліктерін жою үшін алдын-ала белгіленген кесте бойынша әр апта сайын кеңестер жүргізіледі.
Курс саясаты оқу процесінің жоғарғы тиімділігін қамтамасыз етуге тиісті және барлық студенттер үшін міндетті. Әрбір оқытушы студенттерге сабақ барысында тәртіп ережелерін, оқытушымен және басқа студенттермен өзара қатынастарын ұстаудағы өзіндік жүйесін талап етеді.
Студенттерге қойылатын талаптар:
Курс бойынша жоғары балл алу үшін әрдайым жұмыстану қажет. Себебі пән бойынша баға жалпы семестр бойы жинақталады. Сабаққа белсенді қатысып, барлық тапсырмаларды нақты, дұрыс, ұқыпты, толық орындаған жағдайда студентке жоғары баға қойылады. Студент әрбір кредит сағат бойынша жинаған балдарын есептеп жүру қажет (жоғарыда көрсетілген пән бойынша білімді бағалау және апталық тақырыптық кесте бойынша)
1. Сабаққа қатысу
Студент сабаққа қатысуға міндетті. Қалдырылған сабақтар пәннің оқу-әдістемелік кешенінде көрсетілгендей толық көлемде орындалу қажет. Пәннің 3/1 себепсіз қалдырса, курстан шығарылады.
2. Аудиториядағы тәртіп:
Студент сабаққа кешікпеу, сабақ уақытында сөйлеспеу, газет оқымау, ұялы телефоның сөндіру, оқу үрдісіне белсенді қатысуы қажет.
3. Үй тапсырмасы
Үй тапсырмасы міндетті түреде көрсетілген мерзімде орындалуы қажет. Үй тапсырмалары негізінде қорытынды баға шығарылады.
4. Жеке тапсырмалар
Семестрлік жеке тапсырмалар міндетті болып табылады. Олар реферат (баяндама, хабарлама т.б.) ретінде орындалып, қорғалады. Бұл тапсырмалардың әрқайсысы бағаланып, қорытынды баға шығарылады.
5. Бақылау жұмысы.
Бақылау жұмысы сабақ уақытында орындалып, тапсырылады. Студенттердің білімін бақылау негізінен тест тапсырмаларын орындату арқылы тексеріледі.
6. Пікірлесу. Пікірлесу әр топта кесте бойынша жүзеге асады. Студенттердің білімін бақылау тест тапсырмаларын орындату арқылы жүргізілуі мүмкін.
«Әдебиет тарихын дәуірлеудің теориялық негіздері» курсының жұмыс бағдарламасы – (SILLABUS)
1 апта:
Дәріс 1
Тақырыбы: Пәнге кіріспе. Әдебиет тарихын дәуірлеудің теориялық негіздері курсының негізгі мақсаты мен міндеттері.
Дәріс мазмұны: Әдебиет тарихы халық тарихымен тығыз байланысты, соның бейнелі көрінісі, сүрлеуі: ол қай кезде болсын халық тарихының ізімен жасалады. Демек, қазақ әдебиетінің ғылыми тарихы да қазақ әдебиетінің ғылыми тарихы да қазақ халқы азаматтық тарихының ізімен жасалуы тиіс.
Қазақ халқының құрамына енген рулар ежелден, арғы заманнан осы күнгі Орта Азияны, Қазақстанды, Орталық Азияны, шығыс оңтүстік Сібірді, орта, төмен Еділді, Каспий жағалауларын мекендеген. Сол жерлерді ертеден мекендеген көптеген түрі, моңғол руларын, кейін әзірбайжан, түрікпен, қарақалпақ, өзбек, қырғыз, ұйғыр, ойрат, тува, хакас, башқұрт, татар халықтарының құрамына енген ру тайпалармен бірге, кейде қатар жасаған. Солардың біразымен кейде жауласып, қақтығысып, соғысып: кейде одақ құрып, қыз алысып, құда болып, әскери топ жасап, анда болып жүрген.
Біздіңше, тегі ерте уақыттарда арғы, бергі тарихтарда аталатын скиф, ғұн, қаңлы, сақ, сармат, алан, карлук, қазар, оғыз, куман – бәрі де есте жоқ ерте замандардан орталық Азия мен Византия аралығын мекедеген түрік, моңғол рулары, солардың әр кездегі ру-ұлыстық, түрлі бірлестік, құдандалық аттары.
Аталған жерлерді жайлаған түрік, моңғол ру-тайпаларының қай қайсысы да болмасын үнемі бір орында, өзі әуелі мекендеген жерінде отыра бермеген. Кейде өзара жауласып, соғысу салдарынан, кейде басқа жақтан келген ру-тайпалардың, халықтардың жорығы, көшіп-қонуы салдарынан бір жерден екінші жерге, бір өлкеден екінші өлкеге ауысып, мекендерін жиі ауыстырып отырған.
Әсіресе, Александр Македонскийдің жорығы, ғұндардың босқыны, арабтардың жаулап алуы, моңғолдардың щабуылы, онан кейінгі түрлі жаугершіліктер әлі өлкелер мен ру-тайпаларды әр кезде жойқынға ұшыратып отырды, әрі әбден сапырылыстырып жіберді.
Тек осыдан деп білу қажет, тарихи деректер бойынша, мысалы, қазақ халқы болып құрылған рулардың дені біздің жыл санауымыздан бұрынғы IV ғасырда Сырдарияның орта, жоғары бойын жайлаған, I ғасырда Ыссық қой төңірегін қоныстанған. Біздің жыл санауымыздың алғашқы ғасырларында Шу, Талас, Қаратау, Сарысу жағын алып жатқан; VII-VIII ғасырларда Орталық Азия мен шығыс-оңтүстік Сібірді жайлаған; X-XIV ғасырларда орта, төменгі Еділ бойын, Каспийдің шығыс, солтүстік, батыс жағалауларын мекендеген.
Қазақ ауыз әдебиетінде: «Барар жерің Балқан тау, ол да біздің барған тау» деген сөз тіркесі бар. Бұл қазақ руларының бір заманда Балқан түбегіне дейін ығысып барғанын аңғартады. Яғни қазақ рулары басқа түрік, моңғол ру-тайпаларымен бірге ерте уақыттардан шығыс жағы Орталық Азия, батыс жағы Византия аралығын жайлаған, әр кезде сол араның әр жерінде болған. Осы күнге Қазақстан жерінде XV ғасырдан негізінде өз алдына халық, хандық болып құрылғаннан бастап жайғасқан.
Әлгідей әр кезде әр өңірді жайлағанынан болуы тиісті, тарихшылар арасында қазақ рулары түгелдей әуел бастан, өмірбақи көшпелі болды, тек мал шаруашылығымен ғана айналысып, үнемі жөңкілік көшіп жүрді деген пікір, көзқарас бар. Ол пікірді түгелдей дұрыс деуге, түбірімен қостауға болмайды.
Карл Маркс: «Күншығыстағы ру-тайпалар тарихымен басынан-ақ бір жағы көшпелі, бір жағы отырықшы болып өмір сүргендері байқалады» - дейді.
Қазақ рулары түгелдей өмір бақи көшіп жүрмеген, Маркс айтқандай ерте уақыттан жартылай көшпелі болған. Яғни бірқатары көшпелі, бірқатары отырықшы болып өмір сүрген. Қыстақты, кентті, қалалы жерлерді мекндеген, солардың маңында тұрған. Мал өсірумен қатар егіншілкпен де, ұсақ қолөнер кәсібімен де айналысқан. Сондай-ақ, әлеуметтік, шаруашылық тіршілігіне сай қазақ руларының әр кезде өзіндік мәдениеті де болған. Өйткені тарихта ешқандай мәдениеті болмайтын, әр түрлі өнер, мәдени, әдеби шығарма жасамайтын адам қоғамы, ру-тайпа, халық болған емес, болмайды да.
Ертедегі қазақ рулары жөніндегі біздің бұл айтып отырғанымызды, олар мекедеген, жүрген өлке-өңірлерде, мекенді жерлер тарихы мен тарих, археология ғылымдарының бүгінгі табыстары айқын дәлелдеп отыр.
Тарихтан мәлім, ертедегі түрік, моңғол ру-тайпалары мекендеген жерлерде әр жерде әр түрлі одақ бірлестіктер, қауым-мемлекеттер болған. Хорезм патшалығы, Қыпшақ бірлестігі («Дешті қыпшақ»), Алтын Орда (Ақ Орда, Көк Орда) мемлекеті, түрлі хандықтар өмір сүрген.
Практикалық сабақ тақырыбы: Пәнге кіріспе.Әдебиет тарихын дәуірлеудің теориялық негіздері курсының негізгі мақсаты мен міндеттері.
СОӨЖ мазмұны: Әдебиеттану ғылымының туу, қалыптасу және даму кезеңдері туралы зерттеулер және дәуірлеу мәселелері.
СӨЖ мазмұны: Әдебиет тарихын дәуірлеудегі әдеби тартыс-дау дамайлардың себеп-салдары.
Әдебиет:
Байтұрсынов А. “Әдебиет танытқыш”. Алматы, Атамұра. 2003.
Жұмалиев Қ. Әдебиет теориясы. “Мектеп” баспасы. А., 1969.
Ќабдолов З. Сөз өнері . Алматы. “Санат”, 2002.
Елеукенов Ш. Әдебиет жєне ұлт тағдыры. Санат. 2002.
Қирабаев С . Әдебиетегі ақтаңдақтар. Алматы, 1997.
Әдебиеттану терминдерінің сөздігі. А. 1996. (құр. Ахметов З.)
Литературный энциклопедический словарь. М., 1987.
Нұрғали Р. Сөз өнерінің эстетикасы. Шығармалар жинағы II том. А. 2007.
Қирабаев С. Тәуелсіздік рухымен. Алматы, 2005.
Тұрысбек Р. Ақиқат айнасы. Алматы. «Таймас» 2008.
2 апта
Дәріс 2
Тақырыбы: Әдебиет тарихы және оның зерттелу бағыты
Дәріс мазмұны: Әрбір республика ғалымдары бар ғұмырымызды арнаған ғылым салаларының жетістігі мен кемшілігін сарапқа салып екшеп отыруымыз керек. Ортаға салатын осындай толғағы жеткен мәселенің бірі – қазақ әдебиеті тарихын зерттеудің кейбір методологиялық мәселелері болса керек.
Өйткені, кезінде қазақ әдебиетінің түркі халықтарына ортақ ерте дәуірі ақын – жыраулар (ХҮ-ХҮІІІ ғасыр) поэзиясы тәп-тәуір зерттелгенімен, қазір осы кезең әдебиетіне тереңдей зерттеу орнына із қуа қайталай байқалып қалып жүр. Біздіңше, бұл дұрыс емес, ерте дәуір әдебиетін, ақын-жыраулар поэзиясы тереідей зерттеу, тың бетін ашу, жете тану, кейінгі ұрпаққа барынша мол таныту аса қажет-ақ.
Менің күні бүгінге дейін түсінбей келе жатқан бір мәселем – әдебиетіміздің тарихының байлығына, тереңдігіне енжарлық. Қай халықтың да азаматтық тарихы ғасырдар тереңінде жатпас па?! Ал, әр халықтың рухани мәдениетінің тарихы сол азаматтық тарихымен байланысып, сабақтасып, тереңдей бермес пе?!
Тарих – біздің бабамыз. Әдебиет тарихы – көркем өнердің асыл арнасы. Ата-бабалардан қалған асыл қазынасы. Әр халықта өз баба тарихын, көне мәдениет үлгілерімен мақтанатын болса керек. Сондай, мұрасында мойынсүнар көне мәдениет үлгісі мол халықтың бірі – көне түркі халқы. Бізде бір жаман әдет бар. Қазақ әдебиеті – жас әдебиет деуге құмармыз. Солай деуге бейім тұрамыз. Әдебиеттің жастығы, әдебиет тарихын кенжелігі – мақтаныш болмаса керек. Шын мақтантын қасиет, сонда, егерде, халқымыздың рухани мәдениеті тереңде жатқан болса, оны қазып, аршып алып, дәлелдеп, бүгінгі жастарды отаншылдық рухта тәрбиелеуге қызмет еткізе білсек.
Өзіміз зерттеп жеткізе алмай жатқанымыз болмаса – қазақ әдебиетінің тарихы да тым тереңде жатыр. Соның кейбір мәселелерін айтумен келеміз. Кейбір әдебиет нұсқалары тарата айқан кездеріміз де бар. Түрік халықтарын қадым заманғы, көне дәуірдегі ерлік ісі, азаматтық болмысы жайлы білгір орыс ғалымы Л.Гумилев өзінің үш томдық тарихи «Древние тюрки» аталатын трилогиясында жеткізе айтқан-ды.
Қырқыншы жылдар Қазан төңкерісіне дейінгі дәуір әдебиетін де, ақын-жазуларын да бір өлшеммен қарап, бәрін бірдей кертартпа, бәрін бірдей феодалшыл, ұлтшыл етіп шығарған сұрғылт, сұрқай мінездер белең алды. Ол жылдары әдебиетіміздің тарихы тереңде жатыр деп айту қиын еді. Сонда да болса, қырқыншы жылдары, «Қазақ тілі мен әдебиеті» жинағында «Социалистік Қазақстан» газеті бетінде бұл проблеманы жаңғырта айтуға тура келді. Айттық та «күнәға» баттық. Концепцияға қарсылардан талай-талай сөз естідік...
Отан соғысы жылдарында Алматыға Санкт-Петербург, Москва ғалымдары , ірі өнер қайраткерлері уақытша қоныс аударды. Ығысып келіп, жұмысын Алматыда жалғастырып жатты. Солардың бірі – ірі түрколог Сергей Ефимович Малов болатын. Біз атақты түркологпен қазақ әдебиеті кафедрасында ҚазМУ –де қызметтес жүрдік. Жарасты көңілмен сыйластық. Қазақ әдебиеті тарихына қызмет етпейін, жәрдем бермеймін деген ой түрколог ғалымда болған емес. Мына бір мәселемізге жәрдем берсеңіз дерлік хал бізде болмаған секілді.
Әйтпесе, Ташкентке қоныс аударған ғалым А.Жирмунский өзбек фольклористикасына да үлес қосып кетті ғой. Кейін, С.Е.Малов Санкт-Петербургқа қайта қоныс тепті. Соңынан іздеп бардым. Үйінде болып жүрдім. Аспиранттарымда Сергей Ефимовичтің жәрдемімен Санкт-Петербургте қорғатқан қуанышыт сәттерім бар. Айта кетейік, болашағынан үлкен үміт күтіп, Санкт-Петербургқа алып барған, Сергей Ефимовичпен таныстырып, сонда қорғатқан шәкірттерінің бірі Зәки Ахметов. Көз жұмғанша Сергей Ефимовичпен арамызда ықыласты байланыс үзілген емес. Өткен күндерді еске алып отырған себебім – қазақ әдебиеті тарихын түрік халықтарына ортақ ерте дәуірден бастау керектігі жайлы пікірімді С.Е.Маловпен әр тұста жиі ақылдастым.
Практикалық сабақ тақырыбы: Әдебиет тарихы және оның зерттелу бағыты.
СОӨЖ мазмұны: Қазақ әдебиетінің ғылыми тарихын жасау жолындағы негізгі ізденістер.
СӨЖ мазмұны: Қазақ әдебиетінің тарихы.
Әдебиет:
1. Байтұрсынов А. “Әдебиет танытқыш”. Алматы, Атамұра. 2003.
2. Жұмалиев Қ. Әдебиет теориясы. “Мектеп” баспасы. А., 1969.
3. Ќабдолов З. Сөз өнері . Алматы. “Санат”, 2002.
4. Елеукенов Ш. Әдебиет жєне ұлт тағдыры. Санат. 2002.
5. Қирабаев С . Әдебиетегі ақтаңдақтар. Алматы, 1997.
6. Әдебиеттану терминдерінің сөздігі. А. 1996. (құр. Ахметов З.)
7. Литературный энциклопедический словарь. М., 1987.
8. Нұрғали Р. Сөз өнерінің эстетикасы. Шығармалар жинағы II том. А. 2007.
9. Хализев В. Теория литературы. М. 1999.
10. Тұрысбек Р. Ақиқат айнасы. Алматы. «Таймас» 2008.
3 апта
Дәріс 3
Тақырыбы: Фольклордың жанрлық табиғаты және әдебиет тарихын дәуірлеу
Дәріс мазмұны: «Қазақ фольклорының тарихы» деген ұғым мен зерттеу дәл өз мағынасында осы уақытқа дейін арнайы түрде күн мәселесіне қойылған емес. Оның бірнеше себебі болды. Біріншіден, ғылымда фольклорды жеке көркем жүйесі бар, көп өзіндік белгілерімен ерекшеленетін руханият деп түсінбей, оны көркем әдебиеттің бір саласы деп ұғыну орныққан еді. Соның салдарынан фольклор тарихы - әдебиет тарихы деп қарастырылып жүрді. Екіншіден, фольклортану ғылымының өзі де көп уақыт бойы әдебиеттанудың ішінде жүрді және сол әдебиеттанудың теориялық, әдіснамалық амал-құралдарына сүйеніп, соларды пайдаланып келді. Әлбетте, одан ол үлкен зиян шеккен жоқ, бірақ фольклордың көптеген қасиетін толық тани алмады. Үшіншіден, әдебиет тарихы жүйелі түрде, кезең-кезеңге бөлініп зерттелді де, фольклор синхронды түрде, бізге жеткен қалпы бойынша сипатталып, оның тарихи даму жолдары, қандай дәуірлерді бастан кешкені ескерілмеді, жеке-жеке жанрлар ғана зерттеліп жүрді. Әрине, фольклордың, дәлірек айтқанда, қай шығарманың нақ қай жылы немесе қай ғасырда туғанын, оның қандай өзгеріске ұшырағанын дөп басып айту мүмкін емес. Сол себепті де бұрынғы Кеңес Одағы тұсындағы ғалымдар да, қазіргі кезеңдегі оқымыстылар да фольклордың тарихын дәуір-дәуірге бөліп зерттеуге көп бармады, ал барған күннің өзінде маркстік-лениндік әдіснамадан шыға алмай, таптық формациялар бойынша қарастыруға мәжбүр болды. Бірақ бұл жол тұрпайы социологияға ұрындырды. Мәселен, 1950-1960 жылдар аралығында орыс фольклортану ғылымында орыс фольклорының тарихына арналған бірнеше еңбек жарық көрді. Бұл кітаптарда фольклордың тарихы феодализм дәуіріндегі, капитализм кезеңіндегі, совет тұсындағы деп жіктеліп қаралды да, әр дәуірлеудің өзі ғасырлар мен нақты жылдарға бөлінді және фольклордың тарихы көркем ойдың даму тұрғысынан емес, әлеуметтік тұрғыдан, езілуші таптың шығармашылық қабілетін дәріптеу мақсатында зерттелді. Кезінде ол еңбектер үлкен сынға да ұшыраған болатын.
Практикалық сабақ тақырыбы: Фольклортанудағы ғылыми ізденістер.
СОӨЖ мазмұны: Фольклор және көркем әдебиет.
СӨЖ мазмұны: Фольклор және әдебиет.
Әдебиет:
1. Байтұрсынов А. “Әдебиет танытқыш”. Алматы, Атамұра. 2003.
2. Жұмалиев Қ. Әдебиет теориясы. “Мектеп” баспасы. А., 1969.
3. Ќабдолов З. Сөз өнері . Алматы. “Санат”, 2002.
4. Елеукенов Ш. Әдебиет жєне ұлт тағдыры. Санат. 2002.
5. Қирабаев С . Әдебиетегі ақтаңдақтар. Алматы, 1997.
6. Әдебиеттану терминдерінің сөздігі. А. 1996. (құр. Ахметов З.)
7. Литературный энциклопедический словарь. М., 1987.
8. Нұрғали Р. Сөз өнерінің эстетикасы. Шығармалар жинағы II том. А. 2007.
9. Хализев В. Теория литературы. М. 1999.
10. Тұрысбек Р. Ақиқат айнасы. Алматы. «Таймас» 2008.
4 апта
Дәріс 4
Тақырыбы: Ұлттық әдеби - теориялық ой – пікірлердің туу және қалыптасу кезеңдері, тарихы,ізденіс арналары.
Дәріс мазмұны: Қазақ әдебиеттану ғылымының туу және қалыптасу тарихы, ондағы әдеби мұраның игерілу мен зерттелуі проблемасы «Әдеби мұра және оны зерттеу» (1961), көп томдық «Қазақ әдебиеті тарихында», жаңаша танымдағы теориялық және әдіснамалық негізде жазылған «20-30 жылдардағы қазақ әдебиеті. 1-кітап» (1997), «40-50 және 60 жылдардағы қазақ әдебиеті. 2-кітап» (1998), «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында жарық көрген көп томдық қазақ әдебиеті тарихы (7-8-том, 2004), (9-том, 2005) ұжымдық еңбектерде шолу сипатында қарастырылды. Ұлттық әдебиеттану ғылымының бастаулары болып табылатын арналар туралы айтар болсақ, бұл кезең, яғни ежелгі дәуірден бастап XX ғасырға дейінгі аралық, әдеби-тарихи және әдеби-теориялық ой-пікірдің ояну, жетілу дәуірі болды. Ол әдебиет туралы ғылымның тууына дейінгі тарих алдындағы кезеңнің міндетін толық атқарып шықты. Әдеби мұраны тарихи және теориялық тұрғыда тануға ұмтылған ғылыми таным-біліктің әрбір қадамы ізденістер сипатындағы үздіксіз өсу жолында болды. Қандай да болсын жекелеген әдеби-тарихи проблеманы, ғылыми теория мен ұғым-түсінікті зерттеуге деген ұмтылыс сол бағыттағы әдіснамалық талдауға барар жолдағы бастапқы қадам болатыны белгілі. Сол арқылы әдебиетті тарихи және теориялық тұрғыдан тану бағытындағы білімдер жүйесі қалыптаса бастайды, ғылыми-зерттеушілік ой-пікір алдында өзекті міндеттер қояды. Егер бұған зерттеу нысаны етіп алынып отырған негізгі материал ұлттық әдеби мұра екенін қоссақ, ұлттық әдебиеттану ғылымының туу дәуіріне дейін әкелетін тарихи алғышарттар жасалғанын байқаймыз.
Сонымен, көне дәуірден алғашқы бастауларын алған қазақ әдебиеттану ғылымы өзінің тарих алдындағы алғышарттарға сай өсіп-өркендеу және жеке ғылым ретінде туу, қалыптасу дәуірлерін бастан өткеріп, 1970 жылдардан басталатын өсіп-жетіліу, даму, бүкіл әлемдік әдебиеттану деңгейіндегі өрелі биіктерге қол созу жолындағы жаңа қадамдар жасауға бет алады. Егер әдебиет туралы ғылым өзінің сандық және сапалық мәніндегі сипатын өткен тарихындағы бар-жоғын түгелдеп алғанда ғана толық таныта алатын болса, онда оның әлі де нақтылай түсетін, жан-жақты қарастыра тексеретін мәселелері аз емес.
Қорыта айтқанда, отаршылдық саясат пен кеңестік идеологияның қысымында бола тұрса да, ұлттық әдебиеттану ғылымы алғашқы танылған бастауларынан бері өз тарихы алдындағы кезеңін, туу және қалыптасу дәуірлерін ғылыми сипаттағы дәрежеде өткеріп, ендігі даму жолына бүкіләлемдік әдебиеттану деңгейіндегі өрелі биіктерге жаңа қадам жасауға бет алды. Егер әдебиет туралы ғылым өзінің сандық және сапалық мәндегі болмысын өз тарихындағы бары мен жоғын түгелдеп алғанда ғана толық таныта алатын болса, онда оның әлі де болса нақтылай түсетін, жан-жақты қарастыра тексеретін мәселелері аз емес.
Практикалық сабақ тақырыбы: Әдеби мұраны игеру және әдеби – теориялық,сыншылдық эстетикалық ой – пікірлер.
СОӨЖ мазмұны: Ұлттық әдебиет тарихын, дәуірлеу төңірегіндегі түрлі пікір, көзқарастардың негізгі бастау көздері.
СӨЖ мазмұны: Ұлттық әдебиет тарихы.
Әдебиет:
1. Байтұрсынов А. “Әдебиет танытқыш”. Алматы, Атамұра. 2003.
2. Жұмалиев Қ. Әдебиет теориясы. “Мектеп” баспасы. А., 1969.
3. Ќабдолов З. Сөз өнері . Алматы. “Санат”, 2002.
4. Елеукенов Ш. Әдебиет жєне ұлт тағдыры. Санат. 2002.
5. Қирабаев С . Әдебиетегі ақтаңдақтар. Алматы, 1997.
6. Әдебиеттану терминдерінің сөздігі. А. 1996. (құр. Ахметов З.)
7. Литературный энциклопедический словарь. М., 1987.
8. Нұрғали Р. Сөз өнерінің эстетикасы. Шығармалар жинағы II том. А. 2007.
9. Хализев В. Теория литературы. М. 1999.
10. Тұрысбек Р. Ақиқат айнасы. Алматы. «Таймас» 2008.
5 апта
Дәріс 5
Тақырыбы: Қазақтың ағартушы – ойшылдарының ғылыми зерттеу ой – пікірлері.
Дәріс мазмұны: Шоқан Уәлихановтың ағартушылық–халықшылдық көзқарасы (1835–1865). Қазақтопырағында ағартушылық–халықшылдықидеяның туын алғаш көтерген, қазақтың ұлттықмәдениетін орыс, батыс ғалымдарына танытуғаерекше еңбек сіңірген ғалым Шоқан Уәлиханов болды.
Ол өзін терең тарихшы, ерінбес этнограф, батыл саяхатшы, талмас географ, білгір әдебиетші, шебер суретші, жалынды публицист, нәзік психолог, тәлімгер ұстаз ретінде көрсете білді. Небәрі отыз-ақ жыл өмір сүрген Шоқан аз өмірінің ішінде бүкіл әлем ғылымдарының көптеген салаларын терең меңгеріп, шығыс елдері мәдениетін зерттеуде ондаған аса құнды еңбектер қалдырып кетті.
Шоқанның шығыс елдерінің ауыз әдебиеті үлгілерін жастайынан көп білуге, біріншіден, оның өскен ортасы: әжесі Айғаным мен әкесі Шыңғыс әсер етсе, екіншіден, Шыңғыс ауылдары қазақтың әнші-күйші, сал-сері, өлеңші-жыршы, ақындары жиі-жиі жиналып, өнер сайысына түсетін ортасы болды. Шоқан тіпті Омбыдағы кадет корпусында оқып, еуропаша білім алып жүрген кездің өзінде де қазақ-қырғыз елінің әдебиеті мен мәдениетінен қол үзбеді. Оған себеп, сол кездегі Батыс-Сібір губернаторының орталығы Омбы қаласында қазақ-қырғыз сұлтандарына арналып салынған қонақүйдің болуы, қазақтың болыс-сұлтандары жандарына ақын, әнші, күйші, сазгер өнер адамдарын ерте келіп, Омбыдағы қонақүйде жиі өнер сайысын ұйымдастыруы, Шоқанның өзінің орыс достарын осы жиынға алып барып, қазақ өнерін тамашалауы болды. Оның үстіне, патша үкіметінен қуғын көрген, орыстың демократ-интеллигенттер тобының саяси сенімсіздігі үшін Сібірге жер аударылып Омбыға жиналуы, солардың ішінде жан-жақты білімді, озық ойлы Иван Васильевич Ждан-Пушкин, Николай Федорович Костылецкий, Александр Андреевич Сотников, Василий Петрович Лобадевский, т.б. Шоқанға сабақ беруі, ал оның өз достары Н.Г.Потанин, С.Ф.Дуров, Ф.М.Достоевский, А.Н.Майков сияқты ақын-жазушылардың, этнограф, фольклорист ғалымдардың болуы келешек ғалым Шоқанның Батыс, Шығыс елдерінің әдебиеті мен тарихын, салт-дәстүрі мен тұрмыс тіршілігін, діні мен тілін терең зерттеуге әсер етті.
Ш.Уәлиханов Шығысты зерттеуші ұлы саяхатшы П.П.Семенов – Тянь-Шанскийдің нұсқауымен Батыс – Сібір генерал губернаторы Госфорттың тапсырмасы бойынша 1856-1857 жылдары Ұлы жүз қазақтары мен қырғыздардың, Қытайдың Жоңғария даласына бару сапарында ол шығыс халықтарының, оның ішінде қазақ, қырғыз, ұйғыр, дүнген халықтарының салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, діни наным-сенімдерін, фольклорлық шығармаларының шығу тарихы мен ерекшеліктерін зерттеуге арнап, “Сібір қарамағындағы қазақтардың сот реформасы туралы записка”, “Жоңғария очерктері”, “Қырғыздың Манас жыры туралы”, “Шаман дінінің қазақтар арасындағы қалдықтары”, “Абылай”, “Ұлы жүз қазақтары туралы”, т.б. деген еңбектерін жазды.
Шоқанның алдына қойған басты мақсаттарының бірі – өз халқының өмірін жете зерттеп, кең даласы мен дархан халқын, өзіндік көне мәдениетін берісі орыс, әрісі еуропа жұртына таныстыру еді.
Практикалық сабақ тақырыбы: XIX ғ.2 жартысы мен XX ғ.бас.ағартушы – демократ-ң ой – пікір мәні.
СОӨЖ мазмұны: С.Сейфулиннің «Қазақ әдебиеті» (1932) еңбегін әдеби талдау.
СӨЖ мазмұны: С.Сейфуллин зерттеулері
Әдебиет:
1. Байтұрсынов А. “Әдебиет танытқыш”. Алматы, Атамұра. 2003.
2. Жұмалиев Қ. Әдебиет теориясы. “Мектеп” баспасы. А., 1969.
3. Ќабдолов З. Сөз өнері . Алматы. “Санат”, 2002.
4. Елеукенов Ш. Әдебиет жєне ұлт тағдыры. Санат. 2002.
5. Мақпыров С. Әдебиеттануға кіріспе ( хрестоматия) А., 1991.
6. Әдебиеттану терминдерінің сөздігі. А. 1996. (құр. Ахметов З.)
7. Литературный энциклопедический словарь. М., 1987.
8. Нұрғали Р. Сөз өнерінің эстетикасы. Шығармалар жинағы II том. А. 2007.
9. Хализев В. Теория литературы. М. 1999.
10. Тұрысбек Р. Ақиқат айнасы. Алматы. «Таймас» 2008.
6 апта
Дәріс 6
Тақырыбы: Б.Кенжебаев және қазақ әдебиеті тарихын дәуірлеу мәселелері.
Дәріс мазмұны: Қазақтың аса көрнекті әдебиетші ғалымы, сыншы, аудармашы, филология ғылымдарының докторы, профессор Б.Кенжебаев 1904 жылдың қазан айында қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы, Бөген ауданы, Бөген өзені бойында дүниеге келген. Жастайынан шешесінен айрылып, әкесі жалшылықта жүрген жас өрен жоқшылықтың азабын көп тартқан. Жиырмасыншы жылдардың басында Ташкенттегі панасыз балалардың интернатына Ғани Мұратбаевтың қамқорлығы арқасында түскен. Ол туралы өзінің жазған «Байкенженің бала күндері» (Жұлдыз, 1966, №12) атты өміртарихын әңгімелеген шығармасында кеңінен баяндалған.
1922 жылдан бастап Ташкентте шығып тұрған «Жас қайрат» газетіне тілші болады. Москвадағы Шығыс еңбекшілері коммунистік университетін (1925), М.Горький атындағы Әдебиет институтының 2 курсын бітірген Бейсенбай Кенжебаевты «Жас қайрат» газеті мен «Лениншіл жас» журналының редакторының орынбасарлығына тағайындайды. 1928 жылы «Еңбекші қазақ» газетіне ауысады. 1929 жылы Павлодар округінде шыға бастаған «Кеңес туы» (кейінірек «Колхоз» деп аталған) газеттің тұңғыш редакторы. Алғаш Кереку өңірінде қажетті баспа жабдықтарын Қазан қаласынан алдырып, баспахана ұйымдастырған да осы Б.Кенжебаев. 1930 жылы Қазақстан өлкелік партия комитетінің шақыруымен «Социалистік Қазақстан» редакциясына қызметке келген. Қазақ Радио Комитетінің алғаш рет ұйымдастырған «Радио газетінің» тұңғыш редакторы да Б.Кенжебаев. 1932 жылы жаңадан ұйымдастырылған «Оңтүстік Қазақстан» газетіне редакторлыққа жіберіледі. 1934 жылы қайтадан «Социалистік Қазақстан» газеті редакторының орынбасары болып тағайындалады.
СССР Жоғарғы Советі Ведомствосында (Москва, 1935-1941 ж) аудармашы, Қазақ Мемелекеттік Біріккен баспасында бас редактор (1941-1944ж).
1942 жылы Бейсенбай Кенжебаев Қазақ Мемлекеттік университетінің филология факультетін тамамдап, сонда оқытушы болып қалдырылады. 1944 жылдан бастап қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, 1945-1950 жылдары Қазақ ССР Ғылым Академиясының Тіл және әдебиет институтында әдебиет секторын басқарған. 1946 жылы «Сұлтанмахмұт Торайғыровтың ақындығы» тақырыбында кандидаттық, 1959 жылы «ХХ ғасыр басындағы қазақтың демократ жазушылары» кітабы бойынша докторлық диссертация қорғаған. Қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі (1961-1975), профессоры (1975-1987) болды. Ол Қазақстан Республикасында ғалым-педагог кадрларын даярлауда да айтарлықтай еңбек етіп ондаған ғылым докторлары мен ғылым кандидаттарын даярлады. Олардың ішінде академиктер З.Ахметов, Р.Бердібай, Р.Нұрғали, ғылым докторлары Х.Сүйіншәлиев, Т.Кәкішев, Н.Төреқұлов, Т.Қожакеев, М.Жолдасбеков, К.Сыздықов, С.Садырбаев, С.Ордалиев, Н.Келімбетов, А.Еспенбетов, А.Қыраубаева, Қ.Ергөбек, Ш.Ыбраев, филология ғылымдарының кандидаттары М.Мағауин, Қ.Сыдыиқов, К.Сейдаханов, Е.Өтебаев, З.Тұрарбеков, М.Қожықов, Қ.Қамбаров, М.Шындалиева т.б. бар.
Б.Кенжебаев шәкірт ғалымдарды тәрбиеледі, монографиялар, оқулықтар, оқу құралдарын жазды. «Қазақ совет әдебиетінің тарихынан конспект» (1947), «Қазақ баспасөзінің тарихынан» (1950), «Қазақ баспасөзі тарихынан мәліметтер» (1956), «Қазақ совет баспасөзінің тарихынан» (1962), «ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті» оқулығы (1966), Х.Сүйіншәлиев, М.Жолдасбеков, М.Мағауин, Қ.Сыдиықовтармен бірге құрастырған «Ертедегі қазақ әдебиетінің хрестоматиясы» (1967), «Қазақ өлеңдерінің құрылысы» (1955), С.Торайғыров, М.Сералин, С.Шарипов шығармашылығы, Біржан мен Сара айтысына арналған еңбектері басылды. «ХХ ғасыр басындағы қазақ халқының демократ жазушылары» (1958), «Шындық және шеберлік» (1966), «Әдебиет белестері» (1986) секілді іргелі кітаптары жарияланды.
Б.Кенжебаев әдебиеттану ғылымына, баспасөз, оқу-ағарту саласына сіңірген еңбегі үшін 1964 жылы Ленин орденімен марапатталды.
Практикалық сабақ тақырыбы: Б.Кенжебаев – әдебиет тарихын зерттеуші
СОӨЖ мазмұны: Көне түркі жазба ескерткіштері және қазақтың ұлттық әдеби мұрасы.
СӨЖ мазмұны: Жазба ескерткіштері және әдеби мұра.
Әдебиет:
1. Байтұрсынов А. “Әдебиет танытқыш”. Алматы, Атамұра. 2003.
2. Жұмалиев Қ. Әдебиет теориясы. “Мектеп” баспасы. А., 1969.
3. Ќабдолов З. Сөз өнері . Алматы. “Санат”, 2002.
4. Елеукенов Ш. Әдебиет жєне ұлт тағдыры. Санат. 2002.
5. Мақпыров С. Әдебиеттануға кіріспе ( хрестоматия) А., 1991.
6. Әдебиеттану терминдерінің сөздігі. А. 1996. (құр. Ахметов З.)
7. Литературный энциклопедический словарь. М., 1987.
8. Нұрғали Р. Сөз өнерінің эстетикасы. Шығармалар жинағы II том. А. 2007.
9. Хализев В. Теория литературы. М. 1999.
10. Тұрысбек Р. Ақиқат айнасы. Алматы. «Таймас» 2008.
7 апта
Дәріс 7
Тақырыбы: Қ.Жұмашев және қазақ әдебиеті тарихын дәуірлеу мәселелері.
Дәріс мазмұны: Әдебиет тарихы халық тарихымен тығыз байланысты, соның бейнелі көрінісі, сүрлеуі: ол қай кезде болсын халық тарихының ізімен жасалады. Демек, қазақ әдебиетінің ғылыми тарихы да қазақ әдебиетінің ғылыми тарихы да қазақ халқы азаматтық тарихының ізімен жасалуы тиіс.
Қазақ халқының құрамына енген рулар ежелден, арғы заманнан осы күнгі Орта Азияны, Қазақстанды, Орталық Азияны, шығыс оңтүстік Сібірді, орта, төмен Еділді, Каспий жағалауларын мекендеген. Сол жерлерді ертеден мекендеген көптеген түрі, моңғол руларын, кейін әзірбайжан, түрікпен, қарақалпақ, өзбек, қырғыз, ұйғыр, ойрат, тува, хакас, башқұрт, татар халықтарының құрамына енген ру тайпалармен бірге, кейде қатар жасаған. Солардың біразымен кейде жауласып, қақтығысып, соғысып: кейде одақ құрып, қыз алысып, құда болып, әскери топ жасап, анда болып жүрген.
Біздіңше, тегі ерте уақыттарда арғы, бергі тарихтарда аталатын скиф, ғұн, қаңлы, сақ, сармат, алан, карлук, қазар, оғыз, куман – бәрі де есте жоқ ерте замандардан орталық Азия мен Византия аралығын мекедеген түрік, моңғол рулары, солардың әр кездегі ру-ұлыстық, түрлі бірлестік, құдандалық аттары.
Аталған жерлерді жайлаған түрік, моңғол ру-тайпаларының қай қайсысы да болмасын үнемі бір орында, өзі әуелі мекендеген жерінде отыра бермеген. Кейде өзара жауласып, соғысу салдарынан, кейде басқа жақтан келген ру-тайпалардың, халықтардың жорығы, көшіп-қонуы салдарынан бір жерден екінші жерге, бір өлкеден екінші өлкеге ауысып, мекендерін жиі ауыстырып отырған.
Әсіресе, Александр Македонскийдің жорығы, ғұндардың босқыны, арабтардың жаулап алуы, моңғолдардың щабуылы, онан кейінгі түрлі жаугершіліктер әлі өлкелер мен ру-тайпаларды әр кезде жойқынға ұшыратып отырды, әрі әбден сапырылыстырып жіберді.
Тек осыдан деп білу қажет, тарихи деректер бойынша, мысалы, қазақ халқы болып құрылған рулардың дені біздің жыл санауымыздан бұрынғы IV ғасырда Сырдарияның орта, жоғары бойын жайлаған, I ғасырда Ыссық қой төңірегін қоныстанған. Біздің жыл санауымыздың алғашқы ғасырларында Шу, Талас, Қаратау, Сарысу жағын алып жатқан; VII-VIII ғасырларда Орталық Азия мен шығыс-оңтүстік Сібірді жайлаған; X-XIV ғасырларда орта, төменгі Еділ бойын, Каспийдің шығыс, солтүстік, батыс жағалауларын мекендеген.
Қазақ ауыз әдебиетінде: «Барар жерің Балқан тау, ол да біздің барған тау» деген сөз тіркесі бар. Бұл қазақ руларының бір заманда Балқан түбегіне дейін ығысып барғанын аңғартады. Яғни қазақ рулары басқа түрік, моңғол ру-тайпаларымен бірге ерте уақыттардан шығыс жағы Орталық Азия, батыс жағы Византия аралығын жайлаған, әр кезде сол араның әр жерінде болған. Осы күнге Қазақстан жерінде XV ғасырдан негізінде өз алдына халық, хандық болып құрылғаннан бастап жайғасқан.
Практикалық сабақ тақырыбы: Қазақ әдебиеті тарихын дәуірлеу және Қ.Жұмашев.
СОӨЖ мазмұны: XX ғ.20 жылдарындағы әдеби айтыстар.
СӨЖ мазмұны: Қ.Жұмашев зерттеулері.
Әдебиет:
1. Байтұрсынов А. “Әдебиет танытқыш”. Алматы, Атамұра. 2003.
2. Жұмалиев Қ. Әдебиет теориясы. “Мектеп” баспасы. А., 1969.
3. Ќабдолов З. Сөз өнері . Алматы. “Санат”, 2002.
4. Елеукенов Ш. Әдебиет жєне ұлт тағдыры. Санат. 2002.
5. Мақпыров С. Әдебиеттануға кіріспе ( хрестоматия) А., 1991.
6. Әдебиеттану терминдерінің сөздігі. А. 1996. (құр. Ахметов З.)
7. Литературный энциклопедический словарь. М., 1987.
8. Нұрғали Р. Сөз өнерінің эстетикасы. Шығармалар жинағы II том. А. 2007.
9. Хализев В. Теория литературы. М. 1999.
10. Тұрысбек Р. Ақиқат айнасы. Алматы. «Таймас» 2008.
8 апта
Дәріс 8
Тақырыбы: Қазақ әдебиеті тарихын жүйеге келтіру және М.Әуезов еңбегі.
Дәріс мазмұны: Мұхтар Әуезовтің әдебиет зерттеу еңбегі. Әуезов шығармашылық өмірінің апғашқы кезеңінен бастап көркем шығармалар жазумен қатар, әдеби сын, зерттеу еңбектер тудырған. Оның ең алғаш баспа бетінде жарияланған еңбектері әдеби-публицистикалық сын мақалалар еді.
Әуезов қазақ әдебиеттану ғылымында алғашқылардың бірі болып, әдебиет тарихына байланысты зерттеу мақалапар, оқулық еңбектер жазып, тыңнан жол салды, мол ғылыми мұра қалдырды. 1918 ж. «Абайдың өнері һәм қызметі», «Абайдан соңғы ақындар» атты мақалалардан бастап, 20-жылдары «Қазақ әдебиетінің бүгінгі дәуірі», «Қызыл сүңқарлар» (1922-23), «Алтынсарыұлы Ыбырай» (1923), «Халық әдебиеті туралы» (1924), «Қобыланды батыр» (1925), «Жалпы театр өнері мен қазақ театры» (1926), т. б. мақалалар мен «Әдебиет тарихы» (1927) атты көлемді зерттеу кітабын жариялады. Жазушы осы кезеңнен бастап Өмірінің соңына дейін қазақ ауыз әдебиеті мен жазбаша әдебиетінің тарихы, оның басты екілдері мен негізгі туындылары турапы зерттеу еңбектер жазған. Әуезов әуел бастан әдебиет тарихын халықтың жалпы азаматтық тарихымен тығыз бірлікте қарастыру қажет деп білді. Ол қазақ фольклористикасында ауызша әдебиеттің түрлерін:
1) сыршылдық салт елеңдері;
2) әңгімелі өлендер (батырлар әңгімесі, ел поэмалары, тарихи елеңдер;
3) айтыс-тақпақ;
4) ертегі, мақал, мәтел, жұмбақ
деп топтастырады.
Практикалық сабақ тақырыбы: М.Әезовтің әдебиет тарихын дәуірлеудегі зерттеулері.
СОӨЖ мазмұны: М.Әезовтің «Қазақ әдебиетінің қазіргі дәуірі» еңбегін әдеби талдау.
СӨЖ мазмұны: «Қазақ әдебиетінің қазіргі дәуірі» еңбегі.
Әдебиет:
1. Байтұрсынов А. “Әдебиет танытқыш”. Алматы, Атамұра. 2003.
2. Жұмалиев Қ. Әдебиет теориясы. “Мектеп” баспасы. А., 1969.
3. Ќабдолов З. Сөз өнері . Алматы. “Санат”, 2002.
4. Елеукенов Ш. Әдебиет жєне ұлт тағдыры. Санат. 2002.
5. Мақпыров С. Әдебиеттануға кіріспе ( хрестоматия) А., 1991.
6. Әдебиеттану терминдерінің сөздігі. А. 1996. (құр. Ахметов З.)
7. Литературный энциклопедический словарь. М., 1987.
8. Нұрғали Р. Сөз өнерінің эстетикасы. Шығармалар жинағы II том. А. 2007.
9. Хализев В. Теория литературы. М. 1999.
10. Тұрысбек Р. Ақиқат айнасы. Алматы. «Таймас» 2008.
9 апта
Дәріс 9
Тақырыбы: XX ғ. 2 жартысындағы қазақ әдебиет тарихын дәуірлеудегі басты принциптер
Дәріс мазмұны:Жер жүзі әдебиетінің тарихына көз салсақ, мәдени-рухани даму
кезеңдерінің белгілі бір белі, елеулі кезеңдері болады. Әр елдің әлеумет өміріндегі
әр алуан тартыс, тап күресі, қоғам өмірінің жалпы даму процесі, таптың немесе
таптық топтың ой-пікір, тілек, мүддесін сөзінде жыр, ісінде ту етіп жоғары көтеретін
адамдарды да дүниеге ала келеді. Олардың кейбіреулері ескінің шырмауынан шыға
алмай, өткеннің күнгейін, жаңа заманның көлеңке жағын көрсе, кейбіреулері
ескіліктің сыншысы, жаңалықтың жаршысы дерлік дәрежеге көтеріледі. Олар тарихты
даттамай да, мақтамай да әділ бағалап, үмітті алдан, жарықты келешектен күтеді.
Өз кезіндегі әр алуан мәселелерді терең толғап, кеңінен шолиды. Айналасына көз
тігіп, ел қамы, жұрт пайдасы деген нысананы алға қояды да тарихтың үлкен
сахнасында бой көрсетеді. Сөйтіп олар кезінің ұраншысы, келешектің жаршысы
болады. Бірінші бағыттың
басты өкілдері - Шортанбай, Әубәкір (Әбубәкір), Мұрат, Нұржан, т.б. Бұл ақындардың
әрқайсысы Қазақстанның әр түкпірінде өмір сүрді. Көбінің бір-бірімен қарым-қатыс,
байланыстары болған жоқ. Бірақ олардан қалған мұраларды алсақ, барлығына ортақ,
барлығының шығармаларына тән бірнеше ерекшеліктерді көреміз. Олар - өмірге торыға
қарап, кезіне риза болмаушылық, сол дәуіріндегі қазақ даласына жайыла бастаған
капитализм элементтеріне, олармен байланысты әртүрлі жаңалықтарға қарсылық, Қазақстанның
Россияға қосылуына наразылық, өткен заманды, хандық-феодалдық құрылысты мадақтау,
барлық тұрғысымен ескі өмір, көне заманға бой ұрып, сөзі арқылы басқаларды да
сол өткен күндерге жетектеу, кейде өмірден торығып, діншілдікке берілу, бұл дүниеден
безіп, ол дүниені іздеу. Бұл айтылған ерекшеліктердің бәрі де жоғарғы аттары
аталған немесе солармен үндес ақындарға тән, олардың қайсысының шығармаларынан
болсын табылатын ерекшеліктер деуге болады.
Практикалық сабақ тақырыбы: С.Мұқановтың қазақ әдебиеті тарихын дәуірлеудегі зерттеулері.
СОӨЖ мазмұны: Ұлттық әдеби – теориялық ой – пікірдің тарихы.
СӨЖ мазмұны: Тарихи таным және көркемдік шешім
Әдебиет:
1. Байтұрсынов А. “Әдебиет танытқыш”. Алматы, Атамұра. 2003.
2. Жұмалиев Қ. Әдебиет теориясы. “Мектеп” баспасы. А., 1969.
3. Ќабдолов З. Сөз өнері . Алматы. “Санат”, 2002.
4. Елеукенов Ш. Әдебиет жєне ұлт тағдыры. Санат. 2002.
5. Мақпыров С. Әдебиеттануға кіріспе ( хрестоматия) А., 1991.
6. Әдебиеттану терминдерінің сөздігі. А. 1996. (құр. Ахметов З.)
7. Литературный энциклопедический словарь. М., 1987.
8. Нұрғали Р. Сөз өнерінің эстетикасы. Шығармалар жинағы II том. А. 2007.
9. Хализев В. Теория литературы. М. 1999.
10. Тұрысбек Р. Ақиқат айнасы. Алматы. «Таймас» 2008.
11. Аманшаев Е.Ә. Әдеби бейне жасаудың рухани және көркемдік арналары. Кандидаттық диссертация. Алматы, 2005.
12. Ж.Дүйсебекова. Ә.Кекілбаев шығармашылығындағы тарих тағылымы.
10 апта
Дәріс 10
Тақырыбы: Ә.Қоңыратбаев және қазақ әдебиеті тарихын дәуірлеу мәселелері.
Дәріс мазмұны: Қоңыратбаев Әуелбек (1905-86) - түрколог, филология ғылыми докторы профессор. Ғалымның негізгі еңбектері қазақ фольклоры, көне түркі поэзиясын зерттеу және қазақ әдебиетін мектептерде оқыту мәселелеріне арналған. Қазақ совет әдебиетінің библиографиялық көрсеткіші" (1950), Қазақтың Қозы-Көрпеш жыры туралы» (1959), «Әдебиетті оқыту методикасының очерктері» (1962), "Әдебиетті оқыту методикасы" (1966), "Шеберлік сырлары" (1979), "Қазақ эпосы және түркология" (1987), "Қазақ фольклорының тариxы" (1991), "Қазақ әдебиетінің тариxы" (1994) жарық көрді. Қоңыратбаевтың бірқатар еңбектері абайтану мәселөлерін сөз етеді, әсіресе ақынның шығыс әдебиетімен байланысын ашуға арналған. «Мәдениет тарихынан алынатын таным» («Қазақ әдебиеті», 1972, 28 қаңтар), «Әлішер Науаи - өзбек халқының ұлы ақыны» (ҚазССР ғылым академиясының Хабаршысы, 1948, №6), «Фараби және Абай» еңбектерінде Шығыс әдебиеті мен қазақ әдебиетінің тарихи сабақтастығы және жалпы түркология мәселөлерін қарастырған. Оның бірқатар зерттеулері Абайдың философиялық көзқарасын анықтауға, ақындық шеберлік және шығармаларындағы еткірсын, әжуа, мысқыл ерекшеліктерін ашуға арналған. Ол Абайдың өмірі мен ақындық жолын зерттеу мәселелеріне байланысты 10-нан астам ғылыми мақала жазып, 1945 жылғы Абай шығармаларының академиялық жинағына түсініктер жариялады. Ғалымның 10 томдық шығармалар жинағы (2004-2005), 2 томдық таңдамалы көркем шығармалары (2008) жарық көрді.
Практикалық сабақ тақырыбы: Ә.Қоңыратбаев және қазақ әдебиеті тарихы.
СОӨЖ мазмұны: Әдебиеттану ғылымындағы белгілі ғылыми мектептер мен олардың бағыттары
СӨЖ мазмұны: Қазақ әдебиеті тарихы
Әдебиет:
1. Байтұрсынов А. “Әдебиет танытқыш”. Алматы, Атамұра. 2003.
2. Жұмалиев Қ. Әдебиет теориясы. “Мектеп” баспасы. А., 1969.
3. Ќабдолов З. Сөз өнері . Алматы. “Санат”, 2002.
4. Елеукенов Ш. Әдебиет жєне ұлт тағдыры. Санат. 2002.
5. Мебетбек Т. «Алтынкөпірліктер» (Қазіргі жастар поэзиясы хақында).
«Жұлдыз» журналы 2008, №1,2
6. Әдебиеттану терминдерінің сөздігі. А. 1996. (құр. Ахметов З.)
7. Литературный энциклопедический словарь. М., 1987.
8. Нұрғали Р. Сөз өнерінің эстетикасы. Шығармалар жинағы II том. А. 2007.
9. Үсенова А. “Қазіргі қазақ өлеңінің құрылысы: дәстүр және даму үрдістері” А, 2010
10. Тұрысбек Р. Ақиқат айнасы. Алматы. «Таймас» 2008.
11 апта
Дәріс 11
Тақырыбы: XX ғ. 2-жартысындағы әдебиет тарихын дәуірлеудің басты принциптері.
Дәріс мазмұны: Жер жүзі әдебиетінің тарихына көз салсақ, мәдени-рухани даму
кезеңдерінің белгілі бір белі, елеулі кезеңдері болады. Әр елдің әлеумет өміріндегі
әр алуан тартыс, тап күресі, қоғам өмірінің жалпы даму процесі, таптың немесе
таптық топтың ой-пікір, тілек, мүддесін сөзінде жыр, ісінде ту етіп жоғары көтеретін
адамдарды да дүниеге ала келеді. Олардың кейбіреулері ескінің шырмауынан шыға
алмай, өткеннің күнгейін, жаңа заманның көлеңке жағын көрсе, кейбіреулері
ескіліктің сыншысы, жаңалықтың жаршысы дерлік дәрежеге көтеріледі. Олар тарихты
даттамай да, мақтамай да әділ бағалап, үмітті алдан, жарықты келешектен күтеді.
Өз кезіндегі әр алуан мәселелерді терең толғап, кеңінен шолиды. Айналасына көз
тігіп, ел қамы, жұрт пайдасы деген нысананы алға қояды да тарихтың үлкен
сахнасында бой көрсетеді. Сөйтіп олар кезінің ұраншысы, келешектің жаршысы
болады. Бірінші бағыттың
басты өкілдері - Шортанбай, Әубәкір (Әбубәкір), Мұрат, Нұржан, т.б. Бұл ақындардың
әрқайсысы Қазақстанның әр түкпірінде өмір сүрді. Көбінің бір-бірімен қарым-қатыс,
байланыстары болған жоқ. Бірақ олардан қалған мұраларды алсақ, барлығына ортақ,
барлығының шығармаларына тән бірнеше ерекшеліктерді көреміз. Олар - өмірге торыға
қарап, кезіне риза болмаушылық, сол дәуіріндегі қазақ даласына жайыла бастаған
капитализм элементтеріне, олармен байланысты әртүрлі жаңалықтарға қарсылық, Қазақстанның
Россияға қосылуына наразылық, өткен заманды, хандық-феодалдық құрылысты мадақтау,
барлық тұрғысымен ескі өмір, көне заманға бой ұрып, сөзі арқылы басқаларды да
сол өткен күндерге жетектеу, кейде өмірден торығып, діншілдікке берілу, бұл дүниеден
безіп, ол дүниені іздеу. Бұл айтылған ерекшеліктердің бәрі де жоғарғы аттары
аталған немесе солармен үндес ақындарға тән, олардың қайсысының шығармаларынан
болсын табылатын ерекшеліктер деуге болады.
Практикалық сабақ тақырыбы: Әдебиеттің теориялық тұрғыда зерттелу бағыттары.
СОӨЖ мазмұны: Социалистік реализм және ұлттық ғылыми – зерттеушілік ой-пікірлер
СӨЖ мазмұны: Әдебиетті теориялық тұрғыда зерттеушілер
Әдебиет:
1. Байтұрсынов А. “Әдебиет танытқыш”. Алматы, Атамұра. 2003.
2. Жұмалиев Қ. Әдебиет теориясы. “Мектеп” баспасы. А., 1969.
3. Ќабдолов З. Сөз өнері . Алматы. “Санат”, 2002.
4. Елеукенов Ш. Әдебиет жєне ұлт тағдыры. Санат. 2002.
5. Мақпыров С. Әдебиеттануға кіріспе ( хрестоматия) А., 1991.
6. Әдебиеттану терминдерінің сөздігі. А. 1996. (құр. Ахметов З.)
7. Литературный энциклопедический словарь. М., 1987.
8. Нұрғали Р. Сөз өнерінің эстетикасы. Шығармалар жинағы II том. А. 2007.
9. Хализев В. Теория литературы. М. 1999.
10. Тұрысбек Р. Ақиқат айнасы. Алматы. «Таймас» 2008.
12 апта
Дәріс 12
Тақырыбы: М.Мағауин және қазақ әдебиеті тарихын дәуірлеу мәселелері.
Дәріс мазмұны: Қазақстан Халық жазушысы, «Түркі дүниесіне қызмет» халықаралық сыйлығының лауреаты Мұхтар Мағауиннің отандық әдебиеттанудағы іргелі еңбектері ұлтымыздың елдік пен ерлік жолындағы мәңгілік мұраттары өзіндік өшпес ізін қалдырған жыраулар мұрасын зерттеу, жариялау сынды руханият әлеміндегі аса маңызды мәселелерімен сабақтас.
Әлеуметті бастапқы отаршылдық, кейінгі тоталитарлық жүйе танған құлдық санадан арылтудағы Мұхтар Мағауиннің ғылыми-шығармашылық тұлғасындағы отаншылдық қасиеттер қазақтың байырғы әдебиетін, онымен өзектес өнерін, тарихы мен мәдениетін ғылыми тұрғыда зерттеу, жариялау және насихаттау арнасындағы ізденістерін даралайды. «Әдебиетіміздің тарихы жнінде» («Қ.Ә».1965.6.ҮІІІ), «Қазтуған жырау» («Лениншіл жас».1965.15.ҮІІІ), «Доспамбет жырау» («Лениншіл жас».1965.4.ІХ), «Еленбей келген ақын» («Қ.Ә».1966.7.І) «Асан Қайғы» («Білім және еңбек».1966.№2), «Көне дәстүр куәсі» («Қ.Ә».1966.1.ҮІІ), «Шалкиіз жырау Тіленшіұлы» («Қ.Ә».1966.9.ІХ), «Ақтамберді жырау» («Қ.Ә».1967.15.ХІІ), «Шал ақын» («Жұлдыз».1966.№12), т.б. мақалалары жыраулар мұрасына сәуле түсіруімен қатар хандық дәуір әдебиетін зерттеудің соны сипаттағы тың ғылыми-әдіснамалық бағытын да айқындады.
Кеңестің жүйе қысымындағы ұлттық әдебиеттанудың түйінді әрі аса ділгір мәселесі қазақ әдебиеті тарихын дәуірлеу, байырғы тарихи бастауларына тән көркемдік дәстүр ұласуын айқындау мен дәлелдеудегі Бейсенбай Кенжебаев ғылыми тұжырымдарын жетекші ұстанымға айналдыру болды десек, хандық дәуір әдебиетін кешенді зерттеу, қазақтың дербес ұлттық әдебиетінің тарихын ХҮ ғасырдан бастауды ғылыми негізді жүйелі орнықтыру мәселесі М.Мағауиннің «Қобыз сарыны» (1968) зерттеуінің жарық көруімен оң шешімін тапты.
«Қазақ тіл өнерінің ескіде өткен өкілдерінің артында қалған асыл мұра күні бүгінге дейін арнайы зерттелген емес. Тіпті, қазақ әдебиетінің тарихы ХҮІІІ ғасырда жасаған Бұқар жыраудан басталады деген жаңсақ пікір орын алып келгені мәлім» деп білген әдебиетшінің «Қобыз сарыны. ХҮ-ХҮІІІ ғасырларда жасаған қазақ ақын, жыраулары» (1968) еңбегі жыраулар мұрасын ғылыми айналымға енгізіп қана қоймай, қазақ хандығы дәуіріндегі сөз өнерінің қайталанбас табиғатын ұлт тарихының күретамырымен байланыстыруда отандық ғылымда мән-мағынасы айрықша маңызға ие мәселеде шешуші қадам жасады. Дербес қазақ атымен аталатын төл тума әдебиеттің ХҮ ғасырдан басталатынын дәлелдеуді мақсат еткен ғалым сол кездегі ғылыми-зерттеушілік ой-пікірде аңыз кейіпкері деп күмәнмен қарастырылып, әдебиет бастауы тұрғысынан мойындала бермеген жыраулар тұлғасындағы өнерпаздық ілкі қасиеттерді толғау жанры негізінде талдап, осы дәуірдегі асқақ рухты ұлттық сөз өнерін түбегейлі зерттеуге жол ашты.
Әдебиетші ХҮ-ХҮІІІ ғасырларда өмір сүрген жыраулар шығармашылығының арқауы ұлт өмірінің елдікпен сабақтас маңызды мәселелері екенін жыр-толғаулары мысалында дәлелдеп, өнерпаздық болмысының көркемдік арнасы өз бастауын көне дәуірдегі түркі әдебиетінен алатынын тарихи сабақтастық тұрғысынан айқындап: «Туған әдебиетіміздің түп негізі көне дәуірге - түркі тайпалары әлі жеке-жеке халық боп жіктелмеген, ортақ мәдениет, ортақ мұра жасап жүрген кезеңге барып тіреледі. Ал туыстас түрік руларының бір тобы қазақ деген атпен бөлініп, өз мемлекетін құруымен байланысты, ХҮ ғасырдың орта шенінен бастап дербес, қазақ атымен аталатын әдебиет аренаға шығады. Қазақ әдебиетінің алғашқы өкілдері - Асан Қайғы, Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіздер, Бұқар жырау және соңғы дәуірдегі қаламгерлер творчествосы осылардың ақындық өнерінің логикалық жалғасы болып есептеледі» деген тұжырым жасады. Әсіресе жыраулар поэзиясындағы поэтикалық тәсілдің көне замандармен дәстүрлі байланысын зерделеудегі түйіндері де теориялық жағынан тың болып табылады. Мысалы, көне жыраулық поэзияның өзіндік ерекшеліктерінің бірі - өлең жолдарында алғашқы сөздердің, кейде тіпті сол алғашқы сөздердің басқы буындарының қайталануы екенін, ол нақыш эпоста кеңінен қолданылатынын анықтайды. Сонымен бірге жырау поэзиясының өзіндік ерекшеліктерінің тағы бір қыры - жыр-толғаулардағы тармақтардың буын саны жағынан алғанда үнемі біркелкі болып отырмайтыны. Міне, осы көркемдік ерекшеліктегі дәстүр табиғатының тарихи жалғастық арнасын дәйектеген зерттеуші пікірінің ғылыми негіздерін «Қобыз сарынына» жазған рецензиялық мақаласында академик Әлкей Марғұлан «Тегінде біздегі поэзияның түу баста шыққан заңдылығына үңіліп қарасақ, жол басындағы буындардың ұйқастары Орхон жазуларында не ҮІІІ-ХІІ ғасырларда кездесетін көне түркі тілдес поэзияға тән қасиет екенін көреміз» («Қ.Ә».1968.8.ҮІ) деп баса көрсеткен болатын. Осы ретпен келгенде М.Мағауин зерттеуінде біріншіден, жыраулар көне дәуірде жорық жыршысы болғандықтан поэзиясы өр рух, романтикаға, жауынгерлік пафосқа құралатыны, ол қаһармандық эпосты жасау және таратуда елеулі маңызды болғаны түйінделсе, екіншіден, ақын және жырау тұлғаларының өнерпаздық болмыстарының ортақ сипаты мен ерекшеліктері, толғау жанрының поэтикалық қуаты, көркемдегіш құралдар әдеби-теориялық тұрғыдан талданды. Ал әдебиеттегі көркемдік әдіс табиғатының түрленуі, яғни жыраулық поэзиядан реалистік әдебиетке өтуінің көріністері Шал ақын шығармашылығы мысалында дәйектелді.
Практикалық сабақ тақырыбы: Жыраулар поэзиясы және М.Мағауин зерттеулері.
СОӨЖ мазмұны: Хандық дәуірдегі әдебиеттің зерттелу бағыттары
СӨЖ мазмұны: Хандық дәуірдегі әдебиет
Әдебиет:
1. Байтұрсынов А. “Әдебиет танытқыш”. Алматы, Атамұра. 2003.
2. Жұмалиев Қ. Әдебиет теориясы. “Мектеп” баспасы. А., 1969.
3. Ќабдолов З. Сөз өнері . Алматы. “Санат”, 2002.
4. Елеукенов Ш. Әдебиет жєне ұлт тағдыры. Санат. 2002.
5. Мақпыров С. Әдебиеттануға кіріспе ( хрестоматия) А., 1991.
6. Әдебиеттану терминдерінің сөздігі. А. 1996. (құр. Ахметов З.)
7. Литературный энциклопедический словарь. М., 1987.
8. Нұрғали Р. Сөз өнерінің эстетикасы. Шығармалар жинағы II том. А. 2007.
9. Хализев В. Теория литературы. М. 1999.
10. Тұрысбек Р. Ақиқат айнасы. Алматы. «Таймас» 2008.
13 апта
Дәріс 13
Тақырыбы: Тәуелсіздік және қазақ әдебиеті тарихын дәуірлеу мәселелері.
Дәріс мазмұны: ХХ1 ғасырдағы қоғамдық дамудың өзіндік ерекшелігі болып табылатын жаһандану үдерісі адамзат қоғамының алдына мүлдем жаңа проблемалар қойып отыр. Батыста басталып, «бұл болмай қоймайтын, өркениетке апарар жол» деп, барынша насихатталып жатқан жаһандану жолындағы мәдениеттердің, әдебиеттердің барлығын жалмап, жұтып, халықтарды ұлттық рухани тамырынан айырып, мәңгүрттендіру арқылы бір оқ шығармай, әлемді бағындыру әрекетіне көшті.
Қазіргі тіл майданы жүріп жатқан әлемде ұлттардың алдына не өмір, не өлім проблемасы қойылып, қамдарын жасай бастады. Міне, осындай кездерде түбі бір түркі халықтары өздерінің жаһандануға жұтылып кетпеуі үшін де рухани жағынан бірігуінің маңызы зор. Ал бұл бірігудің бірден-бір жолы бағзы замандарда Алтайдың, Еуразияның кең сахарасында бірге жүріп жасаған, күні бүгінге дейін өзінің құндылықтарын жоғалтпаған, керісінше бүгінгі туысқан халықтардың бір-бірімен тату-тәтті, түсіністікпен өмір сүруіне көмектесетін рухани тамырларды тірілтуде, бүгінгінің кәдесіне жаратуда жатыр.
Әрине, бұл – айта салуға оңай болғанымен, жүзеге асыруға, жазуға келгенде, күрмеуі көп, шешімін күтіп тұрған мәселелері жеткілікті шаруа. Қазір түрлі тарихи жағдайлардың әсерінен әлемнің түкпір-түкпіріне шашырап, түрлі мәдениеттердің ықпалына ұшыраған түркі тектес халықтардың жалпы саны 200 миллионның о жақ бұ жағында. Олардың ішінде тілінен, рухани тамырынан көз жазып қалғандары, болмаса соған жақын тұрғандары да бар. Міне, осындай жағдайдағы халықтардың тарихи негізді ортақ бай әдеби мұрасын жинақтау, нақтылай айтқанда, түркі халықтарының ортақ әдебиет тарихын жазу – теориялық жағынан да, практикалық жағынан да бірсыпыра күрделі мәселелерді шешуді, қажыр-қайратты қажет ететін күрделі проблема.
Кеңестік кезеңде өмірге келген әдебиет тарихтарын жазу барысында туындаған түрлі ғылыми мәселелерді әр ұлт өзінше шешті. Әдебиет тарихтарын біреулері түркі халықтарының барлығына бірдей ортақ ерте кездерден бастаса, кейбіреулері кейінгі кездерді місе тұтты. Әдебиет тарихының келелі мәселелерін ғалымдар болып ойласып шешу, үйлестіру жағы жетісе бермеді.
Ортақ әдебиеттің ортақ мәселелерін әр ұлттың өзінше шешуі түркі халықтарының көпшілігі тәуелсіздік алғаннан кейін тіпті күшейе түсті. Бұл айтылғандар негізінен, түркі халықтарының ортақ әдебиетіне қай дәуірлерді жатқызу, түркі халықтарының барлығына ортақ ірі әдеби тұлғаларды бір ғана ұлттың әдебиеті аясында қарап, меншіктеу хақында болып отыр. Түркі халықтарының әдебиет тарихын жасауда осы сияқты толып жатқан мәселелер баршылық. Бұларды енді бұрынғыдай әр ұлт жеке-жеке шешпей, ғалымдар болып ойласа отырып, мәмілеге келетін кез келген сияқты. Мұндай мәселелердің нақтылы түрде дұрыс шешілуінде түркі халықтарының ортақ әдебиет тарихын жасау септігін тигізбек.
Ортақ әдебиет тарихының зерттеу нысаны – алдымен, анықталып алынуы тиіс күрделі мәселенің бірі. Түркі халықтарының әдебиеті дегеніміз не, ұлттық әдебиет пен түркілік әдебиеттің ара жігі қалай, ортақ әдебиетке қай дәуірлер жатады, ұлттық, түркілік әдебиетке қандай әдебиетті жатқызып, негізгі өлшем ретінде тегі, жері, тілі сияқты өлшемдердің қайсысын аламыз деген секілді сандаған сауалдар ғылыми тұрғыдан жауаптар күтуде. Осы сияқты бірсыпыра мәселелердің дұрыс шешілуі қолға алынғалы отырған үлкен жұмыстың дұрыс бағытта жүруінің бірден-бір кепілі болмақ.
Практикалық сабақ тақырыбы: Тәуелсіздік және көркемдік таным.
СОӨЖ мазмұны: Алаш арыстары және ұлттық әдебиеттану.
СӨЖ мазмұны: Алаш арыстары
Әдебиет:
1. Байтұрсынов А. “Әдебиет танытқыш”. Алматы, Атамұра. 2003.
2. Жұмалиев Қ. Әдебиет теориясы. “Мектеп” баспасы. А., 1969.
3. Ќабдолов З. Сөз өнері . Алматы. “Санат”, 2002.
4. Елеукенов Ш. Әдебиет жєне ұлт тағдыры. Санат. 2002.
5. Мақпыров С. Әдебиеттануға кіріспе ( хрестоматия) А., 1991.
6. Әдебиеттану терминдерінің сөздігі. А. 1996. (құр. Ахметов З.)
7. Литературный энциклопедический словарь. М., 1987.
8. Нұрғали Р. Сөз өнерінің эстетикасы. Шығармалар жинағы II том. А. 2007.
9. Хализев В. Теория литературы. М. 1999.
10. Тұрысбек Р. Ақиқат айнасы. Алматы. «Таймас» 2008.
14 апта
Дәріс 14
Тақырыбы: Қазіргі қазақ әдебиетіндегі ұлттық мұраттар
Дәріс мазмұны: Ежелгi түркiлердiң арғы ата-тегi саналатын сақтардың батырлық жырлары арасындағы мазмұн, түр, стиль бiрлiгi көркемдiк дәстүр жалғастығы тұрғысынан ғыл. негiзде дәлелдендi. Сол себептi б.з.б. дәуiрлерде шығарылған «Алып Ер Тоңға», Шу батыр, «Атилла», «Көк бөрi» және «Ергенеқон» дастандары бүгiнгi қазақ әдебиетінiң қайнар-бастаулары болып табылады. Сондай-ақ аталған қаһармандық дастандар өзiнен кейiнгi тарихи кезеңдердегi — Түркі қағандығы тұсындағы (8 ғ.) әдеби жәдiгерлердiң («Күлтегiн», «Тоныкөк», «Бiлге қаған» жырлары) жазылуына үлгi-өнеге, негiз болды. Түрiк қағандығы тұсындағы жазба әдебиет өзiнен бұрынғы сақтар мен ғұндардың ауыз әдебиетi үлгiлерiмен генезистiк, типологиялық, дәстүрлiк үндестiкте дамыды. Тәуелсiздiк жылдарының рухани нәтижесi Нұрпейiсов («Соңғы парыз»), Қабдолов («Менiң Әуезовiм»), Мұртаза («Ай мен Айша»), Мағауин («Сары қазақ»), Жүнiсов («Аманай мен Заманай»), Нұршайықов («Жазушы мен оның достары»), Ысқақ («Ақсу туралы аңыз»), Тоқтаров («Абайдың жұмбағы»), Софы Сматай («Жарылғап батыр»), С.Елубай («Тағзым»), Мұратбеков («Ай туар алдында»), Исабеков («Ай-Петри ақиқаты»), Тарази («Қара жұлдызға сапар»), Жұмадiлов («Тағдыр»), А.Жақсыбаев («Тiрек»), Қ.Исабаев («Шоң би»), Д.Досжан («Құм кiтап»), Б.Мұқай («Өмiрзая»), Ә.Сарай («Едiл-Жайық»), О.Сәрсенбай («Шеңбер»), т.б. көрнектi жазушылардың роман, повесть, әңгiмелерiнде көрiнiс тапты.
Әдеби онжылдықта Қ. ә-нiң дәстүрлi жанры поэзияда ұлттық үн мен азаматтық әуен жоғары деңгейге көтерiлдi. Барлық уақыт қабаттарына барлау жасау, поэтикалық қиялдың ауқымдылығы, лирикалық, баяндаушылық, публицистік және сыншылдық көңiл-күйдiң байлығы, суреттеу тәсiлдерi мен құралдарындағы батыл iзденiстер осы жылдар поэзиясына тән болды. Мүшайра, айтыс, әдеби-поэтикалық байқаулар шығармашылық iзденiстердiң молаюына түрткi болды.
20 ғ-дың 90-жылдарында ұлттық драматургияның ең басты нысанасы болған Кекiлбаевтың «Абылай хан», Ш.Құсайыновтың «Томирис», М.Байсеркеновтың «Абылай ханның ақырғы күндерi» тарихи драмалары ендi ғана тәуелсiздiк алған елдiң егемендiгiн сақтап қалудағы қиын күрестiң тiрегiн iздеудiң ерекше түрi iспеттi болады.
Қазақ әдебиеті өзiнiң бүкiл даму барысында күрделi де қайшылықты жолдардан өттi. Бүгiнгi қазақ ұлттық әдебиетi өсiп-өркендеген көп салалы, көп жанрлы, көрнектi авторлары бар, әлемдiк әдебиет деңгейiне көтерiлдi.
Практикалық сабақ тақырыбы: Қазақ әдебиеті тарихын дәуірлеу жайында М.Мырзахметов зерттеулері.
СОӨЖ мазмұны: Әдеби мұраны игеру және әдебиет тарихын жүйелеу реферат
СӨЖ мазмұны: Әдеби мұра және тарих
Әдебиет:
1. Байтұрсынов А. “Әдебиет танытқыш”. Алматы, Атамұра. 2003.
2. Жұмалиев Қ. Әдебиет теориясы. “Мектеп” баспасы. А., 1969.
3. Ќабдолов З. Сөз өнері . Алматы. “Санат”, 2002.
4. Елеукенов Ш. Әдебиет жєне ұлт тағдыры. Санат. 2002.
5. Мақпыров С. Әдебиеттануға кіріспе ( хрестоматия) А., 1991.
6. Әдебиеттану терминдерінің сөздігі. А. 1996. (құр. Ахметов З.)
7. Литературный энциклопедический словарь. М., 1987.
8. Нұрғали Р. Сөз өнерінің эстетикасы. Шығармалар жинағы II том. А. 2007.
9. Хализев В. Теория литературы. М. 1999.
10. Тұрысбек Р. Ақиқат айнасы. Алматы. «Таймас» 2008.
15 апта
Дәріс 15
Тақырыбы: Қазақ әдебиеті тарихын дәуірлеудегі қазіргі көзқарас.
Дәріс мазмұны: Әдебиет – халықтың рухани қазынасының алтын қоймасы. Сол қойманы сақтай білген, сол қазынаны рухани қажетіне қарай орынды жарата білген халықтың ғана ұлт ретінде, халық ретінде болашағы бар. Сондықтан да сол әдебиетті төкпей-шашпай, жүйелеп, зерттеп, қай жерде не бар, ол бізге несімен қымбат деген сауалдарға уақтылы жауап беріп отыру барлық уақытта да күн тәртібінен түспейді.
Әдебиеттің өткені мен бүгінгісін замана талабына сай саралап, бұл мәселені шешіп отыратын – әдебиеттану ғылымы. Соның ішінде бар әдебиетке иелік жасап, шашау шығармай жинап, рет-ретімен жүйеге түсіріп, қай нәрсенің қай жерде, қандай қасиеті бар екендігін қапысыз саралап, дәуір тынысына орай оқырманның рухани қажеттілігін қанағаттандыруға қалтқысыз қызмет етуге тиіс – әдебиеттің тарихы.
Әдебиеттің тарихы – әдебиеттану ғылымының негізі болумен бірге көлемі жағынан ауқымдысы да, сондай-ақ шешімін күтіп тұрған проблемалары көбірегі де. Әдебиет тарихын жасау, оны дәуірлеу мәселесі әдебиетті зерттей бастаған кезден күн тәртібінде келеді. Сырт қарағанда, онда тұрған не бар, тарихты кезең-кезеңдерге бөліп, жаза берсе болмай ма деуге де болатын сияқты. Сөйтіп те келдік. Десек те заман өзгерді, заманмен бірге адам да жаңарды; қоғамдық сана өзгеріп, ғылым мен мәдениет дамыды.
Осының барлығы әдебиеттің, оның ғылымының алдына жаңа міндеттер қойып отыр. Соның бірі – әдебиеттің тарихын жаңаша дәуірлеу, тың деректер мен пікірлермен толықтыра түсу, бүгінгі таңдағы қоғамтану ғылымының жетістіктерімен қаруланған, ХХ1 ғасырдың жаңа адамының талғамын қанағағттандырып, толғандырар сұрақтарына жауап бере алатын толыққанды әдебиет тарихын қайта жасау.
ХХ1 ғасырдағы қоғамдық дамудың өзіндік ерекшелігі болып табылатын жаһандану үдерісі адамзат қоғамының алдына мүлдем жаңа проблемалар қойып отыр. Батыста басталып, «бұл болмай қоймайтын, өркениетке апарар жол» деп, барынша насихатталып жатқан жаһандану жолындағы мәдениеттердің, әдебиеттердің барлығын жалмап, жұтып, халықтарды ұлттық рухани тамырынан айырып, мәңгүрттендіру арқылы бір оқ шығармай, әлемді бағындыру әрекетіне көшті.
«Мәдениеттер қақтығысының», сыпайылап айтқанда, «мәдениеттер тоғысының» негізгі соққысы ұлттық тілге, оның әдебиетіне бағытталып, әлемді алқымынан алып, халықтың жанды жерінен жаралап, рухын жоюда. Соның нәтижесінде Еуропаның батысындағы шағын ғана аралды мекендейтін 60 миллион ағылшынның тілін ана тілі санайтындардың саны 500 миллионнан, жалпы пайдаланушылар 1 миллиардтан асып, әлемнің 44 елінде мемлекеттік мәртебеге ие болып отыр (А. Кәрімұлы. Тіл майданы – біз үшін Отан соғысы. «Қазақ әдебиеті», 20-26.01.2012). Мұның барлығы басқа тілдердің, мәдениеттердің, әдебиеттердің жойылуы есебінен болып жатқандығы белгілі.
Практикалық сабақ тақырыбы: Рухани жаңғыру және қазақ әдебиеті тарихы.
СОӨЖ мазмұны: Ғылыми зерттеу әдіс тәсілдері және әдебиет тарихын дәуірлеу реферат.
СӨЖ мазмұны: Қазаргі поэзиядағы адамгершілік гуманизм
Әдебиет:
1. Байтұрсынов А. “Әдебиет танытқыш”. Алматы, Атамұра. 2003.
2. Жұмалиев Қ. Әдебиет теориясы. “Мектеп” баспасы. А., 1969.
3. Ќабдолов З. Сөз өнері . Алматы. “Санат”, 2002.
4. Елеукенов Ш. Әдебиет жєне ұлт тағдыры. Санат. 2002.
5. Мақпыров С. Әдебиеттануға кіріспе ( хрестоматия) А., 1991.
6. Әдебиеттану терминдерінің сөздігі. А. 1996. (құр. Ахметов З.)
7. Литературный энциклопедический словарь. М., 1987.
8. Нұрғали Р. Сөз өнерінің эстетикасы. Шығармалар жинағы II том. А. 2007.
9. Үсенова А. “Қазіргі қазақ өлеңінің құрылысы: дәстүр және даму үрдістері” А, 2010
10. Тұрысбек Р. Ақиқат айнасы. Алматы. «Таймас» 2008.
Пайдаланылған әдебиеттер
Негізгі әдебиеттер:
1. Д.Ысқақұлы. Сын талқы. – Алматы, «Сөздік-Словарь» баспасы, 2005. 416 бет.
2. Ќабдолов З. Сөз өнері . Алматы. “Санат”, 2002.
3. Елеукенов Ш. Әдебиет және ұлт тағдыры. Санат. 2002.
4. Мақпыров С. Әдебиеттануға кіріспе ( хрестоматия) А., 1991.
5. Әдебиеттану терминдерінің сөздігі. А. 1996. (құр. Ахметов З.)
6. Литературный энциклопедический словарь. М., 1987.
7. Нұрғали Р. Сөз өнерінің эстетикасы. Шығармалар жинағы II том. А. 2007.
8. Хализев В. Теория литературы. М. 1999.
9. Тұрысбек Р. Ақиқат айнасы. Алматы. «Таймас» 2008.
10. Дәдебаев Ж. Өмір шындығы және көркемдік шешім. – Алматы, 1991
11. Арнаудов М. Психология литературного творчества. Пер. С болг. – М, 1970
12. Әбдезұлы Қ. Т.Әлімқұлов шығармашылығы және 60-80 жылдардағы қазақ прозасы. Алматы, 1966
13. Әшімбаев С. Екі томдық шығармалар жинағы. Бірінші том. Әдеби сын. – Астана: Елорда, 2006. – 392 бет.
14. Жұмағұлов С.Б. ХХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ әдебиетануы (1956-1991 жж.)// филология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған авторефераты. – Астана, 2008
15. Қабдолов З. Сөз өнері. – Алматы: «Санат», 2002. – 360 бет.
16. Абдрахманов С. Төлтума мен телтума (зерттеу). – Астана: Елорда, 2007. – 464 бет.
17. М.Дүйсенов. Әдебиетегі мазмұн мен форманың бірлігі. – Алматы. 1962.
18. Серікқалиұлы З. Дүниетану даналығы. Ғылыми және көкремдік таным ерекшеліктьері. – Мұғалімдерге, жоғары оқу орындары ұстаздары мен студент-жастарға арналған көмекші оқу құралы. – Алматы: Білім, 1994. – 224 бет.
19. А.Кеңшілікұлы. Сыншыл парасат иесі // Жұлдыз. №4. 160 бет
20. Б.Ыбырайымов. Сыншы мұраты// Жұлдыз. №3. 131 бет.
21. Сын. Уақыт және қаламгер. Журанл. №1,2.
22. Сын. Уақыт және қаламгер. Журанл. №3.
23. Ермекова А. Берқайыр Аманшиннің әдеби мұрасы. // филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның авторефераты. – Алматы, 2008.
24. Т. Кәкішев. Қазақ әдебиеті сынының тарихы (Оқу құралы).- Алматы, «Санат», 1994. – 448
25. С.Жұмабеков. Сын пернесі (мақала, сұхбат, эсселер). – Алматы, «Жазушы», 1989.
26. Құлыбекова Ж.С. Ғ.Мүсіреповтің «Оянған өлке», «Жат қолында» романдары: аударылуы, әдеби сында бағалануы. Филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның авторефераты. Астана, 2004.
27. С.Ордалиев. Сөз зергері: Зерттеу – Алматы: Жазушы, 1982. – 168 бет.
28. С.Әшімбаев. Екі томдық шығармалар жинағы. Екінші том. Әдби сын. – Астана: Елорда, 2006. – 392 бет.
29. Т.Әбдірахманова. Ақын сыры. Зерттеу. – Алматы, «Жазушы» баспасы, 1965.
30. Қирабаев С. Өмір тағылымдары. Естеліктер. – Алматы: «Білім», 2006. – 480 бет.
31. Талжанов С. Көркем аударма туралы. Монография. – Алматы, 1962.
32. Ш.Елеукенов Замандас парасаты. – Алматы: Жазушы, 1977. 300 бет.
33. С.Е.Жұмабек. Сын симфониясы. Таңдамалы. Әдеби толғаныстар, мақалалар. Алматы: «Алатау» баспа-полиграфиялық корпорациясы 368 бет.
34. Майтанов Б. Қаһарманның рухани әлемі. – Алматы: Жазушы, 1987. – 232 бет.
35. Қирабаев С. Талантқа құрмет. Мақалалар, зерттеулер, портреттер. – Алматы: Жазушы, 1988. – 246 бет.
36. Әдібаев Х. Көкжиек. – Алматы: Жазушы, 1978.
37. Қ.Жұалиев Стиль - өнер ерекшелігі. – Алматы: Жазушы, 19966. -398 бет.
38. Базарбаев М. Әдебиет және дәуір. – Алматы: Жазушы, 1966. – 272 бет.
39. Ысқақұлы Д. Сын шын болсын. – Алматы: Қазақ университеті, 1993. – 128 бет.
40. Кәкішев Т. Оңаша отау. Қазақ әдебиеті сынының жанрлық қалыптасуы хақында. – Алматы: Жазушы. 1982. -224 бет.
41. Қабдолв З. Арна. Зерттеу-сын-эссе. – Алматы: Жазушы, - 1998. 256 бет.
42. Бердібаев Р. Заман сазы. Алматы: Жазушы. 1988. – 367 бет.
3. Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі.
№
|
Жұмыс түрі
|
Тапсырма-ның мақсаты мен мазмұны
|
Ұсыныла-тын әдебиеттер
|
Орындау мерзімі және тапсыру уақыты (аптасы)
|
Балл
|
Бақылау түрі
|
1
|
МОӨЖ тапсырма-ларын орындау
|
Ізденушілік қабілеттерін шыңдау, зертеу, ғылыми топшылауларға бағыттау
|
Силлабус бойынша тақырыпқа арналған әдебиеттер
|
Әр апта сайын СОӨЖ тақырыбы бойынша кестге сәйкес
|
1% (барлығы 28)
|
Тапсырма-лардың орында-луын, сұрақтарға жауап беру қабілетін тексеру
|
2
|
МӨЖ тапсырма-ларын орындау
|
Ойлау қабілеттерін шыңдап, шығар-машылықтарын дамыту
|
Жоғарыда көрсетілді
|
СӨЖ кестесі бойынша берілген уақыт шеңберінде
|
Барлығы 8% балл
|
Өз беттерімен жұмыстануға үйрету
|
3
|
Жазба жұмыс (реферат, ғылыми мақала, аннотация, газеттерге ақпарат беру) түрінде аралық бақылау
|
Студенттерге реферат бере отырып, олардың іздендіру, білімдерін тереңдету.
|
Жоғарыда көрсетілді
|
Әр аптаның соңғы сабақ күні
|
Барлығы 8% балл
|
|
5
|
Емтихан
|
Білімді кешенді тексеру
|
|
Кесте сәйкес
|
40
|
Тест
|
4.Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілу картасы.
№
|
Әдебиет атауы
|
Барлығы
|
Ескерту
|
Кітап-ханада
|
Кафе-драда
|
Магистранттардың қамтылу пайызы
%
|
Элек-тронды түрі
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
1.
|
Қ.Жұмалиев. Стиль өнер ерекшелігі. – А., 1966.
|
6
|
-
|
|
-
|
|
2.
|
Абрамович Г. Введение в литературоведение. М., 1976.
|
2
|
-
|
|
-
|
|
3.
|
Ахметов З.А. Өлең сөздің теориясы. - А., 1973.
|
2
|
-
|
|
-
|
|
4.
|
Қабдолов. Сөз өнері . Алматы. “Санат”, 2002 жыл
|
5
|
-
|
|
-
|
|
5.
|
Әдебиеттану терминдерінің сөздігі, А., 1996 жыл
|
-
|
-
|
|
|
|
6.
|
Мәшһүр-Жүсіп Қуандық. Өлең сөздің патшасы. А., 1992 жыл
|
1
|
-
|
5
|
-
|
|
7.
|
Негімов С. Өлең өрімі, А., 1981 жыл
|
6
|
-
|
|
-
|
|
8.
|
Нұрғали Рымғали. Әдебиет еториясы. Нұсқалық. – Фолиант, 2003. – 344 бет.
|
5
|
-
|
|
-
|
|
9.
|
Ахметов З. Абайдың ақындық әлемі. Алматы. «Ана тілі», 1995 ж.
|
5
|
-
|
|
-
|
|
10.
|
Атымов М.Көркем шығарманың композициясы туралы. А., 1969.
|
2
|
-
|
|
-
|
|
11.
|
Белинский В.Г. Таңдамалы шығармалары. 1947-1948.
|
3
|
-
|
|
-
|
|
12.
|
Дүйсенов М. Әдебиеттегі мазмұн мен форма бірлігі. А., «Ғылым», 1962.
|
2
|
-
|
|
-
|
|
13.
|
Жұмалиев Қ. Әдебиет теориясы. А., 1969.
|
4
|
-
|
|
-
|
|
|
Бердібаев Р. Заман сазы. Алматы: Жазушы. 1988. – 367 бет.
|
1
|
-
|
|
-
|
|
|
Қабдолв З. Арна. Зерттеу-сын-эссе. – Алматы: Жазушы, - 1998. 256 бет.
|
1
|
|
|
-
|
|
|
Қирабаев С. Талантқа құрмет. Мақалалар, зерттеулер, портреттер. – Алматы: Жазушы, 1988. – 246 бет.
|
1
|
-
|
|
-
|
|
|
Кәкішев Т. Оңаша отау. Қазақ әдебиеті сынының жанрлық қалыптасуы хақында. – Алматы: Жазушы. 1982. -224 бет.
|
2
|
-
|
|
-
|
|
|
Әдібаев Х. Көкжиек. – Алматы: Жазушы, 1978.
|
1
|
-
|
|
-
|
|
|
Майтанов Б. Қаһарманның рухани әлемі. – Алматы: Жазушы, 1987. – 232 бет.
|
1
|
-
|
|
-
|
|
|
С.Е.Жұмабек. Сын симфониясы. Таңдамалы. Әдеби толғаныстар, мақалалар. Алматы: «Алатау» баспа-полиграфиялық корпорациясы 368 бет.
|
1
|
-
|
|
-
|
|
|
Ш.Елеукенов Замандас парасаты. – Алматы: Жазушы, 1977. 300 бет.
|
1
|
-
|
|
-
|
|
|
С.Әшімбаев. Екі томдық шығармалар жинағы. Екінші том. Әдби сын. – Астана: Елорда, 2006. – 392 бет.
|
2
|
-
|
|
-
|
|
|
. Т. Кәкішев. Қазақ әдебиеті сынының тарихы (Оқу құралы).- Алматы, «Санат», 1994. – 448
|
2
|
-
|
|
-
|
|
|
Абдрахманов С. Төлтума мен телтума (зерттеу). – Астана: Елорда, 2007. – 464 бет.
|
2
|
-
|
|
-
|
|
Дәрістік кешен (дәріс тезистері, көрнекілік, таратылу материалдары, қажетті әдебиет тізімі).
Дәріс 1
Тақырыбы: Пәнге кіріспе
Қарастырылатын сұрақтар:
Пәннің мақсаты мен міндеттері.
Қазақ әдебиеттану ғылымының туу, қалыптасу және даму кезеңдері, зерттелу тарихы.
Мақсаты: Курстың жалпы құрылымын, оқу материалдарының мазмұнын түсіндіру. Қазақ әдебиеттану ғылымының туу, қалыптасу және даму кезеңдері, зерттелу тарихыана мағлұмат беру.
«Қазақ әдебиеттану ғылымының өзекті мәселелері» туралы пән жоғары оқу орындарының магистрларын даярлау ісінде әдебиеттану ғылымының қазіргі өзекті проблемарын тереңдетіп меңгерту мақсатында оқытылып жүрген негізгі пәндердің бірі. Отандық әдебиеттану ғылымының қай саласы болмасын жаңару, жаңғыру барысында өткенін екшей отырып, ұлттық мүддеге орайлас тың ізденістерге бет бұруда. Міне, осы қазіргі заманға сай соны ізденістер мен тың зерттеулерді, ұлттық мүдде тұрғысына пайымдалған оң тұжырымдарджы магистрантарға жеткізу пәннің ауқымында қарастырылады.
Курстың қысқаша сипаттамасы: Әдебиеттану ғылымындағы ұлттық мүддеге қатысты тың зерттеулер тәуелсіздік жылдарынан кейін қолға алынғаны мәлім. Кешегі кеңестік цинзураның мүмкіндік бермеген тұстарын қайта қарап, дұрыс баға беріп, өткенімізді бағамдап, бүгінгі күн тұрғысына бағалау мақсаты бір сәтке толастауға тиісті емес. Себебі, ғылым зерттеу аясы аяқталған көзқарастар мен шешіліп біткен шындықтың қоймасы емес. Күллі жаратылыстың дами беру қасиеті ғылымға да, оның ішінде әдеби зерттеу ғылымына да тән. Соған байланысты әдеби зерттеуде көркем шығарманы талдаудың жаңа ізденістері пайда бола бастады. Осы тұрғыдан келгенде, әдебиеттенау ғылымының өзекті мәселелері әр дәуір әдебиетінің рухани мұраларын үздіксіз зерттеуге байланысты толып отырады. Пәннің жалпы сипаттамасы ежелгі дәуір әдебиетінің, хандық дәуір әдебиетнің, ХІХ, ХХ ғасырп әдебиетінің, кеңес дәуір әдебиетнің, бүгінгі заман әдебиетінің рухани мұралын танудағы өзекті проблемалары мен зерттеу арналарына кеңірек тоқталуды көздейді.
Дәріс 2
Тақырыбы: Ежелгі дәуір әдебиетінің зерттелуі және бүгінгі проблемалыры
Қарастырылатын сұрақтар:
Негізгі сұрақтар: 1. Ежелгі дәуір әдебиетінің әдебиеттану ғылымында қозғала басталуы және Б.Кенжебаевтың ғылыми мектебі. 2. М.Жолджасбеков, М.Мағауин, А.Қыраубаев, Н.Келімбетов т.б. 3. Қазіргі көне дәуір әдебиетін зерттеудің кейбір өзекті проблемалыр мен олардың оқытылу жайы.
Мақсаты: Ежелгі дәуір әдебиеті мұраларын зертеудің кезеңдерін, ғалымдар еңбектеріндегі өзіндік жаңалықтары мен ізденістерін саралау.
Көне түркі әдеби жәдігерліктерін бір-бірінен дербес, жеке-жеке күйінде алып зерттеу ісі ХІХ ғасырдың алғашқы жартысында-ақ басталған еді. Алғашқы зерттеушілер көне мұралардың мәтінін оқып, түрлі қолжазба нұсқаларын өзара салыстырып, құнды нұсқаларын басып шығарумен шектелді. Қазақ көне дәуір әдебиетін он тоғызыншы ғасырда орыс ғалымдары тілдік тұрғыдан зертегенімен, әдебиетану ғылмында жүйелі қозғала бастауы ғалым Бейсенбай Кежебаевтың тікелей бастамасымен басталды.
Ол кезінде қазақ әдебиетін ХҮІІІ ғасырдан бастап қарастырған әдебиетшілерге қарсы дау айтып, әдебиет тарихының дәуірі тереңде екендігіне көңіл аударды. Өзінің әдебиет тарихын жіктеген ұсыныстарын да қорғауға тырысты. Елуінші жылдардағы «жылымық» кезінде баспасөз бетінде ұлт мәдениеті мен өнері, әдебиеті мен тілінің ұзақ жылдар бойы жабық болып, қордаланып жиылып қалған мәселелері қайта көтеріліп, жұртшылық қолдауына ие бола бастады. Осы кезде Б.Кенжебаев «Қазақ халқының жазба әдебиетінің тарихы қайдан, кімнен басталады?» атты пікірлесу мақаласын жариялады. «Қата пікір қағидаға» айналмасын деген мақаласымен Қ.Жұмалиев оған тосқауыл қойды. Әрине, бұл жерде саяси идеологияның ығарын сезінуге болады. Себебі, қазақ әдебиеті мен мәдениеті, тілі мен өнері жайлы мәселелерді батыл көтеріп, жұртшылықтың көңіліндегі көкейкесті ойларды айта білетіндігі ғалымдар үнемі қуғындалып отырғандығы мәлім. Сол ызғарда ғалымға тосқауыл қойды.
Ғалым өзінің теориялық пікірін жетілдіріп, бұрынғы қазақ әдебиетінің тарихы ХҮ ғасырда басталады деген пікірін жетілдіріп, әдебиет атрихы ҮІІ ғасырдан басталады деп, оған түркі тектес халықтардың бәрін ортақ мұраларды тілге тик етті. Сөйтіп, Б.Кенжебаевтың қазақ әдебиетінің тарихына қаптысты айтып келген ой-пікірлері алпысыншы жылдардың соңынан жетпісінші жылдарға қарай бас аяғы жинақы тұтас бір ғылыми концепцияға айналды.
Б.Кенжебаевтың шәкірттері қазақ әдебиетінің тарихын сонау Ү-ҮІІІ ғасырларға тасқа жазылып қалған сына жазулардан бастап, бүгінгі күнге дейін кезең-кезеңімен тұтас күйінде зерттей бастады. М.Жолдасбеков Орхон-Енисей жазбаларын әдеби тұрғыдан зерттеп, қазақ әдебиетінің бастау көздерін тереңдете түсті. А.Қыраубаев орта ғасырлардағы көне әдеби мұралар қазақ әдебиетіне де тікелей қатысты, жазба ескерткіштердің көбі түркі халықтарына ортақ екенін дәлелдеді. Н.Келімбетовтің «Қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірі» (1981) атты еңбегінде Ү-ҮІІІ ғасырлардан бастап, қазақ хандығы құрылғанға дейінгі түркі тілдес халықтардың бәріне ортақ әдеби мұраларға қазақ әдебиеті тұрғысынан жан-жақты талдаулар жасады. Ал, М.Мағауин бұрын ауызша делініп келген, ХҮ-ХҮІІІ ғасырлардағы қазақ әдебиеті тарихын зерттеді.
№3
Тақырыбы: Хандық дәуірдің рухани мұраларын әдеби-тарихи тұрғыдан зерделеу
Қарастырылатын сұрақтар: 1. Ұлт әдебиетінің тарихын ХҮ ғасырдан бастап жүйелі орнықтырудағы күрделі ізденістер. 2. Хандық дәуір әдебиетін зерттеудегі ғылыми бағыт жыраулар поэзиясын рухани айналымға енгізу, толғау жанрын әдеби-тарихи тұрғыдан зерделеумен ғылыми шешім табуы 3. М.Мағауин, Х.Сүйіншалиев, Ж.Бектұров, А.Сейдімбек, т.б ғылыми еңбектердің мәні.
Мақсаты: Хандық дәуір әдебиеті мұраларын зерттеудегі ғылыми принциптерді саралау, жетістіктері мен кейбір кемшіліктерін көрсету. Әдебиеттану ғылымындағы соны ізденістермен хабарландыру.
М.Мағауин «Қобыз сарына» зерттеуі, құрастырылуы және алғы сөзімен жарық көрген «Алдаспан» антологиясы хандық дәуір әдебиетін ұлт тарихымен байланыстыруда шешуші қадам жасады. Жыралура поэзиясы, толғау жанрын зерттеу Х.Сүйіншалиевтің «ХҮ-ХҮІІІ ғғ. Қазақ әдебиеті», «ХҮІІІ ғасырдағы ақазақ ақындарының поэзиясы», Қ.Өміралиевтің «ХҮ-ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі», Ж.Бектұровтың «Жыраулар мен ақындар поэзиясының көркемдік-композициялық ерекшеліктері», Б.Әбілқасымовтың «Жанр толғау в казахской устной поэзии» еңбектерімен өрістеді. А.Сейдімбек «Күмбір-күмбір күмбездер» кітабында қазақ мәдениеті мен синкретті өнерінің көшпелілер эстетикасымен байланысты табиғатын тарихи, археологиялық, этнографиялық деректер негізінде қарастырады.
№4
Тақырыбы: ХІХ-ХХ ғ.б әдебиеттің өзекті мәселелері
Қарастырылатын сұрақтар: 1. ХІХ – ХХ ғ.б. қазақ әдебиеті – отаршылыдықө кезеңнің қоғамдық мәселелерімен сабақтас күрделі кезең. 2. Ғалымдардың әдеби мұраны бағалау мен зерттеу ісінде маркстік-лениндік ілім талабын ұстануы, көркемдік даму сабақтастығына және ақын-жазушылар дүниетанымындағы қапйшылықтарна тарихилық қағидамен үңілуі.3. Қазіргі таңдағы зерттелуі
Мақсаты: ХІХ-ХХ ғасыр басындағы әдеби мұралардың зерттеудегі ғылыми еңбектерді саралау, жетістіктері мен кейбір саяси идеологиялық тұрғыдан бұрмаланған дүнелерге ғалымдар еңбектері негізіндже шолу жасау.
ХІХ-ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті – отаршылдық дәуірдің қоғамдық мәселелерімен сабақтас күрделі кезең. Ғалымдар әдеби мұраны бағалау мен зерттеуде ісінде маркстік-лениндік ілім талабын ұстанғанымен, көркемдік даму сабақтастығына және ақын-жазушылар дүниетанымындағы қайшылықтарна тарихилық қағидамен үңілуге дендей бастағаны аңғартты. Өзекті тақырыптарды очерк, монографиялық сипатта қарастырған еңбектер саны біршама еселеніп, ілгерілеу жолын танытты. Көркемдік дамудың тақырыптық-идеялық өзегі, жанрлық түрлену Қ.Жұмалиев, Т.Әбдірахманов, Ы.Дүйсенбаев, М.Бөжеев, Қ.Сыдиқов, Б.Кенжебаев, Ә.Дербісалин, Х.Сүйіншалиев, Қ.Өміралиев, Ә.Оспанұлы, З.Бейсенғалиев, жекелеген дарындар шығармашылығы Б.Кенжебаев, Т.Қожекеев, А.Еспенбетов, У.Қалижанов, Қ.Жұмағұлов еңбектерінде монография, кандидаттық зерттеу тұрғысында талданды. Қазан төңкерісіне дейінгі баспасөз материалдары библиографиялық көрсеткіші, қазақ кітаптары тарихы (Ү.Субханбердина, Ә.Жиреншин, М.Бөжеев, Д.Қазбекова, К.Бегімбаева, Х.Бекхожин), әдеби сын тарихы (Т.Кәкішев), көркем аударма (С.Талжанов), сатиралық жанрлар (Т.Қожекеев), әдеби байланыс (Ш.Сәтбаева, Б.Ысқақов, Қ.Ш.Кереева-Канафиева), балалар әдебиеті (Ш.Ахметов) аясында қарастырылды.
Әдебиет тарихының өзекті мәселелерін зрттеуде тарихилық қағиданы ұстану үдерістері ұшталды. Айтулы тұлғалар шығармашылығын жанр мен ситль, тестология тұрғысынан зерттеу, әдеби мұраны жариялау, қолжазбаларының ғылыми сипаттамасын түзу өріс алды.
№5
Тақырып: Кеңес дәуіріндегі әдебиеттің зерттелуі (1960 жылдардан бастап)
Қарастырылатын сұрақтар: 1. Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті тарихын зерттеу пәнінің ғылыми жүйесі негізделген оқулығын шығару, жаңа сипаттамаға әдебиеттің қалыптасуы жолдарына тән негізгі кезеңдерін қарастыру 2. Ұлттық әдеби сынның тууы және қалыптасу белестерінің зерттелуі. 3. Әдебиет библиографиясын түзу 4. Қаламгерлер шығармашылығын монографиялық тұрғыда қарастырған еңбьектер.
Мақсаты: Кеңес дәуріндегі әдеби мұралардың зерттелуін саралау. Әдеби мұраларды зерттеудеге саяси идеологияның тигізген салқынын ғалымдардың еңбектері негізніде топшылау.
Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті тарихын зерттеу пәнінн ғылыми жүйесі негізделген оқулығын шығару, жаңа сипаттағы әдебиеттің қалыптасу жолдарына тән негізгі кезеңдерін қарастыру, ұлттық әдеби сынның тууы және қалыптасу белестерін зерттеу, әдебиет библиографиясын түзу және қаламгерлер шығармашылығын монографиялық тұрғыда қарастырған еңбектермен ілгерілеу жолында болды.
Көне түркі және хандық дәуірлерін оқытудағы бірізділіктің сақталмауын айтпағанда, қазақ кеңес әдебиетінен жоғары оқу орындары оқытушы, студенттеріне арналған ғылыми жүйедегі оқулық жоқ болатын. Зәрулік М.Қаратаев, Т.Нұртазин, С.Қирабаевтың «Қазақ совет әдебиеті» тұңғыш оқулығында шешім тапты. 1917-1966 жылдар аралығында «әдеби даму белестері бес дәуірге бөліп зерттелген еңбекте С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров, М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.,Мүсірепов, Ғ.Мұстафин, А.Тоқмағанбетов, И.Байзақов, Ә.Тәжібаев, Т.Жароков, Қ.Аманжолов, Ғ.үОрманов шығармашылығы монографиялық тарауларда талданып, әдебиет дамуында өткерген қайшылықтар (ҚазАПП, пролеткультшілдік), социалистік реализм әдісінің игерілуі, шеберлік шыңдау жолындағы жетістіктер, олқылықтар эволюциясы сараланды.
№6
Тақырып: Ұлы Отан соғысы (1941-1945) және соғыстан кейінгі дәуірлеріндегі әдебиеттің өзекті мәселелері
Қарастырылатын сұрақтар: 1. М.Базарбаев, Ә.Нарымбетов ұлы Отан соғысы дәуірін зертеушілер
әдістемелік нұсқаулар 2. С.Сейфуллин (С.Қирабев, Т.Кәкішев), Б.Майлин (Б.Наурызбаев, Ф.Оразбаев, Т.Бейісқөқұлов), І.Жансүгіров (М.Дүйсенов), Ж.Жабаев (Н.Төреқұлов), С.Мұқанов (М.Хасенов, С.Мақпырұлы), Ғ.Мүсірепов (Х.Әдібаев, М.Тілеужанов) шығармашалырының зерттелуінің мәселелері және олардың қазіргі әдебиеттану ғылымындағы орны.
Мақсаты: Ұлы отан соғысы жылдарнындағы әдеби рухани мұралардың әдеби процесте бағалануын, соғыстан кейін әдеби рухани өмірдәің бет алысын бүгінгі күн тұрғысына талдау.
№7
Тақырып: Көркемдік үдеріс және әдеби сынның ғылыми сипаты (1960-80)
Қарастырылатын сұрақтар: 1. Тарихтағы «тоқырау», «жылымық» саяси билік тарапынан тежеліп отырғанымен, қоғамдық дамудың рухани ағымына жаңғыру үдерісін алып келді. 2. лиризмді, психологизмді, философиялық иірімдерді көркемдік тұрғыдан игеруі. 3. Әдеби сындағы серпіліс, идеологиялық қыспақтан шыққысы келген әдеби-эстетикалық көзқарастар легінің шығуы.
Мақсаты: әдеби процестегі сынның ғылыми теориялық негіздерін саларау.
Тарихата «тоқырау» кезеңі деп аталған жылдары «жылымық» саяси билік тарапынан тежеліп отырғанымен қоғамдық дамудың рухани ағымында жаңғыру үдерістері жүріп жатты. Әдеби дамудағы социалисмтік реализммен үйлесе бермейтін көркемдік танымның әлеуметтік санаға жасаған тгеурінді күшін ресми саясат қабылдамағанмен, жанрылқ түрленулердегі сапалық өзгерістер сыншылар тарапынан жіті зерделеніп отырды. Тарихи тақырып, бүгінгі күн бейнесі және замандас тұлғасы, классикалық дәстүрдегі жаңашылдық ізденіс қырлары әдеби сын күретамырын құрады. Қазақ әдебиетші, қаламгерлері саясат талабына байлаулы болғанымен, көркемдік өрлеу табиғатын эстетикалық саралау мен зерделеуде таза идеологиялық ой-пікірге шырмалып қалғаны жоқ.
Ең бастысы, түрлі буындағы тұтас қаламгер, сыншылар дүниетанымындағы күрделі өзгерістер әдебиеттегі социалистік реализмді таза дәріптеу талабын емес, ұл әдебиеті мұратын басты орынға шығаруды ұстанды. Міне, сын мәдениетіндегі серпіліс «зейнетінен бейнеті мол сыни өміріміздің соқтиықпалы-соқпақсыз жолдарымен қажымай-қалғымай еңбек етіп келе жатқан аға буын, орта буын, кейінгі буын өкілдерінің бірлігі мен ынтымағы, мүдделерінің ортақтастығы, позициясының айқындығы ақазіргі қазақ сынның бүтіндей келбетін айқындайы»
Қарастырылып отырған кезеңдердегі әдеби сынның негізгі ерекшеліктері тарихи тақырыптағы туындыларды байыпты талдауларға баса назар аударудан, әдеби дамуды эстетикалық зерделеу, теориялық біліктілікпен саралаудан айқын көрінеді. Әдеби сын аға буынмен қатар жаңа толқын жазушылардың дәстүр арнасын жаңғыртумен көркемдік үдеріске тигізген ықпалын ашумен қатар тарихи романдардың ұлт санасының тарихи жадына қан жүгіртуімен жаңа белеске көшуіне тән құбылыс маңызын, қозғаушы күшін әдебиетіміздің өзіндік қасиетімен байланыстыра отырып зерделей алды.
№8
Тақырып: Қазақ прозасындағы мифтік-аңыздық қолданыс
Қарастырылатын сұрақтар: 1. Әлем әдебиетіндегі мифтік шығармашылық қолданыс. 2. Мифтік қолданыстың төл әдебиетімізге ене бастауы, тың бағытта, соны бір рухани серпіліс қуатымен дамуы. 3. Көркем шығарманың стильдік ерекшелігін, сюжеттердің құрылымдық мәнін, оның идеялық, эмоцианалдық, эстетикалық әсерін терең де айшықты суреттеудегі ықпал етуі
Мақсаты: қаламгерлердің стильдік ерекшеліктерін анықтап, жазушылық шеберліктерін меңгерту.
Прозадағы миф-аңыздардың көркемдік қызметін зерттеу мәселесі қазақ әдебиеттану ғылымында соңғы жылдары ғана қолға алына бастады. Проза жанры кенжелеп дамыған қазақ әдебиетіндегі ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде дүниеге келген әңгімелердің өзінде миф-аңыздардың қолданыла бастауы бүгінгі әдебиеттанушыларға көп ой салары сөзсі.
Қазақ прозасында аңыздық желіні алғашқылдардың бірі болып М.Әуезов «Қорғансыздың күні» атты повесінде қолданды. Суреткер ел ауызнда бар, халыққа кең танымал «Күшікбай батыр» туралы аңызды шеберлікпен пайдаланған.
Әдебиеттің басты предметі адам болса, жазушы сол адам образы арқылы өмір шындығын танытады. Ал өмірдің шытырман шындығы сол адам өмір сүрген ортамен, оның өткен тарихымен, болмыс-бітімімен, таным-талғамымен тікелей байланысты. Сонымен қатар, көркем образдың ұлттық дара қасиетін де естен шығармағанымыз жөн. Ал ұлтық ерекшеліктің қайсы бір факторы аңыздар мен мифтерде көрініс тапқан. Әрбір аңыздық сюжетке өзіне тән болмыс-бітімі, сол халықтың арман-тілегі жатады. Қазақ жазушылары да осы идеяларды бүгінгі адам баласының ой-мақсаттарымен шебер ұштастыра білді. Мұнда йқаламгерле қатарында қазіргі қазақ жазушыларынанҮ І.Есенберлин, Т.Ахтанов, Ә.Әлімжанов, Ә.Кекілбаев, С.Жүнісов, М.Мағауин, О.Бөкеев, Т.Әлімқұлов, Д.Досжанов, С.Санбаев және т.б. қаламгерлеріміздің шығармаларын атасақ та жеткілікті.
№9
Тақырып: Әдеби бейне жасаудың рухани және көркем арналары
Қарастырылатын сұрақтар: 1. Көркем әдебиеттегі уақыт пен кеңестік категориясы. Автордың идеядағы уақыт пен кеңістік. Дәуір, адам, көркемдік шешім. 2. «Рухани екі ұдайылық».
Мақсаты: Жазушы шеберлігіне үңілу.
Көркем әдебиеттегі уақыт пен кеңістік категориялары әдеби кейіпдің қалыптасу жолдарымен сабақатасады. Қандай да бір көкрем бейненің жасалуы – авторлық идеядан туындайды десек, қаламгер белгілі бір ойын айтып, кейіпкерін дүниеге әкелу үшін, алдымен шартты уақыт пен кеңістікті таңдайды. Осы тұрғыда көркем бейненің сомдалуын шығармада таңбаланған уақыт пен кеңістіктен ажыратып қарау мүмкін емес. Әдеби шығармның тақырып, идея, композиция, сюжет, жанр, стиль секілді негізгі компоненттеріндей уақыт пен кеңістік те айырқша маңызға ие. Олардан басты айырмасы – уақыт пен кеңістік те айырықша маңызға ие. Олардан басты айырмасы – уақыт пен кеңістік ілгеріде аталған компоненттердің сипаты мен ерекшеліктеріне қарай солардың негізінде көрсетіледі. Яғни, тақырып пен идея, композиция мен сюжет, жанр мен стиль көркем туындыдағы уақыт пен кеңістіктің болмысын анықтайды.
Адам болмысының қиындығы мен күрделелігі, дәуір мен адам арасындағы сабақтастық пен қарама-қайшылық жиырмасыншы ғасырдағы қазақ прозасының талай үлгілеріне арқау болды. Бұл арналы, үлкен тақырып болашақта жазылмақ көркем туындыларда әр қырынан бейнелене бермек.
Суреткердің басты міндеті – адам жаны мен жүрегіндегі терең иірімдердің күрделі сырын ашу, күнделікті болып жатқан өмір оқиғаларына адам жанының қатысын анықату, оқитғаға адамды емес, оқиғаның сырын адамның болмысы арқылы ашу. Адамның екіұдай күй кешуін, адамның ішкі өңіріндегі мүлгіп жатқан сезіміні, күштердің бас көтеруін суреттеген қаламгерлеріміздің бірі – Төлен Әбдіков. Адам жанының осындай екіұдай күйін ол «Оң қол» әңгімесінде «ішкі тұлғаның екіге жарылуы» деп атап, айдар тақты.
№10
Тақырып: Қазаргі қазақ лирикасындағы стильдік ізденістер
Қарастырылатын сұрақтар: 1. Стиль мәселесі әдебиеттану ғылымының маңызды нысандарының бірі екндігі. 2. Поэзиядағы стиль мәселесін сөз еткен еңбектердің маңыздылығы. 3. Поэзиядағы ақындық шеберлікпен көрінетіндігі. 1970-80 жылдардағы қазақ поэзиясындағы көркемдік әдіс тұрғысынан тың ізденістердің көрінуі. Ж.Әбдірашев, Ж.Жақыпбаев, Қ.Мырзабеков. 4. Лирикадағы қаһарман және көркемдік бейнелілік. Тәуілсіздік жылдарынын укейінгі қазақ проэзиясы көркемдік шешім, ізденіс арналары. М.Райымбекұлы, Т.Толқынқызы, Н.Бердәлі т.б.
Мақсаты: қазіргі поэзиядағы жаңалықтарға шоду жасау, ақындар шығармашылығын талдау.
Стиль әдеби дамудың деңгейі мен бағыт-бағдарын тануда, көркем шығармашылықты бағалауда ерекше орны бар ұғым. Стиль термині әр түрлі ғылым саласында қолданылады. Стильді әдебиеттану ғылымы тұрғысынан эстетикалық категория ретінде қарастырғанда, оны шығарманың тұтас құрылымымен, бүкіл болмысымен қарастыру бірден бір дұрыс жол.
Қазақ әдебиеттануындағы стиль мәселесіне байланысты еңбектер қатарында «Стиль сыры», «Қазақ көркем шығармаларының жанры мен стилі», «Қазақ әдебиеті: стил мәселелері» жинақтарын, М.Дүйсеновтің, Қ.Өміралиевтің, Ф.Оразбаевтың, М.Хамзиннің еңбектерін атауға болады.
Қазіргі поэзиядағы стиль мәселесін сөз еткенде Қ.Мәшһүр Жүсіпов тұжырымдарына қосыла отырып, лирикалық қаһарман сипатына, суреткердің сөз қолдану ерекшелігіне ерекше назар адару қажет-ақ. «Қазақ ақындарының қаншалықты толықсқан суреткер екенін айқындау үшін, стиль де, көркемдік әдіс те жалаң алынбай, үнемі бейнелілік тұрғысынан саралану қажеттігі де адау туғызбайды» деп ой түйеді ғалым.
1970 жылдардағы қазақ поэзиясына өзіндік үн, ерекшелігімен келген ақындардың қатырнда Жарасқан Әбдірашев есімі ерекше аталары сөзсіз. Әдебиетші ғалым Б.Майтанов: «Қазақ поэзиясынга ХХ ғасырдың 70-жылдарына қарай еркіндей басып, еркелей келген дарынды жас Жарасқан Әбдірашев болатын» дей келе, ақын поэзиясының көркемдігі мен тілі, шеберлігі туарылы ой қозғайды. Ақынның соңғы мұрасы – «Құлпытас немесе екі дүние: фәниден бақиға дейін...» атты жыр кітабы. Ұлттық поэзиямызға үлкен жаңалық болып қосылған бұл жинақтағы эпитафитялық өлеңдер Жарасқан қаламына тән рух асқақтығын барынша айқын танытты. Қайсарлық пен табандылық, тәккапарлық пен ірілік, асқақ пафос пен шешендік толғаныс – осының бәрі бірігіп келіп ақынның роматикасын нақтылай түсті.
№11
Тақырып: Қазаргі қазақ прозасындағы жаңа құбылыс-ізденістер
Қарастырылатын сұрақтар: 1. М.Мағауинннің «Жармақ», Д.Амантай «Гүлдер мен кітаптар» Әдеби сын материалдарына шолу.
Мақсаты: Әдебиеттану ғылымындағы қазіргі стильдік ағымдар мен құбылыстарға шолу.
Мұхтар Мағауин қазіргі таңдағы прозамыздағы қабырғалы қаламгерлердің санатынан екені мәлім. Ол шығармашылқ процесін үнемі үздіксіз дамытып, үзбей жазып келеді. Тіпті, соңғы жылдары өндіртіп жазып жүрген қаламгерлер десек артық болмас. Жазушының соңғы екі-үш жылдың көлемінде жарық көрген «Қыпшақ аруы» және «Кесілген бас – тірі тұлып» хикаяттары оқырмандар жүрегінен жылы орын иемденген туындылар болды. Біріншісінен қаламгердің бүгінгі ең үздік фантаст-жазушылармен терезесі тең тайталаса алатывн тарихи-танымдық негіздегі қиялгерлік қуатын байқасақ, екіншісінен Хулио Кортасар секілді классик жазушының әдісін («Классикалық үлгіде ойнау» романы) одан әрі қарай қазақ тарихымен ұштастыра дамыту шеберлігшін аңғартады.
Әдебиетте шығарманы адам санасының екіге бөлініп, өзара айтысып-тартысуы, қос жақ болып тайталасуына құру деген тәсіл бары мәлім. Мұхтар Мағауин осы тәсіл арқылды қазақ ұлтының бойындағы рухани дерттеге сараптама жасауцға ұмтылады. Бұл жере Мағауин айтып отырған сананың қосарлануы дегеніміз не? Бұл – бір адам санасындағы рухани құндылықтарға ұмтылыс пен оны етегінен кері тартатын тойғанына мәз тоғышарлық көзқарастың күресі. Бұл – адал махаббатқа іңкәр жүрек пен тәнім тек сұлуды имденсе деген нәпсі пиғыдың жан аяспас шайқасы. Бұл ел үшін отқа түсуге бар азамат пен бәрін байлық арқылы сатып ала аламын деген көркеуденің бітіспес майданы. Егер байқамасаңыз, екінші азғын жолға түсіп кетуіңіз оп-оңай. Енді төңірегіңізге анықтап қараңызшы, айналаңызад Құдай берген қабілеті жағынан сізден де талантты, сізден де қауқарлы, бірақ өз жеке басының қызығын ел мүддесінен, халық мұратынан жоғары қоятын жұмыр басты пенделер жүрген жоқ па? Бәлкім, олардың біреуі кезінде жеңіл жолды таңдап алған, рухани сұранысыңызды құрбандыққа шалған сіздің өзіңіз боларсыз.
Мұхтар Мағауин романы көркемдігімен қоса, ең бірінщшіден, осындай сауалдарға жауап іздеуге тырысуымен құнды. Ол «байқаңыз, әззәзілдің тіліне еріп кетпеңіз» дегенді ескертеді. Біздіңше, Мағауин романы – ендігі майдан дала даласына шығып жатқан жастар үшін керек кітап. «Жармақ» Чернышевскийдің атақты «Нен істеу керек?» троманның енді басталғанда ғасырдағы жаңаша, қазақша сұлбаланған нұсқасы. Ұл болашағы үшін күреске кіретін ендігі ұл-қыздың рухани көркем бағдарлмасы.
Дидар Амантайдың «Гүлдер мен кітаптар» романын оқып, оны мәдениет құбылысы деп бағалауға болады. Жазушының төл прозамызға саналы түрде құрылымдық, формалық өзгерістер енгізуге ұмтылыс жасағанын байқайды. Ал, бұл роман әріптес аға буын өкілдерінің тарапынан бірде қолдау тауып (Г.Бельгер), бірде сынға ұшырап (Д.Исабеков) әр түрлі көзқарас тудырғаны мәлім. Әлия Бөпежанова сыншы ретінде әр бір айтылған пікірлердің объективті және субъективті жақтарына үңіліп, тағы әлемдік ой толғамға жүгінеді. Ницшенің: «автордың оқырманды ұятқа қалдырарлықтай немесе шошындырарлықтай парадокстары көп жағдайда кітапта емес, оқырманың өз ойынан шығады», деген тұжырымын келтіре отырып, бұл қазіргі қазақ кеңістігінің рухани-проблемасы екенін мойындаумыз керек дегенді аңғартады. Әрине, әлемдік ой-пкірлердегі айтылған, оның ішінде біздің саламызға қатысты айтылған пікірлеріңд де жеке субъектінің көзқарасы екендігін ескерсек. Жоғарыда аталған пікірдің таланты жазушының тамаша дүиелеріне қатысты екенідігін атап айтқан жөн. Арзанқол көркемдігі төмен дүниелерді түсіне алмайтындай оқырмандардың төмендігібола қоймас. Керісінше, жарқ еткен соын құбылсты түсіну, астарына үңілу, теориялық тұрғыдан да тәжірибелік тұрғыдан да жан-жақты қарастырған абзал. Міне, Ә.Бөпежанова жоғарыдағы пікірді осындай мағынасында ұсынған деп есептейміз.
Дидар Амантайдың «Гүлдер мен кітаптар» кітабына сыншы: «Гүлдер мен кітаптар» - көп планды роман. Әдеттегі ұғымдағы, себеп-салдарлы, классикалық үлгідегі көп планды да көлемді роман емес, көлемі шағын, соған қарамастан конструкциясы өте дамыған – бірнеше идеяны қат-қабат алып жүретін роман; оқырманынан мәднеи-философиялық оқылымды талап ететін; «не береді?» емес, «не аламын?» қағидасымен оқығанда ғана мәні ашыла түсетін роман; яғни бұл тұста автордың емес, оқырманның мәселесі шығады. Басты бір ерекшелігі де осы. Ал, мұндай туынды қазақ көркем әдебиетінде аса қажет-ті» /2.158/;
«Гүлдер мен кітаптар» романы жаңа өнер философиясы ұғымдарынан таратқанда:
- аңыздық сана;
- түс философиясы;
- мүмкін әлемдер мағынасы...
тағы да басқа пәлсапалық-көркемдік тұжырымдар аясыан талданатын толыққанды көркем текст. Рухани кеңістігі атаз, мұарыт биік көркем текст.
«Гүлдер мен кітаптар» - мәдениет құбылысы.
Әдебиет санасының өскенін көрсететін шығарма»/2.162/, - дейді. Міне, қазақ әдебиетіне өзіндік құрылымдық енгізбекші болған Дидар Амантайды түсіну үшін әлі де уақыт керек шығар. Бір анығы, бүгінгі қазақ ұлтының бойындағы рухани дерттерге сараптама жасайды. Дидар Амантай романы көркемдігімен қоса, ең біріншіден, «не аламын» деген сауалдарға жауап іздеуімен құнды. Қарап отырсақ, аталған екі туындының екеуі де рухани дертке ұшыраған бүгінг ұрпақ жайында толғаныды әрі сонымен қатар, шығармашалырына құрылымдық өзгерістер енгізгенін байқаймыз.
№12
Тақырып: Рухани жаңару және әдеби сын
Қарастырылған сұрақтар: 1. Қазіргі әдеби процесс, жалпы проза, поэзия, драматургияның (1991-2009) әдеби смында бағалануы. 2. Б.Сарбалаев, Б.Бәмішұлы, Ә.Бөпежанова, Ж.Әшімжанов, С.Жұмабек т.б
Мақсаты: Бүгінгі әдеби сын өмірімен танысу
Қазақ әдебиеттану ғылымының сын саласының туу және даму кезеңдеріне үлес қосқан алаш қайраткерлері А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, М.Дулатов, С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлин, М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин сынды қаламгер-жазушылар, сондай-ақ әдебиеттің сын, әдебиеттану ғылымында жемісті еңбек еткен Ғ.Тоғжанов, Б.Кенжебаев, Т.Нұртазин, Қ.Жұмалиев, М.Қаратаев, М.Ғабдулиин, З.Ахметов, тағы басқалар болды. Содай алыптардың, таланттардың ізін жалғастырғандардың ішінен Әбіш Кекілбаев, Асқар Сүлейменов, Оразбек Сәрсенбаев, Зейнолла Серікқалиев, Сағат Әшімбаев, Рымғали Нұрғалидың есімдерін ерекше атауға болады. Төл әдебиетиіміздің сын жанрыныңда бағаланып, ерекше өркендеген тұсын жоғарыда аталған сыншылардың, яғни аталмыш таланттардың кезеңі – 60 жылдармен байланыстыруға әбден болады. Сол әдеби сыннның қарқынды жалғасы ретінде, әдеби интеллектуалдық-эстетикалық сын бағытын ұстанған Әлия Бөпежанова, тС.Жұмабекуов, Б.Сарбалаев, Ж:Әшімжанов, Б.Бәмішовтер сол сыншылардың рухани жалғасы, бүгінгі сынның асқар биігі іспетті.
Әлия Бөпежанова, Сайлаубек Жұмбаев, Б.Сарбалаев т.б. қазақ әдеби сынының ғылыми танымдық тұрғыдан қанат жаюына, өркендеп, дамуына өзіндік заман тұрғысынан үлес қосып келе жатқан талантты сыншылар қатарынан танылады. Сол себепті, бүгінгі әдеби сын процеснің деңгейін ғылыми тұрғыдан таразыласақ, сол ортаның ішінде, қайраткерлік танытып жүрген әдебиет сыншысыларының шығармашылығына тоқталу заңды болмақ.
Танымы терең сыншы Әлия Бөпежанованың алғашқы сыни мақалары баспасөз бетінде 80-жылдары жиі басылды. Сол сыни-мақаларының алғашқы жинағы «Өрнектер» деген атаумен жинақталып, 1991 жылы жарық көрді. Бұл жинаққа әдеби оқырман қауым тарапынан, әріптес сыншылар, әдеби қаламгерлер тарапынан жақсы әрі жинақы пікірлер айтылды. Пікір айтушылардың ішінде, қазаргі қазақ әдебиетнің айтулы талант тұлғасы Әбіш Кекілбайұлы тұрғаныдығын ерекше атап өткен абзал. Әбіш Кекілбайұлы сыншының талғам-таразысына сүйсіне келіп, Әлия енді көбірек жазса, үлкен жинақтарға барса, оған білімі мен дайндығы мол екендігін атып, сыншыға кәсіби тұрғыдан ақ тілігні білдірген болатын.
Бір кездердегі сыншы Бөпежанова шығармашылығының аясы кеңіген – ол қазіргі қазақ әдебиетінің, қазақ мәдениетінің бар құбылысын барлап отырып жинақтауға, талдап-талқылауға, төрелік айтуға көтерілген Тұлғаға айналғанын Әлияның «Дүние – имани құбылыс» (2001), «Өнер – жеке тәжірибе: Сыни мәдениеттанушылық кітап» (2007), «Мәдениет – жасампаз сана» (2008) деп аталатын сыни-кітаптары мейлінше дәлелдей түседі. Тіпті кітап құрылымында өзіндік ерекшелігі кездеседі
№13
Тақырып: Қазақ прозасындағы дәстүлі мәдениет үлгілерінің бейнеленуі (1980-2000)
Қарастыратын сұрақтар: 1. Қазіргі қазақ прозасы мен ондағы халық мәдениетінің үздік үлгілері, ақындық, күйшілік, әншілік, т.б өнердің сыр-сипаты, өмір шындығымен көркемдік шешімнің бірлігі, сабақтастығы 2. Т.Әлемқұлов, А.Сейдімбек, О.Бөкев, І.Жақанов. С.Бақбергенов т.б
Мақсаты: көркем шығарманы талдауға төселдіру, жазушылық шеберлікті меңгерту
Сөз қонған, өнер ұйыған халқымыз аңыз-әңгіме, өлең-жырды биік белеске көтерген. Соның ішінде – ақындық өнерді кие тұтқан. Асылы, ақындық өнер- табиғатпен етене құбылыс. Тіл ұшына келген өрнекті ой, сырлы сөзді кері қайтарып ала алмайсың. Көңіл көрігінде пісіп-жетілген сырлы сөз өлең-жыр ретінде қалың көпке жетеді. Жетелі, көшелі сөз ханды да, қараны да өзіне қаратады, қалың көптің сөзін айтады, қоғамдық пікір туғызады, әлеуметтік мәселе көтереді. Ортақ ойға қозғау салады. Демек, ақын – халқытың үні, ақиақттың ту көтерушісі, шындық шырақшысы.
Т.Әлімқұлов, Ә.Кекілбаев, М.Мағауин, О.Бөкеев, С.Жүнісов, І.Жақанов, А.Сейдімбек, С.Бақбергенов, т.б. жазушылардығ шығармаларында арғы-бергі тарихи та, адам факторының иірім-сырлары да, руханият мәселелері де кең орын алады. Бұл қаламгерлердің қайсыбірінің туындыларын алсақ да ұлт тарихы мен тағдырын, танымал тұлғалардың өмірін соынмен бірге халық мәдениетінің қайнарын кемел көркем суреттегені танылар еді.
Прозадағы кейіпкер болмысын ашып көрсетуде дәстүрлі мәдениеттің үлгі, әсерін суреттеу 1960-80 жж. Қазақ прозасындла кең өріс алды. Жоғарыда аталған қаламгерлердің проазлық туындыларындағы халық мәдениетінің дәстүрлі арналыр, өнер мұраты мен өнерпаздар өмірі кең көлемде көрініс тапты. Т.Әлімқұлов бүкіл шығармашылығы өнермен байланысып жатады. Тіпті оқиға өрбуі өнерге қатысты болмағанмен, кейіпкері – тіклей өнер адамы, немесе жырлаған нысаны - өнер туындысы. Бұл: «Сарыжайлауда» - Тәтімбет, «Көк қаршығада» - Ақан, «Қараойда» - Махамбет, «Керторлғацуда» - Сүгір болып жалғасып кете береді. Демек, жазушы өмірді өнермен өрнектейді, сол арқылы халықтық дәстүрді, тарихи тағылымын көркемдікпен байытады.
Жалпы, Т.Әлімқұлов өнер адамдары жайындағы қай шығармасында да бас кейіпкердің рухани дүниесін жан-жақты, әлеуметтік ортамен тұтастыра, терең ашып көрсетеді. «Көк Қаршыға» мен «Қараой» әңгімелерінде «Елім, халқым?!» - деп еңіреп өткен екі ақынды осы рухани туыстық, азаматтық, перзенттік мұрат бірлігі жақындата түседі. Автор сол арқылы басынан кешірген тарихынан гөрі тұтас халықтың өзіне тән психологиясын ашып көрсетеді.
№14
Тақырып: Қазақ әдебиетіндегі махамбеттанудың өзекті мәселесі
Негізгі сұрақтар: 1. Махамбеттану ғылымындағы соңғы жаңалықтар. 2. Махамбеттанудың негізін ақалған Х.Досмқамедов, Қ:жұмалиевтен бастап, бүгігінгі күнге дейін ғылыми ізденіс арналарының желісі. 3. Ақын тағдыры тарихи шындық .
Мақсаты: Әдеби өлкетануға қатысты теориялық мағлұматты кеңейті.
Ғылым ақи-тақиы аяқталған көзқарастар мен шешіліп біткен шындықтың қоймасы емес. Күллі жаратылыстың дами беру қасиеті ғылымға да, оның ішінде әдеби зерттеу ғылымына да тән. Соған байланысты әдеби зерттеуде көркем шығарманы талдаудың жаңа тәсілдері пайда бола бастады. Осы тұрғыдан алғанда ХІХ ғасырдың орта тұсында өмір сүрген күрескер ақын Махамбет Өтемісұлы шығармашылығына қатысты махамбеттану ғылымының да әр кезеңде өзіндік өзекті проблемалары туындап, қарастырылып отыруы заңды құбылыс. Әдеби зертеу ғылымында махамбеттанудың ірге тасын қалаған Х.Досмұхамедов пен М.Әуезов болса, ақынның тілі мен стилін арнайы зерттеген Қ.Жұмалиевтің, Р.Сыздықованың, З.Қабдоловтың, Ғ.Әнестің, идеялық-көркемдік тұрғысынан сараптаған Р.Нұрғалидың, С.Қасқабасовтың, А.Шәріповтің ғылыми-теориялық еңбектерінде Махамбет поэзиясы жан-жақты тереңдете зерделенді. Ә.Кекілбайұлының, Ә.Сарайдың ғылыми еңбектерінде ақынның өмірі мен күрескерлік жолыоның поэзиясы ұштастырыла сараланды. Дегенмен де, зерттеушілердің көпшілігінің кеңес заманындағы саяси ұғымдарға, объективті жағдайларға байланысты Махамбет шығармасын бүкпесіз зерттеуге мүмкіншіліктері болмады. Сол себепті де ақын поэзиясының кейбір қырлары мүлдем қозғаусыз қалды. Енді осы зерттеулердің «ақтаңдақтарын» ескере, жетістіктерін басшылыққа ала отырып, оны көркемдік жүйе жағынан жаңаша көзқараспен кешенді түрде ашып көрсету бүгінгі махамбеттанудың өзекті мәселелерінің бірі. Тәуелсіздік алған жылдан бері ақынныңжинақтары, аудармалыры шығып, ақын жан-жақты қыры ашылып, ЮНЕСКО көлемінде екі жүз жылдығы тойланды. Бірақ махамбеттану ғылымыны бұл істермен тұйықталып қалмақ емес.
№15
Тақырып: Қазаргі қазақ әдебиетіндегі табиғат лирикасы: 1991-2009жж. Кеше-бүгін салыстырмалы пайым.
Негізгі сұрақтар: 1. Дәстүр және жаңашылыдық 2. Табиғатты жырлау дәстүрінің қалыптасу негіздері және қазіргі кезең
Мақсаты: әдебиеттану ғылымындағы жекелеген тақырыптарды талдауға бағыттау.
Әр нәрсенің өз пайда болу, даму тарихы болғандығын ескерсек, табиғат лирикасның түп-тамыры тереңде жатқандығы күмәнсіз. Сондықтан табиғат лирикасын сөз еткенде, оның бастау көздеріне, даму тарихына үңіліп, қысқаша шолу жасаған жөн. Жалпы таблиғатты суретту дәстүрі ауыз әдебиетінен, ақын-жыраулар шығармаларынан бастау алады. Ертегілерде орын алған аң, құс, өсімдік бейнелері, олардың қасиеттері адамдардың табиғатқа көңіл бөлгендігін танытады.
Алғашынды табиғаттың бір бөлшегі түрінде көрініс берген бейнелеулер ұшырасса, кейіннен ақын-жыраулар шығармаларында табиғат аздап суреттеле бастайды. Әрине, жыраулар шығармаларын тақырыбы жағынан да, мазмұны жағынан да таза табиғат лирикасы дей алмаймыз. Өйткені олар өз алдына жеке тұрып, табиғат әссемдігін, ерекшелігін жалаң қызықтауға әкелмейді, белгілі бір адам сезімін, көзқарасын салыстыра ашуға қызмет етуімен ерекшеленеді.
Жалпы қай саланы алмайық, өз жолы, қалыптасу дәстүрі болады. Пейзаждық лирика да сондай қалыптасу дәстүрін басынан кешті. Белгілі әдебиетттанушы М.Қаратаев дәстүрлі кең мағынасында философиялық проблемаға жатқызады: «Дәстүрге сүйену дегенді дәстүрге еліктеу енемес дәстүрді қайталау деп ұғатындар болады. Және дәстүрдің әсерін қабылдап, одан үйрену жолын осы ретпен іздеу жиі кездеседі», - деп көрсетеді. Табиғатты реалистік әдіспен арнайы алып бейнелеу дәстүрі қазақ әдебиетінде Абай поэзиясынан бастау алды деуге толық негіз бар. Абайдың жылдың төрт мезгіліне арнап жазған өлеңдері осы уақытқа дейін оқушысын тамсандырып келеді. Бүгінгі таңда табиғат лирикасы туралы жазбаған ақынды кездестіру қиын. Демек, табиғат лирикасы өзінің мәңгілік жырлана беретін тақырып екенін айғақтайды.
6.Семинар (практикалық) сабақтардың жоспары.
№
|
Тақырып
|
Мазмұны
|
Апта
|
Әдебиет
|
1.
|
Пәнге кіріспе
|
Пәннің мақсаты мен міндеттері. Қазақ әдебиеттану ғылымының туу, қалыптасу және даму кезеңдері, зерттелу тарихы.
|
1 апта
|
1,2,3,4.
|
2.
|
Ежелгі дәуір әдебиетінің зерттелуі және бүгінгі проблемалыры
|
Ежелгі дәуір әдебиетінің әдебиеттану ғылымында қозғала басталуы және Б.Кенжебаевтың ғылыми мектебі. М.Жолджасбеков, М.Мағауин, А.Қыраубаев, Н.Келімбетов т.б. және қазіргі көне дәуір әдебиетін зерттеудің кейбір өзекті проблемалыр мен олардың оқытылу жайы.
|
2 апта
|
1,2,3,4,5,
|
3.
|
Хандық дәуірдің рухани мұраларын әдеби-тарихи тұрғыдан зерделеу
|
Ұлт әдебиетні тарихын ХҮ ғасырдан бастап жүйелі орнықтырудағы күрделі ізденістер. Хандық дәуір әдебиетін зерттеудегі ғылыми бағыт жыраулар поэзиясын рухани айналымға енгізу, толғау жанрын әдеби-тарихи тұрғыдан зерделеумен ғылыми шешім табуы. М.Мағауин, Х.Сүйіншалиев, Ж.Бектұров, А.Сейдімбек, т.б ғылыми еңбектердің мәні.
|
3 апта
|
1,2,3,4,5,6,
|
4.
|
ХІХ-ХХ ғ.б әдебиеттің өзекті мәселелері
|
ХІХ – ХХ ғ.б. қазақ әдебиеті – отаршылыдықө кезеңнің қоғамдық мәселелерімен сабақтас күрделі кезең. Ғалымдардың әдеби мұраны бағалау мен зерттеу ісінде маркстік-лениндік ілім талабын ұстануы, көркемдік даму сабақтастығына және ақын-жазушылар дүниетанымындағы қапйшылықтарна тарихилық қағидамен үңілуі. Қазіргі таңдағы зерттелуі. Қ.Жұмалиев, Т.Әбдірахманов, Ы.Дүйсенбаев, М.Бөжейев, Қ.Сыдиқов, т.б.
|
4 апта
|
1,2,3,4,5,6,7,8,
|
5.
|
Кеңес дәуіріндегі әдебиетті зерттелуі
|
Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті тарихын зерттеу пәнінің ғылыми жүйесі негізделген оқулығын шығару, жаңа сипаттамаға әдебиеттің қалыптасуы жолдарына тән негізгі кезеңдерін қарастыру, ұлттық әдеби сынның тууы және қалыптасу белестерінің зерттелуі, әдебиет библиографиясын түзу және қаламгерлер шығармашылығын монографиялық тұрғыда қарастырған еңбьектер.
|
5 апта
|
1,2,3,4,5,6,7,8,
|
6.
|
Ұлы Отан соғысы (1941-1945) және соғыстан кейінгі дәуірлеріндегі әдебиеттің өзекті мәселелері
|
М.Базарбаев, Ә.Нарымбетов ұлы Отан соғысы дәуірін зертеушілер С.Сейфуллин (С.Қирабев, Т.Кәкішев), Б.Майлин (Б.Наурызбаев, Ф.Оразбаев, Т.Бейісқөқұлов), І.Жансүгіров (М.Дүйсенов), Ж.Жабаев (Н.Төреқұлов), С.Мұқанов (М.Хасенов, С.Мақпырұлы), Ғ.Мүсірепов (Х.Әдібаев, М.Тілеужанов) шығармашалырының зерттелуінің мәселелері және олардың қазіргі әдебиеттану ғылымындағы орны.
|
6 апта
|
1,2,3,4,5,6,7,8,
|
7.
|
Көркемдік үдеріс және әдеби сынның ғылыми сипаты
|
Тарихтағы «тоқырау», «жылымық» саяси билік тарапынан тежеліп отырғанымен, қоғамдық дамудың рухани ағымына жаңғыру үдерісін алып укелді. Қазақ әдебиетінде социалистік реализм таза жойылып кетпегенімен әдеби даму жаңғырып, өмір мен болмыс шындығын жинақтау мен даралауда реалистік суреттеумен қатар лиризмді, психологизмді, философиялық иірімдерді көркемдік тұрғыдан игеруі. Әдеби сындағы серпіліс, идеологиялық қыспақтан шыққысы келген әдеби-эстетикалық көзқарастар легінің шығуы.
|
7 апта
|
1,2,3,4,5,6,7,8,
|
8.
|
Қазақ прозасындағы мифтік-аңыздық қолданыс
|
Әлем әдебиетіндегі мифтік шығармашылық қолданыстың төл әдебиетіміздегі тың бағытта, соны бір рухани серпіліс қуатымен дамуы. Көркем шығарманың стильдік ерекшелігін, сюжеттердің құрылымдық мәнін, оның идеялық, эмоцианалдық, эстетикалық әсерін терең де айшықты суреттеудегі ықпал етуі
|
8 апта
|
1,2,3,4,5,6,7,8,
|
9.
|
Әдеби бейне жасаудың рухани және көркем арналары
|
Көркем әдебиеттегі уақыт пен кеңестік категориялары әдеби кейіпкердің қалыптасу жолдарымен сабақтастыру. Автордың идеядағы уақыт пен кеңістік. Дәуір, адам, көркемдік шешім. Адам болмысының қиындығы мен күрделілігі, дәуір мен адам арасындағы сабақтастық пен қарама-қайшылық жиырмасыншы ғасырдағы қазақ прозасының талай үлгілеріне арқау болуы. «Рухани екі ұдайылық». Адамның екіұдай күй кешуін, адамның ішкі өңіріндегі мүлгіп жатқан сезімдік күштердің бас көтеруін суреттеудің бағыт алуы.
|
9 апта
|
1,2,3,4,5,6,7,8,
|
10
|
Қазаргі қазақ лирикасындағы стильдік ізденістер
|
Стиль мәселесі әдебиеттану ғылымының маңызды нысандарының бірі екндігі. Поэзиядағы стиль мәселесін сөз еткен еңбектердің маңыздылығы. Поэзиядағы ақындық шеберлікпен көрінетіндігі. 1970-80 жылдардағы қазақ поэзиясындағы көркемдік әдіс тұрғысынан тың ізденістердің көрінуі. Ж.Әбдірашев, Ж.Жақыпбаев, Қ.Мырзабеков. Лирикадағы қаһарман және көркемдік бейнелілік. Тәуілсіздік жылдарынын укейінгі қазақ проэзиясы көркемдік шешім, ізденіс арналары. М.Райымбекұлы, Т.Толқынқызы, Н.Бердәлі т.б.
|
10 апта
|
1,2,3,4,5,6,7,8,
|
11
|
Қазаргі қазақ прозасындағы жаңа құбылыс-ізденістер
|
М.Мағауинннің «Жармақ». Романның көркемдігі емес, ең біріншіден, «не істеу керек» сынды саулдарға жауап іздеуге тырысуымен құнды. «Жармақ» романы жаңа ғасырдағы жаңаша, қазақша «не істеу керек» деген саулға жауап іздеген туынды. Д.Амантай «Гүлдер мен кітаптар» - мәдениет құбылысы.
|
11 апта
|
1,2,3,4,5,6,7,8,
|
12
|
Рухани жаңару және әдеби сын
|
Қазіргі әдеби процесс, жалпы проза, поэзия, драматургияның (1991-2009) әдеби смында бағалануы. Б.Сарбалаев, Б.Бәмішұлы, Ә.Бөпежанова, Ж.Әшімжанов, С.Жұмабек т.б .
|
12 апта
|
1,2,3,4,5,6,7,8,
|
13
|
Қазақ прозасындағы дәстүлі мәдениет үлгілерінің бейнеленуі (1980-2000)
|
Қазіргі қазақ прозасы мен ондағы халық мәдениетінің үздік үлгілері, ақындық, күйшілік, әншілік, т.б өнердің сыр-сипаты, өмір шындығымен көркемдік шешімнің бірлігі, сабақтастығы Т.Әлемқұлов, А.Сейдімбек, О.Бөкев, І.Жақанов. С.Бақбергенов т.б
|
13 апта
|
1,2,3,4,5,6,7,8,
|
14
|
Қазақ әдебиетіндегі махамбеттанудың өзекті мәселесі
|
Махамбеттану ғылымындағы соңғы жаңалықтар. Махамбеттанудың негізін ақалған Х.Досмқамедов, Қ:жұмалиевтен бастап, бүгігінгі күнге дейін ғылыми ізденіс арналарының желісі.
|
14 апта
|
1,2,3,4,5,6,7,8,
|
15
|
Қазіргі қазақ әдебиетіндегі табиғат лирикасы: 1991-2009жж. Кеше-бүгін салыстырмалы пайым.
|
Табиғатты жырлау дәстүрінің қалыптасу негіздері, табиғат лирикасы және дәстүр және жаңашылыдық
|
15 апта
|
1,2,3,4,5,6,7,8,
|
7.Пәнді оқыту жөніндегі әдістемелік нұсқаулар.
Осы пән оқыту бойынша жалпы әдістемелік нұсқаулар: ПОӘК-нің тарауларды мұқият талқылау, пәннің ерекшеліктері бойынша, қолданалатын оқыту әдістер, әдебиет және Интернетпен жұмыс жасау бойынша әдістемелік ұсыныстар, семинар, СОӨЖ, СӨЖ, практикалық сабақтарының сұрақтарды конспектілеу қажеттілігі бойынша, СӨЖ сұрақтарды міндетті түрде орындалу бойынша нұсқаулар, білімді бағалау жөніндегі мәліметтер, бағалау критериялары, сонымен қатар негізгі бақылау түрлері және дайындау материалдары бойынша нұсқаулар.
Практикалық (семинарлық, студиялық) сабақтарға әдістемелік нұсқаулар
МОӨЖ сабақтарға әдістемелік нұсқауларБұл сабақтың түрі көбіне көп ауызша түрде, салыстыру, сыни тұрғыдан талдау түрінде өтеді. Дәрісте қамтылмаған материалдар өз бетімен орындауға беріледі.
МӨЖ жазбаша да, ауызша да алынады. Бұл реферат және жаттығу жұмыстары арқылы алған білімдерін бекіту үшін жоспарланады.
№1 МОӨЖ мазмұны: Қазақ әдебиеттану ғылыының зерттеу объектісі.
№1 МӨЖ мазмұны: Қазақ әдебиеттану ғылыының туу, қалыптасу кезеңдері
Әдістемелік нұсқаулар: Әдістемелік нұсқаулық: Семинар бойынша әдебиеттану ғылымының тту, қалыптасу даму тарихына хронологиялық таблица құру (электорнды нұсқа: презинтация жасау)
Пайдаланылатын әдебиеттер: жоғарыда семинар сабақтарының соңында көрсетілген.
№2 МОӨЖ мазмұны: Ежелгі дәуір әдебиетінің зерттелуі және бүгінгі проблемалар
№2 МӨЖ мазмұны: Ежелгі дәуір әдебиеті мұраларын зертеудің кезеңдерін, ғалымдар еңбектеріндегі өзіндік жаңалықтары мен ізденістерін саралау.
Әдістемелік нұсқаулық: көне дәуір әдебиетін әдебиеттану ғылымы тұрғысынан зерттеудегі еңбектердің мән-маңызын саралап, реферат жазу. Жоспар құру, ғылыми хронологиялық жүйені сақтау, салыстырмалы әдісті қолдану.
Пайдаланатын әдебиет: жоғарыда көрсетілген
№3 МОӨЖ мазмұны: Ұлт әдебиетінің тарихын ХҮ ғасырдан бастап жүйелі орнықтырудағы күрделі ізденістер. Хандық дәуір әдебиетін зерттеудегі ғылыми бағыт жыраулар поэзиясын рухани айналымға енгізу, толғау жанрын әдеби-тарихи тұрғыдан зерделеумен ғылыми шешім табуы
№3 МӨЖ мазмұны: М.Мағауин, Х.Сүйіншалиев, Ж.Бектұров, А.Сейдімбек, т.б ғылыми еңбектердің мәні.
Әдістемелік нұсқаулар: Жыраулар мұрасынан дидактикалық нақылдардың теріп, буклет жасау. Интернет ресурстарын пайдалану. Көркемдік дәстүр. Көне дәуір әдебиетімен байланысты салыстыру. Кесте-таблица.
Пайдаланатын әдебиет: Жоғарыда көрсетілген
№4 МОӨЖ мазмұны: ХІХ – ХХ ғ.б. қазақ әдебиеті – отаршылыдықө кезеңнің қоғамдық мәселелерімен сабақтас күрделі кезең
№4 МӨЖ мазмұны: Ғалымдардың әдеби мұраны бағалау мен зерттеу ісінде маркстік-лениндік ілім талабын ұстануы, көркемдік даму сабақтастығына және ақын-жазушылар дүниетанымындағы қапйшылықтарна тарихилық қағидамен үңілу
Әдістемелік нұсқаулар: «Алаша және әдебиет» тақырыбында реферат қорғау. Тест тапсырмаларын жасақтау.
Пайдаланатын әдебиет
№5 МОӨЖ мазмұны: Кеңес дәуріндегі әдеби мұралардың зерттелуін саралау. Әдеби мұраларды зерттеудеге саяси идеологияның тигізген салқынын ғалымдардың еңбектері негізніде топшылау.
№5 МӨЖ мазмұны: 1. Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті тарихын зерттеу пәнінің ғылыми жүйесі негізделген оқулығын шығару, жаңа сипаттамаға әдебиеттің қалыптасуы жолдарына тән негізгі кезеңдерін қарастыру 2. Ұлттық әдеби сынның тууы және қалыптасу белестерінің зерттелуі. 3. Әдебиет библиографиясын түзу 4. Қаламгерлер шығармашылығын монографиялық тұрғыда қарастырған еңбьектер.
Әдістемелік нұсқаулар: проблемалық сұрақтар арқылы магистранттардың жазбаша жауаптарын алу.
Пайдаланатын әдебиет: жоғарыда көрсетілген
№6 МОӨЖ мазмұны: Ұлы Отан соғысы (1941-1945) және соғыстан кейінгі дәуірлеріндегі әдебиеттің өзекті мәселелері
№6 МӨЖ мазмұны:
1. М.Базарбаев, Ә.Нарымбетов ұлы Отан соғысы дәуірін зертеушілер
әдістемелік нұсқаулар 2. С.Сейфуллин (С.Қирабев, Т.Кәкішев), Б.Майлин (Б.Наурызбаев, Ф.Оразбаев, Т.Бейісқөқұлов), І.Жансүгіров (М.Дүйсенов), Ж.Жабаев (Н.Төреқұлов), С.Мұқанов (М.Хасенов, С.Мақпырұлы), Ғ.Мүсірепов (Х.Әдібаев, М.Тілеужанов) шығармашалырының зерттелуінің мәселелері және олардың қазіргі әдебиеттану ғылымындағы орны.
Әдістемелік нұсқаулар: реферат қорғау, кезең мұраланы зерттеушілердің еңбектеріне алфавтиттік каталог құру. Электорндық түрде (ғылыми кітапханамен жұмыс)
пайдаланатын әдебиет: жоғарыда көрсетілген
№7 МОӨЖ мазмұны: Көркемдік үдеріс және әдеби сынның ғылыми сипаты
№7 МӨЖ мазмұны:Әдеби сындағы серпіліс, идеологиялық қыспақтан шыққысы келген әдеби-эстетикалық көзқарастар легінің шығуы.
Әдістемелік нұсқаулар: сөздікпен жұмыс, терминдерді анықтау. Көркем шығармалардан мысалдар жинақтау. Интернет ресурстарын пайдалану
Пайдаланатын әдебиет: жоғарыда көрсетілген
№8 МОӨЖ мазмұны: Әлем әдебиетіндегі мифтік шығармашылық қолданыс. Мифтік қолданыстың төл әдебиетімізге ене бастауы, тың бағытта, соны бір рухани серпіліс қуатымен дамуы
№8 МӨЖ мазмұны: Көркем шығарманың стильдік ерекшелігін, сюжеттердің құрылымдық мәнін, оның идеялық, эмоцианалдық, эстетикалық әсерін терең де айшықты суреттеудегі ықпал етуі
Әдістемелік нұсқаулар: «Көркем әдебиет әлеміне» атты пакаға авторлардың шығармашылығынан мысалдар жинақтау. Салыстырмалы талдау. Мифтік қолданыстың әр автордағы ерекшеліктері мен кемшін тұстарын өзінше топшылау.
Пайдаланатын әдебиет: жоғарыда көрсетілген
№9 МОӨЖ мазмұны: Әдеби бейне жасаудың рухани және көркем арналары. Жазушы шеберлігіне үңілу.
№9 МӨЖ мазмұны: Көркем әдебиеттегі уақыт пен кеңестік категориясы. Автордың идеядағы уақыт пен кеңістік. Дәуір, адам, көркемдік шешім. «Рухани екі ұдайылық».
Әдістемелік нұсқаулар: Бүгніггі әдебиет материалы негізінде мақала жазу (қорғау)
Пайдаланатын әдебиет: жоғарыда көрсетіңлген
№10 МОӨЖ мазмұны: Қазіргі қазақ лирикасындағы стильдік ізденістер. Қазіргі поэзиядағы жаңалықтарға шоду жасау, ақындар шығармашылығын таладу.
№10 МӨЖ мазмұны:1970-80 жылдардағы қазақ поэзиясындағы көркемдік әдіс тұрғысынан тың ізденістердің көрінуі. Ж.Әбдірашев, Ж.Жақыпбаев, Қ.Мырзабеков. Лирикадағы қаһарман және көркемдік бейнелілік. Тәуілсіздік жылдарынын укейінгі қазақ проэзиясы көркемдік шешім, ізденіс арналары. М.Райымбекұлы, Т.Толқынқызы, Н.Бердәлі т.б.
Әдістемелік нұсқаулар: Ұйқас сөздігін құру және дәстүрмен жаңашылдық мәселесі тұрғысынан зерделеу. Электорнды слайт арқлы көрсету.
пайдаланатын әдебиет: жоғарыда көрсетілген
№10 МОӨЖ мазмұны: Қазіргі қазақ прозасындағы жаңа құбылыс-ізденістер Әдебиеттану ғылымындағы қазіргі стильдік ағымдар мен құбылыстарға шолу
№10 МӨЖ мазмұны:1. М.Мағауинннің «Жармақ», Д.Амантай «Гүлдер мен кітаптар» Әдеби сын материалдарына шолу.
Әдістемелік нұсқаулар: оқырмандар көзқарасына, ғылыми тұжырымдарға шолу. Оқырмандық көзқарас (газетке мақала даярлау)
Пайдаланатын әдебиет: жоғарыда көрсетілген
№11 МОӨЖ мазмұны: Рухани жаңару және әдеби сын. Бүгінгі әдеби сын өмірімен танысу
№11 МӨЖ мазмұны:1. Қазіргі әдеби процесс, жалпы проза, поэзия, драматургияның (1991-2009) әдеби смында бағалануы. 2. Б.Сарбалаев, Б.Бәмішұлы, Ә.Бөпежанова, Ж.Әшімжанов, С.Жұмабек т.б
Әдістемелік нұсқаулар: Интернет материалдарына шолу жасау. Қазіргі интернеттегі матеирадар. Қазіргі сын кітаптар туралы хабарлама даярлау
Пайдаланатын әдебиет: Жоғарыда көрсетілген
№13 МОӨЖ мазмұны: Қазақ прозасындағы дәстүлі мәдениет үлгілерінің бейнеленуі (1980-2000)
№13 МӨЖ мазмұны: Қазіргі қазақ прозасы мен ондағы халық мәдениетінің үздік үлгілері, ақындық, күйшілік, әншілік, т.б өнердің сыр-сипаты, өмір шындығымен көркемдік шешімнің бірлігі, сабақтастығы
Әдістемелік нұсқаулар: Мысалдар теру, әдебиет материалдарын нақты өмірлік материалдармен салыстырып, жазушының шығармашылық фантазиясын зерделеу
Пайдаланатын әдебиет: жоғарыда көрсетілген.
№14 МОӨЖ мазмұны: Қазақ әдебиетіндегі махамбеттанудың өзекті мәселесі
№14 МӨЖ мазмұны: Махамбеттану ғылымындағы соңғы жаңалықтар. Махамбеттанудың негізін ақалған Х.Досмқамедов, Қ:жұмалиевтен бастап, бүгігінгі күнге дейін ғылыми ізденіс арналарының желісі. Ақын тағдыры тарихи шындық .
Әдістемелік нұсқаулар: мхамбеттану ғылымындағы өзекті мәселелердің кесте арқылы көрсету. Шығармашылығы, зерттелу, ақын тағдыры т.б схмема-кесте арқылы көрсету.
Пайдаланатын әдебиет: жоғары көрсетілген
№15 МОӨЖ мазмұны: Қазіргі қазақ әдебиетіндегі табиғат лирикасы: 1991-2009жж. Кеше-бүгін салыстырмалы пайым.
№15 МӨЖ мазмұны:1. Дәстүр және жаңашылыдық 2. Табиғатты жырлау дәстүрінің қалыптасу негіздері және қазіргі кезең
Әдістемелік нұсқаулар: салыстырмалы типололгиялық талдау.
№16 МОӨЖ мазмұны: Шоқан Уалиханов әдебиеттану ғылымның негізін салушы. Алаш және әдебиет
№16 МӨЖ мазмұны: Әдебиеттің кеңістік кезңде зрттеулі және олардың белді өкілдері Қазіргі кезеңдегі әдебиет тарихында зерттелуі қажет өзекті проблемалар
Әдістемелік нұсқаулар: ғылыми әдебиеттер мен баспасөз беттерінен баяндама әзірлеу (нақты бір сұраққа)
Пайдаланатын әдебиет: жоғарыда көрсетілген
№17 МОӨЖ мазмұны: Көне түркі батырлары туралы тарихи афсаналар (Т.Жұртбаев «Дулыға» І том) еңбегі негізінде
№17 МӨЖ мазмұны:тарихи деректермен әдеби материалдардың сабақтастығын зерделеу.
әдістемелік нұсқаулар: Кітап авторы туралы, ондағы деректер туралы, олардың әдебюи маңызы туралы сұрақтар дайындап келу
Пайдаланатын әдебиет: жоғарыда көрсетілнен
№18 МОӨЖ мазмұны: «Қобыз сарыны» - ғылыми-танымдық еңбек (М.Мағауин. реферат)
№18 МӨЖ мазмұны: хандық дәуір әдебиетінің ғылыми-теориялық негізін салушы ғалымның еңбегінің бүгінгі әдебиеттанудағы мән-маңызын талдау.
Әдістемелік нұсқаулар: сөздік жұысы (көнерген сөздердің этимологиясына тоқталу) кесте-таблица жасақтау.
Пайдаланатын әдебиет: жоғарыда көрсетілген.
№19 МОӨЖ мазмұны: Абайтану, Шоқантану, Шәкәрімтану, Мұқтартану, Мұхтартану ғылымдары, қазіргі өзекті проблемалыры
№19 МӨЖ мазмұны: Әдебиеттану ғылымының бір бөлшегі болып табылатын салалардың соңғы жаңалықтарымен танысу
Әдістемелік нұсқаулар: Абайтану әлеміне саяхат (слайддық презинтация)
Пайдаланатын әдебиет: жоғарыда көрсетілген
№20 МОӨЖ мазмұны: М.Қаратаев, Т.Нұртазин, С.Қирабаевтардың кеңес дәуір әдебиетін зертеудің негізін қалаушылар.
№20 МӨЖ мазмұны: Кеңестік дәуір әдебиетін зерттеуге үлес қосқан ғалымдардың жетістіктері мен кейбір жаңсақ басқан пікірлерінің объективті және субъективті жақтарын саралау
Әдістемелік нұсқаулар: ғылыми зерттеу еңбекетрден дәйекті мысалдар теріп, жинақтау, қорғауға жүйелеу
Пайдаланатын әдебиет: пайдаланылған әдебиеттер
№21 МОӨЖ мазмұны: Трагедия табиғаты (Р.Нұрғали). Ғ.Мүсірепов драматургиясы (Н.Ғабдуллин), «Бейімбет Майлин дрматургиясы» (С.Ордалиев)
№21 МӨЖ мазмұны: Қазақ дрматургиясының зерттелуінен тереңірек мағлұмат беру
Әдістемелік нұсқаулар: зерттеу әдісі. Фактілер мен құбылыстарды салыстыра пайдалану, болжау жасау, тұжырымдау
Пайдаланатын әдебиет: жоғарыда көрсетілген
№22 МОӨЖ мазмұны: Прозадағы лиризм, психологизм, философиялық иірімдердің С.Мұратбеков, Қ.Ысқақов, Д.Исабеков, Т.Әлімқұлов, т.б. шығармашылғындағы көрінісі
№22 МӨЖ мазмұны:Т.Әлімқұлов («Қараой»), С.Мұратбеков («Жабайы алма»), Қ.Ысқақ («Қоңыр күз еді»), Д.Исабеков («Гаухар тас») шығармаларын оқып, алдын ала материалдар жинақтау.
Әдістемелік нұсқаулар: әр бір жазушы туралы жазылған мақалаларды, сын, зерттеу еңбектерді оқу. Қажетті мағлұматтарды жазу. Арнайы тапсырылған әдебиеті оқып, тезис, жасау. Берілген сұрақтарға жауап беру.
Пайдаланатын әдебиет: жоғарыда көрсетілен
№23 МОӨЖ мазмұны: Күй аңыздың күмбірі (Ә.Кекілбаев «Күй» повесі) негізінде)
№23 МӨЖ мазмұны: Ә.Кекілбаев «Күй» повесінің мәтін оқу, аңыздық желіні анықтаңыз.
Әдістемелік нұсқаулар: туындыны алдын-ала оқу, жазушы туралы жазылған мақалаларды, сын, зерттеу еңбектерді оқу. Қажетті мағлұматтарды жазу. Арнайы тапсырылған әдебиеті оқып, тезис, жасау. Берілген сұрақтарға жауап беру.
Пайдаланатын әдебиет: жоғарыда көрсетілген
№24 МОӨЖ мазмұны: Қазақ прозасындағы әдеби бейне сомдаудағы стильдік ізденістер. Автор бейнесі (М.Мағауин, О.Бөкеев т.б)
№24 МӨЖ мазмұны: М.Мағауин, О.Бөкеев т.б шығармашылықтарын оқыңыз, өзіндік стильдік ерекшелікітерін анықтаңыз?
Әдістемелік нұсқаулар: туындыны алдын-ала оқу, жазушы туралы жазылған мақалаларды, сын, зерттеу еңбектерді оқу. Қажетті мағлұматтарды жазу. Арнайы тапсырылған әдебиеті оқып, тезис, жасау. Берілген сұрақтарға жауап беру.
Пайдаланатын әдебиет: жоғарыда берілген
№25 МОӨЖ мазмұны: Стильдің көркемдік-бейнелілік жүйесіндегі орны (Ж.Әбдірашев)
№25 МӨЖ мазмұны: Ж.Әбдірашев т.б ақындардың шығармашылықтьарын оқыңыз. Авторлық стильдік ерекшеліктеріне тоқталыңыз?
Әдістемелік нұсқаулар: туындыны алдын-ала оқу, жазушы туралы жазылған мақалаларды, сын, зерттеу еңбектерді оқу. Қажетті мағлұматтарды жазу. Арнайы тапсырылған әдебиеті оқып, тезис, жасау. Берілген сұрақтарға жауап беру. Компьютерлік технологияны пайдалану.
Пайдаланатын әдебиет: жоғарыда берілген
№26 МОӨЖ мазмұны: Жазушы дегеніміз – стиль (А.Сүйлейменов)
№26 МӨЖ мазмұны: А.Сүйлейменов шығармашылығын оқыңыз, өзіндік стильдік ерекшелігін анықтау
Әдістемелік нұсқаулар: туындыны алдын-ала оқу, жазушы туралы жазылған мақалаларды, сын, зерттеу еңбектерді оқу. Қажетті мағлұматтарды жазу. Арнайы тапсырылған әдебиеті оқып, тезис, жасау. Берілген сұрақтарға жауап беру. Компьютерлік технологияны пайдалану.
Пайдаланатын әдебиет: жоғарыда көрсетілген
№27 МОӨЖ мазмұны: Қазіргі әдеби сын (Б.Сарбалаұлы)
№27 МӨЖ мазмұны: Әдеби-көркемдік басылымдардағы сын мәселелері туралды мақалалардың тізбесін жасақтау (1991-2009). Б.Сарбалаұлының сыни мақалары.
Әдістемелік нұсқаулар: туындыны алдын-ала оқу, жазушы туралы жазылған мақалаларды, сын, зерттеу еңбектерді оқу. Қажетті мағлұматтарды жазу. Арнайы тапсырылған әдебиеті оқып, тезис, жасау. Берілген сұрақтарға жауап беру. Компьютерлік технологияны пайдалану.
Пайдаланатын әдебиет: жоғарыда көрсетілген
№28 МОӨЖ мазмұны: С.Жүнісов «Ақан сері»
№28 МӨЖ мазмұны: Жазушының романын оқу. Тақырып бойынша талдауға жоспар құру.
Әдістемелік нұсқаулар: туындыны алдын-ала оқу, жазушы туралы жазылған мақалаларды, сын, зерттеу еңбектерді оқу. Қажетті мағлұматтарды жазу. Арнайы тапсырылған әдебиеті оқып, тезис, жасау. Берілген сұрақтарға жауап беру. Компьютерлік технологияны пайдалану.
Пайдаланатын әдебиет: жоғарыда көрсетілген
№29 МОӨЖ мазмұны: «Махамбеттің жебесі» (оқу, талдау, сыни мақала даярлау)
№29 МӨЖ мазмұны: Жазушының романын оқу. Тақырып бойынша талдауға жоспар құру.
Әдістемелік нұсқаулар: туындыны алдын-ала оқу, жазушы туралы жазылған мақалаларды, сын, зерттеу еңбектерді оқу. Қажетті мағлұматтарды жазу. Арнайы тапсырылған әдебиеті оқып, тезис, жасау. Берілген сұрақтарға жауап беру. Компьютерлік технологияны пайдалану.
Пайдаланатын әдебиет: жоғарыда көрсетілген
№30 МОӨЖ мазмұны: С.Жұмабек әдеби эстетикалық сынның өкілі
№ 30 МӨЖ мазмұны: Сыншы еңбектерінмен танысуы, сыни еңбектеріндегі айтылған тұжырымдардың бағалануы, аға буын, замандас әріптестерімен арадағы үндестігін саралау. Сыншы шығармашылығына қатысты хрнологиялық-салыстырмалы таблица жасау.
Әдістемелік нұсқаулар: туындыны алдын-ала оқу, жазушы туралы жазылған мақалаларды, сын, зерттеу еңбектерді оқу. Қажетті мағлұматтарды жазу. Арнайы тапсырылған әдебиеті оқып, тезис, жасау. Берілген сұрақтарға жауап беру. Компьютерлік технологияны пайдалану.
Пайдаланатын әдебиет: жоғарыда көрсетілген
8.Типтік есептеу, графикалық жұмыс, лабораторлық жұмыс, курстық проект (жұмыс) орындалуы бойынша әдістемелік нұсқаулар. (жоспарда қарастырылмаған)
9.Магистранттардың өзіндік жұмысына арналған материалдар: үйге берілген тапсырмалардың мәтіні, әр бір тақырып бойынша өзін-өзі тексеру материалдары, реферат т.б. ұй жұмыстары бойынша тапсырмалар, әдебиет тізімі және арналған уақыт көлемі.
10. Оқу, өндірістік және дипломалды сараманды өткізу жөнінде әдістемелік нұсқаулар және есеп құжаттарының түрі (егер пән бойынша қажет болса).
11.Магистранттың оқу жетістіктерін бақылау және бағалау материалдары (бақылау тапсырмалары, тесттік тапсырма, өзін-өзі даярлау сұрақтар тізімі, емтихандық билеттер және т.б.)
Білімді бағалау жөніндегі мәлімет
Қорытынды баға мына формула бойынша есептеледі
U = [(P1 +P2) / 2] * 0,6 + E * 0,4
P1 - бірінші рейтингті бағалаудың цифрлік эквиваленті
P2 - екінші рейтингті бағалаудың цифрлік эквиваленті
Е – емтихандағы бағалаудың цифрлік эквиваленті
Яғни 30% (1 рейтинг) + 30% (2 рейтинг) + 40% (емтихан)
«Білімді бағалау схемасы»
Бағалау критерийлері
|
Бағалау түрі
|
Жұмыс үшін балл
|
Орындалған жұмыс көлемі
|
Дәрістегі белсенділік
|
100
|
15
|
Семинардағы (практикалық жұмыстағы белсенділік)
|
100
|
15
|
МОӨЖ-дағы белсенділік
|
100
|
30
|
МӨЖ орындауы
|
100
|
30
|
Жеке тапсырмалар
|
100
|
6
|
Рубеждік бақылау
|
100
|
2
|
Аралық аттестация (Р1, Р2)
|
100
|
N
|
Ағымдық бақылау
|
100
|
2
|
Емтиханға жіберілетін рейтинг
|
100
|
Барлық бағалардың орта арифметикалық сомасы
|
Қорытынды бақылау (емтихан)
|
(Р1+Р2)/2
|
|
Қорытынды
|
Ағымдық бақылау * 0,6
|
|
Жеке тапсырмалар
|
100*0,4
|
|
Рубеждік бақылау
|
Емтиханға жіберілетін рейтинг + қорытынды нәтиже
|
|
Аралық бақылаулар бойынша студенттің максималды үлгерім көрсеткіші 60% құрайды. Семестр аяғында оқу пәні бойынша қорытынды аттестациялау – емтихан өткізіледі (максималды көрсеткіші - 40%).
Пән бойынша қорытынды емтихан бағасы аралық бақылаулар және қорытынды аттестациялаудың максималды көрсеткіштер сомасы ретінде анықталады.
Қорытынды емтихан пәннің негізгі теориялық және практикалық материалдарын қамтитын нұсқауларға бөлінген тест тапсырмалары түрінде өтеді.
Әріптік бағалау және оның балдардағы цифрлік эквиваленті дұрыс жауаптардың пайыздық көрсеткіші бойынша анықталады (кесте бойынша)
Студенттердің білім, біліктіліктері мен дағдылары төмендегіше бағаланады:
А+
|
4,0
|
95-100
|
өте жақсы
|
A-
|
3,67
|
90-94
|
B+
|
3,33
|
85-89
|
жақсы
|
B
|
3,0
|
80-84
|
B-
|
2,67
|
75-79
|
C+
|
2,33
|
70-74
|
қанағат
|
C
|
2,0
|
65-69
|
C-
|
1,67
|
60-64
|
D+
|
1,33
|
55-59
|
D
|
1,0
|
50-54
|
F
|
0
|
0-49
|
қанағаттанарлық
|
Емтиханға дайындық сұрақтары
Қазақ әдебиеттану ғылыының зерттеу объектісі.
Қазақ әдебиеттану ғылыының туу, қалыптасу кезеңдері. Зерттелу тарихына шолу.
Ежелгі дәуір әдебиетінің зерттелуі және бүгінгі проблемалыр
Ежелгі дәуір әдебиетінің әдебиеттану ғылымында қозғала басталуы және Б.Кенжебаевтың ғылыми мектебі.
М.Жолджасбеков, М.Мағауин, А.Қыраубаев, Н.Келімбетов т.б. 3.
Қазіргі көне дәуір әдебиетін зерттеудің кейбір өзекті проблемалыр мен олардың оқытылу жайы.
Хандық дәуірдің рухани мұраларын әдеби-тарихи тұрғыдан зерделеу
Ұлт әдебиетінің тарихын ХҮ ғасырдан бастап жүйелі орнықтырудағы күрделі ізденістер.
М.Мағауин, Х.Сүйіншалиев, Ж.Бектұров, А.Сейдімбек, т.б ғылыми еңбектердің мәні.
ХІХ-ХХ ғ.б әдебиеттің өзекті мәселелері
Ғалымдардың әдеби мұраны бағалау мен зерттеу ісінде маркстік-лениндік ілім талабын ұстануы, көркемдік даму сабақтастығына және ақын-жазушылар дүниетанымындағы қапйшылықтарна тарихилық қағидамен үңілуі.
Қазіргі таңдағы зерттелуі
Кеңес дәуіріндегі әдебиетті зерттелуі
Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті тарихын зерттеу пәнінің ғылыми жүйесі негізделген оқулығын шығару, жаңа сипаттамаға әдебиеттің қалыптасуы жолдарына тән негізгі кезеңдерін қарастыру
Ұлттық әдеби сынның тууы және қалыптасу белестерінің зерттелуі. 3. Әдебиет библиографиясын түзу
Қаламгерлер шығармашылығын монографиялық тұрғыда қарастырған еңбьектер.
17. Ұлы Отан соғысы (1941-1945) және соғыстан кейінгі дәуірлеріндегі әдебиеттің өзекті мәселелері
18. М.Базарбаев, Ә.Нарымбетұлы т.б. Отан соғысы дәуірін зертеушілер
19 Тарихтағы «тоқырау», «жылымық» саяси билік тарапынан тежеліп отырғанымен, қоғамдық дамудың рухани ағымына жаңғыру үдерісін алып келді.
20. Лиризмді, психологизмді, философиялық иірімдерді көркемдік тұрғыдан игеруі.
21. Әдеби сындағы серпіліс, идеологиялық қыспақтан шыққысы келген әдеби-эстетикалық көзқарастар легінің шығуы.
22. Қазақ прозасындағы мифтік-аңыздық қолданыс
23. Әлем әдебиетіндегі мифтік шығармашылық қолданыс.
24. Мифтік қолданыстың төл әдебиетімізге ене бастауы, тың бағытта, соны бір рухани серпіліс қуатымен дамуы.
25. Көркем шығарманың стильдік ерекшелігін, сюжеттердің құрылымдық мәнін, оның идеялық, эмоцианалдық, эстетикалық әсерін терең де айшықты суреттеудегі ықпал етуі
26. Әдеби бейне жасаудың рухани және көркем арналары
27. Көркем әдебиеттегі уақыт пен кеңестік категориясы.
28. Автордың идеядағы уақыт пен кеңістік. Дәуір, адам, көркемдік шешім.
29. «Рухани екі ұдайылық».
30. Қазаргі қазақ лирикасындағы стильдік ізденістер
31. Стиль мәселесі әдебиеттану ғылымының маңызды нысандарының бірі екендігі.
32. Поэзиядағы стиль мәселесін сөз еткен еңбектердің маңыздылығы. Поэзиядағы ақындық шеберлікпен көрінетіндігі.
33. 1970-80 жылдардағы қазақ поэзиясындағы көркемдік әдіс тұрғысынан тың ізденістердің көрінуі. Ж.Әбдірашев, Ж.Жақыпбаев, Қ.Мырзабеков.
34. Лирикадағы қаһарман және көркемдік бейнелілік.
35. Тәуілсіздік жылдарынан кейінгі қазақ проэзиясы көркемдік шешім, ізденіс арналары. М.Райымбекұлы, Т.Толқынқызы, Н.Бердәлі т.б.
36. Қазаргі қазақ прозасындағы жаңа құбылыс-ізденістер
37. М.Мағауинннің «Жармақ»
38. Д.Амантай «Гүлдер мен кітаптар» Әдеби сын материалдарына шолу.
39. Рухани жаңару және әдеби сын
40. Қазіргі әдеби процесс, жалпы проза, поэзия, драматургияның (1991-2009) әдеби смында бағалануы.
41. Б.Сарбалаев, Б.Бәмішұлы, Ә.Бөпежанова, Ж.Әшімжанов, С.Жұмабек т.б сыншылар
42. Қазақ прозасындағы дәстүлі мәдениет үлгілерінің бейнеленуі (1980-2000)
43. Қазіргі қазақ прозасы мен ондағы халық мәдениетінің үздік үлгілері, ақындық, күйшілік, әншілік, т.б өнердің сыр-сипаты, өмір шындығымен көркемдік шешімнің бірлігі, сабақтастығы
44. Т.Әлемқұлов, А.Сейдімбек, О.Бөкев, І.Жақанов. С.Бақбергенов т.б
45. Махамбеттану ғылымындағы соңғы жаңалықтар.
46. Махамбеттанудың негізін ақалған Х.Досмқамедов, Қ:жұмалиевтен бастап, бүгігінгі күнге дейін ғылыми ізденіс арналарының желісі.
47. Ақын тағдыры тарихи шындық .
48. Қазаргі қазақ әдебиетіндегі табиғат лирикасы: 1991-2009жж. Кеше-бүгін салыстырмалы пайым.
49. Дәстүр және жаңашылыдық
50. Табиғатты жырлау дәстүрінің қалыптасу негіздері және қазіргі кезең
Өзін-өзі бағалауға арналған тест тапсырмаларының үлгісі (емтихан ауызша )
. ХХ ғ. Кеңес әдебиетінде ең басты кейіпкер
А) Саясаткер
В) Балалар
С) Ғалым
Д) Тарихи тұлға
Е) Коммунист
2. Полилог дегеніміз не?
А) Табиғат көріністерін суретту
В) Үнсіздік сценасы
С) Үй, тұрмыстық ортаның бейнеленуі
Д) Көріністе көптеген кейіпкерлердің сөйлесуі
Е) Екі кейіпкердің әңгімелесуі
3. «Ішкі монолог» терминін алғаш қолданған әдебиет сыншысы
А) Байтұрсынов
В) Плеханов
С) Буало
Д) Добролюбов
Е) Чернышевский
4. Автордың шығармасында суреттеп отырған өмір құбылыстары жайлы айтқысы келген ойы:
А) Шығарманың идеясы
В) Шығарманың көркемділігі
С) Шығарманың тілі
Д) Шығарманың копозициясы
Е) Шығарманың тақырыбы
5. Көркем шығарманың жалпы құрылымы:
А) Сюжет
В) Эпиграф
С) Композиция
Д) Фабула
Е) Идея
6. Жаргон сөздер дегеніміз:
А) Тарихи оқиғаға байланысты туған сөздер
В) Халықтық тіл нормасына енбеген, әлеуметтік топтардың (студенттер, жауынгерлер т.б.) арасында ғана қолданылатын эмоционалды-экспрессивті бояуы күшті сөздер.
С) Қолдаудан шығып қалған, ескі сөздер
Д) Жаңа сөздер
Е) Жергілікті говор, белгіленген аумақтың тұрғындары ғана қолданатын халық тілінің элементі
7. «Бойда қайрат, ойда көз,
Болмаған соң айтпа сөз...» - дегенде толғаудың қай түрі қолданылған?
А) налыс толғау
В) сұқтаныс толғау
С) марқайыс толғау
Д) намыс толғау
Е) сап толғау
8. Шағын көлемді эпикалық шығармалар:
А) Жыр, дастан, поэзия.
В) Роман, проза, эпопея.
С) Толғау, терме, айтыс.
Д) Поэма, повесть, драма.
Е) Ертегі, мысал, очерк.
9. Оқиғалы, сюжетк құралған орта көлемді поэзиялық туынды:
А) Хикаят
В) Очерк
С) Дастан
Д) Баллада
Е) Сюжет
10. Мәтіннің дыбыстық, сөздік және образдық құрылымын зерттеу бағытына сәйкес жалпы поэтика неше салаға бөлінеді?
А) 6
В) 4
С) 3
Д) 5
Е) 2
11. Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат,
Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымба.
Арзан, жалған күлмейтін, шын күлерлік
Ер табылса, жарайды қылса сұхбат
Арнаудың қай түрі қолданылған?
А) Жай арнау
В) Зарлай арнау
С) Жарлай арнау
Д) Сұрай арану
Е) Риторикалық арнау
12. ААААААБ. Бұл қандай ұйқас түрі?
А) Кезекті ұйқас
В) Аралас ұйқас
С) Қара өлең
Д) Ерікті ұйқас
Е) Шұбыртпалы ұйқас
13. «Өмір мектебі» (С.Мұқанов), «Көз көрген» (Ғ.Мұстафин), «Ұшқан ұя» (Б.Момышұлы) туындылары қандай жанр үлгісі?
А) Публицистикалық жанр
В) Философиялық роман
С) Роман-очерк
Д) Мемуарлық жанр
Е) Фантастика жанры
14. Ш.Құдайбердиевтің прозалық шығармасы:
а) Қалқаман-мамыр
В) Әділ-Мария
С) Дубровский
Д) Еңлік-Кебек
Е) Айсұлу мен Нартайлақ
15. Композиция мен сюжет мәселесін қарастыратын әдебиеттану ғылымының саласы:
А) Әдебиет сыны
В) Әдебиет тарихы
С) Мәтінтану
Д) Әдебиет теориясы
Е) Строфика
16. Көркем шығарма тілін ақын тілі, әшейін тіл деп 2-ге бөлген әдебиетші ғалым:
А) З.Ахметов
В) М.Горький
С) Р.Нұрғали
Д) А.Байтұрсынов
Е) З.Қабдолов
17. Эпифора дегеніміз:
А) Тармақ басында дауыстылардың қайталануы
В) Аралас ұйқас
С) Шумақтар тобы
Д) Өлеңде дауыссыздардың қайталануы.
Е) Тармақ соңындағы сөз немесе сөз тіркесінің қайталануы.
18. Жазушының шындық өмірден таңдап-талғап алған, өзінің көркем шығармасына арқау ететін өмір құбылысының тобы:
А) Тақырып
В) Идея
С) Деталь
Д) Сюжет
Е) Экспозиция
19. Шығарма жазу барысында ұстанған автордың о бастағы ой өзегі қалай аталады?
А) субъективті идея.
В) авторлық идея,
С) қосалқы идея
Д) негізгі идея
Е) объективті идея
20. «Шұғаның белгісі» повесі сюжетіндегі оқиғаның шарықтау шегі
А) Әбдірахманның айдаудан келіп, Шұғаның ауруға ұшырауы
В) Базарбайдың Есімбек үйінен қуылуы
С) Әбдрахманның Шұғаға жазған хатының ұсталуы
Д) Айнабайдың Әбдірахманның Шұғаның өліміне тап болуы
Е) Айдаудан оралған Әбдірахманның Шұғаның өліміне тап болуы.
21. Өлең жолдарының біріңғай дауысты дыбыстан басталуы қалай аталады?
А) Ассонас
В) Эпилог
С) Аллитрация
Д) Элигия
Е) Эпитафия
22. Төмендегі өлең шумағы ұйқастың қай түріне жатады:
Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.
А) Қара өлең ұйқасы
В) Шалыс ұйқасы
С) Ерікті ұйқас
Д) Шұбыртпалы ұйқас
Е) Аралас ұйқас
23. Ақиқат болмысты өмірлік шындық тұрғысынан жүйелі сипаттап көрсетуг және адам мен қоршаған дүниені саналы түрде көркмдік тұрғыдан танып-білуге ұмтылатын ұстанымдарға негізделген әдеби әдісті атаңыз.
А) Реализм
В) Акмеизм
С) Футуризм
Д) Романтизм
Е) Классицизм
24. А.Байтұрсынұлы драманы қалай атаған?
А) ұзақ әңгіме
В) сергелдең
С) әуезе
Д) толғау
Е) айтыс-тартыс
25. Өнер туындысының халықтығын көркем шығарманы бағалауда басты өлшем етіп көтерген сыншы, әдебиетші:
А) Плеханов
В) Добролюбов
С) Герцен
Д) Чернышевский
Е) Белинский
26. Трагедиялық бейне
А) Қыз Жібек
В) Дәркембай
С) Еламан
Д) Есімбек
Е) Әжібай
27. Көркем шығарманы қорытудың бір түрі:
А) Композиция
В) Шешім
С) Пролог
Д) Эпилог
Е) Шарықтау шегі
28. Сиырлары сыймайды
Мүйізі бұлт ілгендей
Емшегінен сүт шашып,
Желіні жерге тигендей...
А) Әсірелеу
В) Символ
С) Кішірейту
Д) Психологиялық егіздеу
Е) Ұлғайту
29. Параллелизм деген не?
А) өзара кереғар құбылыстарды бетпе-бет қою
В) екі ұдай нәрсені, құбылысты, ұғымды, сезімді қатар қойып, жұптап суреттеу;
С) негізгі ойды, объектіні астарлап, суреттеу;
Д) Сөйлем ішінде атап аайтпаса да, түсінікті сөздерді жазбай тастап кету;
Е) сөздердің әдеттегі граматикалық түзілу тәртібінен тыс, орындарын ауыстырып, өзгеше тіркестер құру;
30. Лиро-эпикалық немесе аралапс жанрға жататын туынды.
А) роман
В) элегия
С) Баллада
Д) Бәйіт
Е) әңгіме
31. Төл әдебиетіміздегі алғашқы психологиялық роман
А) «Менің құрдастарым»
В) «Бақытсыз Жамал»
С) «Абай жолы»
Д) «Ақбілек»
Е) «Жұмақ жалау»
32. «Комедия жанрының атасы» атанған көне грек драматургі
А) Софокл
В) Эсхил
С) Аристофан
Д) Эврипид
Е) Гомер
33. Фантастикалық образ неге негізделеді?
А) келемежге
В) әзілге
С) ғажайыпқа
Д) мысқылға
Е) күлкіге
34. Суреткердің о бастағы ой өзегі қалай аталады?
А) субьективтік идя
В) ішкі композиция
С) сыртқы композиция
Д) обьективтік идея
Е) авторлық идея
35. Көркем туындыда баячндалған оқиғалар мен адамдар арасындағы қарым-қатынастың, тартыстың аяқталуы:
А) Шарықтау шегі
В) ШГешімі
С) Дәлелдеу
д) Шиеленісу
е) эпилог
36. Ақпарат, жарнама сөздері:
А) ассонас
В) архаизм
С) аллитерация
Д) неологизм
Е) эпитет
37. Төмендегі өлең шумағы ұйқастың қай түріне жатады?
Оқыған білер әр сөзді,
Надандай болмас ақ сөзді.
Надан жөндіге жөн келмес,
Білер қайдағы шәргезді.
А) Ерікті ұйқас
В) Қара өлең ұйқасы
С) Кезекті ұйқас
Д) Аралас ұйқас
Е) Шұбыртпалы ұйқас
38. Кеңес әдебиеті мен өнерінің көркемдік әдісінің атауы ретінде «Социалистік реализм» термині ресми түрде қашан қабылданды?
А) 1953
В) 1954
С) 1934
Д) 1956
Е) 1920
39. Ағым дегеніміз:
А) ақсүйектер өмірін бейнелеу
В) жеке жазушының шығармашылық ерекшелігі
С) бірнеше қаламгерлерге ортақ шығармашылық ерекшелік
Д) жазушының таңдаған тақырыбы
Е) өмірді қаз-қалпыда суреттеу
40. Н.Буало сипатталған ағым:
А) «Зар заман» ағымы
В) пессимистік
С) сентиментализм
Д) деканденттік
Е) классицизм
41. Өлеңмен жазылған повесть қалай аталады:
А) мысал
В) очерк
С) поэма
Д) фельетон
Е) сатира
42. А.Байтұрсынов «ұлы әңгіме» деп қай жанрды атады?
А) әңгіме
В) поэма
С) повесть
Д) драма
Е) роман
43. Әдеби тектерді лирикалық, драмалық, эпикалық деп жіктеу неге байланысты:
А) әр тектің негізін құрайтын тәсіліне байланысты;
В) шығарма көлеміне байланысты;
С) шындықты суреттеудің жалпы принципіне байланысты;
Д) автордың эстетикалық мұратына байланысты;
Е) автордың қалауына байланысты;
44. Троптың түрі қайсысы?
А) синехдоха
В) арнау
С) эллипсис
Д) новелла
Е) сюжет
45. Оқиғалы, сюжетке құрылған өлең сөзбен жазылған көлемді туынды.
А) дастан
В) сонет
С) баллада
Д) рубаи
Е) хикаят
46. Сюжеттік даму сатысы:
А) эпилог
В) фабула
С) композиция
Д) шарықтау шегі
Е) теңеу
47. М.Әуезовтың «Қараш-қараш оқиғасы» шығармасы қай жанрда жазылған?
А) Роман
В) повесть
С) драма
Д) әңгіме
Е) пьеса
48. Батырлар жырында көбірек қолданылатын троптың түрі:
А) Гипербола
В) Неологизм
С) Кейіптеу
Д) Аллегория
Е) символ
49. Қазақ өлеңі қандай өлең жүйесіне жатады?
А) тоникалық
В) силлабикалық
С) Силлабо-тоникалық
Д) Метрикалық
Е) ақ өлең үлгісі
50. «Өлең өнерінің қағидалары туралы трактаттың» авторы:
А) Аристотель
В) Әбунасыр әл-Фараби
С) В.Г.Белинский
Д) Абай
Е) А.Байтұрсынов
12.Оқу сабақтарының бағдарламалық және мультимедийлік қамтамасыздандыру (пәннің мазмұнына қарай). ПОӘК шығыс мәліметтерді және мекенжайы көрсетілу қажет – кітапхана, кафедра т.б.
13.Арнаулы аудитория, кабинет және лабораториялар тізімі.
Достарыңызбен бөлісу: |